Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01506 География мұғалімдерін даярлау в "Сырдария" университеті

  • Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе
    Несиелер: 4

    Саяси географияның негізгі зерттеу нысандары мен категориялары. Геосаясат және аймақтық саясат. Саяси географиядағы геосаяси тұжырымдамалар. Халықаралық экономикалық және саяси ұйымдар мен одақтар туралы негізгі мәліметтер. Дүние жүзі халқының динамикасы мен қоныстануы. Демографиялық жағдай мен этнография. Дүние-жүзілік шаруашылықтың табиғи ресурстары. Қоғамдық және дүниежүзілік еңбек бөлінісі. Сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі үлгілеріне қысқаша шолу қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Картография және топография негіздері
    Несиелер: 4

    Пәнде компьютерлендіру саласындағы жаңа заманауи жетістіктерді ескере отырып картографияға ғылым ретінде сипаттама жасалған. Карталардың модель іспеттес мәні мен қасиеттері, карталардың математикалық негіздеріне, картада суреттеудің тәсілдері, карталар мен атластардың жүйеленуі қарастырылған. Сонымен қатар пәнде әлемді географиялық танудың негізгі құралы ретінде зерттеудің картографиялық әдісіне ерекше көңіл бөлінген. Географиялық карталар мен топографиялық карталардың сипаттамасын жасауды үйретеді, Масштаб атаулары мен құрылымын толыққанды меңгереді;

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы жертану
    Несиелер: 5

    Жалпы жертану барлық физикалық географиялық жəне жаратылыстану ғылымдарының дамуына негіз болып табылады. Географиялық бағыттағы білім алушыларға жалпы ғаламдық географиялық қабықтың құрылысын, оның уақыт пен кеңістіктегі даму заңдылықтарын, олардың өзара байланысын кеңінен таныстырып, қазіргі жағдайы жəне болашақта болатын өзгерістері туралы мағлұматтар береді. Жалпы заңдылықтарға бағынған географиялық қабық құрамдас бөліктері жəне биосферадағы тірі заттардың өзара байланысы мен бір-біріне бағынышты əрекеттерін оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі дүние географиясы
    Несиелер: 4

    Бұл пән Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуын, қазіргі географияның негізгі зерттеу әдістерін, қазіргі географияның негізгі зерттеу әдістерін, аймақтанудың теориялық негіздерін, дүние жүзі елдерінің типологиясын, дамыған елдердің жалпы сипаттамасы мен өтпелі экономикаға тән елдерді, қазіргі дүниенің постиндустриялық дамуын, сыртқы экономикалық байланыстар және олардың қазіргі экономикадағы рөлін, қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар мен халықаралық экономикалық интеграциясын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өндірістің техникалық экономикалық негіздері
    Несиелер: 4

    Аталған курс білім алушыларды қазіргі техника мен өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісі негіздерімен таныстыру яғни өнеркәсіптің, маңызды салаларының, технологиялық сызбаларымен, өндіріске пайдаланатын негізгі және қосалқы материалдармен, отын және энергия түрлерімен, шикізат, отын, электроэнергия және судың шығыны, ауыл шаруашылықтың өнімдерін өңдеу, әр түрлі өндірістердің, негізгі және жанама түрлерімен, қалдықтарды пайдалану ісімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Табиғатты пайдалану экономикасы мен экологиясы
    Несиелер: 4

    Қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз жасау үшін табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің теориялық қағидалары және тәжірибелік шешімдерін негіздеуді қарастырады. Пәнді оқу барысында қоршаған ортаны қорғау және оның экономикасы жөніндегі табиғат қорғау органдарының,ҚР статистикалық және Жер ресурстарын басқаруды қарастырады. Отандық және шет елдік ғылыми мекемелер ғалымдардың табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы еңбектері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • ТМД елдерінің физикалық географиясы
    Несиелер: 6

    «ТМД елдерінің физикалық географиясы» курсында аумақтың табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстарының алуан түрлілігіне сипаттама беріліп, қоршап жатқан теңіздердің ерекшеліктері қарастырылады. Сондай-ақ ТМД-ның географиялық орны және шекарасы. Жер бедері және геологиялық құрылысы. Климаты және ішкі сулары. ТМД-ның теңіздері. Топырақ жамылғысы, өсімдік және жануарлар дүниесі. ТМД-ның физика-географиялық аудандастыру. ТМД-ның аймақтары. Табиғат белдемдері. ТМД елдеріне физика-географиялық сипаттама беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жалпы геология
    Несиелер: 6

    Жалпы геология табиғи пəндер білімінің күрделі сұрақтарын қарастырады: жердің құрлықтар мен мұхиттардың пайда болуын,тау мен жазықтықтардың, минералдар мен тау жыныстарының жəне əртүрлі пайдалы кен қазбаларының қалыптасуын, сонымен қатар жер кескінің өзгертетін үрдістердің өте ұзақтығын қарастырады. Жер шарының ішіндегі (эндогенді) жəне оның бетіндегі (энзогенді) үрдістерді қарастырған кезде, жердің дамуын үздіксіз екенін айқындайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
    Несиелер: 6

    Мұхиттар мен материктерді физикалық-географиялық аудандастырудың принциптері. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхиттарға аймақтық-географиялық сипаттама беру. Табиғат ресурстары. Геоэкологиялық проблемалары. Солтүстік және Оңтүстік материктеріне аймақтық- географиялық сипаттама беру. Табиғатының даму кезеңдері. Жер бедері. Климаты. Сулары. Тіршілік дүниесі. Табиғат ресурстары. Материктердің ірі табиғат аймақтарына жіктелуі сияқты білім алушылардың географиялық білімін тереңдететін тақырыптар меңгеріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Топырақ географиясы
    Несиелер: 5

    Топырақ географиясы пәнін оқыту нәтижесінде білім алушылар жер шарындағы топырақтардың көп түрлілігін, топырақтың жер шарының географиялық белдеулері бойынша таралу ерекшеліктерін, топырақ географиясы туралы ұғымдар мен терминдерін, топырақтардың жер шарында таралуы туралы факторларын, жер шарының фауналық және флоралық аудандастырылуын, туған өлкесінің топырақтарының аудандастырылу ерекшеліктерін, оның халық шаруашылығындағы маңызы туралы білім алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнде педагогика ғылымының негізінде анықтала отырып, педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері және қолданылатын құралдары қарастырылады. Педагогика ғылымының өзекті мәселелері, ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фараби мен Абайды танудың алғашқы кезеңінде Әл-Фараби мен Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамту, Әл-Фараби мен Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–1960 ж.ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социолистік идеяның, дүниетанымның үстемдік етуі, Әл-Фараби мен Абайдың мұрасының 1960-2000 ж.ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері насихаттық тұрғыда қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Пәнде онтогенездегі физиологиялық және психикалық процестердің негізгі заңдылықтары. Дене мүшелері мен жүйелерінің дамуының жасына байланысты анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, олардың жеке даму сатыларындағы реттеу механизмдері. Балалар мен жасөспірімдердің психикалық дамуының жас ерекшеліктері. Оқушылардың психикалық белсенділігі мен мінез-құлқының физиологиялық негіздері. Жыныстық жетілудің психофизиологиялық ерекшеліктері. Оқушылардың салауатты өмір салтын, денсаулық мәдениетін қалыптастыру негіздері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    "Экология негіздері". Экожүйе тұжырымдамасы. Адам және биосфера. Ластанудың негізгі түрлері. Қорғау атмосфераның, гидросфераның және литосфераның. Әлеуметтік-табиғи экожүйе экологиялық бақылау объектісі ретінде. Экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі, биосфераның ластану көздері мен деңгейлері, мониторинг негіздері, экологиядағы математикалық модельдер, экологиялық менеджмент және экологиялық құқық. Еңбек қауіпсіздігі. Төтенше жағдайлардың мониторингі мен болжау және жою шараларын әзірлеу ұғымдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму географиясы
    Несиелер: 5

    Пәнде Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуына байланысты жалпы негізгі принцптер мен тұжырымдар, индустриалды-инновациялық даму саясатын жетілдірудің шаралары, заманауи индустриаландырудың әлемдік трендтері, Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы шеңберінде қарастырылған. Қазақстанның əрбір экономикалық аудандарының табиғат жағдайлары мен ресурстарының ерекшеліктері, олардың құрамы, шаруашылық мамандануы,олардың қалыптасуына əсер ететін факторлар, даму мəселелері, ірі территориялық-өндірістік кешендері жəне өнеркəсіп топтары жайлы білімдерді толық меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Метеорология және климатология
    Несиелер: 5

    Пән мақсаты - атмосферада өтіп жатқан негізгі физикалық процестер мен құбылыстарды зерттеуге, Жер климаттарын анықтауға мүмкіндік жасайды. Курс екі бөлімнен тұрады: метеорология және климатология. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені метеорология атмосфераның физикалық сипаттары мен процестерін зерттесе, климатология – сол метеорологиялық сипаттардың географиялық заңдылықтарын зерттейді. Климатология - географиялық ілім, себебі жер климаттары белгілі бір географиялық орындарда дамып, қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Елтану
    Несиелер: 5

    Пән елдерді кешенді түрде зерттейтін, олардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті мен әлеуметтік ұйымдасуы туралы әртүрлі мәліметтерді жүйелейтін географиялық пән болып табылады. Елтануда жекелеген аймақтар, елдер және олардың бөліктері табиғаты, біртұтас аумақтық күрделі жүйе ретінде қарастырылады. Олар жеке экономикалық аймақтарға бөлініп олардың ерекшелігі және түрлі халық шаруашылығы, қызмет көрсету салалары бойынша ұйымдарға кіруі оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
    Несиелер: 5

    Студенттерге республиканың экономикалық жəне əлеуметтік географиясынан, яғни оның табиғат байлықтарын шаруашылық салаларының орналасу ерекшелігі жəне олардың даму жолы, экономикалық аудандардың даму ерекшеліктері, басқа елдермен экономикалық байланысы жайлы терең жəне жүйелі білім береді. Сондай-ақ ҚР экономикалық-геосаяси жағдайы. Әлемдегі Қазақстан Республикасының рөлі мен орны. Әкімшілік-аумақтық бөлінуі, табиғи ресурстық әлеуеті. Халқы мен ұлттық құрамы, Қазақстанның шаруашылық аудандарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Геоақпараттық жүйе технологиялары (ГАЖ)
    Несиелер: 4

    Курстың мақсаты - ғылыми зерттеулердің идеалды виртуалды ортасы болып табылатын геоақпараттық жүйелердің жалпы идеологиясын игеру, модельдеу және нақты геодезиялық жағдайды барабар ұсыну. Оқу барысында сіз жалпы (корпоративті) жобаларды жоспарлауды және құруды үйренесіз, ГАЖ жобаларын құрудың барлық кезеңдерінің ерекшелігі мен технологиясын білесіз - далалық картаға түсіру мен сыртқы ақпаратты жалпылаудан бастап, таратылған өндірістік деректер жүйелерін электронды түрде ұсынуға дейін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • География ғылымдарының тарихы
    Несиелер: 4

    Пәнде жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың тұтас жүйесі ретінде география туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы, географияның теориялық және әдіснамалық негіздерін, география ғылымының қалыптасу тарихи және қазіргі заманғы теориялық проблемалары тану мәселелері қарастырылған. География туралы жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдардың өзара әрекеттесуінің тұтас жүйесі, оның қазіргі теориялық, әдіснамалық негіздері және қазіргі теориялық проблемалары туралы түсінік сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиясы
    Несиелер: 5

    Бағалаудың өлшемдік технологияларының теориясын, ғылыми-педагогикалық негіздерін біледі.География сабақтарында оқушылардың білім алу ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың оқу жетістіктеріне диагностика жүргізу.Мектепте гуманитарлық және жаратылыстану бейіндегі пәндерді оқытуда критериалды бағалау технологиясы бойынша білім беру.Курсты меңгеру нәтижесінде бағалаудың өлшемдік технологияларын пайдалану негізінде сабақты ұйымдастыру. Бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері және құралдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Физикалық-географиялық далалық зерттеулерді жүргізу әдісі
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны түрлі табиғи кешендерді рационалды қолдануға негіз болу үшін территорияны кешенді географиялық зерттеудің әдісі мен әдіснамасы мәселесін өзіне қамтиды, сондай-ақ табиғи кешендердің негізгі компоненттерінің (рельеф, топырақ, өсімдік жамылғысы, ландшафт, климат, географиялық орны) өзара байланысын анықтайды. Табиғи территориялық кешендерді физикалық-географиялық және далалық зерттеудің келесідей жалпы ғылыми және қосалқы әдістері қолданылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаратылыстану
    Несиелер: 4

    Жаратылыстану ғылыми білімнің пән аралық саласы ретінде білім алушыларға қажетті пән. Ол ғылыми таным әдістерінің жіктемесін, байқау, эксперимент, өлшеу, абстракциялау, идеалдандыру, формализация, талдау және синтез, баламалау және үлгілеуді түсіндіреді. Жаратылыстану тарихы. Тіршіліктің пайда болуы және эволюциясы. Жаратылыстанудың ғылыми негіздері. Кіріккен курстың мазмұны (физика, химия, биология, география, астрономия). Әлемнің ғылыми жаратылыс сипатындағы эволюциялық ұғымдар туралы ақпарат береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәнде балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу жолдары мен тәсілдері сипатталады. Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жалпы гидрология
    Несиелер: 5

    Бұл пән білім алушыларға судың табиғатта, жалпы тіршілік әлемінде атқаратын рөлі. Жер бетінде кездесетін гидрологиялық процестердің жалпы заңдылықтары туралы түсінік береді. Табиғат суларының (жауын-шашын, атмосфералық ылғал, мұздықтар, өзендер, көлдер, жер асты сулары, батпақтар, мұхиттар мен теңіздер) географиялық қабықта алатын орнымен маңызын көрсетеді. Түрлі су көздерінің негізгі географиялық және гидрологиялық ерекшеліктерімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Биогеография
    Несиелер: 4

    Пәнде биогеографияның ғылым ретінде қалыптасуы алғышарттары, сондай-ақ Жер бетіндегі тіршілік иелерінің таралу заңдылықтарын зерттеумен шұғылдануы қарастырылған. Ғылымдар жүйесіндегі биогеографияның ролі мен көлемі, алар орны, биогеографияның негізгі ережелері мен ұстанымдары, биогеографияның ғылым ретінде қалыптасуындағы ғалымдардың үлес салмағы пәнде қарастырылады. Биогеография тек қана жалпы органикалық бірлестіктердің таралуын ғана зерттеп қоймай, сонымен бірге бірлестіктердің компоненттерін зерттейді және оларға сипаттама береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Геодезия
    Несиелер: 5

    Бұл пәнді оқу барысында студенттер геодезиялық аспаптармен жұмыс істей білуге машықтанады, далалық геодезиялық жұмыстарды атқару әдістерін игереді, істелген жұмыс нәтижелерін өңдеу, есептеу және графикалық сызбаларын құрастыруды меңгереді. Топографиялық карталармен және пландармен жұмыс істеу, бұрыштарды, арақашықтықтарды, биікайырымдарды өлшеу қарастырылған, сонымен қатар топографиялық түсірістің планын, нивелирлеудің профилін құру, геологиялық барлау барысындағы және өнеркәсіп алаңдарындағы инженерлік-геодезиялық есептерді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Геоэкология және табиғатты қорғау
    Несиелер: 5

    Білім алушыларға геоэкология және табиғатты қорғау пәнінің мақсаты мен міндеттерін, Экологиялық факторлар және олардың геожүйеге әсері мен Қазақстанның жеке аймақтарының экологиялық проблемалары. Табиғат қорғаудың қазіргі кезеңдегі міндеттерін меңгертеді. Табиғи және антропогендік геожүйе шекарасындағы қоршаған ортаның, кеңістіктегі географиялық жағдайын зерттеп білу арқылы ондағы қолайлы экологиялық ахуалды сақтау немесе қайта қалпына келтіру жөнінде сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Геоэкономика және геоурбанистика
    Несиелер: 5

    Бұл пән студенттерге геоэкономика және геоурбанистиканың жалпы принциптерін, негізгі бағыттары мен құралдарын мемлекеттік ғылым ретінде терең зерттеуге арналған әлемдік кеңістіктегі бизнес жүйесінің қызметін үйлестіру шарттарына қол жеткізуге бағытталған даму стратегияларымен таныстырады. Пәннің құрылымы мен мазмұны оқу процесінің негізгі нәтижелері ретінде білім алушылардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік тәсілінің талаптарымен айқындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан табиғатының зерттелуі
    Несиелер: 5

    Бұл пән географ-студенттерге Қазақстан табиғатын зерттеудің тарихы мен географиялық идеялардың туу, қалыптасу жолын кеңірек түсіндіруді көздейді. Бұл курсты тыңдау негізінде студенттер дүниежүзілік географиядағы республикамыз жайлы алғашқы ұғымдар туралы, орыс мемлекетімен қарым-қатынастардың ұлғаюы негізінде туған жаңа зерттеулер жақында жайлы, осында жүргізілген физикалық-географиялық кешенді алғашқы экспедициялар жөнінде мəлімет алатын болады. Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы қазіргі кездегі географиялық зерттеулерге назар аударады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Рекреациялық география
    Несиелер: 5

    Қазіргі жағдайда рекреациялық мәселелерді пәнаралық зерттеу ғылыми білімнің интеграциясын тенденциядан заңдылыққа айналдыру ғылыми танымның нақты объектісін анықтау және оның негізінде жаңа географиялық пәннің - рекреациялық географияның пәндік мәнін қалыптастыру процесін жеделдетті. Рекреациялық қызметті ұйымдастыру кешенді сипатқа ие, өйткені кез-келген рекреациялық жүйеде: демалушылар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы, өндіріс саласы, еңбек ресурстары, қоныс аудару жүйелері өзара әрекеттесуін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Географиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 4

    Бұл курсты оқыту далалық кешенді зерттеулер дамуының жалпы заңдылықтарын айқындайтын негізгі пәндер білімін логикалық қорытындылауға бағытталады. Курстың негізгі мақсаты географиялық зерттеулердің, ел, облыс сияқты ірі таксонометриялық рангілердің табиғи жүйелерінің шаруашылықтағы қолданылуы мен кеңістікті дифференциациялық қалыптасуының жалпы планетарлық және аймақтық заңдылықтарын танып білу болып табылады. Табиғи процесстер мен құбылыстартардың өзара байланыстылығын, табиғи кешеннің үздіксіз дамитынын, жалпы көзқарастардың қалыптасуын ұғынуға болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Халықаралық туризм
    Несиелер: 5

    Халықаралық туризм географиясын ғылыми пән ретінде зерттеу оның объектісін, пәнін, мақсаттары мен міндеттерін анықтауды, тұжырымдамалық қамтиды. Рекреациялық география мен туризм географиясы ұғымдарының арақатынасы, олардың соңғы онжылдықтардағы сыртқы туризмнің белсенді өсуі нәтижесінде өзгеруі талданады. Осы кезеңде туризм географиясын дамытуда сұраныс неғұрлым айқын болды. Туризм географиясының басқа ғылымдармен өзара әрекеттесуі туралы түсінік беріліп, оны дамытудың әлемдік және отандық тәжірибесі талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Географиялық білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар
    Несиелер: 5

    Пән студенттерге инновациялық әдіс - тәсілдерді қолдану ерекшеліктері, жаңа технологиялардың білім берудегі қолданылу мүмкіндіктері, оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері, Модульдік оқыту технологиясы туралы ақпарат береді. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ). Қашықтықтан оқыту технологиясы. Деңгейлік оқыту технологиясы. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы. Интербелсенді оқыту технологиясы. Инновациялық технологиялар арқылы білім сапсын дамыту жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Географияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға географияны оқыту әдістемесі пәнінің мақсаттары мен міндеттері және арнаулы түсініктер, заңдылықтар мен құбылыстарды танып-білудің формалары мен әдістемелерін оқытады. Географиялық түсіндірме және терминологиялық сөздіктермен, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу. Жалпы білім беретін мектепте географияны базалық және бейіндік деңгейде оқытудың технологиясы. Оқытудың құралдары мен әдістері. Географиялық оқытудың мектептен тыс формалары. Пәнаралық байланыстар сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстанның физикалық географиясы
    Несиелер: 5

    Студенттер бұл курста Қазақстан аумағы табиғатын зерттеудің тарихы, Қазақстан аумағының негізгі қалыптасу кезеңдері, Жер бедерін қалыптастырушы факторлары туралы білім алады. Жер бедері типтері. Климат және климат құрушы факторлар. Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстан топырақтары. Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Жануарлар дүниесі. Қазақстанның табиғат зоналары. Табиғат ресурстары. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру. Экологиялық проблемалар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ландшафттану
    Несиелер: 4

    Бұл пән студенттер үшін бірден-бір жетекші, фундаментальды курс болып табылады. Материктердің әртүрлі ландшафттарын айқындайтын ландшафт жасаушы факторларды: географиялық бағытын, территориялардың қалыптасу тарихын, геолого- тектоникалық құрылымдарын, рельефтің негізгі түрлерін, пайдалы қазбаларын, климаттық жағдайларын, топырақты өсімдік жамылғысын, ландшафттарын, материк табиғатына антропогендік әсерін, сондай-ақ табиғи ресурстарды қорғау және тиімді қолдану мәселелерін анықтауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ОҚО-ның географиясы
    Несиелер: 4

    Түркістан облысының географиялық орны, жер бедері, табиғат жағдайын танып-білу болып табылады. Түркістан облысының территориясын зерттеп үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен танысады. Түркістан облысының табиғаты мен экономикалық-географиялық жағдайын, пайдалы қазбалары мен халқы, ауыл шаруашылығы туралы түсінік қалып тастырады. Рекреациялық аймақтарымен, қазақ даласындағы ерекше орын алған мәдени мұра туристік - өлкетану объектілерімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қызмет көресту саласының географиясы
    Несиелер: 5

    Пән қызмет көрсету саласы және оның экономиканы аумақтық ұйымдастырумен байланысы туралы білімді қалыптастырады. Сондай-ақ қызмет көрсету саласының әлеуметтік-экономикалық рөлінің ерекшеліктерін анықтау, оның қоғам өміріндегі маңызы, Ұлттық экономика жүйесіндегі орнына назар аударады. Студенттерде географиялық, экономикалық, әлеуметтік, қызмет көрсету саласын дамыту мен орналастырумен байланысты проблемалардың кеңістіктік ерекшеліктерін талдау білімдері мен дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Антропогендік ландшафтану
    Несиелер: 4

    Антропогендік ландшафт – әлеуметтік-экономикалық функцияларды тандау барысында немесе кездейсоқ теріс антропогендік әсерлерінен, адам іс-әрекеттері нәтижесінде қалыптасқан географиялық ландшафт түрлері. Пәнде антропогендік ландшафт жүйесінде мәдени-табиғи ландшафттың рөлі анықталады. Антропологиялық ландшафтылардың типологиялық белгілері бойынша жүйеленеуі мен құрылымы қарастырылады. Пәнде табиғаттың құрылымдық – динамикалық өзгерісін және олардың адам қоғамының іс – әрекеті әсерінен туындайтын кеңістік – уақыттық өзара қатынасты зерттейтін география ғылымының бағыты сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаһандық география
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде көптеген мәселелердің сұрақтарын, климат өзгерістері және тұрақтылық мәселелерін; теңіз деңгейінің көтерілуі; кеңістіктік теңсіздік; гендерлі аспектілер мен экономикалық даму; жер, кеңістік және масштаб; пейзаж және өнер; мәдени мұра; қақтығыс аймақтары; демографиялық мәселелердің өзгерістері; азық-түлік, денсаулық және жер; жыныс және тап; сонымен қатар аймақтар мен өлкелер географиясы саласындағы болашақта ықтимал болатын өзгерістерді қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
    Несиелер: 5

    Қоршаған ортаның өзекті мәселелрі мен тұрақты даму бағыттары қарастырылады. Қоғам мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынастарды шешу барысындағы сыни тұрғыдан ойлау үйретеді. Қоршаған орта туралы ғылым, геология, биология және басқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы дәстүрлі мәтіндерге қосымша ретінде де пайдалана алады. Экологиялық мәселелер мен тұрақтылық туралы білімдерді жетілдіруге бағытталған гуманитарлық ғылым саласына да қажетті құралдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мектептегі өлкетану
    Несиелер: 4

    Мектептегі өлкетану пәні білім алушыларға жергілікті ауылдың, ауданның немесе облыстың табиғатын, тарихын және мәдениетін зерттеуді үйретеді. Мектептегі өлкетану пәні мектеп жағдайында оқушылардың мұғалімнің көмегімен немесе өз бетінше өз өлкесін зерттеумен, өлкесінің табиғат жағдайына деген ғылыми-танымдық қызығушылықтың туындауымен айқындалады. Туған өлкенің тарихын зерттеу, соның нәтижесінде жиналған материалдарды оқу-тәрбие жұмысында жоспарлы, жүйелі түрде пайдалануды іске асырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тұрғындар географиясы
    Несиелер: 5

    Пәнде дүние жүзінің тұрғындар географиясының негізгі бөлімдері: халық санының серпіні; жыныстық-жастық құрамы; халықтың ұдайы өсіп-өнуінің аумақтық ерекшеліктері; көші-қон үдерісі; этностық жəне діни құрамы; халықтың орналасуы мен қоныстанудың географиялық түрлері қарастырылды. Сонымен қатар, негізгі тақырыптар бойынша Қазақстанның халықтар географиясының салыстырмалы мəліметтері берілгеді. Студенттерге – қоғам өміріндегі адамзат факторының рөлін көрсетуге, халық шаруашылығының дамуындағы еңбек ресурстарының маңызын түсінуге көмек береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дүние жүзілік шаруашылық географиясы
    Несиелер: 4

    Дүниежүзілік шаруашылық географиясы жалпы, салалық және аймақтық географиямен бір қатарда экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның құрамдас бөлігі болып табылады. Білім алушылар түрлі деңгейде өзара байланысып, шаруашылықтың кеңістіктегі ұйымдастырылуын жан-жақты зерттеумен айналысады. Дүниежүзілік шаруашылық географиясы өзінің арнайы мақсаттары, міндеттері, кеңістіктегі объектілерді зерттеудің әдістері, құрылымы жағынан географияның тағы басқа бағыттарын оқып меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дүниежүзінің табиғат ресурстары географиясы
    Несиелер: 4

    Пән білім алушыларға дүниежүзінің табиғат ресурстарының географиясына кіріспе; мақсаты, міндеті, география ғылымындағы орнын жан-жақты үйретеді. Сондай-ақ қоғаммен қоршаған орта арасындағы өзара байланыстары, ғаламдық проблемалар. Табиғат жағдайы және ресурстар, табиғат ресурстарының жіктелуі. Табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау. Табиғат ресурстарының таралуындағы өзара байланыстар және қоғамның өндіруші күштері. Табиғи географиялық ортаны игеру түрлерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде білім алушылар дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Мемлекеттік құрылыс: басқару формалары және әкімшілік бөлінісі. Дүние жүзі елдерінің алуан түрлілігі. Саяси география және геосаясат. Халықаралық ұйымдар және ҚР. Дүние жүзінің табиғи ресурстары. Дүние жүзінің халқы. ҒТР және дүниежүзілік шаруашылық. Дүниежүзілік шаруашылық географиясы және халықаралық экономикалық қатынастар. Жаһандану және қоғамдық география сияқты ұғымдармен танысып меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ОҚО-ның экономикалық, әлеуметтік географиясы
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде білім алушылар Түркістан облысының географиялық жағдайымен, табиғатымен, халқымен жақыннан танысады, біледі, зерделейді. Пәнде Түркістан облысын экономикалық аудандастыру, сол аудандардағы экономикалық көрсеткіштер мен даму қарқындылығын өзіне біріктірген. Сондай-ақ Әкімшілік-аумақтық бөлінуі, табиғи ресурстық әлеуеті, халқы мен ұлттық құрамы, Оңтүстік Қазақстанның шаруашылық ауданын қарастырады. Рекреациялық аймақтарымен, қазақ даласындағы ерекше орын алған мәдени мұра туристік - өлкетану объектілерімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON3

    оқушыларды сыни ойлауға, проблеманы шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын және құрылымын айқындай біледі;

  • Код ON4

    пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана алады;

  • Код ON5

    пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі;

  • Код ON8

    ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі;

  • Код ON7

    командада, тұлғааралық қарым-қатынаста, тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілік көрсете біледі;

  • Код ON12

    география пәндерінің мазмұнын жетік біледі, жіктейді, жүйелейді, талдайды, жаңартылған бағдарлама бойынша оқыта алады және оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қалыптастыра алады;

  • Код ON6

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру мен өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға дағдыларын қалыптастыра алады;

  • Код ON1

    пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша білімін және интеграциялауды көрсете алады;

  • Код ON9

    кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдай алады;

  • Код ON2

    географияны оқытудың озық әдістемелік тәсілдерін меңгереді және білімін теория мен практикада қолдана алады;

  • Код ON10

    географиялық процестерді, құбылыстарды талдайды және академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынуда қолдана алады;

  • Код ON11

    географиялық маңызды деректерді жинақтайды және оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық пен практикалық білімді қолдана алады;

Top