Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B04131 HR және бизнес жоспарлау в Нархоз Университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Компанияның инновацияларын, өзгерістері мен бәсекелестік артықшылықтарының көзі ретінде қызметкерлердің ролін көрсете отырып, ұйымның бизнес стратегиясы шеңберінде компанияның адами ресурстарын басқаруға қабілетті әлеуметтік жауапты HR менеджер дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Нархоз Университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B048 Еңбек дағдылары
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Жоғары математика және ықтималдықтар теориясы
Менеджмент негіздері
Экономикаға кіріспе
Академиялық зерттеу
-
2 Оқу жылы
Басқарушылық экономика
Қаржы негіздері
Статистика
Кәсіпкерлік
Бизнес этика
Шетел тілі (ағылшын A2)
Шетел тілі (ағылшын B2-2)
Шетел тілі (ағылшын B2-1)
Шетел тілі (ағылшын B1-2)
Маркетинг негіздері
Қаржылық есепке кіріспе
Шешім қабылдау үшін есеп
Эконометрика
Шетел тілі (ағылшын B1-1)
Бизнестегі сандық әдістер
-
3 Оқу жылы
Бизнес жоспарлау
Операциялық менеджмент
Корпоративтік бизнес құқығы
HR маркетинг
Перспективті зерттеулер және болжау
Еңбек құқығы
HR инновациялық технологиялары
Ұйымдық мінез-құлық
Жобаларды басқарудағы ақпараттық технологиялар
Еңбек экономикасы және социологиясы
Оқу практикасы
Адам ресурстарын басқару
Мансапты басқару
Жобаларды басқару
Брендтерді басқару
Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
Кадрлық әлеуетті дамыту және басқару
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік танымның көзқарастары, академиялық шыншылдық, зерттеу нормалары мен этикалық салдарды, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын есепке ала отырып, түрлі сараптамалық әдістерді қолданып, өзекті ақпараттарды талдау, кәсіби пайымдауды көрсету негізінде өздігінен стандартты емес шешімдер қабылдау мен оның салдарларын бағалауға қабілетті.
- Басқару мен бизнес аясында кәсіби функцияларды жүзеге асыруда сәйкес сандық технология, теория мен құралдарды пайдалануға қабілетті.
- Ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану, топта жұмыс істей алу қабілетін көрсету арқылы зерттеулер мен нақты ақпараттарға сүйеніп және дәлелдемелерді сенімді құрастыруға, ауызша және жазбаша коммуникативтік дағдыларды көрсету арқылы шешім қабылдаушы тұлғалар мен ұйымның қызығушы жақтарының тәртібі мен іс-әрекеттеріне ықпал етуге қабілетті.
- Менеджердің кәсіби функцияларын жүзеге асыру үшін қаржылық есеп, экономика, маркетингтің функционалдық аяларында, болашақты болжау мен деректерді сараптаудағы парадигмалар мен теориялық әзірлемелерді, күрделі және айқын емес тәуелділіктерді, басты тұжырымдарды жергілікті және халықаралық деңгейлерде біріктіруге қабілетті.
- Көпшілік алдында сөйлеу мен академиялық жазылымның тұрақты дағдыларын көрсетіп, ішкі және сыртқы қызығушы жақтар үшін қаржылық, басқарушылық ақпараттарды талдау мен ұсынуға қабілетті.
- Кәсіпкерлік және инновациялық ойлауды қалыптастыру мен жеке әлеуетті ашу үшін, қоғамға игілікпен қызмет жасау үшін кәсіби саладағы озық білімге негізделген өзіндік білім алуды тәжірибеге енгізу және көшбасшылық қасиеттерді көрсетуге қабілетті.
- Заман ағымының әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу үшін жергілікті және халықаралық деңгейде ұйымның HR стратегиясын жүзеге асыру мен инновациялық жоспарлау үлгілерін жасау үшін ақпараттарды сапалы түрлендіруге қабілетті.
- Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлау арқылы ұйымның үдерістері мен міндеттерін тиімді жүзеге асыру үшін ішкі кадрлық ресурстарды оңтайлы қалыптастыру мен пайдалануды қамтамасыз етуге қабілетті.
- Персоналды дамыту мен ынталандыру бағдарламаларын енгізу арқылы персоналды басқару тәжірибесін пайдаланып, ұйымның өзгерістерге деген қажеттілігін анықтап және оларды жүзеге асыруға қатысуға қабілетті.
- Ұйымның стратегиялары мен бизнес-үдерістерінің ерекшеліктерін ескере отырып еңбек шығындарын қысқарту үшін лауазымдар мен кәсіптердің еңбек функцияларының сәйкестігін әзірлеуге және бағалауға қатысуға қабілетті.
- Ұйым стратегиясы мен кадрлық саясатты, маркетингтік қызметті жүзеге асыру арқылы персоналды бағалау мен өтемақы рәсімдерін әзірлеу мен қолдауға қабілетті.
- Адами ресурстарды басқару мен жаңа қызметкерлерге бейімделу бағдарламаларын жасау арқылы әртүрлі ынталандыру тәжірибесін қолдана отырып, персоналдың дамуын ұйымдастыру мен қолдау және олардың мансабын жоспарлаудың көмегімен кадрлар ағымын басқаруға қабілетті.
- Деректерді жинау мен өңдеудің әртүрлі технологиялары негізінде персоналға деген қажеттілікті анықтау үшін еңбек шығындарының нормасын жасауға қабілетті.