Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02333 Шетел филологиясы (түрік тілі) в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Түрік (қазақ) тілі (Деңгей І)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттерге түрік тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру және артикуляция, интонация ережелерін үйрету. Пән, тілдік қызметтің төрт негізгі формаларында (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, тілдік қызметтің төрт негізгі формаларын (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу)дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Осман тілі І
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: араб әліппесін үйрету; сөздердің негізінде мәтіндерді оқу және жазу жаттығулары орындау. Пән, түрік, араб және парсы тілдерінің жазу емлелері туралы, сонымен қатар, жазу түрлері мен қолжазбалар туралы мәлімет беруге бағытталған. Пән оқыту нәтижесінде білімгер, араб графикасымен түрік сөздерін жазу ерекшеліктерін, қарапайым мәтіндерден қиын мәтіндерге ауыса отырып, оқуды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түркітануға кіріспе
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: студенттерде түркітану тарихы, түркі тілдеріндегі зерттеулер туралы түсінік қалыптастыру. Пән болашақ мамандардың түркітану ғылымын меңгеруіне бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент түркітану ғылымы, оның ішінде түркі халықтарының тарихы, мәдениеті мен тілдері, негізгі тарихи көздері, отандық және шетелдік түркітануды дамытудың негізгі кезеңдері туралы жан-жақты ақпаратты меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түрік (қазақ) тілі (Деңгей ІІ)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: студенттердің түрік тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру, грамматикалық ережелерді үйрету, жазбаша тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту. Студенттердің белсенді және пассивті сөздік қорын кеңейту. Пән түрік тілінде күрделі сөйлемдерді қалыптастыруға бағытталған; түрлі тақырыптарда күрделі мәтіндерді қолдана отырып, түрік тілін меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы түрік тілінің грамматикалық ережелерін сөйлеу мен жазуда қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды жүйелі түрде білу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, күнделікті білім беру қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдауға сыни көзқараспен сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге ықпал ететін факторлар туралы жалпы кешенді білімді меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Осман тілі ІI
    Несиелер: 4

    Пәнні мақсаты: араб жазу түрлері мен қолжазбалар туралы мәлімет беру. Пән араб графикасымен түрік сөздерін жазу ерекшеліктерін үйретуге негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, араб әріптерімен жазылған осман тілі мәтіндерін оқуға және жазуға дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілі ІІI (Морфология)
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: түрік тілінің морфологиялық ерекшеліктері туралы мәлімет беру. Пән, сөз түбірлерінің, жұрнақ-жалғаулардың, туынды түбірлердің ерекшеліктеріне негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, түрік тіліндегі түбір мен қосымшалардың жалғану және сөз жасау жолдары мен ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ясауитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты діни және сопылық қайнар көздерден алынған ясауилік ілімінің мәнін сипаттау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы сопылық терминдер мен категориялардың мәнін, олардың метафоралығын түсінудің теориялық және әдіснамалық негізін, Қожа Ахмет Ясауидің «Дивани Хикмет» шығармасының сопылық мәнін талдауға және бағалауға, оның мәдени-рухани әлеуетін анықтауға қолдана білуді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі дүниесіндегі әдеби ағымдар I
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: түркі әлеміндегі әдеби шығармалардың негізін қалайтын философиялық пікірлерді хронологиялық тұрғыдан сипаттау, Қараханлы кезеңінен бұрынғы және кейінгі түркі әдебиетінің қайнар көздері жайлы мәліметтер беру, ауызша және жазбаша түрде тараған әдеби шығармалар туралы ой-пікірлерді саралау. Пән ежелгі дәуірден ХХ ғасырға дейінгі түркі халықтарының интеллектуалды күш-жігері мен ағартушы өкілдерінің пікірлеріне, сонымен қатар ХХ ғасырға дейінгі жалпы түрік әлеміндегі пікір қозғалыстарына бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер тарихи және сыни көзқарас тұрғысынан әлемдік әдебиеттер арасындағы түркі әдебиетінің алар орнын түсініп, әдеби бағыттар мен ағымдардың сипаттамасын үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыни және жүйелі ойлау
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - дүниетанымдық ұғымдар мен категориялар арқылы адам өз өмірін қайта құруға талпынып, жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізіп, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал ету, дәйекті, әрі дұрыс ойлау арқылы өзіне және қоғамда болып жатқан процестер мен өзгерістерге аналитикалық ойлау тұрғысынан логикалық сараптама жасау. Сыни ойлау қабілеттерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - қазіргі саяси, экономикалық, күнделікті-тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени байланыс, барлық ғылым саласы мен мемлекеттік басқарушы органдардағы терминологиялық және арнайы лексиканы, сондай-ақ іскер хаттар жазысу ережелерін, шарттар мен келісім жасай білуге және іскерлік қарым-қатынаста сөйлеуге қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшбасшылық теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты- студенттердің көшбасшылық теориясы, принциптері, негіздері туралы негізгі, кәсіби білімдерін қалыптастыру, сонымен қатар, білім беру ортасында көшбасшылық қасиеттерді, дамыту және жетілдіру дағдыларын қалыптастыру. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін факторларды анықтайды. Көшбасшылықтың тұлғалық теориясын, командалық жұмысты ұйымдастыруды қарастырады. Мінез-құлық және жағдаяттық көшбасшылық. Білім беруді ұйымында көшбасшылық стильдерді жүзеге асыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экологиялық танымды қалыптастыра отырып, адамның тіршілік ету ортасымен арасындағы жарақатсыз қауіпсіздікке студенттерді дағдыландыру. Курста қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың заманауи тәсілдері бойынша теориялық және практикалық білімді қалыптастыра отырып, апаттардан және дүлей зілзалалардан, қарсыластың жою құралдарынан қорғану мақсатында халықты қорғаудың әдістері мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түрік халық әдебиеті І
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: Батыс мифологиясындағы тақырыптар мен кейіпкерлерді, мифтер мен рәміздерді түсіндіру. Пән көркем шығармаларда, әсіресе батыс көркемөнеріндегі мифологияға негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер шығармалардағы мифологиялық факторлерді меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - экономиканы оқудың теориялық негіздерін, кәсіпкерлік, кәсіпкердің іс-әрекеттері,кәсіпкерлік істің түрлері, ұйымдастыру әдістері, тактикасы, стратегиясы, кәсіпкерлік бәсекелестік, тәуекел мен бизнес білімін, бизнес-жоспардың құрылымын, мазмұнын, және ұлттық экономиканың салаларында бәсекені күшейту жағдайындағы кәсіпкерліктің және бизнес–жоспарды құрудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік негіздері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі мемлекеттер тарихы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - түркі тілдес елдерінің жастарынан қазіргі заманғы жоғары білікті мамандарды дайындау үшін өзінің төл тарихы мен мәдениетін, тарихи ерекшелігін ұғып білуді, сондай-ақ, жаһандану процесінде ұлттық болмысын сақтауда қажетті біліммен қаруландыруды көздейді. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихын, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі қарастырады. Пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ататүрік принциптері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – түркі тілдес елдерінің жастарын қазіргі заманғы жоғары білікті маман ретінде дайындау бағытында түркі әлемінде ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында орын алған Осман империясының тарихы мен маңызын көрсетуге бағытталады. Империяның құлауы мен өз жалғасын тапқан түрік ұлтының тәуелсіздік үшін күресі және мемлекеттің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің принциптері пәннің мазмұнын құрайды. Түрік ұлтының басшысы ретінде Мұстафа Кемалдың мемлекетке байланысты ұстанған принциптерін түсіндіру көзделеді. Бұл пән Қазақстан мен Түркия арасындағы келісім негізінде құрылған университет білімгерлері үшін міндеттелген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көне түрік тілі (Көктүрік- көне ұйғыр)
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде көне түркі тілінің даму тарихы туралы түсінік қалыптастыру. Пән көне түркі жазба ескерткіштерінің табылуы, оқылуы мен жариялануы және олардың орналасқан жері, бүгінгі күнге дейін сақталу деңгейі туралы мəліметтерді тарих, география пəндерімен өзара байланыстыра отырып түсіндіруге бағытталған. Пән оқу нәтижесінде білімгерлер көне түркі тілінің ежелгі тарихы мен ерекшеліктерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі дүниесіндегі әдеби ағымдар IІ
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: 19 ғасырдың соңынан бастап дүниежүзілік тарихта орын алған оқиғалардың әсерінен пайда болған пікір ағымдарының ерекшеліктерін түсіндіру. Пән исламдық, батыстық және түрікшілдік ұстанымның өкілдерін таныстырп, олардың пікірлері мен шығармаларын саралауға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер Байкалдан Балқанға, Азиядан Анадолыға дейінгі түрік халықтары мекендеген аймақтарда тарихтың әртүрлі кезеңдерінде құрылған тәуелсіз мемлекеттер мен империялардағы әдеби ағымдардың көрінісін меңгереді, Шығыс Түркі әлемі мен Батыс Түркі әлеміндігі әдеби бағыттар мен ағымдардың ортақ ерекшелігін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Көне түркі тілі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: білімгерлерге түркі тілдес халықтардың көне жазба ескерткіштері туралы мәлімет беру, зерттелетін түркі тілдерінің тарихын тереңірек түсіну арқылы тілдік құзыреттіліктерін кеңейту. Пән түркі тілдес халықтар қолданатын әр түрлі руникалық жазулармен таныстыруға, Руникалық жазба ескерткіштерімен жұмыс жасаудың теориялық және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер көне түркі ескерткіштері тілінің грамматикасын үйренеді, руникалық графиканы зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жаңа дәуір түрік әдебиеті І
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: Түркия Республикасының құрылған жылдары енді ғана қалыптасып дамып келе жатқан түрік әдебиетінің проза алаңындағы ерекшеліктерін үйрету. Пән түрік әдебиеті классиктері болып саналатын Якуп Кадри, Халиде Эдип Адывар, Решат Нури, Пеями Сафа, Сабахаттин Али, Ахмет Хамди Танпынар, Саит Фаик секілді ұлы тұлғалардың шығармаларын үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, Түркия Республикасының құрылған кезеңінде өмір сүріп, шығарма жазған жазушылардың өмірі мен шығармаларын ұйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА І
    Несиелер: 2

    Практикада студенттер бағдарлама бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін оқып зерттейді, теориялық білімдерді бекітеді, кәсіби машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді меңгеруді қамтиды, ұйымдастырушылық дағдыларды игереді, өз бетінше қызметті жоспарлайды, әріптестермен пайдалы байланыстарды орнатады, рөлдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түрік тілінің синтаксисі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: түрік тілінің морфологиялық ерекшеліктері туралы мәлімет беру. Пән, сөз түбірлерінің, жұрнақ-жалғаулардың, туынды түбірлердің ерекшеліктеріне негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, түрік тіліндегі түбір мен қосымшалардың жалғану және сөз жасау жолдары мен ерекшеліктерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түрік халық әдебиеті ІІ
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: түрік халық әдебиетіндегі авторы белгісіз поэзиялық ескерткіштер (дастан, эпос, өлең түрлері, жоқтау, бесік жырлары) және текке өлеңі туралы мәлімет беру. Пән, ХV-ХХ ғасырлардағы түрік саз өлеңдері (Көроғлу, Каражаоғлан, Ержисли Эмрах, Гевхери, Кайыкчы Кул, Мустафа, Дадаоғлу, Эрзурумлу Эмрах, Сүммани, Хүзни, Сейрани, Ашык Вейсель, Шереф Ташлыова, т.б.) туралы мәлімет беруге негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, ауыз әдебиетіндегі таңдалған шығармаларды мазмұны, тілі, құрылымы жағынан зерттейді

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ежелгі дәуір түрік әдебиеті І
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: ескі түрік әдебиетіндегі өлең түрлері туралы мәлімет беру. Пән өлең шумақтары мен қатарларының орналасу тәртібі, өлеңдердің жазылу ерекшеліктері туралы жалпылама мағлұмат беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер, түрік тіліндегі сөз өнері мен өлең ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түрік әдебиетін оқытудың әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: әдебиетті оқыту барысында қолданылатын амал-тәсілдерді үйрету. Пән әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын инновациялық әдістерге негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту және қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялар мен технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түрік халық әдебиеті ІІІ
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: ертегі аңыз әңгімелер әзіл оспақ әңгімелердің ерекшеліктерін түсіндіру. Пән халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениетімен салты , әдеті мен ғұрпы, тілінің шебер ерекшеліктеріне негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер бұл жанрлардың ерекшеліктерін ұғынып, әдебиет пен қоғамның ара-қатынасын сипаттауды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ортағасырлық түркі тілі І (қарахан-харезм-қыпшақ)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде Қараханид дәуіріндегі түркі жазба мәдениетінің ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Пән Қараханид мемлекетінің тілі, қарлұқ-хорезм тілі және қыпшақ тілі туралы мәлімет беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер Қараханид кезеңіндегі түркі жазба мәдениетінің жетістіктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін оқып-үйрену. Пән білімгерлердің ғылыми зерттеу жұмыстары жүйесін зерделеуге негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, ғылыми ақпаратты іздестіруді, жинақтауды және өңдеуді үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көне Ұйғыр түрікшесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде көне ұйғыр тілінің даму тарихы туралы түсінік қалыптастыру. Пән көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің табылуы мен олардың орналасқан жері, бүгінгі күнге дейін сақталу деңгейі туралы мəліметтерді тарих, география пəндерімен өзара байланыстыра отырып түсіндіруге бағытталған. Пән оқу нәтижесінде көне ұйғыр тілінің ежелгі тарихы мен ерекшеліктері үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Осман тіліндегі мәтіндер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгердің осман тілінде жазылған мәтіндерді оқуға қажетті дағдысын қалыптастыру. Пән осман тіліндегі мәтіндерді оқу, олардың мазмұнын талдау және тәжірибе жүзінде алынған білімді қолдануға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер осман тілінде жазылған мәтіндерді еркін оқып, түсіне алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ежелгі дәуір түрік әдебиеті ІІ
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: ескі түрік әдебиетіндегі өлең түрлері туралы мәлімет беру. Пән өлең шумақтары мен қатарларының орналасу тәртібі, өлеңдердің жазылу ерекшеліктері туралы жалпылама мағлұмат беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер, түрік тіліндегі сөз өнері мен өлең ерекшеліктерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жаңа дәуір түрік әдебиеті ІІ
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Түркия Республикасының құрылу кезеңінде құрылып, дамыған әдебиеттің өлең саласындағы ерекшеліктері туралы мәлімет беру. Пән Ахмет Хашим, Яхия Кемаль, Назым Хикмет, Жахид Сыткы Таранжы, Фарук Нафыз Чамлыбель, Нежип Фазыл Кысакүрек, Бехчет Кемаль Чаглар, Ахмет Хамди Танпынар, Жевдет Кудрет, Фазыл Хүснү Дағларжа сияқты атақты ақындардың өлеңдерін зерттеуге негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, Республика кезеңіндегі өлең мен одан бұрынғы өлеңдердің айырмашылықтары үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ескі Анадолы Түрікшесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: ХІІІ-ХV ғасырлар арасында шығарма жазған ақын жазушылардың еңбегінен алынған мәтіндердің көмегімен ескі Анатолья кезеңі тілінің ерекшеліктерін талдау. Пән Ескі Анатолья кезеңінің тілі мен қазіргі түрік тілінің арасындағы тілдік ерекшеліктер жағынан салыстырмалы әдістер арқылы жұмыс жүргізуге бағытталған. Осы пәнді оқу нәтижесінде білімгерлерде сияқты ескі Анатолья дәуірінің атақты жазушыларының шығармалары туралы білім қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі әлемі әдебиеті I
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қазіргі түркі әлемі әдебиетінің даму тенденцияларын, ұғымдар мен категорияларын, поэтика, жанр, стиль түрлерін білу дағдыларын қалыптастыру. Пән қазіргі түркі әдебиеттануының өзекті мәселелерін қамтыған еңбектерді меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде қазіргі түркі әлемі әдебиетінің даму барысы туралы білімін жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі түрік тілдері (Өзбек-Ұйғыр)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: түркі тілдерінің ішіндегі қарлұқ тобына жататын өзбек және ұйғыр тілдерін негізге алып, құрылымын үйрету. Пән мәтіндер көмегімен қазіргі түркі тілдерінің тілдік ерекшеліктерін зерттеуге негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, тілдер салыстырмалы түрде талдайды, бұл тілдердің барлығын бүгінгі түрік тілімен салыстыра отырып қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ежелгі дәуір түрік әдебиеті ІІI
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: ХVІ-ХІХ ғасырлардағы Осман мемлекеті кезеңінен басталатын ескі түрік әдебиетінің даму тарихын жан-жақты үйрету. Пән осы ғасырлар арасында азери және шағатай аймақтарында дамыған түрік әдебиеті тарихына негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, ХVІ-ХІХ ғасырлардағы Осман мемлекеті кезеңінен басталатын ескі түрік әдебиетінің даму тарихын жан-жақты үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі әлемі әдебиеті II
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қазіргі түркі әлемі әдебиетіндегі әдеби ағымдар мен бағыттарды сол халықтың қоғамдық-экономикалық жағдайымен байланысты түсінік қалыптастыру. Пән түркі халықтарының әдебиетіндегі ағымдар мен бағыттарды қолдана білуіне бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер түркі халықтарының көркем шығармаларындағы әдеби ағымдар мен бағыттардың жанрлық байланысын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі түркі тілдері (Қазақ-Қырғыз-Башқұрт-Татар)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: түркі тілдерінің ішіндегі оғыз тобына жататын әзірбайжан, түркімен және гагауыз тілдері негізге алынып, құрылымын үйрету. Пән мәтіндер көмегімен қазіргі түркі тілдерінің тілдік ерекшеліктерін зерттеуге негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, тілдерді салыстырмалы түрде талдайды. Оғыз тобына жататын тілдерден басқа өзбек, ұйғыр, татар, қазақ, қырғыз тілдері де мәтіндер көмегімен үйренеді. Бұл тілдердің барлығын бүінгі түрік тілімен салыстыра қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ІІ
    Несиелер: 4

    Өндірістік практикада студенттер мамандық бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін оқып зерттейді, теориялық білімдерді бекітеді, кәсіби машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді меңгеруді қамтиды, ұйымдастырушылық дағдыларды игереді, өз бетінше қызметті жоспарлайды, әріптестермен пайдалы байланыстарды орнатады, рөлдік кәсіби ұстанымын айқындау, жауапкершілік сезімін қалыптастыру машықтарды меңгеру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жаңа дәуір түрік әдебиеті ІІІ
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: қазіргі түрік әдебиетінің алдыңғы қатарда келе жатқан ақын-жазушыларының шығармалары туралы мәлімет беру. Пән түрік әдебиетінде соңғы 20 жылда жазылған өлең, әңгіме, роман, театр шығармалары және сын түрлеріне; әдебиет мәтіндерінің сын жағынан талдануына бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, қазіргі түрік әдебиетінің алдыңғы қатарда келе жатқан ақын-жазушыларының шығармалары туралы білімін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түрік тілін оқытудың әдістері
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: тілді оқыту барысында қолданылатын амал-тәсілдерді үйрету. Пән, түрік тілін оқытуда қолданылатын әдістерге негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялар мен технологияларды пайдалануда дағдысын қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ортағасырлық түркі тілі ІІ (шағатай тілі)
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде шағатай тілінің әліпбиі және олардың дыбыстық артикуляциялық ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Пән Шағатай ұлысының тарихы мен мәдениетін, шағатай жазба тілінің грамматикасын, ерекшеліктерімен ескерткіштерді транскрипциялау әдістерін үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер шағатай әліпбиін, транскрипция жасау әдісін, қолжазбалармен жұмыс істеу арқылы ішкі мазмұнын талдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түрік халық әдебиеті ІV
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерге қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостык жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, тағы басқа түгелдерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісі жайлы мәлімет беріледі. Пән жыршы да жырау, ақындар беделді тұлғалардың өмірбаяны туралы мәлімет беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түрік жыр әдебиеті саласында берілген мәліметтерді құрастыру, талдау, сынау және түсіндіру дағдыларын меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Салыстырмалы түркі диалектілері І
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: білімгерлердің түркі тілдерінің фонетикалық құрылысын талдауға қажетті дағдыларын қалыптастыру. Пән түркі тілдерінің тілдік ерекшеліктерін, спецификалық дыбыстардың өзгеріске ұшырауы мен қалыптасу жағдайын үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түрік фольклоры
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түрік фольклорының сан қырлы табиғаты мен қалыптасу, даму, таралу және сақталу ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Пән фольклорлық шығармалардың мазмұны мен жанрлық ерекшеліктерін талдауға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түрік фольклорының қалыптасуы мен даму кезеңдеріне қатысты классификацияларды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түрік тілін үйретуде ақпараттық технологияларды қолдану тәсілдері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: тілді оқыту барысында қолданылатын амал-тәсілдерді үйрету. Пән тілдік пәндерді оқытуда қолданылатын ақпараттық технологиялық әдістерге негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялар мен технологияларды пайдалануға дағдысын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түрік тілінің тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түрік тілінің даму тарихы туралы түсінік қалыптастыру. Пән, түрік тіліндегі жазба ескерткіштерінің табылуы мен олардың орналасқан жері, бүгінгі күнге дейін сақталу деңгейі туралы мəліметтерді тарих, география пəндерімен өзара байланыстыра отырып түсіндіруге бағытталған. Пән оқу нәтижесінде түркі тілінің ежелгі тарихы мен ерекшеліктерін үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жаңа дәуір түрік әдебиеті IV
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Түркия Республикасының құрылған жылдары енді ғана қалыптасып дамып келе жатқан түрік әдебиетінің поэзия және проза жанрларының ерекшеліктерін түсіндіру, Постмодернизм ағымының түрік әдебиетіне көрсеткен әсері туралы мәлімет беру. Пән түрік әдебиетінің классиктері болып саналатын ұлы тұлғалардың шығармаларына тоқталып, реалистік тұрғыдан жазылған бұл шығармалардағы оқиға желілерінің тарихи кезеңдермен байланысын көрсетуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер постмодернизм ағымының түрік әдебиетіндегі көрінісіп сипаттап, әдеби шығармаларға заманауи әдіспен кешенді талдау жасауды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлем әдебиеті
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: білімгерлерге әлем әдебиеті тарихы туралы мәлімет беру және оның өкілдерінің шығармаларымен таныс, әлем әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері туралы мәлімет беру. Пән әлем әдебиетінің әлемдік өркениеттегі ролін көрсетуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер әлемдік әдеби мұраны игереді, теориялық білімін практикада қолдана алады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жалпы түрік тіл білімі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: жалпы тіл ғылымының бағытын айқындайтын өзекті мәселелері түсіндіру. Пән білімгерлердің лингвистикалық терминологиялық сөздіктермен жұмыс істеу, аннотацияланған картотека түзу, тіл білімі классиктері еңбектерін конспектілеу жұмытарына негізделген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер, жалып түрік тіл білімі мәселелерін зерттейді, алған білім қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Фольклорды зерттеу әдістемесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде түркі халықтарының фольклоры мен ғылымы әдістемесінің негіздері туралы түсінік қалыптастыру. Пән түркі фольклорындағы ерекшеліктер туралы мәліметтерді беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде әдеби дәуірдің көрнекті өкілдері мен фольклор туралы мағлұматты үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: ғылыми шығармашылық іс-әрекеті удерісінде білімгерлердің танымдық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту. Пән болашақ мамандарды зерттеушілік іс-әрекетпен жаттықтыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер ақпаратты іздеуге, іріктеуге, жүйелеуге және талдауға, ғылыми жұмыстарды дайындап, рәсімдеуге, оларды жариялап, көпшілік алдында қорғауға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ежелгі дәуір түрік әдебиеті ІV
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: XVIII және XIX ғасырларда әдеби дәстүрде қалыптасатын жаңа әдеби тұжырымдамалардың диуан әдебиетінің соңғы кезеңі туралы мәлімет беру. Пән XVIII және XIX ғасырлардағыт диуан әдебиеті және оның ерекшеліктеріне негізділген. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер ежелгі дәуір түрік әдебиетін сипаттап, әдеби шығармаларға заманауи әдіспен кешенді талдау жасауды меңгереді, сол ғасырдағы диуан әдебиеті мен ақындарын танып біледі, олардың шығармаларын талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түрік тілінің лексикологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде қазіргі түрік тілінің сөздік қоры менқұрылысы туралы түсінік қалыптастыру. Түрік тілінің лексикологиясы, сөздің салыстырмалы лексикалық мағынасы және олардың семантикалық құрылымының түрлері жайында түсінік беру. Пән түрік тіліндегі кірме сөздерді және қазіргі түрік тілінің семантикасы мен оның түрлерін, мақал-мәтелдері мен тұрақты сөз тіркестерін үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер түрік тілінің сөздік қорын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тіл және мәдениет
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерді тілдегі ұлттық танымды, ұлттық рухты, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған жұмыстармен таныстыру, Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде екенін үйрету. Пән қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде қарастырылып жүрген жаңа бағыттың бірі тіл мен мәдениет байланысына бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгер тілдің мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырушы құрал екенін түсінеді, алған теориялық білімдерін практикада қолдана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпараттық технологиялар арқылы түрік әдебиетін оқыту
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: білімгерлерде заманауи білім берудегі инновациялық үрдістер туралы, жаңа сандық және интернеттік технологиялар туралы түсініктерін қалыптастыру. Пән түрік әдебиетін оқыту кезінде қазіргі білім беру ресурстарымен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдылар мен іскерліктерді үйретуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білімгерлер әдістеме саласындағы соңғы жаңалықтармен танысып, оларды тиімді қолданудың жолдарын үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Салыстырмалы түркі диалектілері ІІ
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: студенттерде түркі тілдерінің салыстырмалы синтаксисінің тақырыптары мен мазмұнына негізделген мәліметтерді игеретін дағдыларды қалыптастыру. Пән тіл тарихындағы тарихи салыстырмалы синтаксисін жан-жақты меңгерген тіл мамандарын даярлауға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент түркі тілдерінің әртүрлі топтарында синтаксистік категориялардың ұқсас және әртүрлілік ерекшеліктерін анықтай алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ІІІ
    Несиелер: 8

    Өндірістік практика – болашақ бағдарлама бойынша практикалық дағдыларды меңгеру мен алдынғы қатарлы кәсіби және ұйымдастырушылық тәжірибе алу, студенттің практикалық, нақты маман ретінде жұмыс атқаруы базалық және профильді пәндер бойынша теориялық білімді бекітуге бағытталған кәсіби прктиканың түрі болып табылады. Өндірістік-педагогикалық практикадан өту барысында студентті нақты өндірістік жағдайдың барлық бағыттары бойынша кәсіби әрекетке дайындау жүргізіледі

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • ДИПЛОМАЛДЫ ПРАКТИКА
    Несиелер: 4

    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON3

    - қоғамды сақтау және дамыту үшін рухани құндылықтардың маңыздылығын ұғыну мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын қолданады,сыни тұрғыдан ойлау қабілетімен әрекет етеді, тарихи деректер мен қағидаттарды қолданады; - қоғамның өмір сүру ортасы мен экологиялық танымды білу, өзіне қатысты құқықтық, адамгершілік міндеттемелерді, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қоғамға үйретеді, кәсіби қызметте осы білімдерін қолданады

  • Код ON8

    - түрік әдебиеттану ғылымы туралы жалпы мәлімет алады, ақын-жазушылардың шығармаларымен танысады; - түрік әдебиетінің кезеңдері және жанрлары туралы әдебиеттерді қарап, мәлімет жинақтайды; - түркі дүниесіндегі әдеби ағымдар және олардың көрнекті тұлғаларымен танысып, пікірлік тенденцияларын үйренеді.

  • Код ON5

    - ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын, түрлерін, заңдылықтарын анықтайды; - ғылыми- зерттеу жұмысын ұйымдастыруда филология саласына қатысты негізгі мәселелерді іздейді; - ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрік тілі мен әдебиетінің іргелі заңдылықтары мен теориялары туралы білімін қолданады

  • Код ON4

    - заманауи білім беру әдістемесін және технологиясын қолданады; - нәтижеге жету үшін іс-әрекеттерді нұсқауларға сәйкес орындайды, дағдысын көрсетеді

  • Код ON1

    -мақсатқа бағытталған белсенді оқыту қабілетін қалыптастырады; -жеке және топта ақпаратты басқаруды, цифрлық технологияларды тарату процесін немесе жолдарын түсіндіреді; -барлық салада экономикалық, кәсіпкерлік және шешімдер қабылдау дағдыларын қолданады

  • Код ON2

    -жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді реттей алады; - мемлекеттік және шет тілдерінде табысты академиялық, кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынас орнатады

  • Код ON9

    - түрік халықының ауыз әдебиетіндегі таңдалған шығармаларды мазмұны, тілі, құрылымы жағынан зерттейді.; - дастан, эпос, өлең түрлері, жоқтау, бесік жырлары сияқты әдеби жанрлармен танысады

  • Код ON7

    - түрік тілінің тарихын үйренеді, Орал-Алтай тіл тобының ерекшеліктерін анықтайды; - көне түрік тілі, көне ұйғыр, шағатай тілдеріндегі мәтіндерді оқиды, түсіндіреді; - түрік тілінің тарихын дәуірге бөлу принциптері, әдеби түрік тілінің даму кезеңдері және түркі мемлекеттерінің тарихы туралы білімін қалыптастырады

  • Код ON12

    - білім алушылардың негізгі құзыреттілігін дамытуға бағытталған іс-әрекеттің мақсатын, міндеттерін, кезеңдерін, нақты тәсілдерін анықтайды; - түрлі сабақ конспектілерін құрастырады; өзінің әдістемелік сауаттылығын рефлекстеу негізінде әдістемелік портфолио қорғау нәтижелерімен түсіндіреді - ғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін оқып үйренеді, ғылыми зерттеу жұмысы мен ғылыми мақала жазудың қыр-сырын үйренеді; - тілдегі ұлттық таным, ұлттық рух, ұлттық құндылықтар туралы мәлімет алады; -тілдің мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырушы құрал екенін түсінеді

  • Код ON6

    - тілдік бірліктерді тіл деңгейлерінің категориялық параметрлеріне сәйкес ерекшеліктерін анықтайды; - тіл білімінің негізгі ғылыми тұжырымдамалары қоғам дамуының жалпы мәселелерімен өзара қатынасының байланысын түсіндіреді; - тілдік құбылыстар мен процестерді ғылыми бағалауда (эссе түрінде) жүйелі түрде қолданады

  • Код ON10

    - түркі әлемі әдебиеті мен түркі тілдеріндегі зерттеулер туралы мәлімет алады; - түркі халықтарының мәдени, әдеби мұраларымен және дереккөздерімен жұмыс жасауда алған білім-дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады - әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері мен шығармалары туралы мәлімет алады

  • Код ON11

    - шағатай және осман тілдеріндегі қолжазбаларды транскрипция жасайды және оның түсіндірмесін қазіргі түркі тілдерінде береді; - қараханидтер кезеңіндегі жазба мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді; - ежелгі түркі қоғамы мен ежелгі түркі мемлекеттігін зерттеудің мәселелерін, перспективаларын анықтайды және жақын арадағы міндеттерді тұжырымдайды

Top