Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01701 Қазақ тілі және әдебиет педагогтарын даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты: «8D01701- Қазақ тілі мен әдебиет педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша докторанттардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды сақтай отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің жоғары сапасына қол жеткізу; жоғары деңгейдегі кәсіби мәдениетті, қазіргі ғылыми мәселерді құрауға және оны шешуге қабілетті; ЖОО-да қызмет ете алатын, филология мамандығы қызметі мен түрлі бағыттағы білім беру орындарында жұмыс жасай алатын; лингвистика мен әдебиеттанудың соңғы жетістіктеріне шығармашылық көзқарас таныта алатын, ғылыми-зерттеу еңбектерге талдау жасап, оларды бағалай отырып, зерттеушілік қабілетін таныта алатын, филологиялық зерттеулердің әдістері мен амалдарын жан-жақты меңгерген кәсіби мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D017 Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
  • Әдебиеттегі Алаш идеясы
    Несиелер: 4

    Әдебиеттегі Алаш идеясының тууы мен қалыптасуы. ХХ ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық тұжырымдамалар. Халық ақындар шығармашылығының дамуы. Алаш әдебиеті және әдебиеттің даму бағыттары. Қазақтың дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындардың шығармашылығы. Ұлттық әдебиет және біртұтас Алаш идеясы. Әдебиеттегі Алаш идеясы. Ұлттық саяси күрестің әдебиеттегі көрінісі мен жаңа ағртушылықтағы бастамашыл істер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық хат
    Несиелер: 2

    Академиялық жазудың негізгі жанрлары. Ғылыми мәліметтер базасы, электронды каталогтар. Библиографиялық сипаттама. Басылған немесе қолмен жазылған жұмыс мазмұнының қысқаша сипаттамасы ретінде аңдатпа. Аңдатпаның құрылымы. Рецензия. Рецензия түрлері және құрылымы. Аналитикалық шолу. Ғылыми қатынас. Редакциялық қайта қарау. Ғылыми басылымдағы редакциялаудың ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Метафоралы аталымдардың теориялық негіздері

    Аталым, уәждеме, когнитивтік теориялар, ғылыми тұжырымдар. Тіл біліміндегі аталым теориясының негізгі принципі. Уәждеме, метафоралы аталымдардың сөзжасамдық семантикасы, қазақ тіліндегі аталымдардың уәждену мәселесі. Атау концептісінің өзара байланысы. Концептосфера туралы түсінік. Метафоралы аталым мен аталымдар концептісі және оның репрезентациялық формасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Корпустық лингвистиканың теориясы мен практикасы
    Несиелер: 4

    Корпустық лингвистика. Корпустық лингвистиканың мақсат міндеттері, зерттеу нысаны. Корпустық лингвистика тарихы. Қазақ тіліндегі статистикалық зерттеулерге шолу. Іргелі және қолданбалы зерттеулер. Қолданбалы лингвистикадағы лексикографиялық зерттеулер. Корпустық лингвистиканың негізгі ұғымдары. Тілдегі ұлттық корпустар. Тілдік корпустардағы мәтіндер. Корпус түрлері, классификациясы. Корпустар жасаудағы белгіленім мәселесі. Метабелгіленімдер. Интернет сайттарындағы метабелгіленімдер. Корпус құруды жобалау, технологиялық процестер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Синтаксистік жүйедегі сілтеу құралдары
    Несиелер: 4

    Синтаксистік жүйе, оның негізгі аспектілері. Сілтеу құралдарының зерттелуін зерделеу. Синтаксистік жүйедегі сілтеу құралдарының негізгі топтары. Жақ ұғымы және жіктеу есімдіктері. Эгоцентристік қызметтегі сілтеу құралдары. Дейксистік қызметтегі сілтеу құралдары. Анафоралық қызметтегі сілтеу құралдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетіндегі ұлттық идея
    Несиелер: 4

    Қазақ әдебиетіндегі ұлттық идеяның генезисі. Түркілік дәуірдегі «Мәңгілік ел» идеясы. Хандық дәуір әдебиетіндегі «Азаттық идеясы». ХХ ғасырдың басындағы «Біртұтас Алаш идеясы». Әдебиеттегі «Тәуелсіздік идеясы». Ғасырлар бойы ел жадында жаңғырып отырған идеялардың негізінде қалыптасқан ұлттық идеяның сипаты. Әр тарихи кезеңдегі идеялардың сабақтастығы туралы ғылыми тұжырымдар. Ұлттық идея және қазіргі Қазақстан.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ шешендік сөздерінің поэтикасы
    Несиелер: 4

    Шешендік өнер тарихы туралы түсінік. Риторика, поэтика жайлы дүниежүзі ғалымдарының тұжырымдары. Шешеннің шығармашылық тұлғасы туралы ғылыми тұжырымдар жүйесі. Қазақ шешендерінің табиғаты мен таланты. Шешендік сөздердің мазмұндық-пішіндік тұтастығы. Шешен таланты және стиль. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты. Шешендік теңеулердегі көркемдік стиль. Шешендік өнер және шешен шығармашылығының көркемдік бейнелеу құралдары. Шешендік сөздердегі троптар мен фигуралар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялар
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманғы инновациялық технологиялар. Білім беру жүйесіндегі технологиялардың генезисі мен тарихи дамуы. Педагогикалық технологиялардың терминологиялық аппараты. Педагогикалық технология түрлері. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта қолдану әдіснамасы. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің жоғары оқу орындарында оқытылатын басқа пəндермен пəнаралық байланысы. Технологиялардың түрлеріне талдаулар жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Компьютерлік лингвистика
    Несиелер: 4

    Тілдік мәліметтерді компьютерлік өңдеу құралдарын пайдалану. Ойлауды компьютерлік моделдеудің жалпы қағидалары, компьютерлік білім теориялары. Жасанды интеллект және оның лингвистикада қолданылуы. Табиғи тілдің автоматтық талдауы. Машиналық аударма және ақпараттық іздеу. Ақпараттың дыбыстық енгізілуі, оқыту және анықтамалық тілдік ресуртарды құру. Тілдік мәліметтерді тірек ететін кез келген функционалдық қосымшалардың талдамасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 2

    Ғылыми жұмысы: құрылымы, мазмұны, тілі және рәсімделуі. Ғылыми жұмысты жоспарлау. Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ақпаратты іздеу, өңдеу және сақтау, ғылыми міндеттерді шешу. Ғылыми мәтінді дайындау ерекшеліктері: тезистер, баяндама, ғылыми мақала, монографиялар, өнертабысқа өтінімдер, конкурстық құжаттама.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жыраулар поэзиясы және шешендік өнер
    Несиелер: 4

    Жыраулар поэзиясы мен шешендік өнер туралы жалпы түсінік. Жыраулар поэзиясы мен шешендік сөздердің жиналуы мен зерттелуі. Шешен мен жыраудың шығармашылық тұлғасы туралы ғылыми тұжырымдар жүйесі. Шешендік өнер негізінде қалыптасқан жырау мен шешен тұлғасы. Шешендік сөздер мен жыраулар поэзиясының мазмұндық-пішіндік тұтастығы. Шешен мен жыраудың талант табиғаты және шығармашылық қалыптасуы мен стилі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Лингвистикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі
    Несиелер: 5

    Тіл білімі тарихнамасы. Әдіснама ғылым ретінде және ғылым әдіснамасы. Лингвистикадағы жалпы философиялық әдіснама. Лингвистика және оның нысаны. Әдіснама – әдіс – әдістеме. Әдіснама және тіл талдауы. Лингвистикалық білімнің ғылыми парадигмалары. Қазіргі лингвистиканың постулаттары. Зерттеудің ғылыми әдістері. Лингвистикалық зерттеу әдістері. Тіл корпусы және корпустық зерттеулер. Зерттеу тақырыбын, әдістемесін, метатілін, таңдау мен негіздеу, зерттеуді жоспарлау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON1

    ОН 1. Кәсіби саладағы заманауи ғылыми жетістіктер туралы білімдерін, зерттеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру қабілетін көрсету. Ғылыми қоғамдастыққа зерттеу нәтижелерін ұсыну және жазбаша ғылыми коммуникация дағдыларын меңгеру.

  • Код ON4

    ОН 4. Қазақ жыраулары мен шешендері шығармашылығына қатысты ғылыми-теориялық негіздерімен, ғалымдардың ғылыми пікірлерімен, тарихи құндылықтарға қатысты мәселелер бойынша өз позициясын білдіруге, әдебиеттану мәселелері бойынша ғылыми пайымдауға, теория мен сынға қатысты ғылыми тұжырым жасауға бағытталған сараптамаларға қатысуға білімдері, іскерліктері, дағдылары қалыптасады.

  • Код ON5

    ОН 5. Қазақ тіл білімінде корпустық лингвистиканың бастапқы теориялық негіздерін, тілдік мәліметтерді компьютерлік өңдеу құралдарын пайдалануды, ойлауды компьютерлік моделдеудің жалпы қағидаларын, компьютерлік білім теорияларын, жасанды интеллект және оның лингвистикада қолданылуын меңгереді, тілдік мәліметтерді тірек ететін кез келген функционалдық қосымшалардың талдамасын жасай алады.

  • Код ON3

    ОН 3. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі түрлі тақырыпқа арналған еңбектер мен шығармаларды танып біледі. Алаш қайраткерлері қалыптастарған классикалық қазақ әдебиетінің ұлттық руханиятқа қатысты көтерген ауқымды мәселелерін өз бетінше зерттеп, заманға сай қажетті тұстарын бүгінгі өмірде қолдана алады. Қазақ жыраулары мен шешендері шығармашылығына қатысты ғалымдардың айтқан пікірлерін өз бетінше ғылыми тұжырымдап, әдеби, ғылыми пайымдай алады.

  • Код ON6

    ОН 6. Лингвистиканың әдіснамалық мәселелерін, қазіргі заманғы тәжірибелерін, концепцияларын түсініп, лингвистикалық талдау мен сараптауды меңгереді. Лингвистикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесін практикада қолдана алады.

  • Код ON2

    ОН 2. Қазіргі ғылымның іргелі және қолданбалы мәселелеріне ғылыми зерттеулер жүргізуде сыни бағалау мен негізгі әдістер мен тәсілдерді интерпретациялау қабілетін қалыптастырады. Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, технологияларын қолданады.

  • Код ON9

    ОН 9. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін, білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылық қызмет негіздерін, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру әдістерін меңгереді. ЖОО-да әдебиетті пен тіл білімін оқытудың жаңа әдіснамалық тұғырларын айқындап, оларды сыни талдап және жаңа гипотезалар жасауға машықтанады.

  • Код ON7

    ОН 7. Қазіргі заманғы оқу мен ғылыми үдерістегі теорияларды, концепцияларды, әдебиеттану мен тіл білімінің әдіснамасын, оқыту әдістерін, жаңа технологияларын, әлемдік білім беру жүйесіндегі қазіргі заманғы білім берудегі жаңа технологиялардың теориялық және практикалық негіздерін меңгереді.

  • Код ON8

    ОН 8. Қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарын, негізгі концепциялары мен даму тенденцияларын біледі, зерттеулер жүргізіп, лингвистикалық талдаудың әдістемелерін меңгеріп, жаңа ғылыми болжамдар қалыптастырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарында және пәнді оқыту жұмыстарында пайдалана алады.

  • Код ON10

    ОН 10. Қазақ филологиясы зерттеулерінің заманауи парадигмасы саласындағы зерттеу жұмыстарын жүргізуге және ЖОО ғылыми-зерттеу аясында оқытушылық және ғылыми қызметті жүзеге асыруға қабілеті артады. Зерттеу жұмысының нәтижелерін есеп, мақала, монография, дәріс курстары, оқулықтар мен оқу құралдары түрінде, қазіргі баспа құралдарын редакциялау және ақпараттық ресурстарды қолдана алу дағдылары жетіле түседі.

Top