Жаңа білім беру бағдарламасы

8D02311 Филология в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Академиялық жазу
    Несиелер: 2

    Лингвистика саласы бойынша докторанттардың ғылыми жазылым құзіреттілігін дамыту. Курсты оқыту академиялық ортада эффективті қатынас жасай білу дағдысы қалыптасқан жоғары білікті докторанттар дайындау үшін жазба ғылыми коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • XX ғ. басындағы қазақ тіл білімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – ХХ ғасырдың басындағы қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен даму кезеңдері туралы білімді жүйелеу, тереңдету. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасуының алғашқы кезеңі және ондағы өзекті лингвистикалық мәселелер бойынша білімдерін жүйелеу; қалыптастыру; алғашқы әліппелер мен оқу құралдарында, терминология, емле, т.б. тақырыптарға арналған зерттеулерде қорытындыланған ғылыми тұжырымдарды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеудің әдістері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: лингвистикалық зерттеу жүргізу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы өзіне тән анализ принциптері, теориялық негіздері, процедуралары мен тәсілдеріне негізделген лингвистикалық зерттеу әдіснамасын түсінудің негізін қалыптастырады. Пән интернет-ресурстардың, мультимедиялық құралдардың, ғылыми сайттардың, деректер қорының көмегімен зерттеу тәсілдерін интенсификациялауға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ тіл білімі терминдерінің қалыптасуы мен дамуы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазақ тіл білімі тарихындағы ұлттық терминологияның қалыптасу тарихы мен тәжірибесін тереңдетіп меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ тілі деңгейлері мен тіл білімі салалары бойынша қалыптасқан терминдердің тарихы, уәжділігі мен ғылыми негізі, қазақ тіл білімін одан әрі дамытудағы рөлі және бүгінгі қазақ тіліндегі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің этимологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазақ лексикасының функционалдық, тарихи-семантикалық даму заңдылығының өзектілігін, тарихи-этимологиялық негізін анықтайтын байырғы түбірлердің этимологиялық реконструкциясын қолданудың дағдыларын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: салыстырмалы-тарихи, ішкі, сыртқы реконструкция, сөзжасамлық модельдеу, морфемалық талдау әдістерін игеру; түбір морфеманың варианттылығын, фузиялық сипатын, морфологиялық, реликтілік құбылыстарын т.б. агглютинативтік үдерістің тарихи сипаттарын түсіндіріп беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кеңестік дәуірдегі қазақ тіл білімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – кеңес дәуіріндегі қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы туралы білімдерін тереңдету және қазақ ғалымдарының тіл білімі салаларын дамытудағы рөлін таныту. Келесі мәселелер қарастырылады: лингвистикалық мектептердің қазақ тіл біліміне әсерін талдау; ғалымдардың ғылыми еңбектерін және кеңес заманында зерттелген қазақ тіл білімінің салаларын бағалау және түсіндіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ескі қазақ жазба ескерткіштерінің тілі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – ескі қазақ жазба ескерткіштерінің тілдік ерекшеліктерін талдаудың қабілеттерін қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: ескі қазақ жазба ескерткіштері мәтіндеріндегі түркі сөздерінің лексика-семантикалық, фразеологиялық, грамматикалық қолданысын талдау; кірме сөздердің қолдану ерекшелігін анықтау; лексикалық тілдік бірліктердің қазіргі қазақ тілімен сабақтастығын анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихи синтаксисі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазақ тілі синтаксистік жүйесінің тарихи кезеңін тану дағдысын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: синтаксистік қатынастар мен грамматикалық формалардың, сөзжасамдық тәсілдер мен формалардың тарихи негізі; грамматикалық категориялардың тарихи парадигмасы; қазақ тілі синтаксистік жүйесінің тарихи кезеңі мен қазіргі кезеңінің ерекшеліктері және сабақтастығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Аксиологиялық лингвистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – санаға сіңген этносқа тән құндылықтар мен мұраттардың, қызмет нормалары мен құлықтардың, сондай-ақ бағалау түсінігіндегі ұлттық ерекшеліктердің дүниенің құндылық бейнесі ретінде тілде сақталуын зерттейтін аксиологиялық лингвистиканың теориялық және әдіснамалық негіздерін игерту. Пән аясында аксиосфераның құрамын анықтайтын және құндылықтар иерархиясының қалыптасуына ықпал ететін аксиологиялық мәтіндік формалар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі: құрылымы мен ұстанымдары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін түзудің негізгі теориялық және практикалық ереже-ұстанымдарын меңгерту. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін түзудің негізгі ұстанымдары; макроқұрылымы мен микроқұрылымы; тілдік бірліктерді лексика-семантикалық және мәдени-семантикалық талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі тарихын қалыптастырған жазба мұралардың тілін талдауды игерту. Келесі мәселелер қарастырылады: ХХ ғасыр басындағы әдеби тіл ерекшелігін ғылыми негіздеуді игеру; Шәкәрім шығармаларының әдеби тілдің функционалдық стильдерінің дамуына әсерін талдау; зертханалық жұмыстардың көмегімен жазбаша үлгілерді қалыптастырудағы «Қазақ» газетінің рөлін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазақ лексикасының тарихи дамуын тіл тарихы ~ ел тарихы сабақтастығында қарастырудың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: қазақ тілінің сөздік құрамының қалыптасуы, дамуы туралы зерттеулерді талдау; қазақ лексикасын құраушы лингвистикалық арналарды анықтау; қазақ тілінің этногенезі мен глоттогенезі туралы зерттеулерді талдай отырып, өзіндік ғылыми тұжырым жасай алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON1

    ON1. Қазақ тілінің тарихи фонетикасы, морфологиясы, синтаксисіне қатысты эксперименттік талдаулар жасап, нәтижелерін шығарып, сипаттамасын жасау арқылы қорытынды бере алу.

  • Код ON2

    ON 2. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы, этимологиясы және грамматикасы бойынша терең жүйелі білім алу негізінде лексикалық бірліктерді талдаудың ғылыми лингвистикалық әдістерін пайдалана отырып, қолданбалы филологиялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде тарихи фонетика, тарихи лексикология, тарихи диалектология, этимология, аксиологиялық лингвистика, терминология салаларына ұсыныстар беру.

  • Код ON3

    ON3. Лингвотекстология, фонетика, лексикология, грамматика, лексикография саласындағы заңдылықтарды, теорияларды, тұжырымдамаларды және қолданбалы зерттеулерді бағалай отырып, іргелі теориялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде филология саласындағы әдістемелерді, әдістерді, қағидаттарды, модельдерді әзірлеу.

  • Код ON4

    ON4. Лексикографияның лингвостатистикалық, салыстырмалы-салғастырмалы, семантикалық әдістерін пайдалана отырып, әртүрлі типтегі филологиялық сөздіктерді әзірлеу.

  • Код ON5

    ON5. Қазіргі заманғы филологиялық әдіснамалар негізінде тарихи фонетика, тарихи лексикология, тарихи грамматика, тарихи лексикография, әдеби тіл тарихы, жазу тарихы, терминология пәндері бойынша ғылыми жобаларға, зерттеу жұмыстарына ғылыми сараптамалық қорытындылар беру.

  • Код ON6

    ON 6. Филология саласындағы ғылыми мекемелерді, ғылыми зерттеулер бағдарламасының стратегияларын басқару. Инновациялық, стратегиялық менеджментті пайдалана отырып, пікірталас алаңдарын, ғылыми форумдарды, отырыстар мен конференцияларды ұйымдастыру.

  • Код ON7

    ON7. Жоғары дәйексөз индексі бар басылымдарда ғылыми жарияланымдарды жариялай отырып, ғылыми есептер, рефераттар, мақалалар тезистері, филологиялық түсініктемелер түрінде филологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеулердің нәтижелерімен таныстыру.

  • Код ON8

    ON8. Лингвотекстологиялық зерттеулер негізінде ескі түркі жазба ескерткіштеріне және XX ғасыр басындағы ғылыми мұраларға құрылымдық, семантикалық талдау жүргізу арқылы қазақстандық мәдени қауымдастықтың тілдік санасын қалыптастыру.

  • Код ON9

    ON9. XX ғасыр басындағы ғылыми мұраларға және тіл білімі саласындағы басқа да әлемдік зерттеулерді қазақ тіл білімі тарихының, диалектология мен түркітанудың заманауи қолданбалы ізденістерін жүргізу үшін түсіндіру.

  • Код ON10

    ON10. Қазіргі қазақ әліпбиі мен графикасы, орфографиясы, пунктуация және ұлттық терминологияның өзекті проблемаларды жазу теориясына сүйеніп түсіндіру дағдысын қалыптастыру.

  • Код ON11

    ON 11. Цифрлық білім беру технологияларын, сараланған, студетоорталық тәсілдерді, проблемалық-бағдарланған оқыту технологияларын пайдалана отырып, жоғары оқу орындарында филология бойынша дәрістер жүргізу.

  • Код ON12

    ON12. Сандық технологиялар негізінде қазақ тілінің сөйлеу мәдениеті бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, курстарды оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

Top