Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01509 География-Тарих мұғалімдерін даярлау в "Сырдария" университеті

  • Жалпы геология
    Несиелер: 4

    Пәнде жалпы геология табиғи пəндер білімінің күрделі сұрақтарын қарастырады: жердің құрлықтар мен мұхиттардың пайда болуын,тау мен жазықтықтардың, минералдар мен тау жыныстарының жəне əртүрлі пайдалы кен қазбаларының қалыптасуын, сонымен қатар жер кескінің өзгертетін үрдістердің өте ұзақтығын қарастырады. Жер шарының ішіндегі (эндогенді) жəне оның бетіндегі (энзогенді) үрдістерді қарастырған кезде, жердің дамуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақстанның ежелгі тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі Қазақстан тұрғындарының тұрпатын, тұрмыс тіршілігін, әлеуметтік топтарын, тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінуі, археологиялық ең көне ескерткіштерін, сақ сармат тайпаларының тарих саханасына шығуын және ежелгі Үйсін, Қаңлы, Ғұн мемлекеттік бірлестіктерінің құрылуын, олардың саяси тарихын, қоғамдық құрылысын, шаруашылығын, тұрмыс-тіршілігін, еңбек құралдарын, діни наным-сенімдерін және мәдениеті мен өнерін сипаттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы жертану
    Несиелер: 5

    Жалпы жертану барлық физикалық географиялық жəне жаратылыстану ғылымдарының дамуына негіз болып табылады. Географиялық бағыттағы білім алушыларға жалпы ғаламдық географиялық қабықтың құрылысын, оның уақыт пен кеңістіктегі даму заңдылықтарын, олардың өзара байланысын кеңінен таныстырып, қазіргі жағдайы жəне болашақта болатын өзгерістері туралы мағлұматтар береді. Жалпы заңдылықтарға бағынған географиялық қабық құрамдас бөліктері жəне биосферадағы тірі заттардың өзара байланысы мен бір-біріне бағынышты əрекеттерін оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Биогеография
    Несиелер: 4

    Пәнде биогеографияның ғылым ретінде қалыптасуы алғышарттары, сондай-ақ Жер бетіндегі тіршілік иелерінің таралу заңдылықтарын зерттеумен шұғылдануы қарастырылған. Ғылымдар жүйесіндегі биогеографияның ролі мен көлемі, алар орны, биогеографияның негізгі ережелері мен ұстанымдары, биогеографияның ғылым ретінде қалыптасуындағы ғалымдардың үлес салмағы пәнде қарастырылады. Биогеография тек қана жалпы органикалық бірлестіктердің таралуын ғана зерттеп қоймай, сонымен бірге бірлестіктердің компоненттерін зерттейді және оларға сипаттама береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жаратылыстану
    Несиелер: 4

    Жаратылыстану ғылыми білімнің пән аралық саласы ретінде білім алушыларға қажетті пән. Ол ғылыми таным әдістерінің жіктемесін, байқау, эксперимент, өлшеу, абстракциялау, идеалдандыру, формализация, талдау және синтез, баламалау және үлгілеуді түсіндіреді. Жаратылыстану тарихы. Тіршіліктің пайда болуы және эволюциясы. Жаратылыстанудың ғылыми негіздері. Кіріккен курстың мазмұны (физика, химия, биология, география, астрономия). Әлемнің ғылыми жаратылыс сипатындағы эволюциялық ұғымдар туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ежелгі дүниежүзі тарихы
    Несиелер: 5

    Азияда, Солтүстік Африка мен Еуропада өмір сүрген ежелгі өркениеттер дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтары туралы идеялар, сондай-ақ Ежелгі Шығыс және Ежелгі Греция мен Рим, Вавилонның экономикалық құрылысы және осы өркениеттердің адамзат тарихындағы рөлі, олардың мәдени және тарихи ерекшелігі, тарихи өткенге саналы құндылық қатынасы, ежелгі тарихты қазіргі зерттеу саласында бар маңызды тарихи мәселелер туралы идеяларды қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Географиялық және тарихи зерттеу, жобалау әдістері
    Несиелер: 5

    Пәнде географиялық зерттеулер мен тарихи зерттеулердің өзара байланысы негізінде, тарихты географияның «шеңберінде» зерттеу, белгілі бір тарихи кезеңдердегі географиялық зерттеулер мен тарихи зерттеулердің, жобалау әдістерінің әдіснамалық негіздерін қарастырады. Курстың негізгі мақсаты географиялық зерттеулердің, ел, облыс сияқты ірі таксонометриялық рангілердің табиғи жүйелерінің шаруашылықтағы қолданылуы мен кеңістікті дифференциациялық қалыптасуының жалпы планетарлық және аймақтық заңдылықтары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Картография және топография
    Несиелер: 6

    Пәнде компьютерлендіру саласындағы жаңа заманауи жетістіктерді ескере отырып картографияға ғылым ретінде сипаттама жасалған. Карталардың модель іспеттес мәні мен қасиеттері, карталардың математикалық негіздеріне, картада суреттеудің тәсілдері, карталар мен атластардың жүйеленуі қарастырылған. Сонымен қатар пәнде әлемді географиялық танудың негізгі құралы ретінде зерттеудің картографиялық әдісіне ерекше көңіл бөлінген. Географиялық карталар мен топографиялық карталардың сипаттамасын жасауды үйретеді, Масштаб атаулары мен құрылымын толыққанды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
    Несиелер: 5

    Мұхиттар мен материктерді физикалық-географиялық аудандастырудың принциптері. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхиттарға аймақтық-географиялық сипаттама беру. Табиғат ресурстары. Геоэкологиялық проблемалары. Солтүстік және Оңтүстік материктеріне аймақтық-географиялық сипаттама беру. Табиғатының даму кезеңдері. Жер бедері. Климаты. Сулары. Тіршілік дүниесі. Табиғат ресурстары. Материктердің ірі табиғат аймақтарына жіктелуі сияқты білім алушылардың географиялық білімін тереңдететін тақырыптар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Рухани жаңғыру және мәңгілік ел құндылықтары
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасы ұлттық идеясының және тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің мәртебесіне лайық рухани құндылықтар жүйесінің мәнін қолданады, рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтереді, қазақ халқының тарихын және оларға құрметпен қарау туралы танымдық деңгейін сипаттайды, бірлесіп өмір сүріп жатқан барша халықтар мен ұлыстардың тіліне, тарихына, дәстүріне, ұлттық мәдениетіне деген құрметті дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы
    Несиелер: 5

    Пәнде онтогенездегі физиологиялық және психикалық процестердің негізгі заңдылықтары. Дене мүшелері мен жүйелерінің дамуының жасына байланысты анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, олардың жеке даму сатыларындағы реттеу механизмдері. Балалар мен жасөспірімдердің психикалық дамуының жас ерекшеліктері. Оқушылардың психикалық белсенділігі мен мінез-құлқының физиологиялық негіздері. Жыныстық жетілудің психофизиологиялық ерекшеліктері. Оқушылардың салауатты өмір салтын, денсаулық мәдениетін қалыптастыру негіздері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерлік: түсінігі, мәні, негізгі түрлері және ұйымдастырушылық формалары. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі Бизнес-жоспарлау және кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметте кадрлық қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Коммерциялық құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ түркілерінің этникалық тарихы
    Несиелер: 5

    Курста қазақ халқының «халық» ретінде қалыптасуына негіз болған рулар мен тайпалардың тарихын сонау қола дәуірінен бастап қазақ халқының өз алдына егеменді ел болып қалыптасқан кезеңіне дейінгі аралықтағы этнос ретіндегі қалыптасу тарихы қарастырылған. Сонымен қатар қазақ халқының этнос ретінде қалыптасуына алғышарт болған үдерістер мен тарихи оқиғалар, қазақ түркілерінің этникалық тарихы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    "Экология негіздері". Экожүйе тұжырымдамасы. Адам және биосфера. Ластанудың негізгі түрлері. Қорғау атмосфераның, гидросфераның және литосфераның. Әлеуметтік-табиғи экожүйе экологиялық бақылау объектісі ретінде. Экологиялық қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі, биосфераның ластану көздері мен деңгейлері, мониторинг негіздері, экологиядағы математикалық модельдер, экологиялық менеджмент және экологиялық құқық. Еңбек қауіпсіздігі. Төтенше жағдайлардың мониторингі мен болжау және жою шараларын әзірлеу ұғымдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақстан аумағындағы түрік және батыс түрік қағанаттарының, қарлұқ, оғыз, қыпшақ, қарахан мемлекеттерінің құрылуы және феодалдық қатынастардың дамуы, сол кезеңдегі саяси- әлеуметтік жағдай, шиеленістер, шаруашылық түрлері, өнер, қала мәдениеті және сауда байланыстары туралы білім қалыптастырады. Моңғол дәуіріндегі мемлекеттер, қазақ хандығының қалыптасуы, Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы, оның экономиясы мен мәдениеті оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәнде педагогика ғылымының негізінде анықтала отырып, педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері, категориялары, құрылымы, әдіснамалық негіздері, негізгі даму кезеңдері, педагогикалық процестің түсініктері, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері және қолданылатын құралдары қарастырылады. Педагогика ғылымының өзекті мәселелері, ҚР қазіргі заманауи тәрбие тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Қазақстандық құқық негіздері, ҚР Білім беру саласындағы заңнамалық актілері. "Сыбайлас жемқорлық" ұғымының тарихи дамуы. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеясы. Нақты ұйымдағы, органдағы, құрылымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық негіздерінің түрлері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі және құрылымы. Сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әл-Фараби мен Абайдың психологиялық көзқарастары
    Несиелер: 5

    Әл-Фараби мен Абайды танудың алғашқы кезеңінде Әл-Фараби мен Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамту, Әл-Фараби мен Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–1960 ж.ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социолистік идеяның, дүниетанымның үстемдік етуі, Әл-Фараби мен Абайдың мұрасының 1960-2000 ж.ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері насихаттық тұрғыда қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Орта ғасырдағы шығыс елдерінің тарихы
    Несиелер: 3

    Орта ғасырдағы Азия, Африка елдері тарихының түп-деректері, тарихнамасы. Шығыс феодализмінің ерекшеліктері. Ирандағы Сасанидтер мемлекеті. ІІІ-ХІғғ. Үш патшалық кезеңі, Суй, Тан империялары кезеңіндегі Қытай. Жапониядағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы, Арабияның бірігуі, Исламның пайда болуы, Омеядтар және Аббасидтер халифаты, Дели сұлтандығы, Осман империясының құрылуы, оның сыртқы саясаты. Кейінгі Орта ғасырлардағы Иран, Сефевиттер мемлекеті сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстанның физикалық географиясы
    Несиелер: 4

    Студенттер бұл курста Қазақстан аумағы табиғатын зерттеудің тарихы, Қазақстан аумағының негізгі қалыптасу кезеңдері, Жер бедерін қалыптастырушы факторлары туралы білім алады. Жер бедері типтері. Климат және климат құрушы факторлар. Қазақстанның ішкі сулары. Қазақстан топырақтары. Қазақстанның өсімдік жамылғысы. Жануарлар дүниесі. Қазақстанның табиғат зоналары. Табиғат ресурстары. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру. Экологиялық проблемалар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қытай мен Түркі халықтары мәдени байланыстарының тарихы
    Несиелер: 3

    VII-XII ғасырлардағы Қытай мен Орталық Азияның халықаралық жағдайы жəне мəдени байланыстарының даму сипаты. VII-XII ғасырлардағы Қытай мен Орталық Азияның мəдени байланыстарының пайда болуы. Қытай мен түркі халықтары рухани мəдениетінің өзара ықпалы. Қытай мен түркі халықтардың тіл мəдениетінің өзара əсері мен байытылуы. Ұлы Жібек жолы жəне Қытай мен түркі халықтары материалдық мəдениетінің өзара байытылуы сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Орта ғасырлардағы Византия тарихы
    Несиелер: 3

    Пәнде Орта ғасырлардағы Византияның тарихы, егіншілігі мен шаруашылығы мәдени мұралары, әдебиеті, философиясы, өнері, тарихи кезеңдері, өзіндік құрылуы. Ортағасырлық Византия кезеңдерін дамыту. Қоғамдық-саяси құрылым. Византияның мемлекеттік құрылымы. Шіркеу ережесі мен рөлі. Византияның орталық және жергілікті басқаруы. Крестшілер жорығы. Араб халифатының қалыптасуы мен дамуы. Византия императорлары. Ғылым мен білімнің дамуы. Кескіндеме және сәулет өнері сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Орта ғасырлар тарихы (Батыс)
    Несиелер: 3

    Батыс Еуропадағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және этникалық өзгерістер. Рим империясының құлдырауы. Антика және орта ғасырлар тоғысындағы Еуропа. Б.з.д. ІVғ. дейін ежелгі Германдықтардың қоғамдық құрылысы. Еуропада ұлы қоныс аудару кезеңіндегі ғұндар. Франк державасындағы феодализмнің дамуы ІV-ХІІ ғғ. Византия. Ерте орта ғасырлардың аяғындағы Батыс Еуропа. Орта ғасырлық қалалардың пайда болуы мен дамуы. Ұлы жағрафиялық ашылулар және колониялық жүйенің қалыптасуы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Елтану
    Несиелер: 5

    Пән елдерді кешенді түрде зерттейтін, олардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті мен әлеуметтік ұйымдасуы туралы әртүрлі мәліметтерді жүйелейтін географиялық пән болып табылады. Елтануда жекелеген аймақтар, елдер және олардың бөліктері табиғаты, біртұтас аумақтық күрделі жүйе ретінде қарастырылады. Олар жеке экономикалық аймақтарға бөлініп олардың ерекшелігі және түрлі халық шаруашылығы, қызмет көрсету салалары бойынша ұйымдарға кіруі оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстан табиғатын зерттеу тарихы
    Несиелер: 4

    Бұл пән географ-студенттерге Қазақстан табиғатын зерттеудің тарихы мен географиялық идеялардың туу, қалыптасу жолын кеңірек түсіндіруді көздейді. Бұл курсты тыңдау негізінде студенттер дүниежүзілік географиядағы республикамыз жайлы алғашқы ұғымдар туралы, орыс мемлекетімен қарым-қатынастардың ұлғаюы негізінде туған жаңа зерттеулер жақында жайлы, осында жүргізілген физикалық-географиялық кешенді алғашқы экспедициялар жөнінде мəлімет алатын болады. Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы қазіргі кездегі географиялық зерттеулер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәнде балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу жолдары мен тәсілдері сипатталады. Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыруы жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы
    Несиелер: 4

    Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар: тарихнамасы, методологиясы және кезеңдері. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.Қазақстандағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс. Алаш қозғалысы және оның тағдыры. Кеңес өкіметінің отарлау саясаты. 1940-1985 жж. Қазақстан. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі және оның тарихы маңызы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы
    Несиелер: 4

    Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі болып, пәнде Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы, жаңа дәуірдегі Еуропа мен Американың қоғамдық құрылысы мен Еуропа мен Америка елдерінің саяси картасын, аталған елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өндіргіш күштер дәрежесі және мәдениетін, бір бірімен қарым-қатынасын, Шығыс елдерін отарлау тарихын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ресей империясының аграрлық отарлау жүйесіндегі Дала өлкесі (XIX ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басы)
    Несиелер: 4

    Бұл пәнде Қазақстандағы аграрлық саясаттың тарихнамасы XIX ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында. 1868 ж."Жетісудағы шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша ережелер". Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы. 1889 ж. "ауыл тұрғындары мен буржуазияның қазыналық жерлерге ерікті түрде қоныс аударуы туралы" ереже. Қазақ зиялылары және қазақ даласындағы аграрлық дағдарыс. Ресейдің отарлау саясатының салдары, егіншілік практикасының қалыптасуындағы әлеуметтік топтардың рөлі туралы түсініктерді қалыптастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бағалаудың өлшемдік технологиясы
    Несиелер: 5

    Бағалаудың өлшемдік технологияларының теориясын, ғылыми-педагогикалық негіздерін біледі.География сабақтарында оқушылардың білім алу ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың оқу жетістіктеріне диагностика жүргізу.Мектепте гуманитарлық және жаратылыстану бейіндегі пәндерді оқытуда критериалды бағалау технологиясы бойынша білім беру.Курсты меңгеру нәтижесінде бағалаудың өлшемдік технологияларын пайдалану негізінде сабақты ұйымдастыру. Бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері және құралдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тарихты оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні мамандық студенттерін – болашақ тарих пәні мұғалімдерін еліміздің жалпы орта мектептеріндегі тарих пәнін оқытудың теориясымен және әдістемесімен қаруландыру, тарих пәнін оқытудың түрлі әдіс-тәсілдері мен жолдарын оқытып меңгертетін педагогикалық пән болып табылады. Бұл пән студенттерді тарихты оқыту әдістемесінің дамуы мен қалыптасуы, сондай-ақ тарих пәні мұғаліміне қойылатын бүгінгі талаптарды оқытып үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қосалқы тарихи пәндер
    Несиелер: 5

    Курсқа қосымша тарихи пәндер енгізу. Палеография көмекші тарихи пән ретінде. Тарихи хронология. Тарихи метрология. Генеалогия көмекші тарихи пән ретінде. Нумизматика көмекші тарихи пән ретінде. Геральдика көмекші тарихи пән ретінде. Ономастика көмекші тарихи пән ретінде. Қазақстан территориясындағы этнографиялық ескерткіштер. Фалеристика. Марапаттаудағы әскери оқиғалар және саяси бейнелер. Егемен Қазақстанның марапаттау жүйесі сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
    Несиелер: 4

    XVIII ғ. басындағы Қазақстанның сыртқы, ішкі саяси жағдайы, Ресей империясының отаршылдық саясатының мақсаттары, әдістері, XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстанда жүргізілген патшалық реформалардың салдарлары, отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар, ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы саяси өмірдің жандануы, өлкедегі саяси бас көтерулер қарастырылады. XIХғ.-ХХғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті, экономикасы, қазақ жерінің жалпыресейлік экономикаға тартылуы сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мұрағаттану және мұражайтану негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнде мұрағаттар және мұражайдың пайда болуы және оның қалыптасуының негізгі кезеңдері, түрлері, дүние жүзіндегі ірі мұражайлар мен олардың тарихы, Қазақстандағы мұражай ісінің тарихы мен олардың қазіргі жағдайы, атқаратын қызметінің өзіндік ерекшеліктері, терминдері және олардың мазмұны, мұражай ісін ұйымдастырудың, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің әдістері мен әдістемелері, музей ісінің басқа салалармен байланысы, құқықтық жай-жапсарлары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Архивтану негіздері
    Несиелер: 5

    " Архивтену негіздері " пәні тарихшының теориялық және практикалық ғылыми-зерттеу қызметінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру үшін базалық болып табылады. Сонымен қатар пән - сыни талдау және синтездеу, қазіргі ғылыми жетістіктерді бағалау қабілеті; қазіргі заманғы зерттеу әдістерін пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу қызметін өз бетінше жүзеге асыру; гуманитарлық білімді пайдалану және жаңарту; ғылыми дискуссия және полемика жүргізу секілді жалпы гуманитарлық ғылыми білімнің маңызды принциптерін қалыптастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тұрғындар географиясы және әлеуметтік география негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнде дүние жүзінің тұрғындар географиясының негізгі бөлімдері: халық санының серпіні; жыныстық-жастық құрамы; халықтың ұдайы өсіп-өнуінің аумақтық ерекшеліктері; көші-қон үдерісі; этностық жəне діни құрамы; халықтың орналасуы мен қоныстанудың географиялық түрлері қарастырылды. Сонымен қатар, негізгі тақырыптар бойынша Қазақстанның халықтар географиясының салыстырмалы мəліметтері берілгеді. Студенттерге – қоғам өміріндегі адамзат факторының рөлін көрсетуге, халық шаруашылығының дамуындағы еңбек ресурстарының маңызы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Архив деректеріндегі Онтүстік Қазақстан өңірінің тарихы
    Несиелер: 5

    Қазақстан архивтеріндегі Оңтүстік Қазақстан өңірінің тарихы туралы деректермен таныстырылып сипатталады. Түркістан облысы және Шымкент қаласының архивіндегі құжаттарға сипаттама береді, сонымен қоса мұрағат қорындағы «Шымкент облысындағы- Кеңес Одағының батырлары», «Шымкент облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Боздақтар»-«Книга памяти» және «Саяси құғын-сүргіндер: шындық пен қауесет» құжаттар жинақтарының дереккөз ретіндегі мәні жайлы түсіндіріліп қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы
    Несиелер: 4

    Жаңа тарих дүние жүзі тарихының белгілі бір кезеңі ретінде Батыс пен Азия және Африка елдері үшін ортақ кезең болып табылады. Осыған байланысты курста жаңа заман тарихы мерзімдік ауқымы мен кезеңденуі, Азия және Африка мемлекеттерінің отар елдерге айналуы және де Шығыс елдерінің индустриаландыруға дейінгі өркениеттен дамудың жаңа кезеңіне өтуі жайлы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Геоэкология және табиғатты қорғау
    Несиелер: 5

    Білім алушыларға геоэкология және табиғатты қорғау пәнінің мақсаты мен міндеттерін, Экологиялық факторлар және олардың геожүйеге әсері мен Қазақстанның жеке аймақтарының экологиялық проблемалары. Табиғат қорғаудың қазіргі кезеңдегі міндеттерін меңгертеді. Табиғи және антропогендік геожүйе шекарасындағы қоршаған ортаның, кеңістіктегі географиялық жағдайын зерттеп білу арқылы ондағы қолайлы экологиялық ахуалды сақтау немесе қайта қалпына келтіру жөнінде сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тарихи өлкетану негіздері
    Несиелер: 5

    Тарихи және мәдени ескерткіштер. Өлкетану деректері. Этнография және даму процесі. Этнография мәселелері. Этнографиялық зерттеу жүргізудегі өзекті мәселелері. Топонимика және оның маңызды аймақтары. Архитектуралық деректер. Алғашқы тұрақтар. Ежеггі архитектура. Антикалықархетиктура және орта ғасыр. Қазіргі кезеңдегі архетиктуралық құрылыстар. Қолөнер, Әшекей өнері. Жазба деректер тарихы. Ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер. Тарихи өлкетанудағы демографиялық бағыттары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын териториялар
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде білім алушыларға табиғатты ұтымды пайдаланудың ең тиімді жолдарын табуға үйрету және қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асырудың экономикалық тиімділігін анықтау және қоршаған ортаның ластануынан халық шаруашылығына келген экономикалық зиянды бағалау жүйесі қарастырылады. Қазақстан Республикасы индустриалды-аграрлы мемлекет қатарына жатады және ауыл шаруашылығы саласында табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтаудың өзектілігі сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе
    Несиелер: 5

    Саяси географияның негізгі зерттеу нысандары мен категориялары. Геосаясат және аймақтық саясат. Саяси географиядағы геосаяси тұжырымдамалар. Халықаралық экономикалық және саяси ұйымдар мен одақтар туралы негізгі мәліметтер. Дүние жүзі халқының динамикасы мен қоныстануы. Демографиялық жағдай мен этнография. Дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи ресурстары. Қоғамдық және дүниежүзілік еңбек бөлінісі. Сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі үлгілеріне қысқаша шолу қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Географияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларға географияны оқыту әдістемесі пәнінің мақсаттары мен міндеттері және арнаулы түсініктер, заңдылықтар мен құбылыстарды танып-білудің формалары мен әдістемелерін оқытады. Географиялық түсіндірме және терминологиялық сөздіктермен, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу. Жалпы білім беретін мектепте географияны базалық және бейіндік деңгейде оқытудың технологиясы. Оқытудың құралдары мен әдістері. Географиялық оқытудың мектептен тыс формалары. Пәнаралық байланыстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қытайдың жаңа дәуір тарихы
    Несиелер: 4

    Пәнде XVII ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі аралықтағы Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы. Осы аталған ғасырлар шеңберіндегі Қытайдың ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттары қамтылған. Сонымен қатар пән бойынша Қытайда Цин билігінің орнауы, Цин билігі тұсындағы елдің сыртқы отарлау саясатына қарсы күрес шаралары (апиын соғыстары), Қытайдың жартылай отар елге айналуы, ХХ ғасырдың басындағы Қытайдағы саяси өзгерістер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
    Несиелер: 4

    Студенттерге республиканың экономикалық жəне əлеуметтік географиясынан, яғни оның табиғат байлықтарын шаруашылық салаларының орналасу ерекшелігі жəне олардың даму жолы, экономикалық аудандардың даму ерекшеліктері, басқа елдермен экономикалық байланысы жайлы терең жəне жүйелі білім береді. Сондай-ақ ҚР экономикалық-геосаяси жағдайы. Әлемдегі Қазақстан Республикасының рөлі мен орны. Әкімшілік-аумақтық бөлінуі, табиғи ресурстық әлеуеті. Халқы мен ұлттық құрамы, Қазақстанның шаруашылық аудандарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шетел тарихының тарихнамасы
    Несиелер: 4

    Тарихнама жүйелі түрде оқыту ұлттық тарихи ғылымдардың негізгі бағыттары мен мектептерімен танысуға мүмкіндік береді. Ежелгі шығыс тарихнамасы, Антика тарихнамасы және Грек тарихнамасы. Эллинистік римдік кезең. Орта ғасыр тарихнамасы. Жаңа заман тарихнамасы. Қайта өрлеу дәуірі және реформация кезеңіндегі тарихнама. Еуропаның тарихи мектептері. Қазіргі заман тарихнамасы. ФРГ, Франция, Англия, АҚШ тарихнамасы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Геоэкономика және геоурбанистика
    Несиелер: 4

    Бұл пән студенттерге геоэкономика және геоурбанистиканың жалпы принциптерін, негізгі бағыттары мен құралдарын мемлекеттік ғылым ретінде терең зерттеуге арналған әлемдік кеңістіктегі бизнес жүйесінің қызметін үйлестіру шарттарына қол жеткізуге бағытталған даму стратегияларымен таныстырады. Пәннің құрылымы мен мазмұны оқу процесінің негізгі нәтижелері ретінде білім алушылардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталған құзыреттілік тәсілінің талаптарымен айқындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Географиялық білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялық технологиялары
    Несиелер: 4

    Пән студенттерге инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері, жаңа технологиялардың білім берудегі қолданылу мүмкіндіктері, оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері, Модульдік оқыту технологиясы туралы ақпарат береді. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ). Қашықтықтан оқыту технологиясы. Деңгейлік оқыту технологиясы. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы. Интербелсенді оқыту технологиясы. Инновациялық технологиялар арқылы білім сапсын дамыту жолдары қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 4

    Азия және Африка елдерінің қазіргі заманғы тарихы мен ұлт-азаттық қозғалыстар, шығыс қоғамының Батыстың дамыған мемлекеттері аясындағы трансформациялануы және тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, саяси партиялар қызметінің және діни қозғалыстардың белсенділігі, исламның ішкі және сыртқы саясатқа әсері. Бағдарламаның базалық деңгейі жалпы тарихқа қазіргі қалыптасқан концептуалдық көзқарас тұрғысында кезеңделумен және XX ғасырды қамтуымен сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Германия тарихы
    Несиелер: 4

    Қазіргі әлемдегі Германия келбеті. Германияның федеративті құрылымы. Негізгі саяси паритялар. Отызжылдық соғыс және оның жалпы европалық маңызы. Германияның европалық геосаяси экспансиясының салдары. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия. Екінші дүниежүзілік соғыс. ГФР және ГДР құрылуы. Конрад Аденауэр кезеңі. Германия және Европа. Екі неміс мемлекетінің қарым қатынасының тарихы. Қазіргі әлемдегі Германияның экономикалық-әлеуметтік жағдайы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 4

    Пәнде Бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап ХХІ ғасырдың басына дейінгі аралықтағы Еуропа және Америка елдерінің экономикалық-әлеуметтік және саяси тарихы және әлемдік саяси картадағы өзгерістер, геосаяси үдерістер мен «әлемдік үстемдік» үшін күрестер тарихы да хронологиялық принциптерге сүйене отырып сипатталады. Аталған кезеңдегі халықаралық қатынастардағы «Қырғи-қабақ соғысының» басталуы мен барысы, тарихи нәтижелері (әлемнің екі саяси аренаға бөлініп күресуі) қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Саяси география геосаясат негіздері
    Несиелер: 5

    Студенттің саяси географияның негізгі әдіснамалық және басты әдіс-тәсілдерін үйренуге, дүние жүзінің жекелеген аймақтары мен елдерін зерттеу міндеттері мен мақсатын; статистикалық, экспедициялық материалдарды өңдеуге көмектеседі. Пәнде саяси құбылыстар мен саяси үдерістердің территориялық дифференциациясы, түрлі билік органдарында сайлаудың географиялық ерекшеліктерін қарастырады. Сондай-ақ адамдардың саяси іс-әрекеттері мен географиялық кеңістік арасындағы байланысты, басқарылатын территориялық-саяси жүйелерді, сондай-ақ басқарылмайтын территориялық-саяси жүйелер сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Дүниежүзілінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
    Несиелер: 5

    Бұл пәнде білім алушылар дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Мемлекеттік құрылыс: басқару формалары және әкімшілік бөлінісі. Дүние жүзі елдерінің алуан түрлілігі. Саяси география және геосаясат. Халықаралық ұйымдар және ҚР. Дүние жүзінің табиғи ресурстары. Дүние жүзінің халқы. ҒТР және дүниежүзілік шаруашылық. Дүниежүзілік шаруашылық географиясы және халықаралық экономикалық қатынастар. Жаһандану және қоғамдық география сияқты ұғымдары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON11

    отан және әлем тарихындағы маңызды географиялық-тарихи деректерді жинақтайды және оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық пен практикалық білімді қолдана алады;

  • Код ON3

    оқушыларды сыни ойлауға, проблеманы шығармашылықпен бірлесе шешуге тарту мақсатында пәннің негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын және құрылымын айқындай біледі;

  • Код ON10

    географиялық-тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалап, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынуда қолдана алады;

  • Код ON8

    ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, педагогикалық инновациялық технологияларды оқыту мен тәрбиелеудің мақсат-міндеттеріне, күтілетін нәтижелеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі;

  • Код ON12

    дереккөздерден алынған географиялық-тарихи ақпараттарды сипатты белгілерін жалпы заңдылықтарды анықтайды, жіктейді, жүйелейді, талдайды және оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын қалыптастыра алады;

  • Код ON9

    кәсіптік саладағы проблемалардың шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдай алады;

  • Код ON1

    пәндік және пәнаралық саланың негізгі бөлімдері бойынша білімін және интеграциялауды көрсете алады;

  • Код ON4

    пәнді оқытуда АКТ-ны және цифрлық білім ресурстарын пайдалана алады;

  • Код ON5

    пән бойынша таңдалған мақсатқа сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалауды және диагностикалауды қолдана біледі;

  • Код ON7

    командада, тұлғааралық қарым-қатынаста, тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілік көрсете біледі;

  • Код ON6

    оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыру мен өзінің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында өмір бойы білім алуға дағдыларын қалыптастыра алады;

  • Код ON2

    география-тарихты оқытудың озық әдістемелік тәсілдерін меңгереді және білімін теория мен практикада қолдана алады;

Top