Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01701 Қазақ тілі және әдебиеті в Сулейман Демирель атындағы университеті

Пәндер

  • Фундаментальды және қолданбалы лингвистика

    Курста лингвистикадағы қазіргі іргелі теориялар және кейінгі теориялардың қалыптасуы, оларға ықпал еткен факторлар қарастырылады. Лингвистикалық ілімдердің дамуы, қазіргі басым-дыққа ие зерттеу парадигмалары, коммуникативтік контекстегі тілдің жұмсалымы, ХХ ғасыр соңындағы тілдің бейнесі (образ языка) және дискурстық талдау, интерлингвистикалық зерттеу бағыттарының негізгі тұжырым- дары талданып, тіл білімінің қолданбалы жағын көздейтін корпустық лингвистика, функ-ционалды грамматика, компью-терлік лингвистика мәселелері де қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат

    Курс докторанттардың ғылыми жазылым әрекеті бойынша білік-дағдыларын жетілдіруді көздейді. Олар: ғылыми зерттеу жұмыстары (диссертация, монография), мақалалар, баяндамалар, есеп, рецензия, аннтоация және академиялық мақсаттағы басқа жанрлардың әдіснамалық негіздерін меңгерту; әр жанрдың мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптарды талдай отырып, библиографиялық аппаратты беру мәселелерін теориялық және практикалық жағынан қарастыру; академиялық адалдық мәселесін білу; сондай-ақ, академиялық ортада докторанттардың тиімді қарым-қатынас орната білуіне қажетті академиялық риторика мәселелері де қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ЖОО -да қазақ тілін дамыта оқыту негіздері

    Пән оқу үрдісінде білім алушылардың ықтимал мүмкіндігінің толық іске асуына бағдарланған. Оқу әрекеті арқылы психологиялық жаңа құрылымдар, теориялық сана және ойлау қалыптастырылады. Білімалушыларды оқыта отырып, жалпы даму, еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше іздену, шешім қабылдау дағдыларын дамытады. Пән әрекет теориясына сәйкес – студенттің жеке психикалық қабілеттерін (рефлекция, талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру, шолу) дамытуға бағытталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары оқу орнында қазақ тілін оқытудың әдіснамасы

    «Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту әдіснамасы» оқытудағы мақсат – оқыту үрдісінің жаңа технология үлгілерін пайдалана отырып меңгерту, сонымен қатар кәсіби деңгейі жоғары, білікті маман, шығармашылық тұлға дайындау. Докторанттарға жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың өзіндік заңдылықтары, қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерімен қаруландыру; жоғары білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық, әдістемелік талаптарын, оқыту үрдісінің ерекшеліктерін меңгерту, оқытудың негізгі дидактикалық ұстанымдарын (теория мен практиканьң тығыз байланыстылығы, ғылымилық, саналылық, қатысымдық) басшылыққа ала отырьш, қазақ тілі пәндері жүйесін оқытудың жаңа технологиясын зерттеу, докторанттардың теориялық ойлауын, креативтік қабілеттерін дамытуға назар аудара отырып, кәсіби шеберлігін қалыптастыру. Тіл бірліктерін оқыту барысында оның жүйелік-құрылымдық, семантикалық, фукнционалдық қырларын оқытуды кешенді түрде меңгертуді көздейді. Қазақ тілін оқыту әдіснамасын меңгеру барысында докторант әдістемені зерттеу бағыттары мен зерттеу әдістерін саралап тани білуі керек. Қазақ тілінен эксперимент жасау, оның нәтижелерін сандық, және сапалық тұрғыдан талдай білу дағдылары да осы курсты оқуы барысында қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқытудың теориясы мен практикасы

    Қазақ әдебиетін оқытудың теориясы мен практикасы» пәні әдебиет пәнін оқытудың әлемдік білім тәжірибелерімен сабақтатығы мен оқытудың жаңа тенденциясын үйлесімділіқ қағидатында жүргізіледі. Мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ әдебиетін оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі, әрбір қазақ әдебиеті сабағының білімдік, тәрбиелік, дамытушылық әлеуетін жүзеге асыру жолдарын тану іскерлігі; - оқыту технологиясын бірізді және орынды қолдана білу, әр сабақты ғылыми тұрғыдан талдап сараптай білу іскерлік дағдыларды меңгерту көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары оқу орнында қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы

    Докторант теориялық және эмпирикалы салада, әдебиеттану салалары бойынша пәндерді ЖОО-да оқыту тәжірибелерін жүйелеу,оқытудың заманауи әдіснамаларын меңгерту, жаңа технологияға негізделген дәріс түрлері, практикалық сабақтарды ұйымдастырудың оңтайлы әдістері, білімді бақылау мен есепке алу әдістемесін меңгереді. Әдеби пәндер бойынша өздік жұмыс пен ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың жолдарын үйренеді. Пәннің нәтижесінде игерілетін құзыреттіліктер: әдеби үдеріс пен оқу үдерісі ауқымындағы жағдаятқа қарай өзгерістерді бақылай алу; әлемдік ақпарат пен әдеби-теориялық ақпаратты интеграциялық негізде саралай алу;оқытудың заманауи әдістерін педагогикалық тәжірибеде көрсете алу; қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларындағы идеялық тұтастықты мысалдар арқылы дәйектей алу, салыстыра, салғастыра алу; білімгерлердің даралық қасиеттерін есепке алу және дамыту мақсатында әдіс-тәсілдерді үйлестіре алу; білім алушы мен өзінің оқу-таным әрекетін рефлексиялық, субъективті түрде бақылау мен бағалау, әдістемелік мақсатқа бағыттай алу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    "Ғылыми зерттеу әдістері" пәнінің мақсаты докторанттарура түлектерін педагогика саласында ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруға дайындау, педагогикалық-психологиялық зерттеудің жалпы ғылыми әдіснамасы жөніндегі ұғымын қалыптастыру болып табылады. Пәнінің негізгі міндеттері: – докторанттарды ғылыми-зерттеу жұмысының мәнін тануға бағдарлау; – ғылыми - зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін үйрету; – түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру; – ғылыми ізденімдік эксперимент жасауды және оның нәтижелерін рәсімдеуді үйрету; – педагогикалық үрдіс барысында практикалық міндеттерді шешуде, зерттеу әдістерін қолдануды меңгеру құзырлылықтарын дамыту. Пәнді оқыту нәтижесінде докторант: әдіснамалық білімнің құрылымы мен қызметі туралы жалпы түсінікті; психологиялық-педагогикалық зерттеу және оның ғылыми аппаратының жүйелілік құрылымын; зерттеудің жалпы ғылыми және психологиялық-педагогикалық әдістерін; эксперименттің орындалу тәртібі және негізгі сипаттамасын, психологиялық-педагогикалық эксперимент барысында алынған мәліметтерді дәлелдей білетін болады. Ғылыми зерттеуді талдаудағы ептілік, ғылыми зерттеу жұмыстарының бағдарламаларының дербес құрастыра білу, түсіндіру, қорытындылау және зерттеу нәтижесін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Жеке ғылыми-зерттеу қызметінде мәтін интерпретациясы мен филологиялық талдау теориясына, құрылымдық мазмұндауға қабілетті болу керек. Пән бойынша кәсіби жазу шеберлігі мен дағдысын қалыптастырады; сөз жұмсау біліктіліктерін шыңдайды, ойын жазбаша және ауызша түрде жүйелі жеткізуге машықтанады;
  • Тіл білімі саласының заманауи ғылыми парадигмасы мәселелерінде өзіндік зерттеулер жүргізу дағдысына; нақты дәлелді қорытындысы бар ауызша және жазбаша коммуникациялар жүргізуге қабілетті болады;
  • Қазіргі заманғы философиялық және әдіснамалық білімнің негізгі мәселелері мен тұжырымдамаларын біледі, философиялық және әдіснамалық мәтіндерді талдай алады, олардың негізгі тұжырымдамалық мазмұнын ашып, филологиялық ғылымның дамуының негізгі параметрлерімен байланыстыра алады;
  • Өз іс-әрекетіне мақсат қоя алады, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтап, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдастыра алады. Көптеген өлшеулер мен ғылыми ақпаратты статистикалық өңдеу арқылы ғылым эволюциясын зерттей алады. Білім, білік, дағдысын көрсетуге, пікірін дәлелді тұжырымдар арқылы қорғап шығуға қабілетті болады.
  • Тіл білімінің,әдебиеттанудың өзекті мәселелерін терең түсініп, алған білімдерін ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалана алады, ғылыми талдау, тұжырым жасай алуы керек, мәтін құрудың ұстанымдарын игереді;
  • Оқу жоспарларын құру тәсілдері мен филологиялық бағыттағы оқу пәндерінің мазмұнын таңдау әдістерін, білім беру және меңгерту үрдісінің әртүрлі формаларын жүзеге асырудың практикалық дағдылары мен әдістерін меңгереді. Аудиториямен жұмыс жасау барысында коммуникацияның түрлі салаларындағы әдістерді, стратегияларды және тәсілдерді таңдауға қабілетті болады. Заманауи ақпараттық технологиялар қолдана отырып, саланың перспективалық даму талаптарына жауап беретін жобалық шешімдер әзірлейді;
  • Тіл білімі мен әдебиеттанудың заманауи ғылыми парадигмасы бойынша тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларына ие, ауызша және жазбаша байланыс жүргізуге қабілетті болу
  • Қазіргі әдебиеттанудағы әдебиеттің классикалық бағытын қарастырып, ғылыми ізденістерінің басым бағыттарын айқындай алады. Әдебиеттанудың гуманитарлық және филологиялық пәндер жүйесіндегі маңызын саралай алады;
  • Тіл білімінің,әдебиеттанудың перспективалық даму талаптарына жауап беретін тиімді жобалық әзірлемелер алуды қамтамасыз ететін жобалаудың және қолданудың заманауи әдістерін меңгереді. Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға мүкіншілігі болады
Top