Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01601 Тарих мұғалімдерін даярлау в "Сырдария" университеті

  • Тарихи антропология
    Несиелер: 4

    Пәнде антропология тарихының бастауларына негізделе отырып, тарихи антропологияның мектептері мен бағыттары және антропология мен тарихи-мәдени құбылыстардың байланыстары (эволюционизм, диффузионизм, құрылымдық-функционалдық талдау, биологиялық бағыт, психоаналитикалық бағыт, психологиялық бағыт) сипатталады. Антропология ғылымы, тарих ғылымының бір саласы бола отырып, адамзаттың пайда болу себептерін, нәсілдік даму ерекшелігін және антропологиялық тұрғыда зерттеу бағыты жайлы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлем музейлерінің тарихы
    Несиелер: 4

    Пәнде антика және орта ғасыр коллекциялары, Батыс Еуропаның, Америка мен Ресейдің ірі өнер және тарихи музейлері, Ежелгі Греция ғибадатханалары мен олардың маңыздылығы. Эллиндік дәуір жинақтарының ерекшеліктері. Ертедегі Римнің жеке жинақтарының қалыптасуы мен сақталуы. Египет жеріндегі пирамидалар. Музейлердің қалыптасуының тарихи алғышарты. Каир қаласындағы Египет музейі. Британ Музейі, Лувр, Эрмитаж, т.б. қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстанның ежелгі тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі Қазақстан тұрғындарының тұрпатын, тұрмыс тіршілігін, әлеуметтік топтарын, тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінуі, археологиялық ең көне ескерткіштерін, сақ сармат тайпаларының тарих саханасына шығуын және ежелгі Үйсін, Қаңлы, Ғұн мемлекеттік бірлестіктерінің құрылуын, олардың саяси тарихын, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын, тұрмыс-тіршілігін, еңбек құралдарын, діни наным-сенімдерін және мәдениеті мен өнерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Алғашқы қоғам тарихы
    Несиелер: 5

    Алғашқы қоғам тарихы пәнінде адамның пайда болуы мен дамуы, адамның қалыптасуындағы фундаменталды сәттер, адамның түрлі дағдыларды иемденуі, қауым мен таптық қоғамның пайда бола бастауы-осы аталғандардың барлығы алғашқы қоғам тарихнамасына сүйене отырып қарастырылады. Сонымен қатар пәнде алғашқы қоғам тарихынан таптық қоғам мен мемлекет пайда болғанға дейінгі аралықтағы негізгі кезеңдерге сипаттама жасалынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Музейтану негіздері
    Несиелер: 4

    Пәнде әлеуметтік мағлұматтарды жинайтын және сақтайтын процестерге музей заттары арқылы танымдық білім беретін, дәстүрді, эмоцияны, көріністерді жеткізетін, музей ісінің шығу, даму және қоғамдақ қызмет ету функцияларына қатысты объективті заңдылықтардың ауқымы жайлы баян етіледі.Мұражайдың пайда болуы. Мұражайдың негізгі ұғымдары және қызметі. Мұражайдың қалыптасуы. Мұражай түрлері. Мұражайлардың даму тарихы. Музей классификациясы, музей композициялары. Әлем мұражайлары, Лувр, Эрмитаж, т.б. Қазақстан мұражайлары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстанның Оңтүстік өңірінің тарихы
    Несиелер: 4

    Курста тарихи дерек көздеріне сүйене отырып, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының сонау заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын баяндау мақсат етіледі. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірінің тарихына қатысты көкейтесті мәселелер, оның ішінде Патшалық Ресей мен Қазақ хандығының арасындағы қарым-қатынасы және оңтүстік өлкесінің тарихы мәселелерінің зерттелу деңгейі қарастырылады. Қазақстанның Оңтүстік өлкесінің тарихы курсында өлкенің тарихының зерттелу деңгейі де сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тарихи өлкетану негіздері
    Несиелер: 4

    Тарихи және мәдени ескерткіштер. Өлкетану деректері. Этнография және даму процесі. Этнография мәселелері. Этнографиялық зерттеу жүргізудегі өзекті мәселелері. Топонимика және оның маңызды аймақтары. Архитектуралық деректер. Алғашқы тұрақтар. Ежеггі архитектура. Антикалықархетиктура және орта ғасыр. Қазіргі кезеңдегі архетиктуралық құрылыстар. Қолөнер, Әшекей өнері. Жазба деректер тарихы. Ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер. Тарихи өлкетанудағы демографиялық бағыттары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қосалқы тарихи пәндер
    Несиелер: 4

    Курсқа қосымша тарихи пәндер енгізу. Палеография көмекші тарихи пән ретінде. Тарихи хронология. Тарихи метрология. Генеалогия көмекші тарихи пән ретінде. Нумизматика көмекші тарихи пән ретінде. Геральдика көмекші тарихи пән ретінде. Ономастика көмекші тарихи пән ретінде. Қазақстан территориясындағы этнографиялық ескерткіштер. Фалеристика. Марапаттаудағы әскери оқиғалар және саяси бейнелер. Егемен Қазақстанның марапаттау жүйесі сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Археология
    Несиелер: 5

    Археология-заттай дерек көздерінің негізінде адамзаттың өткенін зерттейтін тарих пәнінің бір саласы. Пәнде білімгерлерді археологиялық зерттеудің әдістері мен тәсілдерімен, сондай-ақ болашақ тарихшыларға археология ғылымының даму тарихымен, Қазақстан аумағындағы тас дәуірі, қола дәуірінің, темір дәуірінің ескерткіштерімен, ежелгі дүние кезеңіндегі Қазақстан аумағындағы археологиялық ескерткіштермен таныстырылады. Сонымен қатар ТМД аумағындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу тарихына, археологиялық қазбалар, археологиялық деректер қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақстан аумағындағы түрік және батыс түрік қағанаттарының, қарлұқ, оғыз, қыпшақ, қарахан мемлекеттерінің құрылуы және феодалдық қатынастардың дамуы, сол кезеңдегі саяси- әлеуметтік жағдай, шиеленістер, шаруашылық түрлері, өнер, қала мәдениеті және сауда байланыстары туралы білім қалыптастырады. Моңғол дәуіріндегі мемлекеттер, қазақ хандығының қалыптасуы, Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы, оның экономиясы мен мәдениеті оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлем халықтарының этнологиясы
    Несиелер: 4

    Этнология пәні және міндеттері. Географиялық, мәдени-шаруашылықты, нәсілдік, лингвистикалық, конфессиялық жіктеу, Әдістері және методологиясы. Австралия және Океания халықтары. Азия халықтары. Этногонез және этникалық тарих.. Шарушылығы, материалдық мәдениеті. Қоғамдық тұрмыс. Отбасы, неке қатынасы. Рухани мәдениет және халықтық творчество. Дін.Наным. Европа халықтары. Батыс, Орталық, Солтүстік және Оңтүстік, Европа халықтары. Этногенез және этникалық тарих. Антропологиялық, лингвистикалық жіктеу. Шаруашылығы және негізгі кәсіптері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстан археологиясы
    Несиелер: 4

    ҚР-ғы археология ғылымының дамуы. Ежелгі дәуірдегі және орта ғасырлардағы қала мәдениеті. Ортағасырлық қалалар мен қоныстардың археологиясын зерттеу тарихы; ортағасырлық қалалар мен қоныстардың пайда болуы мен даму проблемалары; Оңтүстік Қазақстанның егіншілік және мал шаруашылығы мәдениеті (б.з. д. I ғ.-б. з. V ғ.); Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қалалары; Орталық Қазақстанның ортағасырлық қалалары мен қоныстары; Қазақстан аумағындағы орта ғасырдың сәулет ескерткіштері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қоғамтану негіздері
    Несиелер: 4

    Қоғам ұғымы, оның түрлері. Қоғамдық ғылымның даму тарихы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Адам – қоғамның субьектісі. Отбасы және қоғам. Қоғамдағы демографиялық процестер. Ұлт және ұлтаралық қатынастар. Адам және саясат. Демократия. Экономика, оның қоғамдағы орны. Адамның рухани дүниесі. Қоғамдық сана, оның формалары. Құндылықтар ілімі. Мәдениет. Қазіргі заман мәдениетінің басты проблемалары мен даму үрдістері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы
    Несиелер: 4

    Курста қазақ халқының этникалық құрылымының қалыптасу алғышарттары мен кезеңдері, барысы, түркі тілдес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тарихи оқиғалар, оның ішінде қола дәуіріндегі тайпалар, сақтар, ғұн тайпалары, үйсіндердің этникалық тайпалары, қазақ халқының этногенезінің түркілік кезеңі, қазақ халқының қалыптасуындағы этномиграциялық үдерістердің алған рөлі, қазақ этностық санасының орнығуы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі дүниежүзі тарихы
    Несиелер: 6

    Азияда, Солтүстік Африка мен Еуропада өмір сүрген ежелгі өркениеттер дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтары туралы идеялар, сондай-ақ Ежелгі Шығыс және Ежелгі Греция мен Рим, Вавилонның экономикалық құрылысы және осы өркениеттердің адамзат тарихындағы рөлі, олардың мәдени және тарихи ерекшелігі, тарихи өткенге саналы құндылық қатынасы, ежелгі тарихты қазіргі зерттеу саласында бар маңызды тарихи мәселелер туралы идеяларды қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнде педагогика ғылымының негізінде анықтала отырып, педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері және қолданылатын құралдары қарастырылады. Педагогика ғылымының өзекті мәселелері, ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фараби мен Абайды танудың алғашқы кезеңінде Әл-Фараби мен Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамту, Әл-Фараби мен Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–1960 ж.ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социолиялистік идеяның.дүниетанымның үстемдік етуі, Әл-Фараби мен Абайдың мұрасының 1960-2000 ж.ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері насихаттық тұрғыда қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    "Экология негіздері". Экожүйе тұжырымдамасы. Адам және биосфера. Ластанудың негізгі түрлері. Қорғау атмосфераның, гидросфераның және литосфераның. Әлеуметтік-табиғи экожүйе экологиялық бақылау объектісі ретінде. Экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі, биосфераның ластану көздері мен деңгейлері, мониторинг негіздері, экологиядағы математикалық модельдер, экологиялық менеджмент және экологиялық құқық. Еңбек қауіпсіздігі. Төтенше жағдайлардың мониторингі мен болжау және жою шараларын әзірлеу ұғымдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Орта ғасырдағы шығыс елдерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пәнде орта ғасырдағы Азия, Африка елдері тарихының түп-деректері, тарихнамасы. Шығыс феодализмінің ерекшеліктері. Ирандағы Сасанидтер мемлекеті. ІІІ-ХІғғ. Үш патшалық кезеңі, Суй, Тан империялары кезеңіндегі Қытай. Жапониядағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы, Арабияның бірігуі, Исламның пайда болуы, Омеядтар және Аббасидтер халифаты, Дели сұлтандығы, Осман империясының құрылуы, оның сыртқы саясаты. Кейінгі Орта ғасырлардағы Иран, Сефевиттер мемлекеттері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Пәнде онтогенездегі физиологиялық және психикалық процестердің негізгі заңдылықтары. Дене мүшелері мен жүйелерінің дамуының жасына байланысты анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, олардың жеке даму сатыларындағы реттеу механизмдері. Балалар мен жасөспірімдердің психикалық дамуының жас ерекшеліктері. Оқушылардың психикалық белсенділігі мен мінез-құлқының физиологиялық негіздері. Жыныстық жетілудің психофизиологиялық ерекшеліктері. Оқушылардың салауатты өмір салтын, денсаулық мәдениетін қалыптастыру негіздері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
    Несиелер: 6

    XVIII ғ. басындағы Қазақстанның сыртқы, ішкі саяси жағдайы, Ресей империясының отаршылдық саясатының мақсаттары, әдістері, XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстанда жүргізілген патшалық реформалардың салдарлары, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар, ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы, өлкедегі саяси бас көтерулер қарастырылады. XIХғ.-ХХғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті, экономикасы, қазақ жерінің жалпы ресейлік экономикаға тартылуы сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Орта ғасырлар тарихы (Батыс)
    Несиелер: 4

    Батыс Еуропадағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және этникалық өзгерістер. Рим империясының құлдырауы. Антика және орта ғасырлар тоғысындағы Еуропа. Б.з.д. ІҮғ. дейін ежелгі Германдықтардың қоғамдық құрылысы. Еуропада ұлы қоныс аудару кезеңіндегі ғұндар. Франк державасындағы феодализмнің дамуы ІҮ-ХІІ ғғ. Византия. Ерте орта ғасырлардың аяғындағы Батыс Еуропа. Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы мен дамуы. Ұлы жағрафиялық ашылулар және колониялық жүйенің қалыптасуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы
    Несиелер: 6

    Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар: тарихнамасы, методологиясы және кезеңдері. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс. Алаш қозғалысы және оның тағдыры. Кеңес өкіметінің отарлау саясаты. 1940-1985 жж. Қазақстан. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі және оның тарихы маңызы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі болып, пәнде Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы, жаңа дәуірдегі Еуропа мен Американың қоғамдық құрылысы мен Еуропа мен Америка елдерінің саяси картасын, аталған елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндіргіш күштер дәрежесі және мәдениетін, бір бірімен қарым-қатынасын, Шығыс елдерін отарлау тарихын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ресей империясының аграрлық отарлау жүйесіндегі Дала өлкесі (XIX ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басы)
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде Қазақстандағы аграрлық саясаттың тарихнамасы XIX ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында. 1868 ж."Жетісудағы шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша ережелер". Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. 1889 ж. "ауыл тұрғындары мен буржуазияның қазыналық жерлерге ерікті түрде қоныс аударуы туралы" ереже. Қазақ зиялылары және қазақ даласындағы аграрлық дағдарыс. Ресейдің отарлау саясатының салдары, егіншілік практикасының қалыптасуындағы әлеуметтік топтардың рөлі туралы түсініктерді қалыптастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі» пәні мамандық студенттерін – болашақ тарих пәні мұғалімдерін еліміздің жалпы орта мектептеріндегі тарих пәнін оқытудың теориясымен және әдістемесімен қаруландыру, тарих пәнін оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері мен жолдарын оқытып меңгертетін педагогикалық пән болып табылады. Бұл пән студенттерді Қазақстан тарихының кезеңдерін оқыту тәсілдерімен, білімнің даму тенденциялары мен әртүрлі тұжырымдамалары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мектепте оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдері
    Несиелер: 4

    Курста білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, бағалаудың тәсілдері мен тұғырлары, сонымен қатар Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында орта мектептегі Тарих сабағында оқушылардың оқу үлгерімі мен оқу жетістіктерін бағалаудың нормалары мен шарттары талқыланып, қарастырылған. Мектепте оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдері, атап айтар болсақ формативті (қалыптастырушы) бағалау, суммативті (жинақтаушы) бағалау сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Деректану негіздері
    Несиелер: 3

    Дін ұғымы мен классификациясы. Дiннiң негiздерi мен алғышарттары. Дінтанудың негізгі ұғымдары, терминдері. Дiннiң элементтерi мен құрылымы, культ. Дiни ұйымдар. Деноминация және секта ұғымдары. Дін және қоғам. Дiн мен мәдениеттiң арақатынасы. Ежелгі наным сенімдер. Ұлттық, әлемдік діндер. Қазіргі Қазақстандағы дәстүрден тыс діни ағымдар, секталар. ҚР-дағы мемлекет, дін және қоғам және т.б қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәнде балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу жолдары мен тәсілдері сипатталады. Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мырзашөл өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер
    Несиелер: 3

    Мырзашөл өңірінің көне қалалары, ескерткіштері мен қасиетті орындарының зерттелу тарихы, Ортағасырлық Үтіртөбе қаласының геосаяси орналасуы мен тарихи құрылымы, Үтіртөбе қаласына жүргізілген археологиялық зерттеулер, Ежелгі Күлтөбе қалашығы және оған жүргізілген зерттеулер, Мыңтөбе қорымында жүргізілген қазба жұмыстары, Жаушықұмтөбе қалашығы, Шардара елді мекені және т.б Мырзашөл өңірінің көне ескерткіштері мен қасиетті орындары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Архивтану негіздері
    Несиелер: 5

    " Архивтену негіздері " пәні тарихшының теориялық және практикалық ғылыми-зерттеу қызметінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру үшін базалық болып табылады. Сонымен қатар пән - сыни талдау және синтездеу, қазіргі ғылыми жетістіктерді бағалау қабілеті; қазіргі заманғы зерттеу әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу қызметін өз бетінше жүзеге асыру; гуманитарлық білімді пайдалану және жаңарту; ғылыми дискуссия және полемика жүргізу секілді жалпы гуманитарлық ғылыми білімнің маңызды принциптерін қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының тарихы
    Несиелер: 4

    Пәнде Түркі тілдес халықтардың шығу тегі, көне замандағы және орта ғасырлар кезеңіндегі түркі тайпалары мен түркі мемлекеттерінің аумағы, сол мемлекеттердің рулық құрамы, әлеуметтік және саяси ұйымдасуы, мәдениеті мен шаруашылығы қарастырылады. Сонымен қатар Түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекеттердің құрылу тарихы, ол мемлекеттердің жаңа және қазіргі замандағы саяси тарихы, қазіргі әлемдік қауымдастықтағы олардың рөлі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дүниежүзілі тарих тарихнамасы
    Несиелер: 5

    Пәнде Ежелгі дүние кезеңінен бастап орта ғасырлар, жаңа заман және қазіргі заман тарихының тарихнамасы тарихи принциптерге сүйене отырып қарастырылады. Сонымен қоса Шығыс, Греция, Рим тарихнамасы. Феодализм тарихнамасы. Гуманистік тарихнама. Шетелдердің ерте жаңа заманның тарихи білімі. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи сана және кәсіптік тарихнама. ХХІ ғасырдың басындағы жаңа мәселелер және жаңа тәсілдері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Жаңа тарих дүние жүзі тарихының белгілі бір кезеңі ретінде Батыс пен Азия және Африка елдері үшін ортақ кезең болып табылады. Осыған байланысты курста жаңа заман тарихы мерзімдік ауқымы мен кезеңденуі, Азия және Африка мемлекеттерінің отар елдерге айналуы және де Шығыс елдерінің индустриаландыруға дейінгі өркениеттен дамудың жаңа кезеңіне өтуі жайлы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дінтану негіздері
    Несиелер: 5

    Дін ұғымы мен классификациясы. Дiннiң негiздерi мен алғышарттары. Дінтанудың негізгі ұғымдары, терминдері. Дiннiң элементтерi мен құрылымы, культ. Дiни ұйымдар. Деноминация және секта ұғымдары. Дін және қоғам. Дiн мен мәдениеттiң арақатынасы. Ежелгі наным сенімдер. Ұлттық, әлемдік діндер. Қазіргі Қазақстандағы дәстүрден тыс діни ағымдар, секталар. ҚР-дағы мемлекет, дін және қоғам және т.б қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ түркілерінің этникалық тарихы
    Несиелер: 4

    Курста қазақ халқының «халық» ретінде қалыптасуына негіз болған рулар мен тайпалардың тарихын сонау қола дәуірінен бастап қазақ халқының өз алдына егеменді ел болып қалыптасқан кезеңіне дейінгі аралықтағы этнос ретіндегі қалыптасу тарихы қарастырылған. Сонымен қатар қазақ халқының этнос ретінде қалыптасуына алғышарт болған үдерістер мен тарихи оқиғалар, қазақ түркілерінің этникалық тарихы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дүниежүзі тарихын оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тарихты оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдердің Тарихты оқыту әдістемесінің теориялық негіздерін, заманауи білім беру технологияларын қазіргі заманғы білімге ие болуына және оларды мектеп тарих курсында қолдануға бағытталған; студенттерді осы ғылымның жаңа жетістіктерімен, біздің елімізде де, шетелде де тарихи білімнің даму тенденцияларымен және мектеп тарих курстарының мазмұнын таңдаудың әртүрлі тұжырымдамалары туралы қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ресей тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі Шығыс славяндар: орналасуы, әлеуметтік құрылымы, көршілермен қарым-қатынасы. Киев Русі мемлекетінің тарихы. Орыс жерлерінің Москва төңірегіне бірігуі. Иван IV кезінде мемлекеттіліктің нығаюы. І Петрдің реформалары. ХІХ ғ. басындағы Ресей. Ресейде империализмнің дамуы. 1917 ж. Революция. Кеңес мемлекетінің құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыс. Сталинизмнің жоғарғы шегі. Қайта құру және жеделдету. КСРО-ның ыдырауы сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Инновацялық технологиялар мен мектепте оқыту процесін ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Шет тілдерін оқытудағы инновациялық технологиялар- білім беру жүйесіндегі инновацияны және инновациялық ұйымды қамтитын құбылыс, ол инновациялық процестің даму бағытын, ұйымдастыруды, жаңасын қалыптастыруды, тақырыпты құру, дамыту және дамыту тәсілдерін жүзеге асыру үшін жаңа әдістер мен технологияларды ұсынуды анықтау жолдарын зерттейді. Ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, әрбір білім алушының қабілетіне қарай білім беруді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеру мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қытайдың жаңа дәуір тарихы
    Несиелер: 5

    Пәнде XVII ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі аралықтағы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы, атап айтар болсақ осы аталған ғасырлар шеңберіндегі Қытайдың ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттары қамтылған. Сонымен қатар пән бойынша Қытайда Цин билігінің орнауы, Цин билігі тұсындағы елдің сыртқы отарлау саясатына қарсы күрес шаралары (апиын соғыстары), Қытайдың жартылай отар елге айналуы, ХХ ғасырдың басындағы Қытайдағы саяси өзгерістер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Германия тарихы
    Несиелер: 5

    Қазіргі әлемдегі Германия келбеті. Германияның федеративті құрылымы. Негізгі саяси паритялар. Отызжылдық соғыс және оның жалпы европалық маңызы. Германияның европалық геосаяси экспансиясының салдары. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия. Екінші дүниежүзілік соғыс. ГФР және ГДР құрылуы. Конрад Аденауэр кезеңі. Германия және Европа. Екі неміс мемлекетінің қарым қатынасының тарихы. Қазіргі әлемдегі Германияның экономикалық-әлеуметтік жағдайы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Азия және Африка елдерінің қазіргі заманғы тарихы мен ұлт-азаттық қозғалыстар, шығыс қоғамының Батыстың дамыған мемлекеттері аясындағы трансформациялануы және тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, саяси партиялар қызметінің және діни қозғалыстардың белсенділігі, исламның ішкі және сыртқы саясатқа әсері. Бағдарламаның базалық деңгейі жалпы тарихқа қазіргі қалыптасқан концептуалдық көзқарас тұрғысында кезеңделумен және XX ғасырды қамтуымен сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел тарихының тарихнамасы
    Несиелер: 5

    Тарихнама жүйелі түрде оқыту ұлттық тарихи ғылымдардың негізгі бағыттары мен мектептерімен танысуға мүмкіндік береді. Ежелгі шығыс тарихнамасы, Антика тарихнамасы және Грек тарихнамасы. Эллинистік римдік кезең. Орта ғасыр тарихнамасы. Жаңа заман тарихнамасы. Қайта өрлеу дәуірі және реформация кезеңіндегі тарихнама. Еуропаның тарихи мектептері. Қазіргі заман тарихнамасы. ФРГ, Франция, Англия, АҚШ тарихнамасы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан архивтері
    Несиелер: 5

    Пәнде Қазақстандағы архив ісінің пайда болу тарихы және оның ұйымдастырылу мәселелері, Қазақстан Республикасындағы архивтер желісі, Қазақстандағы архивтық заңнамалар, архив ісі саласындағы негізгі нормативтік актілер мен Қазақстан Республикасында құжаттану жүйесі мен архив ісі саласын дамыту бағдарламасы, ҚР ҰАҚ құжаттарды сақтауды, пайдалануды, есепке алуды және жинақтауды ұйымдастыруға байланысты нормативтік-әдістемелік құжаттар жайлы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Пәнде Бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап ХХІ ғасырдың басына дейінгі аралықтағы Еуропа және Америка елдерінің экономикалық-әлеуметтік және саяси тарихы және әлемдік саяси картадағы өзгерістер, геосаяси үдерістер мен «әлемдік үстемдік» үшін күрестер тарихы да хронологиялық принциптерге сүйене отырып сипатталады. Аталған кезеңдегі халықаралық қатынастардағы «Қырғи-қабақ соғысының» басталуы мен барысы, тарихи нәтижелері (әлемнің екі саяси аренаға бөлініп күресуі) қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Архив деректеріндегі Онтүстік Қазақстан өңірінің тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақстан архивтеріндегі Оңтүстік Қазақстан өңірінің тарихы туралы деректермен таныстырылып сипатталады. Түркістан облысы және Шымкент қаласының архивіндегі құжаттарға сипаттама береді, сонымен қоса мұрағат қорындағы «Шымкент облысындағы- Кеңес Одағының батырлары», «Шымкент облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Боздақтар»-«Книга памяти» және «Саяси құғын-сүргіндер: шындық пен қауесет» құжаттар жинақтарының дереккөз ретіндегі мәні жайлы түсіндіріліп қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дінтануды оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    "Дінтану негіздері" курсын оқыту барысында ұғымдарды қалыптастыру. Дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту әдістері. Сабақ-оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Көрнекілік құралдары мен компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін пайдалану. Оқу процесіндегі өзіндік жұмыс және дінтануды оқытудың өзекті мәселелерінің дүниетанымдық негіздері. Көздер мен құжаттарды пайдалану әдістемесі. Оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау әдістемесі туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем діндерінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пәнде діни ұғымдардың қалыптасуы, діннің пайда болуы, діннің тарихи түрлері, ғалымдардың діннің тарихи түрлерін жіктеуі сипатталады. Әлемдік діндер тарихын зерделеу діни төзімділікті қалыптастыруға және қазіргі заманның өзекті проблемаларын кешенді бағалауға ықпал етеді. Пән әлемдік діндермен және олардың ерекшеліктерімен таныстырады, олардың әлемдік өркениеттің дамуындағы орнын айқындайды, сондай-ақ әрбір әлемдік діннің басты ерекшеліктерін, проблемаларын және олардың өзара әсер ету дәрежесі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON3

    оқушыларды сыни ойлауға, проблеманы шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын және құрылымын айқындай біледі

  • Код ON8

    ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі

  • Код ON11

    отан және әлем тарихындағы маңызды тарихи деректерді жинақтайды және оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық пен практикалық білімді қолдана алады

  • Код ON10

    тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалап, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынуда қолдана алады

  • Код ON6

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру мен өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға дағдыларын қалыптастыра алады

  • Код ON7

    командада, тұлғааралық қарым-қатынаста, тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілік көрсете біледі

  • Код ON1

    пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша білімін және интеграциялауды көрсете алады

  • Код ON2

    тарихты оқытудың озық әдістемелік тәсілдерін меңгереді және білімін теория мен практикада қолдана алады

  • Код ON9

    кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдай алады

  • Код ON5

    пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі

  • Код ON12

    дереккөздерден алынған ақпараттарды тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жалпы заңдылықтарды анықтайды, жіктейді, жүйелейді, талдайды және оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қалыптастыра алады

  • Код ON4

    пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана алады

Top