Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01718 Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын-қытай) в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Түрік тілі (B2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы түрік тілінің грамматикалық ережелерін сөйлеу мен жазуда қолдана алады. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы І
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты-студенттердің тіл құрылымының берік білімін қалыптастыру және олардың ауызша және жазбаша түрде грамматикалық дұрыс сөйлеуінің практикалық дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ағылшын тілінің практикалық фонетикасы
    Несиелер: 3

    Ағылшын тілінің практикалық фонетикасы кірсінің мақсаты студенттерге тілдік қарым-қатынас үрдісінде сипаттамалық текстерден басқа диалогтар (сөйлесулер) жасай алуды үйрету мен қатар алғашқы тіл үйрену қадамдарынан бастап, оқу мен айту, тыңдау мен түсіну процесінде әңгімелесу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға ықпал етеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік тілі (А1)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты балалар мен жасөспірімдердің дене бітімінің жасқа байланысты екендігін үйрету және дене бітімінің қалыптасуында антропометриялық әдісті қолдану туралы түсініктеме беру. Пән балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының биологиялық заңдылықтарымен таныстыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі (А2)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қытай тілінің тәжірибелік курсы
    Несиелер: 4

    Қытай тілінің тәжірибелік курсының мақсаты- студенттердің лингвистикалық, мәдениетаралық-коммуникативтік және кәсіби-бейімделу құзыреттілігін қалыптастыру, оларды болашақ педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау, олардың кәсіби іс-әпекеттерде қажет болатын сыни қарым-қатынасын дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ағылшын тілі (B2 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Бұл курс барысында студенттер төрт дағдыны дамыту арқылы (тыңдау, оқу, сөйлеу және жазу) өз қабілеттері мен білімдерін дамытады. Курстың мақсаты - студенттер арасында коммуникативті, лингвистикалық, пікірталас, стратегиялық, сонымен қатар білім беру және танымдық құзіреттіліктерді қалыптастыру. Олар лексикалық, грамматикалық және фонетикалық бірліктер туралы білімді, сонымен қатар оларды шет тіліндегі сөздерді қалыптастыру мен қабылдауда қолдану дағдылары мен қабілеттерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Фонетика және айтылым
    Несиелер: 3

    Пән шет тілдерінің артикуляциялық дағдыларын мәдениетаралық қарым-қатынасқа қатысу үшін қажетті және жеткілікті деңгейде қалыптастыруда одан әрі жетілдіруге бағытталған. Пәннің мақсаттарын сәтті іске асырудың міндетті шарты - практикалық ағылшын тілі курсы аясында сөйлеу дағдыларын параллельді түрде дамыту.Пән диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын кәсіби қызметте қажетті деңгейге дейін жетілдіруге дейін барады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттердің көшбасшылық теориясы, принциптері, негіздері туралы негізгі, кәсіби білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар, білім беру ортасында көшбасшылық қасиеттерді, дамыту және жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін факторларды анықтайды. Көшбасшылықтың тұлғалық теориясын, командалық жұмысты ұйымдастыруды қарастырады. Мінез-құлық және жағдаяттық көшбасшылық. Білім беруді ұйымында көшбасшылық стильдерді жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыни және жүйелі ойлау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - дүниетанымдық ұғымдар мен категориялар арқылы адам өз өмірін қайта құруға талпынып, жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізіп, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал ету, дәйекті, әрі дұрыс ойлау арқылы өзіне және қоғамда болып жатқан процестер мен өзгерістерге аналитикалық ойлау тұрғысынан логикалық сараптама жасау. Сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері,кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын, және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қытай тілі тыңдау және сөйлеу II
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты, монологты дұрыс формада сөйлеу білуге үйрету. Сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен әңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тыңдау және конспектілеу
    Несиелер: 6

    Бұл курстың мақсаты - студенттердің тыңдалған мәтінді жаһандық және егжей-тегжейлі түсіну қабілеттерін дамыту және тыңдауға үйретудің маңызды қиындықтарының бірі болып табылатын академиялық дәрістерді конспектілеу қабілетін дамыту. Курс барысында студенттер әр түрлі лексикалық және грамматикалық элементтермен танысады, олар студенттерді сөйлеуге, сұрақтар қоюға, келісім / келіспеушіліктерді білдіруге және т.б.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты- тәрбие үдерісінің негіздерін және тәрбиелік іс-әрекеттің әдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін сипаттайды, орта және жоғары оқу орындарындағы тәрбие үдерісін басқару мен ұйымдастыруға қажетті тәрбие жұмыстарының жалпы теориялық негіздерімен, тәжірибеде тәрбие жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қытай тілі 1 (А1 деңгейі)
    Несиелер: 3

    Қытай тілі А1 деңгейі қытай тілін үйренудің бірінші сатысы. Қытай тілінің А1 деңгейінде студент қытай тілінің фонетикасымен танысып, қытай таңбаларын жазып үйренумен қатар, сөз әрекетінің төрт: сөйлеу, тыңдап-түсіну, оқу және жазба сөз түрінен бастауыш деңгейде коммуникативтік біліктілік қалыптастырады. Бұл деңгейде студент 500 таңба және 800 сөздік қор жинайды, өзін, отбасын таныстыра алады, диалогтар құрастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мәдениетаралық қарым-қатынас мән мәтініндегі базалық шетел тілі
    Несиелер: 4

    “Мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтініндегі базалық шетел тілі” пәні студенттерге қатысымдық құзыреттіліктер негізінде қалыптасқан білім, іскерлік және жеке қасиеттерге сүйене отырып, мәдениетаралық деңгейде шет тілінде қарым қатынас жасауды оқытады. В2 деңгейінде қарастырылған қарым-қатынас ауқымдары мен жағдаяттары аясында ауызекі және жазба қарым-қатынас негіздерін практикалық түрде меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ модуль педагогикалық зерттеудің әдістерін пайдалана отырып, зерттеу мәдениетін қалыптастыруда топта жұмыс істеуге қабілетті, кәсіптік қызметін дәлдікпен қолдануды қамтамасыз етеді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқыту. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге арналған. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қытай тілінде тыңдау және сөйлеу І
    Несиелер: 4

    Бұл курс ауызекі тілдің дамуын, лексика-грамматикалық құрылыс материалдары негізіндегі айтылудың жолға қойылуын, негізгі интонациялық модельдер мен қытай тілі сөйлемі ырғағының меңгерілуін мақсат етеді. Сонымен қатар, тыңдап түсінуге үйрету монолог және диалог түріндегі аутенттік есту және бейне мәтіндері негізінде күнделікті оқиғаға ақпараттар мен жаңалықтарға байланысты тыңдап-сөйлеу іске асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қытай тілінің теориялық грамматикасы
    Несиелер: 5

    Қытай тілінің морфологиясы сөздің құрылымдық заңдылықтарын, сөз таптарын және олардың грамматикалық ерекшеліктерін, түрлерін қарастырады. Синтаксистік қатынастармен синтаксистік мағыналарды білдірудің басты тәсілдеріне сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің түрлері, олардың сөйлемде атқаратын қызметі, интонация, сонымен қатар арнайы лексикалық элементтер жатады. Қытай тілінің грамматикалық жүйесін зерттегенде синтаксиске ерекше назар аударылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Академиялық дағдыларды жетілдіру негіздері
    Несиелер: 5

    Курс академиялық жазу және академиялық сөйлеу дағдыларын игеруге бағытталған. Пәннің материалы ғылыми мәтіндердің сәтті үлгілерімен танысуды, типтік қателіктерді талдауды, академиялық реестрдің әртүрлі жанрларында ауызша және жазбаша мәлімдемелерді үйретуді қамтиды. Курс көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырады: сөйлеу және жазу, мәтінге ой жүгіртуге және ғылыми сөйлеуді құруға деген саналы қатынасқа бейімдейді. Курс аясында гуманитарлық бағыттағы мәтіндер талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қытай тілі 1 (А2 деңгейі)
    Несиелер: 5

    А2 деңгейіқытай тілінің негізгі грамматикалық түзілістерін меңгертуге бағытталған. Бұл деңгейде студенттер активті сөздік қорын 1100-ге дейін көбейтеді, бұл олардың сол тілде сөйлейтін адамдармен коммуникация процессінде тікелей қатысуына, жеке басының мәселесі, жалпы және кәсіби тақырыптарға әңгімеге қатысуына, эсселер жазуына мүмкіндіктер береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қытай әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қытай ауыз әдебиетінің қалыптасуынан бастап орта ғасыр әдебиетіне дейінгі (Чин патшалығы әдебиетіне дейінгі) жалпы барыс қарастырылады.Қарастырып отырған дәуірдің таихи-мәдени жағдайларын таныстырады. Ежелгі дәуір әдебиетінің дамуын сол елдегі әдеби бағыттар, ағымдар, мектептер мен олардың генезисі, эволюциясы арқылы білдіреді. Ежелгі дәуірдегі әдебиет дамуынң ерекшелігін баяндайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ағылшын тілі (С1 деңгейі)
    Несиелер: 5

    C1 деңгейінде болашақ мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың мәдениетаралық және кәсіби бағытын тереңдету іскерлігін қалыптастыру. Әр түрлі коммуникативті қарым-қатынас төңірегінде ауызша және жазбаша сөйлеу шеберлігін шығармашылық тұрғыда игеру қабілетін дамыту; advanced C1 деңгейіндегі мәтінді оқуды дамыту, игеру және оны ұғыну; Грамматикалық оралымдарды қолдану және шақ формаларын пайдалану;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қытай тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – білім алушы қытай тілін оқыту әдістемесін айқындайды, сонымен қатар оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастырудың негіздерімен танысады; білім беру процесінде студенттердің білімін, шет тілдік дағдылары мен қабілеттерін бақылау және есепке алуды үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жазбаша және ауызша аударма
    Несиелер: 3

    “Жазбаша және ауызша аударма“ пәні жазбаша және ауызша аударманың технологиясын, түрлерін ерекшеліктерін оқытады. Пәннің мақсаты – тіларалық коммуникация жағдайында баламалық аударманы қамтамасыз ету, студенттерде практикалық және аудармашылық дағдыны қалыптастыру. Бұл курстың негізгі мақсаты – студенттерге аударманың техникалық сатылары және ерекшеліктері туралы түсінік беру; түпнұсқа және аударма мәтіндерін салыстыра отырып, ондағы ұқсастық пен айырмашылықты талдап айыра білу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қытай баспасөз тілі
    Несиелер: 4

    Қытай баспасөз тілі пәні баспасөз тілінің ерекшеліктерін, терминдердің аудармасын, оның лексикалық құрамын, грамматикалық қағидалардың баспасөз жанрында қолданылуын оқытады. Қытай тілінде шығатын газеттер мен журналдарды оқып, түсіну әдісін қолданылуында ең керемет мүмкіндік беріледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ағылшын тілінің лексикологиясы
    Несиелер: 4

    Ағылшын тілінің лексикологиясы пәнінің мақсаты студенттердің лексикология - сөз және тілдің сөздік құрамы болып табылатын тіл білімінің бір бөлімі жайлы білімдерін қалыптастыру болып табылады. Курс барысында студенттер синхронды және диахронды талдау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау; тілдің жүйелік үйымдастырылуын оқып үйренумен байланысты әдіс-тәсілдер қолдану дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ағылшын тілін оқытуда тестілеу және бағалау
    Несиелер: 4

    Ағылшын тілін оқытуда тестілеу мен бағалау студенттерді тілді тексеру мен бағалаудың негізгі принциптерімен таныстырады және тестілеу құралдарын құрастыру мен растау дағдыларын дамытады. Курс барысында студенттер сыныпты бағалаудың негізгі шарттары мен мәселелерін және сыныптағы тестілеу мен бағалауды ажырата білу дағдыларын алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қытай тілі 1 (В1 деңгейі)
    Несиелер: 4

    Бұл курс ауызекі тілдің дамуын, лексика-грамматикалық құрылыс материалдары негізіндегі айтылудың жолға қойылуын, негізгі интонациялық модельдер мен қытай тілі сөйлемі ырғағының меңгерілуін мақсат етеді. Сонымен қатар, тыңдап түсінуге үйрету монолог және диалог түріндегі аутенттік есту және бейне мәтіндері негізінде күнделікті оқиғаға ақпараттар мен жаңалықтарға байланысты тыңдап-сөйлеу іске асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 3

    Білім берудегі менеджмент пәнінің мақсаты – білім беру жүйесінде педагогикалық процесті басқарудың қағидалары мен заңдылықтарын білу және педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, жобалау, болжау, диагностикалау іскерліктерін қалыптастыру. Білім беру ұйымдарында басқаудың функцияларын, нормативтік-құқықтық базасын, бақылау тексеру түрлері, субъектілерді басқаруда қақтығыстармен лидерлік сапаны дамытуды түсіну.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Педагогикалық менеджмент
    Несиелер: 3

    Педагогикалық менеджменттің мақсаты – басқару объектісі ретінде педагогикалық жүйесі басқарудың заңдылықтар мен қағидаларынан, функцияларынан студенттердің білімін қалыптастыру. Мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастыру, жоспарлау, болжау мен бақылауды жүзеге асыра білуді меңгерту. Сонымен қатар, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тілді академиялық мақсатта оқыту
    Несиелер: 6

    Аталмыш пәнде академиялық мақсатта тілді оқыту жүйесінің негізгі сипаттамалары, тілдік білім беру кеңістігін кеңейту, білім беру контекстінің вариативтілігі, технологиялар, оқыту нысандары мен құралдарының вариативтілігі, көптілділік пен полимәдениетке бағытталуы қарастырылады; құзыреттілік тәсіл, білім берудің өнімді сипатына бағдарлану, пәнаралық, мазмұнның субъективтілігі, аксиологиялық тәсіл, студенттердің білім беру сапасының әлеуметтік-тұлғалық индикаторларына бағдарлану сияқты қазіргі дамуының негізгі тенденциялары айқындалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Критериалды бағалау
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Пән аясында білім алушыларға критериалды бағалау жүйесінің мазмұны, оқыту нәтижесін бағалаудың қазіргі құралдары, түрлері, техникалары, механизмі, білім беру үдерісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, критериалды бағалаудың технологиясы түсіндірілген. Критериалды бағалаудың әдістері, техникалары көрсетіледі. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, бөлім және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеудің тәсілдері мен әдістері үйретіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қытай тілінің ресми іс-қағаздары
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - ұйымдағы жұмыс үшін құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мамандарды даярлау. Бағдарламаны игеру нәтижесінде студент қытай тілінде басқаруды құжаттық қамтамасыз ету тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік-әдістемелік құжаттарды білуі керек; құжаттармен жұмыс істеудің заманауи ақпараттық технологиялары, кіріс, шығыс және ішкі құжаттармен жұмыс істеу ережелері, ұйымды құжаттамалық қамтамасыз ету ережелері

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ағылшын тілінің теориялық грамматикасы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - студенттердің теориялық пәндердің бүкіл циклімен тығыз байланысты жүйе ретінде ағылшын тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімін қалыптастыру. Курстың негізгі мақсаты студенттердің қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету, сондықтан олар практикалық ағылшын тілі курсы мен практикалық грамматикамен өзара байланыс жасалып, студенттерге қазіргі заманғы грамматикалық зерттеулердің проблемаларымен және грамматикалық материалдарды ғылыми талдау әдістемесімен танысуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Классикалық және қазіргі заманғы әдебиет
    Несиелер: 3

    Көне классикалық және қазіргі заман әдебиетінің негізгі шығармаларымен танысады. Олардың жанрлық ерекшеліктерін меңгереді. Әдебиеттің негізгі даму сатыларын біледі; Классикалық және қазіргі заман әдебиетінің Батыс Еуропа әдебиетінен бастау алғанын түсінеді;

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ағылшын тілін оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Курс мақсаты студенттерді щетел тілін оқытудың XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың дәстүрлі және классикалық әдістерімен таныстыру. Қоғам мен білім беру технологияларының дамуы жағдайында шетел тілін оқыту әдістері, тәсілдері мен әдістерінің өсуі және әртараптандырылуы. Шетел тілін оқыту тарихында әр әдісті қолдану туралы ақпарат беріледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - критериалды бағалау жүйесін, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың заманауи құралдарын, түрлерін, техникаларын, тетіктерін, білім беру процесіндегі бағалаудың орны мен рөлін түсіну, қалыпастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін қолдану, бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Ол критериалды бағалау жүйесінің мәні мен ерекшелігін түсінуді қамтамасыз етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әдеби шығармаға стилистикалық талдау
    Несиелер: 4

    Бұл курстың мақсаты студенттерді көркем мәтін құрылымының негізгі ұғымдары мен көркем әдебиеттің осы түріне стилистикалық талдау жасаудың категорияларымен таныстыру; әдеби шығарманы стилистикалық талдау жасау және әдеби шығарманың көркемдік құрылымы туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қытай тілі 1 (С1 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Курс барысында білімгерлердің сөздік қоры 1500 лексикалық бірлікке және 1100 иероглифтік таңбаларға дейін артады. Біліктілікті жетілдіру жалғасуда. Оқушылар орта деңгейдегі бейімделмеген мәтіндерді оқиды. Сөйлеу жылдам қарқынмен жүреді, мәлімдемелер нақтылана бастайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ағылшын тілін оқытудың психологиясы
    Несиелер: 4

    Ағылшын тілін оқыту психологиясы» пәнін игерудің мақсаты - студенттердің негізгі психологиялық түсініктер мен процестің заңдылықтарын игеруін көздейтін, осы оқыту бағыты бойынша стандартта көзделген белгілі бір кәсіби құзыреттіліктер жиынтығын қалыптастыру. Мектеп оқушыларына шет тілін үйрету барысында тіл үйрену қабілеттерін, сондай-ақ болашақ шет тілі мұғалімінің кәсіби «Мен» бейнесін зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аудармашы кәсіби қызметінің негіздері
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудың мақсаты студенттер арасында кәсіби маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады, ол аудармашы мамандығының ерекшеліктері, аудармашының жеке тұлғалық моделі, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту әдістері, кәсіби стиль туралы түсініктерді, мәдениетаралық коммуникация саласындағы кәсіби құзіреттілікті дамытуға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ағылшын тілінде ресми іс-қағаздарды жүргізу
    Несиелер: 5

    “Ағылшын тілінде ресми іс қағаздар жүргізу” пәні cтуденттерді күнделікті ресми қарым-қатынаста игерілетін тілдің лексика-грамматика жүйесімен таныстыра отырып, іс-қағаздарын жүргізу мен ресми құжаттар әзірлеуге үйрету.Құжаттардың жазылу үлгісімен қатар құжаттың жазылу тілін(стилін) үйретеді. Әрбір құжатты өзіндік жазылу стилін сақтап, мемлекеттік стандарттың талабын орындап жазуды үйретеді. Ресми құжаттарда қолданылатын тұрақты терминдер мен терминдік сөз тіркестерін оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ағылшын тілінде әдеби шығармашылық (эссе)
    Несиелер: 5

    Бұл курста студенттер эссе жайлы, эссеның мақаладан, шығармадан ерекшелігі туралы терең білім алады және ағылшын тілінде эссе жазуды үйренеді. Студенттер тақырыпты дұрыс талқылауды, дәлелдер келтіруді және пікірталас жүргізуді, әлеуметтік, мәдени немесе тарихи жоспардың белгілі бір мәселесі бойынша қорытынды шығаруды үйренеді, бұл өз кезегінде қиялын дамытады және студенттерге аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мәдениет аралық коммуникация
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерді әртүрлі өркениет өкілдерінің психикалық ерекшеліктерімен және ұлттық әдет-ғұрпымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынастың нормаларымен, ережелерімен және стильдерімен таныстыру, болашақ мамандардың коммуникативті құзыреттілігінің негіздерін қалау және оларды кәсіби қызметке дайындау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қытай тілі 1 (В2 деңгейі)
    Несиелер: 5

    Қытай тілінің В2 деңгейіндегі студент қытай тілінің фонетикасымен танысып, қытай таңбаларын жазып үйренумен қатар, сөз әрекетінің төрт түрі: сөйлеу, тыңдап-түсіну, оқу және жазба сөз қалыптастырады. Білімгерлер мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастырады.Сөз әрекетінің төрт түрінде коммуникативті іскерліктерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық технологиялар
    Несиелер: 3

    Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні студенттердің кәсіби және жеке тұлғалық құзіреттіліктерін меңгертуді үйретеді, яғни заманауи ақпараттық коммуникациялық технологияларды кәсіби іс-әрекеттердің әр түрлі облыстарында, ғылыми және практикалық жұмыста, өз білімін жетілдіруде және басқа да мақсаттарда қолдануға мүмкіндік береді. Практикалық мақсаттармен қатар курс студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, білім беру мен тәрбие беру мақсаттарын жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қытай тілінде әдеби шығармашылық (эссе)
    Несиелер: 5

    Білімгерлердің алған білімдерін тереңдету, ағылшын тілінде әдеби шығармашылық эссе жазудың өзекті мәселелермен таныстыру. Әдеби шағармашылық (эссе), оған қойылатын талаптар, негізгі түрлерін зерттеу. Ойды, пікірді әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісті кеңейтуге машықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ағылшын және американ әдебиеті
    Несиелер: 5

    Бұл курстың мақсаты студенттерді ағылшын және американ әдебиетінің даму кезеңдерімен, олардың әдебиеттің дамуының әртүрлі кезеңдерінде жасалған негізгі еңбектерімен таныстыру. Сонымен қатар студенттердің әртүрлі дәуірлерде жасалған прозалық және поэтикалық мәтіндерді, оның ішінде әлеуметтік-мәдени және эстетикалық аспектілерін, құрылымы мен семантикасын талдай білу қабілетін дамыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіби қытай тілі
    Несиелер: 5

    «Кәсіби қытай тілі» курсы студенттерді мәдениаралық кәсіби коммуникация теориясы бойынша зерттеулер аясындағы теориялық жетістіктермен таныстырады. Аталған курс заманауи әдістер мен әдістемелер арқасында шет тілі мәтінімен жұмыс істеуге бейімдейді.Әртүрлі жанрлар мен стильдердердегі мәтінмен жұмыс істеуге үйретеді.Лайықты мәліметтерді тиімді тарату үшін тілдік–стилистикалық кәсіби бірліктерді құрылымдық стилистикалық белгілері бойынша анықтауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 5

    «Кәсіби бағытталған шетел тілі» курсы студенттерді мәдениаралық коммуникация теориясы бойынша зерттеулер аясындағы теориялық жетістіктермен таныстырады. Аталған курс заманауи әдістер мен әдістемелер арқасында шет тілі мәтінімен жұмыс істеуге бейімдейді. Әртүрлі жанрлар мен стильдердердегі мәтінмен жұмыс істеуге үйретеді. Мәліметтерді тиімді тарату үшін тілдік–стилистикалық бірліктерді құрылымдық стилистикалық белгілері бойынша анықтауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON4

    оқу-тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету жолдарын, оқушылардың жас ерекшелік дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістерін және педагогика мен психологияның теориялық негіздерін қолдана біледі

  • Код ON5

    психологиялық, психофизиологиялық дамудың жалпы, өзіндік және жеке ерекшеліктерін және инклюзивті білім беру құндылықтарын есепке алу құралдарын пайдалануға қабілетті, инклюзивті білім беру ұстанымдарын және бағалау мен басқаруды оқу-тәрбие үдерісінде нормативті реттеуді біледі

  • Код ON8

    қарым-қатынас дағдыларын осы процестің негізгі заңдылықтары мен тетіктері, оның құрылымы мен формалары туралы қажетті білімді дамыту арқылы қалыптастырады және тиімді өзара қарым-қатынастың нақты әдістерін қолдана отырып қарым-қатынас дағдыларын дамытады

  • Код ON10

    арнайы жалпы кәсіби, академиялық және іскерлік қарым-қатынас деңгейлеріндегі шет тілін меңгеру деңгейін көрсетеді, сөйлеу қызметінің негізгі түрлерінің идеяларын оқу, тыңдау, сөйлеу жəне жазу негізінде қалыптастырады

  • Код ON1

    мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастыра отырып, жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіру арқылы барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады.

  • Код ON9

    шет тілін оқытудың педагогикалық әдіснамасы мен психологиялық білімдерін және тілдік құзыреттілігін көрсетеді, aрнайы білім беру технологияларын, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін құрастырады, шет тілін оқыту процесін жүзеге асырады, педагогикалық тәжірибелік қызметте инновациялық технологияларды қолданады

  • Код ON2

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттейді және мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON6

    грамматикалық, фонетикалық, лексикалық білімдерін жетілдіру арқылы тыңдау жəне сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын қалыптастыра отырып, фонетикалық, морфематикалық, синтаксистік жəне компонентті талдау жүргізеді, практикалық және кәсіби біліктілігін арттырады

  • Код ON7

    филологияның бір бөлігі ретінде тіл біліміне қатысты - тіл білімінің қызметі, табиғаты, тіл білімінің теориялық аспектісінің әр түрлі жақтары мен ерекшеліктері туралы теориялық білімін қалыптастырады және қазіргі тіл білімінің негізгі бағыттары, мектептері, тұжырымдамалары мен теорияларының мазмұны жайлы білімін жинақтайды; барлық заманауи ғылымның орталық әдіснамалық мәселелері ретінде тілдің құрылымы мен тіл теориясының принциптері жайлы білімін жетілдіре отырып кәсіби теориялық және лингвистикалық ойлау дағдыларын дамытады және тіл білімінің теориялық аспектісін тарихи тұрғыдан түсіндіреді

  • Код ON3

    қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет ете отырып, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады және қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу арқылы өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолдана алады

Top