Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D07119 Инттеллектуалды басқару жүйелері(ISCTE) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарламаның мақсаты - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесіне, ғылыми-зерттеу саласына, инновациялармен байланысты ғылыми және өндірістік құрылымдарға, автоматтандыру және басқару саласындағы заманауи жетістіктерді енгізе алатын, зияткерлік басқару жүйелерінің перспективалық бағыттарын дамыту туралы жобамен тәуелсіз зерттеу жүргізе алатын, инновациялық қызметтің нәтижелерін болжап, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқаруға қабілетті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D100 Автоматтандыру және басқару
-
Білім беру саласы 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 8D071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Кешенді интернет - Заттар интернеті: бүгіні мен болашағы
Басқару жүйелерінің математикалық құралдары
Басқарудың экстремалды есептері
Ғылыми зерттеудің әдістері
Индустрия 4.0» шешімдерін жобалаудағы симуляциялау модельдері
Жүйелік талдау әдістері, құралдары және теориясы
Микроконтроллерлер және нейроегуляторлар
Ғылым мен ақпараттық технологиялардағы зерттеу әдістері
Академиялық жазу
Ғылым және ақпараттық технологиялар саласындағы зерттеу жобаларын басқару
Оқыту нәтижелері
- Жүйелік талдаудың, автоматтандырылған басқару жүйелерін синтездеудің негізгі қағидаларын түсіну, жүйелік талдау және технологиялық бақылау алгоритмдері негізінде өндірісті автоматтандыру саласында математикалық модельдер құру.
- Автоматты басқару жүйелерін құрудың негізгі принциптерін, экстремалды мәселелер теориясын қолдана отырып, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқару жүйелерін жобалау.
- Индустрия 4.0 қағидаларына сәйкес заманауи білім беру және өнеркәсіптік контроллерлердің, өнеркәсіптік автоматтандыру және процесті басқаруды интеллектуализациялау үшін көппроцессорлық өндірістік кешендер жұмысының симуляция модельдерін құру.
- Мәліметтер алмасу жүйелеріне M2M технологиясын қолдана отырып, қазіргі заманғы микроконтроллерлер негізінде IOT құрылғыларының прототиптерін жобалау және жасау.
- Әр түрлі көпсалалы аймақтардағы әдістер мен құралдарды қолдану, интеллектуалдандыруға арналған технологиялық процестің сапалық параметрлерін анықтау, технологиялық процесті басқаруда нейорегуляторларды қолдану болашағын бағалау.
- Жоғары оқу орындарында оқытушылық іс-шаралар өткізу, оқытудың озық және инновациялық технологияларын енгізу, Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы мен ұлттық экономиканың дамуын ескере отырып, жаңа курстарға оқу-әдістемелік қолдау жасау.
- Жобаларды басқару саласында заманауи әдістемелерді, құралдар мен стандарттарды қолдану, ғылыми зерттеу әдістерін қолдану, заманауи зерттеулер аясында өз үлесін қосу, зерттеу бағдарламаларын жасау, ғылыми-техникалық құжаттардан, есептерден және басқа анықтамалық материалдардан қажетті мәліметтер алу, дербес өзіндік көзқарас негізінде интеллектуалды басқару жүйелері саласындағы ғылыми гипотезалар мен шешімдерді ұсыну, диссертация тақырыбы бойынша зерттеу процесін құру.
- Жүйелік талдау принциптеріне негізделген жүйелерді модельдеу, міндеттерді оңтайлы шешуге әкелетін алгоритмдер мен әдістерді қолдану, зерттеу бағдарламаларын құру, фундаменталды және қолданбалы сипаттағы маңызды ғылыми проблемалар бойынша зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ғылыми мақалалар жазу зерттеу нәтижелерін қазақстандық және шетелдік басылымдарда жариялау.