Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01509 География в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтық, экономикалық, кәсіпкерлік, өндірістік, экологиялық ортада, сондай-ақ қаржылық сауаттылық, инклюзия құндылықтары, тұрақты даму және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар құбылыстар мен үдерістерді түсінуге зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерді бағалап, қолдана білу қабілетіне ие болу.
  • ГАЖ технологияларын, географиялық ақпаратты өңдеудің статистикалық, математикалық, картографиялық әдістерін қолдана отырып, жалпы географиялық, далалық зерттеулер жүргізу
  • географиялық пәндер тарауларының жалпы теориялық ережелерін түсіндіру
  • әлеуметтік-экономикалық, физикалық-географиялық және саяси процестердің қазіргі жай-күйіне талдамалық шолу жасау
  • географияны оқыту принциптерін, әдістері мен технологияларын ескере отырып, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды әзірлеу
  • географиялық экспериментін ұйымдастыру, қоюға, талдауға, жалпылау және нәтижелерін бағалауға негіз болатын жер бедерінің пішіндерін анықтау, тау жыныстары мен минералдарды сәйкестендіру үшін топографиялық түсірілімдер, гидрологиялық есептер, метеорологиялық бақылаулар жүргізу дағдыларын меңгеру
  • академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып, зерттеу нәтижелерін әзірлеу және енгізу үшін географиялық зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолдану
  • білім алушылардың физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін, сондай-ақ жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру
  • География пәнінен сабақтарды білім мазмұнын жетілдіру контекстінде оқытудың және білім нәтижелерін бағалаудың инновациялық технологияларын қолдана отырып жоспарлау.
  • экономика кеңістіктік құрылымдарының қалыптасу заңдылықтарын, қоршаған орта мен халықтың өзара әрекетін талдау және бағалау
Top