Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02192 Актерлық өнер в Т.Қ.Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы

  • Классикалық би негіздері
    Несиелер: 3

    Классикалық бидің негізгі элементтерін орындау техникасын тәжірибелік меңгеру. Классикалық биінің бағдарламасы қозғалысының тәжірибедегі қолданысы. Дене аппаратымен жұмыс істеудің негізгі ережелері: дене, қол, бас қимылдарын қою, станок жанындағы, зал ортасындағы қимыл-әрекет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сөз сөйлеу негіздері І
    Несиелер: 3

    Фонациалық тыныс алу, сөйлеу мен ән салу дауыстарын параллелді дамыту, дауыс үнін байыту және бекіту, дауыстың әуезділігі мен саздылық мәдениеті. Психологиялық, әрі физиологиялық қысымнан арылу. Орфоэпиялық машықтарды жетілдіру. Сөз әрекетінің элементтері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Актер шеберлігінің негіздері І
    Несиелер: 5

    К.С.Станиславский әдістемесінің элементтері арқылы сахналық оқиғаларды қабылдау қабілеттілігін тәрбиелеу: Сахналық зейін. Жады. Екпін-ырғақ. Елестету. Қиял. Сезіну. Жануарларды бақылау. Заттарды жандандыру. Ұсынылатын шартты жағдайлар. Бағалау. Оқиға. Жеке және жұптық этюдтар жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сахна тілі негіздері I
    Несиелер: 3

    Дем алу және дауыс қою үдерісінің заңдылықтары мен ерекшеліктері, сөз сөйлеу аппаратының анатомиясы, тыныс алу мен артикуляция жаттығулары, балаларға арналған өлеңдер, мақал-мәтелдер және нақыл сөздермен жұмыс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дауыс түзу І; Фортепиано І
    Несиелер: 4

    Интеграцияланған пән: Дауыс түзу үдерісінің заңдылығы мен ерекшеліктері, вокалдық – техникалық дағдылардың қалыптасуы. Вокалдық жаттығуларды, вокализдерді әртүрлі буындармен орындау. Фортепиано – музыкалық пәндердің құрамдас бөлігі ретінде. Музыкалық-орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, әртүрлі жанрдағы музыкалық шығармаларды орындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Классикалық би
    Несиелер: 3

    Классикалық биден станок жанында, зал ортасында орындалатын қимылдар комплексі. Дене аппаратымен жұмыс істеудің негізгі ережелері: дене, қол, бас қимылдарын қою, станок жанындағы, зал ортасындағы қимыл-әрекет. Бұлшық еттерді бекітудің, координацияның, бастапқы музыкалық сезінудің формасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дауыс түзу негіздері; Актер шеберлігі бойынша тренингтер І
    Несиелер: 4

    Интеграцияланған пән: Әншілік тыныс алу түрлері, вокалдық – техникалық дағдылардың қалыптасуы, жұмсақ және қатты атакалар. Актер техникасының элементтерін кешенді түрде жаттықтыру. Қосымша бойынша жаттығулар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Актер шеберлігінің технологиясы І
    Несиелер: 5

    Актерлік жұмыстың табиғатын үйрету. Актерлік мамандықтың негізгі заңдылықтары және элементтерін тәжірибе жүзінде жүзеге асыруды игеру және қолдану. Мамандықтың кәсіби негізін меңгеру. К.С.Станиславский жүйесіндегі актерлік «грамматиканың» басты элементтерін үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сахна тілі негіздері II
    Несиелер: 3

    Тыныс алу заңдылықтары, дем алу және артикуляция жаттығулары. Фонациялық дем алу машығының спецификасы, қимыл-әрекет кезіндегі дем алу координациясы үйлесімі. Түрлі әдеби жанрлар шығармаларымен, прозалық шығармалардан алынған үзінділер, поэтикалық композициялармен жұмыс істеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Актер шеберлігінің негіздері ІІ
    Несиелер: 4

    Актер шеберлігі теориясының негіздері, сахнада логикалық және дәйекті әрекет ету. Органикалық және сезімталдық қабілетті меңгеру. Күрделендірілген, психологиялық үлес салмағы басым, ұсынылған тосын жағдайлар мен оқиғаларға этюдтар. Сөздің тудындауына этюд құрастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Вокал; Актер шеберлігі бойынша тренингтер ІI
    Несиелер: 4

    Интеграцияланған пән: Ән салу техникасы мен орындаушылық шеберлігін жетілдіру. Шығарманың идеялық-тақырыбын ашу. Әртүрлі жанрдағы әндермен жұмыс істеу. Актер шеберлігінің ішкі және сыртқы техникасын жаттықтыру. Психофизикалық сезім.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тарихи-тұрмыстық би
    Несиелер: 3

    Батыс еуропалық қоғамның әртүрлі дәуірлерінің тарихи дамуына байланысты, тарихи-тұрмыстық билер мен ізеттілік иілу рәсімін орындауға дағдылану. Сахналық тарихи бейненің дәлме-дәл кейіпі түріне ену үшін костюм мен уақыттың, кеңістіктің сәйкестілігі. Тарихи–тұрмыстық би негізінде миниатюраның ірі түрін жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Дауыс түзу ІІ; Фортепиано ІІ
    Несиелер: 4

    Интеграцияланған пән: Ән салу техникасы мен орындаушылық шеберлігін жетілдіру. Шығарманың идеялық-тақырыбын ашу. Әртүрлі жанрдағы әндермен жұмыс істеу. Музыкалық-орындаушылық мәдениеті дағдыларын қалыптастыру мақсатында, фортепианоға және вокалға арналған репертуарларды игеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сөз сөйлеу негіздері ІI
    Несиелер: 3

    Сөйлеу мен ән салу дауыстарын параллелді дамыту, дауыс үнін байыту және бекіту. Дауыстың әуезділігі мен саздылық мәдениетін тәрбиелеу. Психологиялық әрі физиологиялық қысымнан арылу. Орфоэпиялық машықтарды жетілдіру. Сөз әрекетінің элементтері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тарихи-тұрмыстық би негіздері
    Несиелер: 3

    Батыс еуропалық қоғамның әртүрлі дәуірлерінің тарихи дамуына байланысты, тарихи-тұрмыстық билер мен ізеттілік иілу рәсімін орындауға дағдылану. Сахналық тарихи бейненің дәлме-дәл кейіпі түріне ену.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Актер шеберлігінің технологиясы ІІ
    Несиелер: 4

    Актер психотехникасының негізгі элементтері. Сахналық оқиғаларды қабылдау қабілеттілігі, жеке және көркемдік- шығармашылық ұстаным, эмоциялық-бейнелік ойлау. Шығармашылық қиялын дамыту, этюдтың әрекет арқауы мен көкейкесті мақсатын түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Халықтық сахналық би негіздері
    Несиелер: 3

    Халықтық және сахналық би материалдары негізінде дене серпінділігін дамытуға арналған жаттығулар. Ұлттық бейне негіздері. Әртүрлі ұлттардың ұлттық құндылықтарын түсіну. Болашақ актерлердің темпераменті мен жеке ерекшеліктерін айқындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сахна тілінің техникасы I
    Несиелер: 3

    Фонациялық дем алу машығының спецификасы, қимыл-әрекет кезіндегі дем алу координациясы үйлесімі. Дикция анықтығы, сөздің орфоэпиялық заңдылықтарының сақталуы. Көркем мәтіндермен жұмыс: прозалық шығармалардан алынған үзінділер, поэтикалық композициялар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Халықтық сахналық би
    Несиелер: 3

    Халықтық және сахналық би материалдары негізінде дене серпінділігін дамытуға арналған жаттығулар. Әртүрлі ұлттардың ұлттық құндылықтарын түсіну. Болашақ актерлердің темпераменті мен жеке ерекшеліктерін айқындау. Халықтық-сахналық би негізінде құрылған би композициялары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сөз сөйлеу техникасы I
    Несиелер: 3

    Сөйлеу мен ән салу дауыстарын параллелді дамыту, дауыс үнін байыту және бекіту, дауыстың әуезділігі мен саздылық мәдениетін тәрбиелеу. Психологиялық әрі физиологиялық қысымнан арылу. Орфоэпиялық машықтарды жетілдіру. Сөз әрекетінің элементтері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Актер шеберлігінің техникасы І
    Несиелер: 4

    Күрделі оқиғалар мен ұсынылатын тосын жағдайларды қамтитын, оның ішінде тарихи, әлеуметтік сипаттағы, неғұрлым күрделі қабылдаудағы, әртүрлі жанрдағы және стильдегі үзінділермен жұмыс істеу. Сөйлеу мәдениеті мен дененің пластикалық мәнерлілігін қамтитын ішкі және сыртқы актерлік техниканы еркін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Құқық негіздері
    Несиелер: 2

    Курс мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы білімдерін қалыптастырады. Аталған курстың оқу пәніне мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары, дамуы және қалыптасуы, негізгі заң туралы түсініктерді анықтау, сонымен қатар конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік секілді қазақстандық құқықтың базалық салаларының негізгі ережелері кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Вокалдық орындаушылық техника І; Сольфеджио
    Несиелер: 4

    Интеграцияланған пән: Камералық шығармаларды орындау: (романс, баллада, серенада, әндер), жеңіл ариозо, опера және оперетталардан ариялар. Музыкалық шығармаларды мәнерлеп орындау жұмысы, авторлық және композиторлық ремаркалардың маңыздылығы. Регистрлік бірыңғайлылықпен жұмыс істеу. Дыбыстарды айтудағы интонация тазалығы, музыкалық шығармаларды талдау, алдын-ала дайындықсыз ноталарды бірден айту. Қарапайым музыкалық теориялық білім негіздерін тереңдете оқу, әртүрлі ғасыр, кезең, жанр композиторларының шығармалары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Актер шеберлігі бойынша тренингтер ІII
    Несиелер: 4

    Актер шеберлігінің элементтерін меңгеруге арналған жаттығулар: бұлшық еттің босаңсуы, сахналық зейін, қиял көзі, серіктеспен өзара әрекет, сахналық дәлелдеме, өлшем-ырғақ. Актер техникасының элементтерін кешенді түрде жаттықтыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілi
    Несиелер: 3

    Курс LSP (арнайы мақсатқа, кәсіби бағдарланған қатынасқа арналған тіл) деңгейін де кәсіби қазақ / орыс тілін меңгеру үшін шығармашылық мамандықтар студенттеріне арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Актер шеберлігі І
    Несиелер: 4

    Пьеса оқиғаларын талдауға үйрету. Өз кейіпкерінің өмірбаянын жасау. Пьесаны автордың дүниетанымдық, тарихи және басқа аспектілерінде зерттеу мен оның идеяларын анықтау, ұлттық ерекшеліктерін табу. Болашақ спектакльдің толассыз әрекетін іздеу жолдарын үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Зияткерлік меншік
    Несиелер: 2

    Зияткерлік меншік құқығы пәні, оның негізгі принциптері мен ұғымдары туралы жалпы түсінік береді. Курста авторлық құқық және өнеркәсіптік меншік құқығы - өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, фирмалық атауына, тауарлық белгілерге, компьютерлік бағдарламаларға қатысты осы меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әлем театрының тарихы
    Несиелер: 3

    Курс, әлем театрының өмірді сахналық әрекет арқылы бейнелейтін, актерлік өнер мен драматургия, сценография және музыканың барша бейнелеу мүмкіндіктерін бойына жинай отырып, театрдың пайда болу ерекшеліктері мен заңдылықтары үдерістерін, қалыптасу және дамуын оқып-үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Авторлық құқық
    Несиелер: 2

    Авторлық құқық авторлық құқықтың барлық негізгі мәселелерін: қалыптасу және даму тарихын; авторлық құқықтың субъектілері мен объектілерін; туындының авторымен жасалатын шарттарын; авторлық құқықтармен сабақтас құқықтарды; ғылым, әдебиет және өнер туындыларына (авторлық құқық), орындаушылық шығармаларға, актерлік шеберлікке, фонограммаларға, эфирге беруге және кәбілдік хабар таратуға (сабақтас құқықтар) айрықша және мүліктік емес құқықтарды қорғауды жүзеге асыру тәртібі мен әдістерін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Профессионально-ориентированный иностранный язык
    Несиелер: 3

    «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәні үздіксіз білім беру жүйесіндегі жетекші сала болып табылады және сол себепті де ол шет тілінің базалық курсын жалғастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сахна тілінің техникасы IІ; Актер шеберлігі бойынша тренингтер ІV
    Несиелер: 4

    Интеграцияланған пән: Дем алу мен қимыл-әрекет координациясы. Қазақ және шетел жазушыларының әңгімелерімен, поэтикалық композициялармен жұмыс тәсілдері. Суырыпсалмалық қабілетті әрі қарай жетілдіру. Композициялық монтаж және тілдік импровизация. Екінші план актерлік әрекет ету құралы ретінде. Подтекст мәтін мен әрекет арасындағы қашықтықты орнататын психологиялық элемент ретінде.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Актер шеберлігі ІІ
    Несиелер: 4

    Рөлдің көкейкесті мақсатын және өзекті әрекетін анықтау. Драматург пен композитор ұсынған жағдайларға сәйкес органикалық тәртіпті іздеу. Нақты психофизикалық көңіл-күйді анықтай білу. Сахнада органикалық түрде әсер ету элементтерін игеруге арналған тәжірибелік жұмыстар: табиғи суырыпсалмалық қабілеттерді дамыту, ішкі және сыртқы актерлік техниканың негізгі элементтерін меңгерудің психофизикалық тренингі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ би негіздері
    Несиелер: 3

    Қазақ би негізінде құрылған би композициялары. Орындаушылық техниканы дамыту. Басты, қолды, денені және аяқты дұрыс қою, орналастыру. Музыкалықты, ырғақтылықты, спорттық дене бітімін, мобильдікті және жедел реақцияны дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ музыкалық театрының тарихы
    Несиелер: 3

    Отандық музыкалық театр өнерінің өзгешелігімен және тарихының негізгі кезеңдерімен, опера әнші-актері, музыкалық театр режиссері және композитор, либретто авторының (драматургтің) шығармашылығымен танысып, танымал театр қойылымдары туралы терең білім алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ биі
    Несиелер: 3

    Қазақ халық биінің негізгі қалыптары мен қол қимылдары. Ауыспалы, қиғаштап өкшемен жүру. Қазақ биінің қозғалысы: сырғанау, аяқты көтеріп секіру. Болашақ актерлердің темпераменті мен жеке ерекшеліктерін айқындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақ театрының тарихы
    Несиелер: 3

    Қазақстанда театр дамуының эволюциясы, оның қалыптасуы мен қазіргі кезеңдегі жағдайы. Халықтық деңгейден кәсібилікке дейін дамуы. Театрдың қалыптасу тарихы мен оның жанрларының негізгі кезеңдері. Кәсіби актерлердің, режиссерлердің, драматургтердің, театр суретшілерінің шығармашылығы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Актер шеберлігінің техникасы ІІ
    Несиелер: 4

    Сахналық бейненің өмір сүру желісін құру, кейіпкердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін қалыптастыратын әлеуметтік және басқа да себептерді анықтауды үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сөз сөйлеу техникасы IІ; Вокалдық орындаушылық техника ІІ
    Несиелер: 4

    Интеграцияланған пән: Прозалық, музыкалық-драмалық шығармалардың үзінділерімен жұмыс. Дауыстың күші, жеңілдігі, төзімділігі. Ән жанрының стильдері, нотаны бірден оқу барысындағы әншілік дыбыс тазалығын сақтау, шығармалардың орындауға қиын, күрделі фрагменттерін үйрету және әрі қарай жұмыс жүргізу. Шығармаларға трактовка жасау мелизмдер мен әшекейлерді мәнерлеп орындау, орфоэпиялық заңдылықтарды сақтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Спектакльдегі пластика І
    Несиелер: 3

    Драматургиялық, музыкалық жоспарды, хореографиялық мәтінді құрастыру. Спектакльдің басты кейіпкерінің біртұтас пластикалық бейнесін сомдау. Драматургиялық материалдың пластикалық шешімін табуда сахналық әрекеттің бейнелеу құралы ретінде спектакльде пластикамен жұмыс істеу. Актердің пластикалық сымбаты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 3

    Курстың мазмұны салық салу режимдерін, маркетинг негіздерін анықтау бөлігінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін оқып үйренуді, тиісті аймақта қажетті бизнес-жобаларды әзірлеуді қарастырады, нөлден бастап жеке стартап кұру, ғылыми зерттеулер мен өнертабыстар көрме-конкурстарына қатысу, жобалық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау үшін алынған білім мен дағдыларды пайдалануға мүмкіндік береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Артистің пластикалық мәдениеті I
    Несиелер: 3

    Білім алушылардың композициялар құрастыру қабілетін дамыту, хореографиялық тілдің ерекшеліктері мен өзіндік мәнерлік құралдары негізінде кәсіби ойлауды, тәрбиелеу. Қойылым драматургиясының пластикалық желісін анықтау (курс мастерімен бірге). Кейіпкер мінезін анықтау және оның бишілік бейнесінің міндеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Сахна сайысы
    Несиелер: 3

    Сахна сайысы негізгі элементтерінің техникасы. Заманауи тақырыпқа қойылған спектальдердегі сахна сайысының негізгі тәсілдері. Суық қарудың әр түрімен қауіпсіз сайыс. Ұлттық қарулар түрлерін қолдана отырып сайысу. Қорғаныстың сегіз түрі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Вокалдық шығармаларды орындау шеберлігі I; Вокалдық ансамбль І
    Несиелер: 5

    Интеграцияланған пән: Вокалдық-сахналық бейне құрастыру, күрделі формадағы вокалдық шығармалармен жұмыс. Күрделі әуенді, өлшем-ырғақты шығармаларды меңгеру жұмысын жетілдіру, бейне сомдау барысында декламациялық-тақпақ сазды стильді пайдалану. Әртүрлі халықтардың өзіне тән орфоэпиялық заңдылықтарын сақтау. Музыкалық-әншілік мәдениет, вокалды-хор дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру. Хор үндестігі, унисондық топтың үйлесімділігі, интонациялық, динамикалық, ырғақтық ансамбльдер және орындаушылық мәдениет

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өнер саласындағы маркетинг
    Несиелер: 3

    «Өнер саласындағы маркетинг» пәні мәдениет және өнер саласындағы отандық қызмет көрсету нарығының ерекшеліктерін; мәдениет және өнер саласындағы маркетингтің негізгі құралдарын және оларды пайдалану әдістерін; мәдениет және өнер саласындағы маркетингтік зерттеулер жүргізу әдістерін; нақты мәдениет және өнер мекемелеріндегі маркетингтік қызметтің тиімділігін арттырудың әртүрлі стратегиясын зерделеуді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Драматургиялық мәтінмен жұмыс I
    Несиелер: 3

    Драматургиялық мәтіннің орфоэпиялық және стилистикалық ерекшеліктерімен жұмыс, пьесаны талдау, монологпен жұмыс, ақ өлең және өлең формасының метрикалық құрылымымен жұмыс тәсілдері. Ұлттық драматургиялық шығармалармен жұмыс істеу. Өлеңдердің екпін-ырғағымен жұмыс.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жекпе-жек
    Несиелер: 3

    Жекпе-жек - шығыс елдерінің жауынгерлік өнері ретінде. Өзін-өзі қорғау және жауынгерлік өнер тәсілдерін игеру. Физикалық және психофизикалық қасиеттер: белсенді күрес сезімін, батылдық және табандылық, зейін, реакция, шапшаңдық, ептілік, икемділік, ырғақтықты жетілдіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Актердің рөлмен жұмысы I
    Несиелер: 5

    Сахналық бейне жасаудың тәсілін үйрену. Күрделі оқиғалар легі мен ұсынылған шартты жағдайлардың тарихи, әлеуметтік сипатын анықтау және жанры әртүрлі үзінділермен жұмыс барысында сахналық кейіпкердің өмір сүру желісін құруды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бүгінгі әлемдік театрлық үдеріс
    Несиелер: 3

    Бүгінгі театр өнерінің өзгешелігімен және актер, режиссер және драматургтердің шығармашылығымен танысып, танымал театр қойылымдары туралы терең білім алады. Алған білімдерінің көрінісі ретінде әрбір спектакльге талдау жұмыстарын өткізіп отырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Актердің камера алдындағы жұмысы; Вокалдық-ансамбльдік орындау негіздері І
    Несиелер: 5

    Интеграцияланған пән: Экрандық бейненің қалай жасалатынын үйрету. Ірі план, орта план, жалпы план, камераның қозғалысы, панорама және киномизансцена. Түсірілім алаңында “жандану” және қызықты мәтін жасау жолдары. Кинода актердің психотехникасын қолдану ерекшеліктері. Музыкалық-әншілік мәдениет, вокалдық-ансамбльдік дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыру. Ансамбль үндестігі, унисондық топты үйлесімділігі, интонациялық, динамикалық, ырғақтық ансамбльдер және орындаушылық мәдениет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өнер саласындағы менеджмент
    Несиелер: 3

    Курс өнер саласындағы басқарудың теориялық негіздеріне және менеджмент жүйесінің жалпы принциптерін білуге, сонымен қатар мәдениет саласындағы ұйымдарды басқару қызметінің практикалық дағдыларын меңгеруге, мәдени қызметтің заманауи шарттарымен танысуға, шығармашылық жобалармен жұмыс жасауға, арт-индустрия саласындағы маркетингтік, қаржылық, басқару ерекшеліктерін тануға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Монологпен жұмыс I
    Несиелер: 3

    Сөз әрекетіне қойылған көркем мәтіндерді дауыс, дикциялық және орфоэпиялық дағдыларды пайдалана отырып оқу. Әртүрлі сипаттағы музыкалық пьесалар мен мюзиклдердегі қара сөзбен, өлеңмен жазылған монологтар. Ұлттық драматургиялық шығармалардағы монологтармен жұмыс істеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Музыкалық театр актерінің рольмен-партиямен жұмысы І
    Несиелер: 5

    Актерлік кәсіби өнердің саналуан эмоцияларын басқарудың түрлі әдіс-тәсілдерімен толық таныстыру. Кез-келген уақытта эмоциялық жағдайға тез түсе білуді үйрету. Шығарманың авторлық ойтүйінін, идеясын және мазмұнын аша білу. Кейіпкер тәртібінің логикасын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Заманауи би негіздері
    Несиелер: 3

    «Заманауи бидің негіздері» джаз-модерн, contemporary және музыкалық, ырғақты, спорттық құрылымдағы, ұтқырлық пен жедел реакцияны дамыту бағыттарын оқып-үйретеді. Заманауи билер икемділікті дамытуға ықпал етеді және қиял мен шығармашылық бастама үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Монологпен жұмыс II
    Несиелер: 3

    Дауыс диапазонының максимальді биіктігі мен күші. Шығармалар жанры. Авторлық стиль. Әңгімелеуші бейнесі және рөлді орындаушылар бейнесі. Көрініс кинолентасы. Тақырып және идея. Ой және мағына. Өзекті әрекет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Сахналық бейне жасау І; Вокалдық-ансамбльдік орындау негіздері ІІ
    Несиелер: 5

    Интеграцияланған пән: Сахналық бейнені сомдауға байланысты мәселелер және оны шешу жолдары. Авторлық ойды түсіну жане оны іске асыруды меңгеру. Кейіпкер тәртібінің логикасын меңгеру. Кейіпкердің мінез-құлқын жасаудың әдістері, ансамбль, атмосфера, көркемдік шешім. Оперетта жанры орындаушыларының және белгілі әнші-актерлердің вокалдық шығармаларының интерпретациялары. Сөзден әнге, керісінше әннен сөзге дауыс бояуын өзгертей бірден өту. Вокалдық-техникалық дағдыларды, вокалдық-сахналық еркіндікті жетілдіру. Динамикалық белгілерді сақтап, орындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Артистің пластикалық мәдениеті ІІ
    Несиелер: 3

    Хореографиядағы музыкалық стильдердің және жанрлардың көрінісі. Тақырыпты анықтау, сюжет құрастыру. Хореографиядағы әртүрлі бағыттарды қолдана отырып композиция құрастыру. Би өрнегі хореографияның мәнерлі құралдарының бірі. Балетмейстер және композитор. Балетмейстер және сценограф.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Спектальдегі пластика ІІ
    Несиелер: 3

    Кейіпкердің пластикалық сымбатын табу арқылы рольге ену. Мизансцена құруда пластиканың көмегі. Спектальдің айтар ойын пластикалық шешім арқылы жеткізу. Спектакльдің би-пластикалық сахналарын қойылымның идеялық-көркемдік шешіміне сүйене отырып режиссердің талдау контестіне сай қоя білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бейнелеу өнерінің тарихы
    Несиелер: 3

    Ежелгі өнер, көне өркениет өнері мен мәдениеті. Батыс еуропалық өнердің үлкен стильдерінің тууы мен эволюциясы: ренессанс, барокко, классицизм, рококо және романтизм. Импрессионистер мен постимпрессионистердің жаңашылдығы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Музыкалық театр актерінің рольмен-партиямен жұмысы IІ
    Несиелер: 7

    Сахналық ойынның шындыққа жақындауы үшін, қажетті актерлік шеберліктің дайын үлгісіне үйрету: мимика, қимыл, дауыс. Актердің сахнада дұрыс ойнауы, кейіпкер эмоцияларының ішкі күйзелістерін сырттай көрсете білуі. Көркемдік бейне құрастыру, әртүрлі мәнерлік құралдарды меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Актердің рөлмен жұмысы II
    Несиелер: 7

    Cахналық бейнені сомдау жолдарын және сахналық әрекет арқылы жүзеге асыру әдістерін игеру. Үзіндімен жұмыс барысында физикалық әрекеттер тәсілін қолдана отырып, оны барлық шығарманың контекстінде талдау жолдарын үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Вокалдық шығармаларды орындау шеберлігі IІ; Вокалдық ансамбль ІІ
    Несиелер: 5

    Интеграцияланған пән: Оперетта жанры орындаушыларының және белгілі әнші-актерлердің вокалдық шығармаларының интерпретациялары. Сөзден әнге, керісінше әннен сөзге дауыс бояуын өзгертей бірден өту. Вокалдық– техникалық дағдыларды, вокалдық– сахналық еркіндікті жетілдіру. Динамикалық белгілерді сақтап, орындау. Сүйемелмен және сүйемелсіз унисонды, екі-үш дауысты шығармаларды орындау. Интонация нақтылығы, ансамбль дикциясы, ансамбльдік гармониялық үндестік.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Спорттық семсерлеу
    Несиелер: 3

    Спорттық семсерлеудің ерекшеліктері, ережелері. Арнаулы сахналық семсерлесу әдістері мен қорғаныстарын меңгеру. Семсерлесудің техникасы мен тактикасының негіздерін қалыптастыру. Семсерлесу техникасын еркін меңгеру мен актерге қажетті дене және психофизикалық қасиеттерді дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Заманауи хореография негіздері
    Несиелер: 3

    Сontemporary, moderndance үш өлшемді кеңістіктегі негізгі және байланыстырушы қозғалыстарды зерттеу (cross бөлімі). Кеңістіктегі ауырлық орталығы және салмақпен жұмыс. Орындаушылық техниканы дамыту. Сахна алаңының әр түрлі жағдайларында би қимылдарын игеру. Заманауи би негізінде құрылған би композициялары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Драматургиялық мәтінмен жұмыс II
    Несиелер: 3

    Драматургиялық сөздің орфоэпиялық және стилистикалық ерекшеліктерімен жұмыс жүргізу тәсілі, пьесаны талдау, монологпен жұмыс, ақ өлең және өлең формасының метрикалық құрылымымен жұмыс тәсілдерін әрі қарай тереңдету. Әлемдік драматургиялық шығармалармен жұмыс істеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Семсерлесу
    Несиелер: 3

    Семсерлесу техникасын меңгеру: зейін, реакцияның шапшандығы, икемділік, ептілік, ырғақтылық «скульптуралық», «сайысты сезіну», «мәнерлік форманы сезіну». Арнайы сахналық сайыс тәсілдері және қорғану негіздерімен танысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Заманауи киім тарихы
    Несиелер: 3

    Заманауи костюмнің даму кезеңдерін игеру. Кәсіби саладағы шығармашылық міндеттерді шешу. Географиялық, экономикалық және әлеуметтік–саяси, субъективті және объективті факторлардың қазіргі заманғы костюмнің қалыптасуына әсері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Пантомима; Этикет
    Несиелер: 4

    Дененің пластикалық тілі арқылы сахналық бейнені игеру. Адам денесінің пластикалық мәнерлілігі, оның бет қимыл-қимылы мен мимикасы. Әр алуан халықтардың әдет-ғұрыптары, киімі, тұрмыстары. Реквизитті қолдана білу және тарихи тұлғалар киімін киіп сахнада іс-әрекет ете білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спектакльдегі би пластикасының қойылымы І
    Несиелер: 3

    Құрастырылатын кейіпкердің психологиялық, жеке, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін түсіну. Белгілібір сахналық мінез-құлықтың айқын да, қолдануға бейім безендірілуін таба білу. Қойылымның би – пластикалық шешімі арқылы режиссердің ойтүйінін түсіндіру және ашу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Заманауи би
    Несиелер: 3

    Орындаушылық техниканы дамыту. Сахна алаңының әр түрлі жағдайларында би қимылдарын игеру. Заманауи би негізінде құрылған би композициялары. Реакция жылдамдығын, зейінділігін, координациялық қабілетін, икемділігін тәрбиелеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сахна тілі өнері І
    Несиелер: 3

    Интонациялық-логикалық талдау жасау үшін мәтінмен жұмыс, ұсынылатын тосын жағдай мен көкейкесті мақсатты анықтау, драматургиялық мәтіндегі контексті, өзекті әрекетті және көкейкесті мақсатты, қисындар перспективасын айқындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Музыкалық театр актері өнері І
    Несиелер: 6

    Кейіпкердің оқиға желісін сезімталдықпен қабылдау қисынын, сахналық тәртібінің әрі қарай жүйеленуін анықтау жолдары. Пьеса мазмұнын, идеясын, өміртанымдық, тарихи, ұлттық ерекшеліктерін және басқа да аспектілерін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Актердің режиссермен жұмысы
    Несиелер: 5

    Режиссер мен актердің шығармашылық жұмыс тәсілдерін игеру. Театрларда қалыптасқан репетициялық үрдістің кең тараған түрлері және өткізу тәртібі. Заманауи театр қойылымдарындағы әртүрлі стилистикада «тіршілік ете білу» жолдары. Режиссер мен актердің мизансценамен жұмысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Театр костюмінің тарихы
    Несиелер: 3

    Киім тарихы тұрмыстық және стильдік тарихи аспект негізінде. Әртүрлі елдер мен халықтар костюмдерінің спецификалық ерекшеліктері. Киім түрлерінің ұлттық белгілері, моральдық нормалары мен эстетикалық идеялдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Спектакльдегі мәтінмен жұмыс І
    Несиелер: 3

    Дауыстың анық та әсерлі шығуы, болашақ актердің әріптесіне сөзбен әрекет ете білуі, кейіпкерлердің мінез-құлқын сомдап, іс-әрекеттерінің шынайы туындауына жете білу; көрермендермен шынайы қарым-қатынастың кәсіби сырларына қанығу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Заманауи хореография
    Несиелер: 3

    Заманауи хореографияның әртүрлі пластикалық композицияларын орындауға қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгеру; сахнада актердің мәнерлі қимылдарын қалыптастыру; қазіргі заманғы би ағымдарының дамуының негізгі кезеңдерін зерделеу; практикалық дағдыларды дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сахналық пластика қойылымы І
    Несиелер: 3

    Дипломдық спектакльдерде пластикалық тұтас бейнені қалыптастыру, жасау, өз денесін еркін меңгеру, әуен мен биді сезіне қабылдау, сахна алаңында еркін орналасу, дипломдық спектакльдердің би пластикалық шешімі арқылы режиссерлік ойды ашу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Вокалдық партиялардағы кейіпкержандылық І; Вокалдық-ансамбльдік орындау І
    Несиелер: 5

    Интеграцияланған пән: Кәсіби білімнің сахна еркіндігімен байланысы. Көркемдік – техникалық дағдыларды жетілдіру, әр түрлі жанрдағы күрделі шығармалардың сипатын, орындау мәнерін анықтау үшін оларды талдау. Шығармалардың ырғағын, екпінін, нюанстерді дұрыс қолданып орындаудың маңызы. Музыкалық спектакльдердегі хор музыкасының жанрлары мен формалары. Әртүрлі мәдениет және кезең шығармаларын орындаудың жанрлық ерекшеліктері: мюзикл және спиричуэлстер. Хормен ән айту барысындағы ырғақтық, динамикалық ансамбльді дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әрлеу
    Несиелер: 3

    Театр қойылымдарындағы грим және оның мәні. Гримнің функциясы мен түрлері. Өздігінен әрлеу жүргізудің практикалық дағдылары. Грим көмегімен бет жазықтықтарын бөлу жұмысы. Театр қойылымдарын көркем безендірудегі гримнің басқа компоненттермен өзара байланысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Драма театры актері өнері І
    Несиелер: 6

    Актерлік шығармашылық даралық. Бейнемен жұмыс барысының өзіндік әдісі. Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін және өзгелермен қарым-қатынастарын терең зерттеу. Кейіпкерлерінің ұмтылыстарын, көзқарастарын, ойларын меңгеру. Актердің этикалық және эстетикалық нормаларын үйрену. Театрдағы актерлік өнердің ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Линеарлық әрлеу
    Несиелер: 3

    Гримдегі линия композициясы. Гримдегі көлденең немесе тік линия көмегімен бейне жасау. Симметриялық композиция. Симметриялық өрнектің көмегі арқылы бетке грим жасау. Асимметриялық композиция. Құрамдастырылған композиция.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кейіпкердің ым - ишара, ишараттары; Сахналық этикет
    Несиелер: 4

    Дене қимылының пластикалық мәнерлігі, қол қимылы, бет-әлпет мимикасы. Ұсынылған тосын жағдайды кеңістікте пластикалық өмір сүру заңдылықтарымен одақтаса отырып жүзеге асыру. Этикет заңдылықтарының кез келген формацияда тұрмыс-тіршілікке, нормаға, салт-дәстүрге байланысты жүзеге асырылуы, жетілуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сахналық пластика қойылымы ІІ
    Несиелер: 3

    Спектакль бойынша талап етілетін көріністерге би сахналарын қою; барлық би типтері мен сахналық көріністі жасау кезінде сахналық сайысты үйрету. Мінез-құлық стилі мен мәнері және сахна кейіпкерлерінің би сипаттамаларын жеткізе алуы. Музыкалық материал негізінде жеке сахнаның пластика фабуласын жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Спектакльдегі мәтінмен жұмыс ІI
    Несиелер: 3

    Дауыстың анық та әсерлі шығуы, әріптесіне сөзбен әрекет ете білуі, кейіпкерлердің мінез-құлқына өзара қарым-қатынас, мотивация, іс-әрекет арқылы әсер ету; көрермендермен шынайы қарым-қатынас нюансы. Әңгімелеуші бейнесі және рөлді орындаушылар бейнесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Дипломдық спектакльмен жұмыс
    Несиелер: 4

    Көзқарастар мен әрекеттерді сараптау. Актерлік іс-әрекеттеріне, рөлдермен өзбетінше жұмыс жүргізу дағдыларына сүйене отырып көркемдік бейне құрастыру. Спектакль кейіпкерлерінің әрекетін жеткізетін сахналық серіктеспен арақатынасты анықтау. Сахналық қойылым жағдайында көрермендермен қарым-қатынас жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Драма театры актері өнері ІІ
    Несиелер: 5

    Актерлік шығармашылық даралық. Бейнемен жұмыс барысының өзіндік әдісі. Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін және өзгелермен қарым-қатынастарын терең зерттеу, кейіпкерлерінің ұмтылыстарын, көзқарастарын, ойларын меңгеру. Актердің этикалық және эстетикалық нормаларын үйрену. Сахналық қойылым жағдайында көрермендермен қарым-қатынас жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Сахна тілі өнері ІI
    Несиелер: 3

    Актер тіліндегі сөздің пластикалық мәнерлігін, тонның рельефтігін, интонацияның батылдығын және ашықтығын, ырғақтық дәлдігін айқындау. Көрермендермен қарым-қатынас нюансы, дауыс мәнерлілігі, әсер ету және серіктеске әсер ету деңгейі жұмыстары. Интонациялық-логикалық талдау жасау үшін мәтінмен жұмыс, ұсынылатын тосын жағдай мен көкейкесті мақсатты анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Музыкалық театр актері өнері ІІ
    Несиелер: 5

    Әртүрлі жанрдағы музыканың актер ойынына байланысты функцияларды атқаруы. Музыка арқылы актер кейіпкерінің көңіл-күйін, мінез-құлқын, бейімділігін, темпераментін, мәдениет деңгейін көрсету. Музыка қойылымның құрамдас бөлігі ретінде. Актерлік бейненің музыкалық және би қимылдары органикалық біріктіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Спектакльдегі би пластикасының қойылымы ІІ
    Несиелер: 3

    Би пластикасының музыкалық материалмен үйлесімділігі. Актерлік бейнені музыкалық және би қимылдарымен органикалық біріктіру. Қойылым драматургиясының пластикалық желісін анықтау. Кейіпкер мінезін анықтау және оның бишілік бейнесінің міндеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Вокалдық партиялардағы кейіпкержандылық ІІ; Вокалдық-ансамбльдік орындау ІІ
    Несиелер: 4

    Интеграцияланған пән: Музыкалық тақырыпқа байланысты сахна кейіпкерінің жағдайы мен көңіл – күйін жеткізе білу. Музыкалық қойылымдарды минусовканың сүйемелдеуімен орындау (музыкалық драма, мюзикл). Рөлді жүзеге асыруда вокалдық партияның перспективасына жұмыс. Опера, оперетта, классикалық мюзиклдерден дуэттер, триолар, квартеттер, ансамбльдерден концерттік бағдарлама құрастыру. Әдеби және музыкалық талғамды анықтау және тәрбиелеу; ұжымда жұмыс істей алу, әртүрлі көркемдік құрылымдағы шығармаларды сахналық тілге аудару алу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON1

    Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін, оның саясатын, сондай-ақ басқа да белді мемлекеттердің және әлем өркениетінің тарихын, тарихи жалғастықтың мәні мен механизмін атай алады

  • Код ON3

    Қазақстанның көптілді және көпмәдениетті қоғамында және халықаралық деңгейде коммуникация міндеттерін тиімді шешеді

  • Код ON6

    Классикалық, заманауи, музыкалық драматургияны және театр өнерінің даму заңдылықтарын біледі

  • Код ON9

    Рольді құрастыру және орындау барысында өзінің дамыған дене аппараты арқылы, қозғалыс міндеттерін, қару және қарусыз сахна сайысын жеңіл атқара алады

  • Код ON7

    Ішкі және сыртқы актерлік техниканы басқара алады

  • Код ON2

    Ұжымның өзара қарым-қатынасы және тұлға аралық философиялық-психологиялық мәдениет негіздерін меңгерген

  • Код ON4

    Информациялық қоғамның дамуына байланысты қазіргі ІТ технологияларының қағидаларын пайдалана алады

  • Код ON8

    Сахналық бейнені сомдау барысында әрекет арқылы талдау мен тәжірибесін жетік меңгерген

  • Код ON5

    кәсіби және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін әлеуметтік, гуманитарлық, құқықтық және экономикалық ғылымдардың негізгі ережелері мен әдістерін қолдана біледі

  • Код ON10

    Театр, кино және ТВ режиссерінің, суретшінің, музыкалық жетекшінің, балетмейстердің негізгі ой-түйіні бойынша, актерлік құралдар арқылы көркем бейне құрастыру білімділігін көрсете алады

  • Код ON11

    Рольді құрастыру және орындау барысында дауыспен сөздің барлық мүмкіншілігін қолдануға қабілетті

Top