Әлемдік сөз өнері дауының ұлттық және жалпы адамзаттық қозғалыстары мәселелері. Әдебиет тарихын дәуірлеу туралы әдебиеттану ғылымындағы ғылыми бағалаудың жүйесі. Қазақ ақындары мен жырауларының шығармашылық мұрасы, әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі, көрінісі. Дәуірлеудегі теориялық мәселелер, ұстанымдар, ғалымдар пікірлері.
Селективті тәртіпҒылым және философия. Ғылым және өнер. Ғылым және дін. Ғылым және адамгершілік. Ғылым этикасы. Ғылым әлеуметтік институт ретінде. Ғылымның философиялық негіздері. Эмпирикалық білімнің құрылымы. Факт мәселесі. Теориялық білім құрылымы. Ғылыми теорияның функциялары. Ғылыми таным әдістері және олардың жіктелуі. Құндылықтар және олардың танымдағы рөлі. Ғылым, жалған ғылым, квазиғылым.
Оқу жылы - 1«Тіл тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәні, әлемдік тіл білімінің қалыптасу және даму жолы, әсіресе қазақ тіл білімінің тарихи жолы, қазіргі ғылымдағы орны. Әрі тарихи, әрі сипаттама әдіске сүйене отырып, қазақ тілінің шығу тегін, түркі тілдерімен бірге өткерген жолын негіздейді. Шумерология мен түркология мәселелері.
Селективті тәртіпФилологияның ғылыми негізі; көркем мәтінді филологиялық талдау туралы түсінік; филологиялық талдаудың методологиясы. Лингвистикалық талдаудың түрлері. Көркем мәтінді стилистикалық талдау, стилистикалық талдау туралы жалпы түсінік, мәтіндерге стильдік талдау жасаудың түрлері. Көркем мәтінге әдеби талдау жасау, әдеби талдаудың мақсаты мен міндеттері, әдеби талдаудың негізгі өлшемдері.
Селективті тәртіпТілді меңгеру деңгейі: В2-С1, жеткілікті және ілгері. Шет тіліндегі кәсіби терминология. Кәсіби ауызша және жазбаша коммуникацияны жүргізу. Іскерлік шет тілі. Ғылыми-зерттеу жұмысын шет тілінде жүргізу негіздері. Ғылыми-әдістемелік және педагогикалық терминология
Оқу жылы - 1Қазақ тілі: зерттелу тарихы. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. Фонетика және фонология. Тіл біліміндегі фонологиялық мектептер. Қазақ тілінің морфонологиясы. Қазақ тілінің лексикологиясы, лексикографиясы мен фразеологиясы. Қазақ тілі сөзжасам жүйесі. Қазақ тілі морфологиясы. Қазақ тілінің сөз тіркесі мен сөйлем жүйесі. Мәтін синтаксисі
Селективті тәртіпӘдебиеттану ғылымының әдебиет тарихына сүйеніп дамуы. Өткен замандағы және бүгінгі әдеби процесті теориялық тұрғыдан тану, түсіндіру. Дәуірлеудегі теориялық мәселелер, ұстанымдар, ғалымдар пікірлері. Қазақ ақындары мен жырауларының шығармашылық мұрасы, әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі, көрінісі
Селективті тәртіпМәтінді (ең алдымен көркем мәтінді тілдік және мағыналық ұғымын талдаудың кәсіби дағдылары; лингвистикалық талдаудың түрлері; мәтін лингвистикасының негізгі мәселелері мен ұғымдары; мәтінді талдаудың негізгі аспектілері; тілдік қарым-қатынас, оның болмысы мен түрлері туралы ұғым; сөйлеу мәдениетінің негізгі ұғымдары мен өлшемдері
Селективті тәртіпПедагогикалық үдерісті жетілдіруге және бағалауға көмектесетін оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістерін мұғалім тәжірибесімен және кәсіби мәнмәтінмен бірлікте қарастыру мәселесі. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу. Қуатты педагогикалық құралдар: оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық т.б. технологияларды қолдану.
Оқу жылы - 1Әдебиеттану мектептерінің әдістемелік негізі. Тарихи тұрғыда әдебиет зерттеулерінің әдістемелері. Әдебиеттің кешенді зерттеулерінің қағидалары. Әдебиет дамуындағы түбегейлі мәселелерді әдебиеттану бағыттары тұрғысынан қарастыру, әртүрлі бағыттардың әдебиеттану концепцияларындағы теориялық алшақтықтардың мәнін дәлелдеу және талдау, Поэтика ерекшеліктерін ашу; көркем шығарманы талдаудың дағдыларын қалыптастыру.
Селективті тәртіп«Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»» негіздері, оның мақсат-міндеті, мазмұны, пәндік ерекшелігі. Тілді оқытудың ғылыми-теориялық негіздері мен заңдылықтары, магистранттарды жоғары мектепте (ЖОО, колледж, т.б.) теориялық, тәжірибелік сабақ жүргізуге дағдыландыру. Оның әдіс-тәсілдерімен, технологияларымен таныстыру.
Оқу жылы - 1Ғылыми-зерттеу жұмысының түрлері. Ғылыми мақала мен ғылыми баяндама жазу. Ғылыми жоба сұраныстарын қанағаттандыру. Ғылыми еңбектер жазудағы ерекшеліктер. Ғылыми таным теориясы. Қазіргі ғылым мен қоғам дамуындағы талаптар. Ғылыми зерттеу проблемасын шешуге бейімдеу. Ғылыми шығармашылық методологиясы. Ғылыми еңбек моделін құрастыру және нәтижеге жетуге құштарлықты ояту.
Селективті тәртіпӘдебиет дамуындағы түбегейлі мәселелер, оларды әдебиеттану бағыттары тұрғысынан қарастыру, әртүрлі бағыттардың әдебиеттану концепцияларындағы теориялық алшақтықтардың мәнін дәлелдеу және талдау, шектеулі поэтиканың ерекшеліктерін ашу, бағыттар поэтикасында көркем шығарманы талдаудың дағдыларын қалыптастыру.
Селективті тәртіпҒылыми-зерттеу жұмысының түрлері, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының аспектілері. Ғылыми мақала мен ғылыми баяндама жасауға машықтандыру; публицистикалық мақала және рецензия негіздемесін қалыптастыру жолдарын меңгерту, ғылыми жоба сұраныстарын қанағаттандыру; ғылыми еңбектер жазудағы ерекшеліктерді игерту.
Селективті тәртіпЖоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы. ЖОО оқытушысының кәсіби құзыреттілігі. Жоғары мектеп дидактикасы. Жоғары білім мазмұны. Кредиттік оқыту жүйесі. ПОӘК құру технологиясы. ЖОО - да оқытудың белсенді формалары мен әдістері. ЖОО-дағы тәрбие жұмысының мәні мен негізгі бағыттары. Жоғары білім берудегі Менеджмент.
Оқу жылы - 1Қазіргі тіл ғылымындағы көптеген теорияларды жүйелеу, ғылыми білімдер жүйесін игеру, олардың методологиялық негіздерін тану. Қазіргі тіл білімінің жай-күйі, ғылыми еңбектер, магистрлік жұмыстарға қажет материалдарды сұрыптау және зерттеу әдістерін таңдау жолдары.
Селективті тәртіпБасқару психологиясының пәні мен негізгі міндеттері. Топтық процестерді басқару психологиясы. Қол астындағыларға әлеуметтік (әкімшілік) әсер ету, оның мүмкіндіктері мен шектеулері. Басшының коммуникативтік құзыреттілігі. Басшының кәсіби қызметінде қарым-қатынас жасау. Психологиялық ерекшеліктері қақтығыс ретінде үлгідегі өзара іс-қимыл. Жанжалда объективті мүдделер мен психологиялық факторлардың рөлі. Жанжалға эмоциялық тартылу. Конструктивтік және деструктивтік жанжал.
Оқу жылы - 2Теориялық әдебиеттанудың дәстүрлі және жаңа парадигмаларын оқытуда ағартушылық бағыттағы әдеби-эстетикалық ой-пікірлердің ұлт-азаттық идеяларға ұласуы. Лирикадағы ұлттық мінез бен көркемдік мәселесі. Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдық мәселесі.Жаңа мазмұн мен ескі форманың арасындағы айырмашылық. «Мәтін» ұғымның мазмұны. Мәтін филология ұғымы ретінде. Әлемдік әдебиеттанудағы аталған ұғымдар туралы пайымдаулар мен пікір қайшылықтарының болуы.
Селективті тәртіпМәтін синтаксисі туралы теориялық түсінік, ғылыми талдаулар жасау. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы – сөздердің байланысу амалдары мен формалары, сөз тіркесі және сөйлем құрылысының негіздері. Синтаксистік тұлға-бірлік ретінде түсінілетін ұғымдардың ғылыми тұжырымдамалары.
Селективті тәртіпОрыс морфологиялық мектебі: формалистер. Шет ел мектебі. Қоғамдық ғылымдар басқа ғылымдардың баспалдағы. Салыстырмалы және әлеуметтік-тарихи әдебиеттанудың арақатынасы. Мәдени–тарихи дәстүр және оның мектептері. Мәтіндегі күрделі және көпфакторлы байланыстарды зерттеу және субъект еркімен туған мәтінді мақсатты мәдениетті уақыт жағынан «үлкен» және «кіші» деп тану. Мәтінтану дәстүрі және оның мектептері.
Селективті тәртіпФункционалдық лингвистиканың ғылыми бағыттары. БАҚ тілі және оның орыс тіліндегі сөйлеушілердің күнделікті сөйлеу тіліне әсері. Орыс тілін демократизация сы және оның заманауи коммуникацияға әсері. Жаңа сөздерді қалыптастыруда ғы қазіргі тенденциялар мен олардың лексикографиясының мәселелері. Тіл біліміндегі «тілдік-сөйлеу» мәселесі. Мәтін лингвистикалық зерттеу объектісі ретінде. Қазақстандағы орыс тілінің дамуы.
Селективті тәртіпМагистранттардың теориялық түсінігін жетілдіріп, ғылыми талдаулар жасай алуы. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы – сөздердің байланысу амалдары мен формалары, сөз тіркесі және сөйлем құрылысының негіздері. Синтаксистік тұлға-бірлік ретінде түсінілетін ұғымдардың ғылыми тұжырымдамалары, магистранттардың аталған салаға қатысты нақты білім алуы.
Селективті тәртіпҚазақ тіл білімі мен әдебиеттануда қалыптасып жатқан жаңа ғылым салаларының теориялық негіздерін саралайды. Қазіргі білім беру парадигмасындағы функционалды грамматика, когнитивтік лингвистика, қазақ лингвофольклористикасы, т.б. бағыттардың жаңа концептуалды идеяларын түсініп, алған білімін кәсіби деңгейде, ғылыми зерттеулер жүргізу барысында қолдана алады.
Қазақ және әлем әдебиеті контексінде заманауи Қазақстандағы әдеби үрдістің даму заңдылықтарын, жанрлық және стильдік, эстетикалық ерекшеліктерін, фольклор мен әдебиеттанудың ғылыми негіздерін саралай алады.
Жазушының көркем шығармалардағы шеберлігін және әдеби тұлғаларды талдаудағы негізгі заманауи ұстанымдарды, әртүрлі тәсілдер мен әдістерді пайдалана отырып, шығармалардың пішіндік, мазмұндық ерекшеліктерін аша алады, әдеби-сыни жұмыстарды талдай алады.
Тіл мен әдебиетті зерттеудің жаңа технологияларын меңгеріп, зерттеу жұмыстарында қолдана біледі.
Кәсіби бағытталған мәтінді түсіндіреді және мамандық бойынша терминдерді пайдалана алады.
Қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымдарын дәлелді қорғайды және сауатты философиялық пікірталас жүргізе біледі.
Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді және қызметке қатысты кез келген істе шешім шығара алады.
Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға, логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпараттарды өңдей біледі.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, ҚазақшаАймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: РусскийИнновациялық Еуразия университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, ҚазақшаХ.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
БББТ: M060 Филология
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша