Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04141 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (B2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы түрік тілінің грамматикалық ережелерін сөйлеу мен жазуда қолдана алады. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мемлекет және құқық теориясы.
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қоғамдағы саяси экономикалық, əлеуметтiк құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмiрдегi қарым-қатынастарды реттеу, басқару əдiс-тəсiлдерiн, объективтiк заңдылықтарын анықтау. Құқық мемлекеттiк органдардың құрамын қалыптастырудың ретiн, жұмыс тəртiбiн жəне оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекiтедi жəне қорғайды. Студенттер қоғамның қалыптасуын, мемлекет пен құқықтың өмірге келу заңдылықтарын және қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы, мақсатын үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мемлекеттік басқару теориясы
    Несиелер: 5

    Нарықтық экономика жағдайында заманауи мемлекеттік басқарудың негіздері мен мәнін, оның субъектілері мен объектілерін, кәсіби қызмет түрі ретіндегі мемлекеттік басқарудың мазмұнын, мемлекеттік басқару мен бизнесті басқару арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көре білуі тиіс. Мемлекеттік басқару жүйесі туралы кешенді түсінігі болып, оны құраушылардың мемлекеттік басқару жүйесі туралы кешенді түсінігі болып, оны құраушылардың: үрдістің, мақсаттардың, функциялардың, қағидалардың, әдістердің, органдардың, мемлекеттік басқару кадрларының мәнін түсінуі керек.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жасыл экономика саясаты және Индустрия 4.0 кіріспе
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - Білімгерлердің негізгі жасыл экономика саясаты және индустрияға кіріспе білім дәрежесін көтере отырып, жасыл экономикалық ұғымдар мен тұжырымдардың мағыналарын негіздеу, Қазақстан экономикасының инновациялық дамыту мүмкіндігін анықтауға талдау жасау қабілетін қалыптастыру. Инновациялық қызметтің тиімділігі бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық ілгерілеудің шешуші факторларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, инновациялар тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді қоса алғанда, жаһандық проблемаларды шешу үшін маңызды. «Индустрия 4.0» қарсаңында инновациялар арқылы өнімділікті арттыру жолдарын қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономикалық теория
    Несиелер: 3

    Аталған пән студенттерге экономика туралы көзқарас, экономикалық дамудың заңдылықтары, негізгі ұғымдар мен категориялар туралы негізгі білімді береді. Экономикалық теория экономиканың қызмет етуінің іргелі мәселелерін қарастырады және зерттейді, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму эволюциясын, жеке ұдайы өндірістің заңдылықтарын, ұлттық экономика деңгейіндегі ұдайы өндірісті, мезоэкономика және әлeмдік шаруашылықты қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіби шет тілі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби мәдениетаралық қарым-қатынасқа қажетті шет тілдік құзыреттілік негіздерін меңгеруі, ақпараттық қызметтің құралы ретінде пайдалану үшін шет тіліндегі ауызша және жазбаша қарым-қатынас негіздерін игеруі арқылы өзін-өзі тәрбиелеу. Курсты аяқтағаннан кейін студенттер өздерінің мамандықтары, кәсіптік лексикасы бойынша негізгі іскерлік тілді үйренеді; кәсіби бағдарланған мәтіндерді түсіну дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жаңа мемлекеттік менеджмент және демократиялық мемлекеттік басқару
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - Мемлекеттік басқарудағы бизнесті басқару құндылықтарының үстемдігі бағытындағы реформалар жаңа мемлекеттік басқару тәсілі аясында тұжырымдалған. Бұл курста мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілін дамыту талқыланып, оған негізделген негізгі құндылықтар қарастырылады. Курстың соңында тұжырымдамалық ойлау, әлеуметтік және саяси мәселелерді анықтау, мәліметтер жинау, талдау және түсіндіру қабілеттерін қалыптастырады; осы мақсаттарға сәйкес ғылыми әдістерді қолдану қабілетіне ықпал етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын тілі)
    Несиелер: 5

    Бұл пән шет тілінде кәсіби сөз жасамының негізгі жолдарын және сөз тіркестері мен түрлі қарым-қатынас жағдаяттарын үйретуга арналған. Пәннің мақсаты білім алушыларға алған білімдерін бизнес шет тілінде ауызша және жазбаша пайдалануды үйрету. Өз саласы бойынша практикада алған шет тіліндегі білімдерін болашақ мамандықтарында қолдана білу, яғни бизнеске арналған пәндерді шет тілінде оқып білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Менеджмент және маркетинг негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерді кәсіпорынды ұйымдастырудың және басқарудың негізгі қағидалары мен әдістерін, қазіргі заманғы жағдайдағы кәсіпорынды басқару теориясы мен практикасының негіздерін, басқару саласындағы шешім қабылдау процестерін, қалыптасқан кезден бастап салалық бәсекелестік жағдайында жұмыстың заманауи әдіс- тәсілдерімен таныстыру, теориялық негіздермен және әдістермен қабілетін көрсету, әлеуметтік зерттеулер жүргізе білу қабілетін қалыптастыру, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жаңа білімдер мен дағдылармен қаруланған білікті мамандар даярлау болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби түрік тілі.
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - білім алушыларға кәсіби түрік тілінің лексикалық және грамматикалық компоненттері туралы білімдерін құру, алған білімдерін ауызша және жазбаша пайдалану. Өз саласы бойынша практикада алған түрік тіліндегі білімдерін болашақ мамандықтарында қолдана білу, яғни кәсіби біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Кәсіби арнайы пәндерді түрік тілінде оқып білу – бұл еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман даярлаудың басты құралы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыни және жүйелі ойлау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - дүниетанымдық ұғымдар мен категориялар арқылы адам өз өмірін қайта құруға талпынып, жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізіп, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал ету, дәйекті, әрі дұрыс ойлау арқылы өзіне және қоғамда болып жатқан процестер мен өзгерістерге аналитикалық ойлау тұрғысынан логикалық сараптама жасау. Сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері,кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын, және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттердің көшбасшылық теориясы, принциптері, негіздері туралы негізгі, кәсіби білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар, білім беру ортасында көшбасшылық қасиеттерді, дамыту және жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін факторларды анықтайды. Көшбасшылықтың тұлғалық теориясын, командалық жұмысты ұйымдастыруды қарастырады. Мінез-құлық және жағдаяттық көшбасшылық. Білім беруді ұйымында көшбасшылық стильдерді жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мемлекеттік қаржы және бюджет
    Несиелер: 4

    Курсты оқу барысында студенттер мемлекеттік қаржы мен бюджеттің ұғымын, олардың қатынастарындағы орны мен ролін ашықтайды; нарықтық шаруашылықтағы мемлекеттік қаржы мен бюджеттің құрамы мен олардың буындарының сипаттамасын ұғынады; функционалдық мазмұнының ерекшеліктерін, олардың жіктеу сипаттарын, қаржы мен бюджет жүйесі құрылымындағы көрінісін үйренеді; мемлекеттік кіріс пен шығыстардың ұғымын, диалектикасын, құрылымы мен жіктемесін игереді. Сонымен қатар осы саладағы болашақ мамандар қаржы мен бюджеттік қатынастардың ұдайы өндіріс үрдістерін қоғамның әлеуметтік дамуында қолдану дағдыларына ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ата-түрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіби бағытталған шет тілі (түрік тілі)
    Несиелер: 3

    Кәсіби бағытталған шет тілі курсы түрік тілді материалды меңгерудің негізін қалыптастыруға, базалық ақпараттың түрік тілдік мағынасын, кәсіби шет тілі терминологиясының негізін қалыптастыру. Халықаралық байланыстың арнайы мамандандырылған терминологиясы шеңберінде түрік тілін байланыс құралы ретінде меңгеру. Пәнді оқыту мақсаты білімгерлердің түрік тілі деңгейін көтеру, түрік тілінде кәсіби міндеттерді шешуде қажетті дағдыларын меңгеру мен көшбасшылық қасиеттері бар жоғарғы білікті кадрларды дайындау болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жергілікті өзін-өзі басқару
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттердің жергілікті өзін-өзі басқарудың принциптері, әдістері мен механизмдерін игеруі, Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару теориясы мен практикасын зерттеу. Сонымен қатар ұйымдастырушылық құрылымы мен функционалдық бағыттарын; - демократия теориясының, тікелей демократия институтының, муниципалдық меншікті, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық ресурстарын басқаруды зерттеу; өзін-өзі басқарудың негізгі түйінді ұғымдарын білу; - Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың нормативтік-құқықтық базасын білу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мемлекеттік басқарудағы болжау
    Несиелер: 5

    Бұл курсты оқу барысында студенттер мемлекеттiк деңгейде болжамдық есептеулер жүргiзу дағдысын қалыптастырады; елдiң және белгілі бір аймақтың, облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының неғұрлым оңтайлы нұсқаларын анықтауды үйренеді; мемлекеттің құрылымдық, инновациялық, фискалдық, монетарлық, бағалық, әлеуметтiк және сыртқы экономикалық саясаттарын тиімді қалыптастыру жөнiнде мәселелерді шешу және оларды жетілдіру жолдарын әзiрлеуді дағдыланады; мемлекеттік басқару бойынша мемлекеттік қызметтің бастапқы кезеңі ретінде болжау және жоспарлау біліктілігін игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • ҚР Конституциялық құқығы және Әкімшілік құқық
    Несиелер: 5

    Бұл пән студенттердің ұғымдарды және құқықтық терминдерді ұғынуын мақсат етеді. Студенттерде конституциялық және әкімшілік құқықтың ұлттық құқық жүйесіндегі рөлі, демократиялық қоғам, құқықтық мемлекет, оның органдары мен институттары, адам және азаматтың құқықтық мәртебесі туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастырады. Сондай ақ, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, конституциялық құрылысты сақтау мен қорғаудағы мемлекеттік қызметкерлердің рөлі туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Электронды үкімет және мемлекеттік қызметтер көрсету саясаты
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білімгерлерге мемлекет пен азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының бірыңғай механизмі, олардың ақпараттық технологияларды пайдалана отырып бір бірімен келісімділігін қамтамасыз ететін жолдарды үйрету болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер электрондық үкіметтің барлық мүмкіндіктерін қалай пайдалануға болатындығын үйренеді, мемлекеттік қызмет көрсетудің мәнін, ондағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылауларды игереді. Курсты жетік оқып бітірген болашақ мамандар мемлекеттік қызметтер жүйесін қарастырып, мемлекеттік қызмет көрсету процедурасын жетілдіру жолдарын ұсыну дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Стратегиялық форсайт, заманауи технологиялар және үлкен деректер теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білімгерлерде ғылым, технология, экономика, болжау, даму стратегиялары, мемлекет пен қоғам салаларында сапалы жаңа нәтижелерге қол жеткізу үшін басымдықтарды айқындауға үйрету. Форсайт-жобалардың қорытындылары бойынша жол карталары әзірленеді. Заманауи технологияларды күнделікті жұмыста қолдану және үлкен деректер теориясына түсінікті қалыптастыра отырып кәсіби қызметтегі жобалық мүмкіндіктерді анықтау және жобалық мақсаттарды қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Еңбек құқығы.
    Несиелер: 5

    «Еңбек құқығы» курсы қызметкерлердің жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын және олармен тікелей байланысты, олардан туындайтын басқа да жанасатын қатынастарды реттейтін және еңбек құқығы субъектілерінің өндірісінде еңбек жөніндегі құқықтар мен міндеттерді және оларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін құқық нормаларының жүйесін зерделейді..

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Деректерге негізделген басқаруды жүзеге асыру
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерге саясат және технология тұрғысынан даму үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қатысты негізгі ұғымдарды, ережелерді және теорияларды таныстыруға бағытталған. Яғни, студенттерге қазіргі цифрлық технологияның мүмкіндіктерін мен дамуын түсіндіріп, саясатты қалыптастыруда бұны қалай пайдалуға болатындығын үйрету. Сондай-ақ, курс барысында студенттер деректерге негізделген басқаруды пайдалану, мағлұматтарға талдау жасау дағдыларын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Макроэкономика
    Несиелер: 5

    Пән құрылымы пәннің ерекшеліктерін және макроэкономиканы зерттеу әдістерінің айрықшылығын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Экономиканың макродеңгейі мен макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктеріне назар аударылады. Осыған орай курс барысында: негізгі макроэкономикалық агенттердің өзара байланысы; макроэкономикалық көрсеткіштердің жиынтығы; макроэкономикалық тепе-теңдіктің модельдері: «AD-AS», «Кейнстің кресі»; қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерде жабық және ашық экономика шарттарындағы экономиканың қызмет ету ерекшеліктері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қаланы басқару (Smart cities)
    Несиелер: 5

    Пәннің оқыту мақсаты – студенттер болашақ кәсіби тәжірибесінде қала тұрғындарын жайлы өмірмен қамтамасыз етіп, қоғам өмірінің барлық саласын барынша автоматтандырып, өмір сапасын арттыру жолдарын жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан курсты оқу барысында студенттер өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың жолдарын үйренеді. Нәтижесінде болашақ мамандар дамуға даңғыл жол ашып, уақыт пен тиімділікті арттырып, тұрғындарға жайлылық пен комфорт сыйлайтын дағдыларға ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мемлекеттік қызмет
    Несиелер: 5

    Пәнді оқып-үйренуде келесі аспектілер қарастырылатын болады: мемлекеттік қызметтің функциялары мен мазмұны, мемлекеттік органдар мен басқаруды ұйымдастырудың интеграцияланған, функционалдық және салалық тәсілдері, мемлекеттік қызмет лауазымдарының жүйесі, оларды санаттар бойынша бөлу, мемлекеттік қызметтің принциптері мен механизмі, кезеңдері, шарттары, мемлекеттік қызметке адамдарды іріктеу, мемлекеттік қызметке өту және тоқтату, мемлекеттік қызметшінің мансабы және оны жоспарлау принциптері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мемлекеттік сектордағы маркетинг
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерді мемлекеттік сектор маркетингінің тұжырымдамаларымен, принциптеримен және негізгі қағидаларымен таныстырады және мемлекеттік басқаруда қолдануға болатын маркетингтік стратегияларды үйретеді. Курс барысында студенттер ұйымның беделін көтеру және стратегиялық мақсатқа жетуге көмектесу үшін маркетингтік принциптер мен тәсілдерді қолдану, стратегия мен жоспар құра отырып тұтынушыға бағытталу және байланыстарды жақсарту дағдыларын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық көші-қон саясаты
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты- студенттерге халықаралық көші-қон мен халық қозғалысының мемлекеттердің сыртқы саясатына және осы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдардың саясатына әсерін түсіндіру. Курс барысында студенттер, әр түрлі көші-қон теориялары шеңберінде көші-қон, эмиграция, иммигрант, босқын, баспана іздеуші, шыққан ел, баратын ел, транзиттік ел және т.б. тақырып бойынша, кейбір мемлекеттердің (АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония және т.б.), әсіресе Қазақстанның көші-қон саясатын аналитикалық талдау дағдыларын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ауылшаруашылық территорияларды дамыту
    Несиелер: 5

    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту, еңбек өнімділігін жоғарлату және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру өз кезегінде жоғары білікті кадрларды дайындау. Ауыл шаруашылықты дамыту, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Ауыл шаруашылық территорияларды дамуына ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өндірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар жүзеге асыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркітілдес мемлекеттерде мемлекеттік басқару
    Несиелер: 5

    Курс барысында түркітілдес мемлекеттердің мемлекеттік билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн және де негізгі басқару формаларымен бірге, түркітілдес мемлекеттердің заңнамаларды зерттеу қарастырылады. Саясат, басқару және экономикалық тұрғыдан түркітілдес мемлекеттерде мемлекеттік басқарудың кезеңдік дамуын бағалайды. Студенттер курс барысында зерттеу негізінде шешім қабылдау мен өз мүмкіндіктерін сыни талдау қабілетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Адам ресурстарын стратегиялық басқару және өзгерістерді басқару
    Несиелер: 5

    Курс барысында адам ресурстарын басқарудың негізгі концепциялары, тәсілдері және заңдылықтары, ұйымда дарындыларды басқару мен оларды ынталандыру шаралары, ұйымның кадрлық құрамын жинақтау, есепке алу және бағалау кезінде психологиялық білімді қолдану спецификалары қарастырылады, сонымен қатар персоналды басқару технологиясын жүзеге асыру кезіндегі алған білімдерін тиімді қолдануға мүмкіндік беретін тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. Нарықтағы өзгерістерге қызметкерлерлі икемдей алу дағдысын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Іскерлік этика және мемлекеттік қызметтегі этика
    Несиелер: 4

    «Іскерлік этика және мемлекеттік қызметтегі этика» пәнін оқытудың негізгі мақсаты - білімгерлерде мемлекеттік қызмет этикасы туралы теориялық білім кешенін қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлердің келіссөз жүргізуінің этикалық нормасын өңдеу, мемлекеттік қызмет этикасын жетілдіру бойынша шаралар жүйесін негіздеу және өңдеу, қазақстандық мемлекеттік қызмет этикасын талдау болып табылады. Студенттер пәнді оқу барысында мемлекеттік қызметті дамытудағы іскерлік және қызметтік этиканы жетілдірудегі шетелдік тәжірибені талдау негізінде экономикалық ойлау мен сананы өңдеу дағдыларына және қазақстандық мемлекеттік қызмет этикасын жетілдіру бойынша шаралар кешенін дайындау қабілеттеріне ие болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Гендерлік саясат
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты-гендерлік теңсіздік себептері мен салдарларына негізделген гендерлік теңдік саясатын талқылау. Бұл курс теңдік және кемсітушілікке тыйым салу қағидатының осінде жынысқа қатысты негізгі мәселелер мен қазіргі мәселелерді теориялық тұрғыдан зерделеуге, олардың Қазақстанда және бүкіл әлемде гендерлік теңдік жөніндегі жұмысты ұстануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың әлеуметтік өмірді эгалитарлық тұрғыдан бағалау және мінез-құлықты дамыту қабілетін жақсартуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі кездегі жаһандану және қауіпсіздік қағидалары
    Несиелер: 5

    Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясатшылардың әрқилы пікірлерін сараптап, қазіргі заманғы тарихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай қалай пайдалануға болатындығын білімгерлерге үйрету. Әлеуметтік зерттеулер жүргізу негізінде мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде болып жатқан мемлекеттік және әлеуметтік саясатты салыстырмалы талдау және ақпаратты жинақтау негізінде шешім қабылдау, өз мүмкіндіктерін сыни талдау қабілетін білімгерлерде қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлеуметтік медиа, даму және демократиялық мемлекеттік басқару
    Несиелер: 4

    Бұл курстың мақсаты студенттерге әлеуметтік медианы түсіндіру, әлеуметтік медианың қоғамға қалай әсер ететіндігін, тұрақты даму мақсаттарына жету үшін әлеуметтік медианы пайдаланудың озық тәжірибелерімен бөлісу, әлеуметтік медианың басқарудағы рөлі туралы түсінікті дамыту, оның ұлттық саясат пен бағдарламаны құруға әсерін талқылау. Курс барысында студенттер әлеуметтік медианың қоғамға жағымды және жағымсыз әсерін талдау дағдыларын игереді, қоғамдық қатынастардың негізгі ұғымдарын анықтай алады, қоғамдық қатынастарда қолданылатын құралдар мен әдістерді түсіндіре алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Басқарудағы инновациялық шешімдер
    Несиелер: 5

    Курста инновациялық менеджменттің мәні, инновация көздері, инновациялық идеяларды қалыптастыру әдістері, инновацияның жалпы шарттары, сонымен қатар белгілі бір объектінің сыртқы ортасын инновациялық басқару, т.с.с. оны дамытудың жалпы шарттары, шешім қабылдау технологиясы, басқарушылық шешім қабылдау теориясының негізгі аспектілері мен инновацияларды енгізудегі мүмкін кедергілерді қарастырады. Басқарудағы жаңа идеяларды ұсыну, шешімдері мен оларды жүзеге асыру жолдарын табу қабілеттері дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ұйымдастыру мәдениеті
    Несиелер: 5

    Курс ұйымдық мәдениет тұжырымдамасын, оның құрамдас элементтерін, функцияларын, құндылықтарын және ұйымның имиджін қарастырады. Кәсіпорынның ұйымдық мәдениеті мен оның кадрлық саясатының сипаттамаларын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтайды. Ұйымда дау дамай жағдайында дұрыс шешім қабылдау мен дағдысын білімгерлерге түсіндіруді басты негізге алады. Қызмет барысында адамдардың мәдениетін тиімді басқару дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беретін әртүрлі деңгейде қолданылатын құралдар жиынтығымен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Өнеркәсіптік саясат
    Несиелер: 5

    Өнеркәсіптік саясатқа кіріспе экономикалық дамудың заңдылығын білу қажет. Заманауи экономикалық өмірдегі микро және макро деңгейдегі ұйымдардың негізгі ұстанымдарын қалыптастыру Экономикалық ілімдегі экономиканың эволюциялық дамуын білу. Ұйымның қаржы-несие жүйесінің құрылымын, әр буынның мінездемелерін, салық төлеушілердің құқығы мен міндеттерін білу; инвестицияны қаржыландыру және несиелендіруді қаржылық жоспар құрылымында негіздей білу; Ұйымдардың және басқа да экономикалық қатынастардың субьектілерінің қызметі мен мемлекеттегі қаржы саясатына талдау жасап қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жаһандық қоршаған орта саясаты
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты- студенттерді экологиялық мәселелерді шешу және қоршаған ортаны басқару туралы мағлүмат бере отырып, Халықаралық экологиялық мәселелерді шешу үшін құрылған саясат саласына қатысты теориялық және практикалық аспектілерге үйрету. Осы курс барысында студенттер Жаһандық экологиялық саясаттың жалпы дамуына, оның қазіргі жағдайы мен болашағына қажетті талдау жасай алады және халықаралық аренада саналы түрде келіссөздер жүргізе алатын дағдыларды игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мемлекеттік қызметтегі және басқа ұйымдардағы іс-құжаттар жүргізу негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың бағдарламасын меңгеру барысында студенттер мемлекеттік басқаруда құжаттамалық қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік мәселелерін қарастырады; мемлекеттік қызметтегі құжаттама жүйесін ұйымдастыру, жүзеге асыру және оны әрі қарай жетілдіру жолдарымен танысады; негізгі іскерлік құжаттарды дайындауды, оларды рәсімдеу принциптерін игереді; болашақ кәсіби қызметтерінде іс-құжаттарды жүргізудің тәжірибелік дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастырады. Жоғарыда айтылғандар болашақ мамандарға оқуда, тәрбиеленуде, өзін-өзі тәрбиелеуде, өмірінің түрлі салаларында алған білімдерін тәжірибеде қолдануда жоғары тиімділікке жетуге жол ашады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Салыстырмалы саяси талдау
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаты - студенттерді әртүрлі саяси жүйелер туралы хабардар ету және оларға осы жүйелерді салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру. Сонымен қатар, студенттерді салыстырмалы саясат саласында жұмыс жасайтын саясаттанушылар қолданатын әдістер мен тұжырымдамалармен таныстыру көзделген. Курс саяси жүйелердің институционалды құрылымын, қоғамдар мен мемлекеттік билік арасындағы қатынастарды зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аймақтық экономика және жергілікті басқару
    Несиелер: 5

    Мемлекеттің ерекше мемлекеттік құрылымы, аймақтардың табиғи-климаттық, географиялық, демографиялық жағдайларының әр алуандығы, олардың әлеуметтік-экономикалық даму теңсіздігінің күшеюі ҚР әр аймағының ерекшелігін зерттеу, олардың дамуы мен қызмет етуінде рациональды тәсілді анықтайды. Мемлекеттің экономикалық саясатында аймақтардың дамуын басқарудың тиімді механизмдерін жасау мен жүзеге асыру жолдарын ұсынады. Аймақтық деңгейде елдің шаруашылық механизмінің қызмет етуінің экономикалық механизмін қалыртастырудың мүмкін жолдарын кешенді оқытудан тұрады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Энерджи менеджмент саясаты
    Несиелер: 5

    Курс энергетикалық тиімділікке әсер ететін энергия ресурстарын пайдалануды, жоспарлауды қамтитын энергетикалық саясатты дамытуды оқытады. Сондай-ақ, энергияны тұтынудың негізгі деңгейін анықтауды, энергияны басқарудың мақсаттары мен міндеттерін анықтауды, оның ішінде ұйымның энергия тиімділігін өлшеу мен бақылау үшін қолайлы негізгі көрсеткіштерді қамтуы тиіс. Білімгерлерге энергия менеджменті жүйесін енгізу мен пайдалану процесінің құжатталуын, энергия менеджменті энергияны басқару өнері ретінде білуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дипломаттық және консулдық қызмет негіздері
    Несиелер: 5

    Мемлекеттің сыртқы саяси қатынастарында елдердің арасындағы дипломаттық және консулдық байланыстарды орналастыру, дамытуда олардың деңгейі, тиісті номативтік-заңға сүйенген базасының бар болуы және тағы басқаларды анықтау. Мемлекеттің дипломаттық қызметі сыртқы саясаттың негізгі бағыттарының анықтауын құралмен, бекіту және қойылған стратегиялық және тактикалық мақсаттардың табысының әдістерін зерттейді. Дипломаттық және консулдық қызметте нормативтік-құқықтық актілер негіздерін тәжірибеде қолдану мүмкіндігі

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жобалық менеджмент, мемлекет және бизнес
    Несиелер: 5

    Жобалық менеджмент, мемлекет және бизнес пәнінің мақсаты экономиканың мемлекеттік секторын басқарудың қызметтері мен әдістері туралы теориялық, тәжірибелік және ғылыми білімдерді жалпылау, сонымен қатар, студенттерге үкімет пен бизнес арасындағы ара-қатынас бір жағынан, жеке кәсіпкерлердің стратегиясы мен тактикасына, ал екінші жағынан, мемлекеттік экономикалық саясат процесіне қалайша ықпал ететінін түсінуге мүмкіндік беру. Мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және олардың құрылғыларының функцияларын жан-жақты зерттеу болып табылады. Нарықтық экономикадағы бизнестің түрлерін зерттеу, тиімді кәсіпкерлікті қалыптастыру, сондай-ақ басқару жүйесін әзірлеуге қатысу қабілетін меңгеру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Стратегиялық консалтинг, халықаралық институттар және БҰҰ тұрақты даму мақсаттары
    Несиелер: 5

    Білімгерлерде басқарушылық консалтинг, консалтингтік қызмет түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. Жаһандық және аймақтық нарықтарда басқару консалтингінің түрлерін зерттеу. Консалтинг қызметін ұйымдастыруды басшылыққа алып, корпоративті басқарудағы сапалы нәтижелерді уақытылы алуға бағытталған жобаны басқарудың заманауи әдістерін қолдана білу. БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары аясында негізгі бағыттары мен санаттарын талдау, елдегі трансформация, білім беру мәселелерін дамыту және аз қамтылған халықтың әлеуметтік жағдайын қарастыру болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мемлекеттік басқаруда қолданбалы зертеу әдістері және блокчейн
    Несиелер: 6

    Мемлекеттік басқаруда қолданбалы зерттеудің әдіснамалық негіздері, ғылыми таным әдістері және логикасы туралы білімдерін тереңдету, қолданбалы зерттеу барысында әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу және іздеу, деректерді жинау мен ғылыми ақпаратты өңдеу, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу дағдыларын жетілдіру.Білімгерлерде блокчейн туралы түсінік қалыптастыру. Мемлекеттік басқаруда блокчейн технологиясын салаларда қолдану, мемлекет пен бизнес үшін блокчейн технологиясын қажеттілігін түсіндіру. Әлеуметтік зерттеулер жүргізе білу, салыстырмалы талдау жасай алу қабілетін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық жария және жеке құқық
    Несиелер: 5

    Халықаралық жария және жеке құқық пәнінде құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғы шартын зерттейді. Халықаралық құқықтың нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан келіп туындайды. Халықаралық қатынастар халықаралық құқықпен реттеледі, сонымен бірге оның нормаларына өз әсерін тигізеді. Халықаралық құқық кез-келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие болатын жан-жақты және дамыған халықаралық қатынастарды реттейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON9

    Нормативтік және нормативтік емес актілердің жобаларын әзірлейді, сондай –ақ, нормативтік құқықтық актілері туралы пікірді қалыптастырады, ҚР мемлекеттік қызметінде, сонымен қатар халықаралық, дипломаттық және консулдық қызметте нормативтік-құқықтық актілері негіздерін тәжірибеде қолданады, ақпаратты жинақтау және жүйелеу мүмкіндігін, басқару жүйелерін талдауға және модельдеуге арналған бағдарламалық құралдарға иеленетін деректер базаларын құрады, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттық-әдістемелік материалдарды дайындайды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтегі тұлғалар қызметіне арналған әдістемелік және анықтамалық материалдарды әзірлейді.

  • Код ON3

    Қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады, сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады, қоғамның өмір сүру ортасының экологиялық танымын біледі, адамгершілік міндеттемелердің, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің, құқықтық сауаттылықтың маңызын түсінеді, қызметінде қолданады.

  • Код ON1

    Мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады, жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді, барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады.

  • Код ON4

    Кәсіби қызметі саласындағы базалық кәсіби білімдерін, негізгі тәсілдері мен әдістерін пайдалану қабілетіне ие, ғылыми зерттеулер жүргізе біледі және дағдыларын тәжірибеде тексереді, кәсіби білімін және дағдыларын арнайы шеңберлі мамандықта, ғылыми және техникалық қызметінде халықаралық серіктестік шеңберінде қолданады.

  • Код ON8

    Теориялық негіздерімен және әдістерімен қабілетін көрсетеді, әлеуметтік зерттеулер жүргізу, мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде болып жатқан мемлекеттік және әлеуметтік саясатты салыстырмалы талдайды, мемлекеттік билік органдарында, жергілікті басқару органдарында іс қағаздарын жүргізу және құжат айналымын жүргізуге қатысады, мемлекеттік ұйымдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде, ұйымдарда қызмет көрсету сапасын жақсартуды жүзеге асырады.

  • Код ON10

    Экономиканы реттеу бойынша мемлекет қызметінің бастапқы кезеңі ретінде болжауды және жоспарлауды жасайды, экономикалық өсуді қамтамасыз етудің мәнін, факторлары мен әдістерін, ұйымдастыру негіздері және аймақтық экономиканы мемлекеттік реттейді және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамытады, тиімді кәсіпкерлікті қалыптастырады, жер ресурстары мен энергия көдерін орынды пайдаланады.

  • Код ON11

    Басқару жүйесін әзірлеуге қатысу қабілетін меңгереді және осы шешімдерді іске асыру үшін жауапкершілік, өз лауазымдық міндеттерін орындайды, өзіндік, шығармашылық жұмыс дағдыларын білу; өз еңбегін ұйымдастыра білу, жаңа идеяларды тудыру, оларды жүзеге асырады, кәсіби қызметтегі жобалық мүмкіндіктерді анықтайды және бағалаудағы жобалық мақсаттарды қалыптастырады, сапалы нәтижелерді уақытылы алуға бағытталған жобаны басқарудың заманауи әдістерін қолданады.

  • Код ON6

    Мемлекетік заңдарды жүйелендіру және экономикалық талдау, экономикалық және әлеуметтік процестерді реттейді, сонымен қатар экономикадағы проблемаларды шешу білімдерін қалыптастырады.

  • Код ON7

    Кәсіби халықаралық байланыстың арнайы мамандандырылған терминологиясы шеңберінде шет тілдерінің бірін байланыс құралы ретінде меңгереді, байланыс құралдары (сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу) ауызша және жазбаша формаларын жүзеге асырып, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін байланыс және білім құралы ретінде шет тілін пайдаланады, мемлекеттік тілде іс қағаздарын кәсіби түрде жүргізу, тиімді іскерлік қарым-қатынас, сөйлеу, іскерлік хат алмасу дағдыларына ие болады. Конструкциялық диалог ауқымындағы іскерліктері мен дағдыларын нұсқауларға сәйкес жүзеге асырады, көпмәдениетті,көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда сындарлы диалог орнатып,әлеуметтік әріптестік пен диалог жүргізу дағдыларын иеленеді, кәсіби іс-тәжірибе барысында алған дағдылары мен біліктіліктерін әрі қарай жетілдіреді.

  • Код ON5

    Кәсіби қызметі барысында ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылайды, тексереді.

  • Код ON2

    Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады, мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады.

Top