Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D05310 Техникалық физика(АТМО) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми зерттеулерді өнеркәсіптік кәсіпорындарға интеграциялау үшін жылу физикасы мен теориялық жылу техникасында инженерлік эксперименттерді компьютерлік модельдеу көмегімен инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге бағытталған қолданбалы міндеттерді шешу үшін жұмыс тобының жетекшісі және сарапшы дағдыларымен ғылым, білім және өнеркәсіп үшін физика-техникалық бейіндегі біліктілігі жоғары ғылыми, ғылыми-педагогикалық және инженерлік кадрларды даярлау
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D090 Физика

Оқыту нәтижелері

  • Тиімді аналитикалық әдістерді, сандық алгоритмдерді және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, физика-химиялық процестерді іргелі зерттеуді жүзеге асыру
  • ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған немесе Thomson Reuters, Scopus базаларына кіретін мерзімді басылымдарда талап етілетін баяндау тілінде зерттеулердің ғылыми-техникалық нәтижелерін негіздеп баяндау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды пайдалану
  • технологиялық жабдықтың жұмысын оңтайландыру үшін 3D-компьютерлік модельдеуді қолдана отырып, жылу техникалық объектілердің әсерлесетін орталарында жылумасса тасымалы процестерінің аэродинамикалық және жылуфизикалық сипаттамаларына қолданбалы зерттеулер жүргізу
  • қолданыстағы ресурстарды диагностикалау жүйесінің элементтерін кешенді қолдана отырып, өндірісті ұйымдастыру және басқару қағидалары мен әдістерін пайдаланып, инновациялық жобаларды әзірлеу бойынша іс-шараларды жоспарлау
  • ресурстардың энергия тиімділігі, технологиялық нысандардың экологиялық көрсеткіштерін рационализаторлық ұсыныстардың көмегімен жақсарту және өндіріске инновациялық энергия үнемдеуші және экологиялық «таза» технологияларды енгізу үшін ескірген жүйелерді жаңғырту және жұмыс істеп тұрған жүйелерді жетілдіру
  • жылу көздерінде оңтайлы параметрлерді қолдау мақсатында технологиялық нысандар мен жылу желілері жабдықтарының аумақтық орналасуы, технологиялық жабдықты сынауды жүргізу және баптау әдістемесі, жылыту жабдықтарының есептік сызбалары мен жедел энергетикалық режимдерін әзірлеу бойынша ұсыныстарды іске асыру үшін сараптамалық қорытындылар жасау
  • жылу физикасы мен теориялық жылу техникасындағы күрделі мәселелерді шешуде ұйым саясатына сәйкес жүйелі шешімдер қабылдау үшін заманауи теориялар мен талдау әдістері негізінде ғылыми зерттеулерді тиімді жүргізу
  • кәсіпорындардың инновациялық-технологиялық деңгейге көшуі кезінде цифрлық платформаларда техникалық физика, физикалық процестерді компьютерлік модельдеу және «жасыл энергетика» саласында кәсіпорынның стратегиясын әзірлеу үшін коммерцияландыру мүмкіндіктері мен шарттарын бағалау
  • өзін-өзі басқарудың дамыған мәдениеті, ұйымдастыру және коммуникация арқылы өндіріс қауіпсіздігі талаптарын орындау негізінде жоғары өнімді жұмыстың технологиялық режимінің сақталуын бақылау, арнайы жарақтарды, құралдар мен қосалқы саймандарды пайдалануға техникалық тапсырмалар, жылу-техникалық жабдықтарда баптау жұмыстарын және сынақтар жүргізу бағдарламаларын әзірлеу
  • жылутехникалық мақсаттағы өндірістік нысандарда қолданылатын бақылау-өлшеу, электр техникалық және жылутехникалық жабдықтарында техникалық қадағалауды жүзеге асыру, техникалық физика саласындағы зерттеулер нәтижелері және энергия шығынын төмендетуге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар негізінде технологиялық нысандар жұмысының жедел режимдерін түзету
  • oзық шетелдік тәжірибені және оның елге бейімделу мүмкіндігін ескере отырып, инновацияларды қолдаудың тиімді тетіктерін іске асыру саласындағы жобалар мен ресурстарды басқару
  • бейіндік пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу, жаңа зертханалық және виртуалды жұмыстарды, дәстүрлі және қашықтықтан оқыту нұсқасындағы өзге де сабақтарды бейімдеу арқылы жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу процесіне енгізу
Top