Аталмыш оқу курсының қажеттілігі магистранттардың негізгі заманауи психологиялық тұғырлар мен қағидаларды, жеке тұлғаға тән психикалық үрдістерін зерттеу әдістерін, іс-әрекет тетіктерін реттеуді жеке тұлға мен топтың мінез-құлық заңдылықтарын түсіну және оны қызмет барысында пайдалану ақылы дәлелденеді.
Оқу жылы - 1Жоғары білім берудегі жаңа парадигмалар. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары білім берудің мазмұны. Жоғары мектептегі қазіргі замағы білім беру технологиялары. Кредиттік оқыту жүйесі негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру.
Оқу жылы - 1Пән бұлтты есептеулер туралы түсініктерді есептеуіш ресурстарға барлық жерде және ыңғайлы желілік қатынауды ұсынудың заманауи құралы ретінде қалыптастырады. Пәнді меңгеру барысында басқару және ақпараттық қызмет көрсетудің оңтайлы, параллель, есептеу процестерін ұйымдастыру әдістерін қолданып, GRID-технологиялар сияқты инновациялық технологиялар жүзеге асырылады.
Селективті тәртіпКурста бұлдыр жиындардың теориясына және бұлдыр логикаға қысқаша кіріспе беріледі, бұлдыр өлшемдердің негізгі кластары сипатталады, лингвистикалық айнымалы ақиқат ұғымы қарастырылады, оның негізінде анық емес лингвистикалық логика құрылады, тұжырымның композициялық ережесі - жуықталған пайымдаулар теориясының басты түсінігі қарастырылады. Жақындатылған есептеулер теориясының принциптеріне негізделген бұлдыр сараптау жүйесінің жұмысы сипатталады.
Селективті тәртіпПән әр түрлі есептерді шешуге арналған алгоритмдердің есептеу моделдерін зерттеуге, алгоритмдер теориясы дамуының негізгі бағыттарын түсіндіруге; программалау үшін білімді және практикалық дағдыларды қалыптастыруға және программалау тілін оқуды жалғастыруға бағытталған. Пән практикада қолданылатын есептеу ерекшеліктерін (Тьюрин, Пост машиналары, рекурсивті функциялар, Марков қалыпты алгоритмдері және т.б.) зерттеуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1Бұлдыр жиындардың математикалық теориясы-жиындардың классикалық теориясының жалпылануы болып табылады. Бұлдыр жиын және бұлдыр қатынас ұғымдары тұжырымдалады, бұлдыр жиындардың сипаттамалары сипатталады. Бұлдыр жиындардың алгебрасын құру үшін операторлардың аксиоматикалық сипаттамасы және бұлдыр санның түсінігі енгізіледі. Бұлдыр ұғымдарды формализациялау адам ой-өрісін моделдеуге қабілетті аппарат береді.
Селективті тәртіпПән параллель есептеулердің заманауи технологияларын зерттеуге, параллельді программалау әдістерін меңгеруге, параллель алгоритмдерді оқу және жазуға бағытталған. Пән заманауи тәсілдерді және параллель есептеу технологияларын, параллельді программалаудың ерекшеліктері мен әдістерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Селективті тәртіпПән өндірістік кәсіптерде практикалық тапсырмаларды шешу үшін Java программалық тілінде өндірістік программалаудың технологиясын зерттеуге бағытталған. Пән таратылған жүйелерді өңдеу технологиясын, қосымшалар арасында деректер алмасуды жүзеге асыру әдістерін зерделеуге мүмкіндік береді.
Селективті тәртіпПәнде программалық қамтама компоненттерінің және архитектурасының негізгі функционалдық мүмкіндіктері, компоненттердің өзара әрекеттесу әдістері және процестерді ұйымдастыру формалары, программалық қамтаманы басқару әдістері мен кезеңдері оқытылады. Супервизор функциялары және басқару функциясындағы компоненттердің өзара әрекеттесу тәсілдері қарастырылады.
Селективті тәртіпПәнді оқу барысында мультимедиялық құралдарды қолдану және ПҚ әзірлеу кезінде зерттеу тәсілін қолдану сияқты инновациялық технологиялар жүзеге асырылады. Пән талаптарды талдау және кодтау, ПҚ және CASE құралдарын әзірлеу әдістерін бірлесіп қолдану, өңдеу және қолдау құралдарын зерттеу, жобалау кезеңінің ерекшеліктері, ООП жүйелерінің модельдері мен метрикасын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 1Пән программалау тілін лексикалық, синтаксистік және семантикалық талдау кодын жасау дағдыларын қалыптастыруға, транслятор құру әдістемесін меңгеруге бағытталған. Трансляциялау кезеңдері, объектілік модульдерді құру әдістері мен құрылымдары, абсолюттік модульдер, абсолюттік және салыстырмалы адрестер ұғымдары қарастырылады.
Селективті тәртіпКурстың мақсаты «Шетел тілі (кәсіби)» тілдік емес мамандықтардың шет тілді білім беру үдерісінде базалық стандарттық тыс деңгейінде магистранттардың мәдени-коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру (С1). Курс академиялық хаттарды меңгеру нормасын, сыни талдау дағдылары, ғылыми шолуларға дайындықтарын дамыту, түйіндер, рефераттар жасау және тақырыптар бойынша жүргізілетін зерттеулердің библиографиясын қарастырады.
Оқу жылы - 1«Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 1Пән Java программалау тілін қолдана отырып, XML құжаттарды өңдеу әдістерін зерттеуге бағытталған. Пән XML құжаттарын дұрыстығына программалық түрде тексеру, XML құжатының құрылымын DTD сипаттау тілін қолдану арқылы сипаттау, XML құжаттарын қолдану арқылы қолданбалы тапсырмаларды әзірлеу үшін XML құжаттарының құрылымын, XSD схемаларын зерттеуге мүмкіндік береді.
Селективті тәртіпПән деректерді талдау модельдерін құрудың практикалық дағдыларын және теориялық аспектілерінің негізіне бағытталған, RapidMiner құралы ортасында моделін құру жұмысының тәжірибелік дағдыларын, оның ішінде қосымшалар кодтарын біріктіруді бекітеді. Пән OLAP технологияларын, көп өлшемді кубтарды, Data Mining әдістерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Селективті тәртіпПән нақты уақыт жүйелерін жобалау әдістерін зерттеуге, алынған дағдыларды көпағынды программалауда қолдануға бағытталған. Пән интернет технологиялары негізінде қосымшаларды интеграциялау әдістерін қолдануға және нақты уақыт жүйелері үшін қолданбалы есептерді және үрдістерді программалауға мүмкіндік береді.
Селективті тәртіпПәнде көпағынды программалауды ұйымдастыру әдістері, деректерді сақтауды ұйымдастырудың көп беттік әдістері және Java / Си программалау тілдерінде көпағынды программалауды ұйымдастыру қарастырылады. Пән жоғары деңгейлі программалау тілдерінде ағындарды басқару әдістерін, кезек, стек түсінігін зерттеуге мүмкіндік береді.
Селективті тәртіпПән үлкен деректерді ұйымдастыру әдістерін, әр түрлі тәсілдерді, өңдеу құралдарын зерттейді. Құрылымдалған және құрылымдалмаған деректер, математикалық, үлкен деректерді өңдеудің программалық және тиімді тәсілдерін, үлкен деректерді сақтау тәсілдерін қарастырады. Арнайы программалық қамтама үлкен деректерді басқаруға арналған.
Селективті тәртіпПәнде программалық қамтама сапасының қазіргі стандарттары және олардың бағалау әдістері, ПҚ өмірлік циклі, жобаларды басқару тәсілдері, ПҚ әзірлеу процесінің жетілу критерийлері мен модельдері және ағымдағы процесстерді жетілдіру тәсілдері қарастырылады. Пән ПҚ-ның сапасын және құру бойынша стандарты бойынша программалық қамтаманы жасау және ПҚ сапасы бойынша программалық қамтаманы жобалауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2Пән программаны әзірлеу үдерісінде практикалық қолдану тұрғысынан программаларды көрсетудің қазіргі заманғы әдіснамасының негіздерін оқуға бағытталған. Пән спецификация классификациясының мақсатын және мүмкіндіктерін, анықтау әдісін, талдауын, ұйымдастыру және басқару талаптарын, программалық қамтаманы әзірлеудің негізгі әдістемесі мен технологиясын және олармен жұмыс істеу әдістерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады
Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу
Қолданбалы салалар үшін тиімді алгоритмдерді құру дағдыларын, есептерді шешу үшін бұлдыр математиканың аппаратын игеру және кәсіби қызметте программалық қамтаманы дайындау және қолдау құралдарын қолдану
Параллельді және бұлттық есептеулердің моделдерін және әдістерін білу, басқарудың және ақпараттық қызмет көрсетудің оңтайлы есептеу процестерін, әдістемелік бақылауды және синхрондауды, сондай-ақ бұлттық инфраструктураның моделін ұйымдастыруды қолдана алу. Параллель және бұлттық программалаудың технологиясын қолданып программалық қосымшаларды жасауды игеру
Сапалы программалық қамтаманы әзірлеу үшін программалық қамтаманың тиімді алгоритмдері мен технологияларын таңдау, программалық жабдықтарды тестілеу, верификациялау және валидациялау жүргізу
Бөлінген деректерді өңдеу және таратылған ақпараттық жүйелерді құру саласында теориялық білім мен практикалық тәжірибені алу
Java-да веб-программалау теориясын білу. Кәсіби қызметте өндірістік және көпағынды программалауды қолдану
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
БББТ: M094 Ақпараттық технологиялар
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, ҚазақшаМирас Университеті
БББТ: M094 Ақпараттық технологиялар
Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша