Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01716 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Түрік тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиеттану ғылымына кіріспе
    Несиелер: 5

    «Қазақ әдебиеттану ғылымына кіріспе» пәнінде әдебиеттану ғылымындағы ұғымдар мен категорияларды, поэтика, жанр, стиль, тек пен түр, ағым мен бағыт туралы білімді меңгереді. Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері туралы зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады. Кәсіби қызметте шыңдала отырып, іскерлікпен шығармашылығын арттырып өзін-өзі дамыту, өзіндік білім алу және өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (B2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы түрік тілінің грамматикалық ережелерін сөйлеу мен жазуда қолдана алады. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ тіл біліміне кіріспе
    Несиелер: 3

    Тілдің құрылымдық және жүйелік сипаты, тілдік бірліктер және тілдік классификациясы туралы білім қалыптастырады. Тілдің табиғаты, мәні, коммуникативтік, танымдық қызметтері мен құрылымы, оның семиологиялық сипаты, пайда болуы мен дамуын меңгергенде, кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыру, өзін-өзі дамыту мақсат етіледі. Тілдің генеологиялық және типологиялық ерекшеліктері, түрлері, тілдік бірліктерді талдай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру. Пән балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі (А2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы
    Несиелер: 4

    «Қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінде қазақ тіліндегі сөздердің сөзжасамдық ерекшеліктерін меңгереді. Ғылыми және анықтамалық ақпаратты пайдалануда ақпараттың артықшылығын ажыратып, қажеттісін таниды. Дайын материалды қанағат тұтпай, қажетті ақпаратты таңдап, пайдаланады. Қазақ тіліндегі сөздердің сөзжасамдық ерекшеліктерін түсіндіреді. Қазақ тіліндегі сөздерге сөзжасамдық тұрғыда талдау жасай алады, қазақ тілінің сөзжасамдық сипаты туралы құндылықтарды үлестіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттердің көшбасшылық теориясы, принциптері, негіздері туралы негізгі, кәсіби білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар, білім беру ортасында көшбасшылық қасиеттерді, дамыту және жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін факторларды анықтайды. Көшбасшылықтың тұлғалық теориясын, командалық жұмысты ұйымдастыруды қарастырады. Мінез-құлық және жағдаяттық көшбасшылық. Білім беруді ұйымында көшбасшылық стильдерді жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ фольклористикасы
    Несиелер: 4

    Қазіргі фольклортанудың өзекті мәселелерінің зерттелуіне икем-дағдысы қалыптасады. Фольклортану бойынша теориялық талдау жасай алады, практикада қолданады. Қазақ фольклортанушылары және фольклордың маңызы туралы жобалар дайындауға дағдыланады. Фольклортану ғылымы бойынша өзіндік ізденістермен жұмыс істеу қабілетін меңгереді. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы, фольклортану, ғылымының тарихы туралы меңгереді. Фольклордың өзіндік табиғатын практикада көрсетіп, қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің сөздік құрамы
    Несиелер: 4

    «Қазақ тілінің сөздік құрамы» пәні тілдік бірлік ретіндегі сөздердің семантикалық құрылымы, сөздік құрамның толығу жолдары, сөздіктерді құрастыру принциптерімен оларды жасау жолдары жайлы пәннің тұжырымдамалық және теориялық негіздері жайлы білім қалыптастырады; басқа ғылым салаларымен байланыстыра отырып, тілдік заңдылықтарды талдауды және оны практикада дұрыс қолдану жолдарын меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыни және жүйелі ойлау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - дүниетанымдық ұғымдар мен категориялар арқылы адам өз өмірін қайта құруға талпынып, жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізіп, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал ету, дәйекті, әрі дұрыс ойлау арқылы өзіне және қоғамда болып жатқан процестер мен өзгерістерге аналитикалық ойлау тұрғысынан логикалық сараптама жасау. Сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Лингвоелтаным және мәдениетаралық коммуникацияның теориясы мен практикасы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты- әр түрлі ұлт өкілдерінің әрқайсысының жеке тұлға ретіндегі тілдік және мәдени айырмашылықтарының толық және жан-жақты қастырады. Мұндай әр түрлі ұлт өкілдері қатысқан мәдениеттер тоғы¬сында әр адам жеке тұлға, сол қоғамның белді мүшесі немесе белгілі бір ұлттық мәдениет өкілі. Жеке тұлғаның бойында осы аталған аспектілердің барлығының жинақталаты¬нына қарамастан мәдениетаралық қатынас деңгейіндегі әрекеттің де өз ерекшеліктерін қалыпастырады. Бұл пән әр түрлі ұлт пен мәдениет өкілдерінің өзара ымыра¬ластық пен ынтымақтастық жағдайындағы түсінісуіне не керек, осы орайда не маңызды деген мәселелерді терең талдап көрсетіп береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері,кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын, және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
    Несиелер: 4

    Сөздердің мағынасы, шығу тегі, төркіні, стильдік мәні мен сипаты, қолданылу қабілеттілігі туралы, тілдің лексикалық жүйесі туралы білімі қалыптасады. Қазақ тілінің лексикологиясы пәні туралы ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай, ойлай, көзқарасын дәлелдей алады және жаңа шешімдер ұсына біледі. Қазақ тілінің лексикологиясы пәні бойынша кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыруды, өзін-өзі дамытуды жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Несиелер: 4

    Қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихын, жанрлық ерекшелігін танытады, фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігін ажыратады, қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдерін меңгереді. Халық ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты, туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы білімді меңгереді. Халық ауыз әдебиеті туралы ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалайды, көзқарасын дәлелдейді және жаңа шешімдер ұсынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен, тәжірибеде тәрбие жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
    Несиелер: 3

    Тілдің қызметі, өмір сүру формалары, сөздің айтылуы мен жазылуы бойынша фонетикалық талдау жасай алу дағдысы қалыптасады. Фонетика саласының зерттелуі мен дамуын, қалыптасуын, дыбыс, әріп, фонема, дыбыстардың сипаттамасы туралы білімдерін кәсібінде үйлестіре қолданады. Тіл дыбыстарын зерттеу барысында заманауи ақпараттық технологияларды меңгереді, кәсіби салада қолданады. Кәсіби қызметте шыңдалып, іскерлікпен шығармашылығын арттырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқыту. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге арналған. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль педагогикалық зерттеудің әдістерін пайдалана отырып, зерттеу мәдениетін қалыптастыруда топта жұмыс істеуге қабілетті, кәсіптік қызметін дәлдікпен қолдануды қамтамасыз етеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Орта білім жүйесіндегі жаңартылған білім беру мазмұнын оқыту
    Несиелер: 4

    " Орта білім беру жүйесіндегі жаңартылған білім беру мазмұнын оқыту» пәні жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстырылады. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз етіледі. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз етеді. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастырады: оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, Қазақстанның ұлттық білім жүйесіне арналған орта білім беру бағдарламасымен және критериалды бағалау жүйесін меңгертеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әуезовтану
    Несиелер: 4

    Әуезовтің ғылыми шығармашылығында өз заманындағы әлеуметтік мәні бар барлық мәселелердің қамтылғандығын, оқуға, өнер-білімге үндейтіндігін, адамгершілік мәселесі —шығармаларындағы негізгі тақырыптың бірі болып саналатындығын біледі. Алған білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады. Кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылады: өзіндік білім алу және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетіндегі ХІХ ғасырдағы ағымдар мен бағыттар
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы түсіндіреді, көркем шығармаларды талдау дағдысын қалыптастырады. Ғылыми жобалар дайындауға дағдыланады. Пәнде қазақ әдебиетіндегі әдеби құбылыстарды оқытуды аспектілік және кешенді бағытта ұйымдастырады, тіл мен әдебиеттің даму тенденцияларын, өз бетімен кәсіптік біліктілікті арттыруды жоспарлайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында әдебиеттің іргелі заңдары мен теориялары туралы білімдерін қолданады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Абайтану
    Несиелер: 4

    «Абайтану» пәнінде Абай шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық - эстетикалық құндылықтары туралы біледі, Абай шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікірі қалыптасады. Кәсіби қызметте шыңдала отырып, іскерлікпен шығармашылығын арттырып өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастырады. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін, әдебиеттегі ұғымдар мен категориялар, ағымдар мен бағыттар туралы меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • 1900-1940жж қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдайы, баспасөздің дамуы, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі, діни-ағартушылық, ағартушы – демократтық бағыт өкілдері жайлы түсінік қалыптастырады. Пікір айтып, талдау дағдысын қалыптастыру мақсатында сыни ойлау қабілетін дамытады; мәтіннің идеясын ұлттық мүддемен байланыстыра отырып, гуманистік тұрғыдан талдауды меңгертеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби тілінің тарихы
    Несиелер: 4

    Пәнің мақсаты- Қазақ әдеби тіл тарихы пәнінің басқа пәндермен байланысы, қалыптасу тарихы, қазақ әдеби тілінің даму көздері, қазақ әдеби тілінің даму кезеңдерін меңгереді. ХV ғасырдағы қазақ әдеби тілі, ХІХ ғасырлардағы қазақ әдеби тілі тарихы, ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі тарихы, әдеби тілі және ұлттық мәдениет, әдеби тілдің статусы, әдеби тіл нормалары туралы білім мен дағды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.
    Несиелер: 5

    “Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы” пәні қазақ тіліндегі грамматикалық мағыналардың жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық формаларды, грамматикалық категорияларды, сөздердің морфологиялық құрылымы, сөз формаларының жасалу тәсілдерін, сөздердің грамматикалық сипаттарына қарай грамматикалық топтарын, сөз таптарына бөлінуі туралы білімді қалыптастырады. Шығармашылық еңбегімен өздігінен ізденіп білім алуға; ой қорытындысын жасай алуға үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру мазмұнындағы мектеп құжаттамасын жүргізу
    Несиелер: 3

    Жаңартылған білім беру мазмұнындағы мектеп құжаттамасын жүргізу туралы жалпы түсінік береді. Мектеп құжаттамасын жүргізудің заманауи бағыттарына тән ерекшелігін, оны игеру мен дамыту жолдарын саралайды. Мектеп құжаттамасын қазіргі заман талабында жүргізудің жаңашыл әдістерін теориялық және практикалық тұрғыдан анықтайды. Білімгерлер критериалды бағалауды, сабақта қолданатын тиімді, инновациялық әдістерді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • XХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиет
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиеті пәнін оқу арқылы студенттің ХХ ғасырдағы отарлық езгіден қазақ халқының тарихи-әлеуметтік жағдайын және соған орай дамыған әдебиет туралы білімі қалыптасады. Кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыруды, өзін-өзі дамытуды жетілдіреді. XХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдебиеттің тақырыптық және жанрлық тұрғыдан жан-жақты өсуін, кемелденуін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің морфологиялық құрылымы
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ тілінің морфологиялық құрамы мен таныстырады; білім алушылар деморфология бойынша ғылыми еңбектерді зерттеу қабілетін дамытады; морфологияның теориялық негіздері жайлы мәселелерді меңгертіп, талдауда налған білімін практикада дұрыс қолдануға дағдыландырады; морфологиядағы өзекті мәселелерді ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып тұжырымдауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • XІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәні тарихи кезең ерекшелігін ақындар шығармашылығымен, тарих, фольклортану, этнография, педагогика, психология, өнертану ғылымдарымен сабақтастықта білім қалыптастырады. Пән туралы ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай, ойлай, көзқарасын дәлелдей алады және жаңа шешімдер ұсынады; XIX ғасырдағы ұлттық сөз өнерінің маңызын талдауда белсенділік танытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ әдеби сынының тарихы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - қазақ әдебиеті сынының туу және қалыптасу кезеңдерін әдебиет тарихына жанастыра меңгерту, әдеби сын мен әдебиеттану тарихы және қазіргі әдеби үдерістің жаңашылдық қырлары жөнінде білімін қалыптастырады.. Білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады: тілдік және әдеби құбылыстарды зерттеуді әрі аспектілік, әрі кешендік тұрғыдан қарастыра білу, тіл мен әдебиет дамуының тенденцияларын ескереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Критериалды бағалау
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Пән аясында білім алушыларға критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, оқыту нәтижесін бағалаудың қазіргі құралдары, түрлері, техникалары, механизмі, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, критериалды бағалаудың технологиясы түсіндірілген. Критериалды бағалаудың әдістері, техникалары көрсетіледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің тәсілдері мен әдістері үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті
    Несиелер: 6

    Ежелгі және хандық дәуір әдебиетімен салыстыру жүргізеді. Кәсіптің маңызын көрсету барысында ежелгі және хандық дәуір мұраларын практикада қолданады Әдебиет дамуының негізгі кезеңдерін, олардың адамзат тарихы және халық мәдениеті тарихымен арақатынасын, әдеби ағымдардың, бағыттардың, зерттеудің қағидаттарын көрсетіп береді; шығарманың көркемдігі, композициясы мен сюжеті, көркем әдебиеттің тегі мен түрі, троптар мен фигуралар, өлең құрылысы туралы білім жинақтайды; хандық дәуір әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері мен даму ерекшеліктерін, маңызын саралауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты-тіл бірліктерінің жүйелік-құрылымдық, семантикалық, формалық, функционалдық қырларын кешенді түрде талдаудың және оны оқушыға меңгерту жолдары бойынша құзыреттілік қалыптастырады. Оқытудың әдістерін, формаларын, технологияларын, құралдарын пайдаланудың дидактикалық және әдістемелік әзірлемелерін дайындайды. Оқу жетістіктерін өз бетімен бағалайды және әлеуетінің алғашқы диагностика әдістерін қолданады. Тілдің даму тенденцияларын, қазақ тілінің типологиялық ерекшелігін жоба жазуда, қолданады, өз бетімен кәсіптік біліктілікті арттыруды жоспарлайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - критериалды бағалау жүйесін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи құралдарын, түрлерін, техникаларын, тетіктерін, білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлін түсіну, қалыпастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін қолдану, бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Ол критериалды бағалау жүйесінің мәні мен ерекшелігін түсінуді қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 3

    Педагогикалық менеджменттің мақсаты – басқару объектісі ретінде педагогикалық жүйесі басқарудың заңдылықтар мен қағидаларынан, функцияларынан студенттердің білімін қалыптастыру. Мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, болжау мен бақылауды жүзеге асыра білуді меңгерту. Сонымен қатар, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
    Несиелер: 4

    Тілдің синтаксистік жүйесінің құрылысын, бұл жүйенің коммуникация үстіндегі жұмсалуын біледі; Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық, мәтін синтаксисі туралы теориялық білімін тілдік деректерді синтаксистік талдауда көрсетеді, тілдік талдау дағдысы қалыптасады. Ғылыми жобалар дайындауға дағдыланады. Өзіндік білім алу және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар
    Несиелер: 4

    Бұл пән қазақ тіліндегі сөйлемдегі сөз тіркестері мен сөйлем мүшелері, сөйлем құрылысы жайлы мәселелерді анықтайды. Қазақ тіліндегі сөз тіркестері, сөйлем түрлері, сөйлем мүшелерін, түрлерін, пунктуациялық ережелерді, сөйлем қолданыстарын қарастырады, сөйлемдерді құрылымдау жолдарын білу дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Білім берудегі менеджмент пәнінің мақсаты – білім беру жүйесінде педагогикалық процесті басқарудың қағидалары мен заңдылықтарын білу және педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, жобалау, болжау, диагностикалау іскерліктерін қалыптастыру. Білім беру ұйымдарында басқаудың функцияларын, нормативтік-құқықтық базасын, бақылау тексеру түрлері, субъектілерді басқаруда қақтығыстармен лидерлік сапаны дамытуды түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жаңартылған білім беру мазмұнындағы қазақ әдебиетін орта мектепте оқыту технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән орта білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиетін меңгертудегі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес көрсетілген оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін қарастырады Қазақ әдебиетін оқытудағы технологиялар, инновациялық үрдістерді меңгерту үшін, педогогтің жеке тұлғалық потенциалын, кәсіби құндылықтарын дамытудың жолдарын түсіндіреді.Әдебиетті меңгертудегі критериалды бағалауды, білім алушылардың күтілетін оқу нәтижелері жетістігін бағалау жүйесін, әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізген оқу әдістемелерін, рефлексия, кері байланысты қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жалпы тіл білімі
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты- Жалпы тіл білімі салаларының өзіне тән белгілерін, сөйлесімдегі міндеттерін анықтайды; тілдік құбылыстарды, әдеби шығармаларды талдаудың ерекшеліктерін түсіндіреді; тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы жайлы теориялық білімі мен түсінігін қалыптастырады. Филология саласына қатысты негізгі білімді есепке алуды көрсетеді, білім ортасын зерттеу әдістері мен қағидаттары, білім тәжірибесін қолданады.Тілдің тарихы мен қазіргі жағдайы тұрғысынан талдау ұсынады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • XХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет І
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-ІІ дүниежүзілік соғыс, оның әдебиеттегі гуманизм, көркем шығармадағы соғыс тақырыбы аясын, халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңіндегі еңбек тақырыбын, соғыстан соңғы жылдардағы қаулы-қарарлар, олардың әдебиетке тигізген кесірі туралы ақпараттарды меңгереді, өзін-өзі дамытады. ХХ ғасырдағы соғыстан соңғы жылдардағы қазақ халқының тарихи-әлеуметтік жағдайын және соған орай дамыған әдебиетін егжей-тегжейлі, терең таниды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіздік дәуір әдебиеті
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - әдебиеттану ғылымында жаңа бағыттарының туып, қалыптасуы, өзіндік ерекшеліктерін теориялық тұрғыда зерттеу тәсілдері және көркем шығарма жасаудың әдістері, әдеби шығарманың түрлері, мәтіндері, образ, тип, пішін, сюжет, мазмұн және басқа көркемдік өрнектер сипатына талдау жасау дағдысы қалыптасады. Қазақ әдебиетінің жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын біледі.Әдебиеттің қазіргі жай-күйін, оның басқа ілім салаларымен қарым-қатынасын, оны дамыту перспективаларын, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын көрсетіп береді; әдебиеттің даму тенденцияларын, жоба жазуда қолданады, өз бетімен кәсіптік біліктілікті арттыруды жоспарлайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • XХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет ІІ (1960-1990жж)
    Несиелер: 5

    ХХ ғасырдың 1960-1990 жылдардағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде хронологиялық ұстанымды сақтай отырып, жанрдың даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық тұрғыда білім қалыптастырады. XХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет ІІ пәнінде білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады. Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және инновациялық технологияларын пайдаланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің семантикасы
    Несиелер: 5

    Сөз мағынасының түрлерін, семантиканың негізгі теориялық ұғымдары жөнінде білім қалыптастырады. Қазақ тілі семантикасының теориялық тақырыптары практикада қолданылады. Пән туралы ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай, ойлай, көзқарасын дәлелдей алады және жаңа шешімдер ұсына біледі. Парадигмалық және синтагмалық қатынастардың қалыптасу ерекшелігін ақпаратты тәжірибеде қолданып, саралай алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • 1940-1960жж қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    «1940-1960жж қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінде көркем шығармаларды талдай оқып, салыстыра зерттеуге дағдыланады. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың теориялық және тәжірибелік міндеттерін шешуді жүзеге асырады. 1940-1960жж қазақ әдебиетінің тақырыптық және жанрлық тұрғыдан жан-жақты өсуін, кемелденуін меңгереді, осы кезеңде қалыптасқан қазақ әдебиетінің түрлі жанрлардағы шеберлік мектебі туралы білімді қажетіне үйлестіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиеті теориясы
    Несиелер: 4

    Әдебиеттану ғылымының, қазақ әдебиеті даму дәуірлерінің теориялық, практикалық мәселелерін жете игереді; Көркем шығарманы талдаудың ғылыми принциптерін игеріп, әдебиет тарихы мен көркем туындыны зерттеуге қажетті білім қалыптасады. Әдебиеттегі ұстанымдарды ажырата алады, жеке талдай біледі. Кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыра отырып, өзін-өзі дамытуды жетілдіреді. Әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдарды, категорияларды теориялық тұрғыда терең игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көне қазақ тілі
    Несиелер: 5

    Көне қазақ тілі пәні түркі тіл біліміндегі ерекшеліктермен салыстырыла оқытылады. Тіл дамуының негізгі кезеңдері мен жолдарын ғылыми тұрғыда түсіне білу дәрежесіне жетіп педагогикалық тәжірибесінде үйлестіреді. Заманауи ақпараттық технологияларды «Көне қазақ тілі» пәнінен білім алуда қолдана алады. «Көне қазақ тілінен» өзіндік жұмыстар орындау барысында кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыруды, өзін дамытуды біледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ХХ-ХХІ ғғ тоғысындағы қазақ әдебиеті
    Несиелер: 5

    «ХХ-ХХІ ғғ тоғысындағы қазақ әдебиеті» пәнінде қазіргі әдеби үдерістің ерекшеліктері мен өзіндік табиғатын меңгереді. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті және қазіргі әдеби үдерістің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы білімі қалыптасады. Кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыруды, өзін-өзі дамытуды жетілдіреді, кәсіби қызметте шыңдала отырып, іскерлікпен шығармашылығын арттырып өзін-өзі дамыту қабілетіне ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Паремиология
    Несиелер: 5

    Паремиология пән ретінде студенттерге әдеби тілде көркем сөз айшықтарын қолдануды көздейді, алған білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады. Кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылады: кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыруды, өзін-өзі дамытуды жетілдіреді, өзіндік білім алу және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастырады. Мақал-мәтелдер ілімінің негізгі ғылыми теориялық жүйесін талдау қабілетіне ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі халықтары әдебиеті
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты-түркі тілді әдебиеттердің жалпы даму заңдылықтарын, ортақ ұқсастықтарын, дәстүр жалғастығын нақтылайды. Түркі халықтары әдебиетіндегі ортақ мотивтер мен сюжеттік желілерді, тақырыптық арналарын, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра зерттеуге дағдыланады. Түркі халықтары әдебиеті мен қазақ әдебиеті арасындағы әдеби байланыс түрлерін игереді. Кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыруды, өзін-өзі дамытуды жетілдіреді. Жанрлық әдеби ойлау әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • 1960-1990жж қазақ әдебиетінің тарихы
    Несиелер: 5

    Қазіргі қазақ әдебиеті пәнінен мерзімді баспасөзде жарық көрген ғылыми дәйектемелер мен 1960-1990 жылдар аралығындағы қазақ әдебиеті тарихының іргелі мәселелері мен сол дәуірдегі ақын-жазушылардың шығармашылығын, тақырыбы мен идеясын жүйелеп, әдеби тілді құбылту мен айшықтауларды салыстыруды, шығарманың көркемдік құндылығын бағалау мен диагностикалауды, мәтінді интерпретациялауды практикада дұрыс қолдануды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазақ тілінің тарихы фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тілдік бірліктердің тарихы тұрғысынан қарастыру. Тіл дамуының негізгі кезеңдері мен жолдарын ғылыми тұрғыда түсіне білу дәрежесіне жетіп педагогикалық тәжірибесінде үйлестіреді. Заманауи ақпараттық технологияларды білім алуда қолдана алады. «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәнінен өзіндік жұмыстар орындау барысында кәсіптік қызметтің нәтижесін арттыруды, өзін-өзі дамытуды біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады, жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді, барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады.

  • Код ON2

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады, мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON3

    қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын меңгереді, сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қалыптастырады; қоғамның өмір сүру ортасының экологиялық танымын біледі, адамгершілік міндеттемелердің, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің, құқықтық сауаттылықтың маңызын түсінеді, қызметінде қолданады

  • Код ON4

    оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді біледі, оқушылардың жас ерекшелік дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып, білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістерін және педагогика мен психологияның теориялық негіздерін қолданады

  • Код ON5

    психологиялық, психофизиологиялық дамудың жалпы, өзіндік және жеке ерекшеліктерін, инклюзивті білім беру құндылықтарын есепке алу құралдарын пайдалануға қабілетті, инклюзивті білім беру ұстанымдарын және бағалау мен басқаруды оқу-тәрбие үдерісінде нормативті реттеуді үйренеді

  • Код ON6

    ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын, түрлерін, заңдылықтарын, принциптерін, технологияларын меңгереді, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруда филология саласына қатысты негізгі білімді есепке алуды көрсетеді, білім ортасын зерттеу әдістері мен қағидаттары, білім тәжірибесін зерттейді; ғылыми-зерттеу жұмыстарында қазақ тілі мен әдебиетінің іргелі заңдары мен теориялары туралы білімдерін қолданады

  • Код ON7

    Тіл білімі салаларының өзіне тән белгілерін, сөйлесімдегі міндеттерін анықтайды, тілдік құбылыстарды, әдеби шығармаларды талдаудың ерекшеліктерін түсіндіреді, тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы жайлы теориялық білімі мен түсінігі қалыптасады

  • Код ON8

    қазақ тілінің фонетикалық, лексика-фразеологиялық сипатын түсінеді, қазақ тілінің жүйесі, құрылымы мен қызметі туралы іргелі білімін көрсетеді, қазіргі қазақ тілінің тіл деңгейлеріне қатысты теориясын, заңдылықтарын меңгеріп, оны іс жүзінде қолдана отырып, ғылыми талдау түрлерін ұсынады

  • Код ON9

    қазақ тілінің шығу, даму және қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын қалыптастарады, тілдің тарихы мен қазіргі жағдайы тұрғысынан талдап түсіндіреді, тілдік құбылыстар мен тіл дамуының үрдістерін, стильдік ерекшеліктері мен әдеби тіл кезеңдерін кешенді қолданады

  • Код ON10

    Қазақ тілі мен әдебиетінің қазіргі жай-күйін, оның басқа ілім салаларымен қарым-қатынасын, оны дамыту перспективаларын, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын көрсетеді, тілдік және әдеби құбылыстарды оқытуды аспектілік және кешенді бағытта ұйымдастырады, тіл мен әдебиеттің даму тенденцияларын, қазақ тілінің типологиялық ерекшелігін жоба жазуда, қолданады, өз бетімен кәсіптік біліктілікті арттыруды жоспарлайды

  • Код ON11

    әдебиет тарихы дамуының негізгі кезеңдерін, олардың адамзат тарихы және халық мәдениеті тарихымен арақатынасын, әдеби ағымдардың, бағыттардың, зерттеудің қағидаттарын көрсетеді, шығарманың көркемдігі, композициясы мен сюжеті, көркем әдебиеттің тегі мен түрі, троптар мен фигуралар, өлең құрылысы туралы білім жинақтайды; қазақ фольклорының өзіндік ерекшеліктері мен даму ерекшеліктерін, маңызын саралауды үйренеді

  • Код ON12

    қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік негіздерін анықтап, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың оңтайлы формалары мен әдістерін таңдауда және қолдануда жұмысты тиімді ұйымдастыра алады, жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша кәсіби қызмет аясында қайшылықты идеяларды сыни тұрғыда қабылдап, мәселелерді өздігінен және тиімді шеше білуді үйренеді, пәндік-тілдік оқытудың технологияларын есепке ала отырып оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін үйлестіреді

Top