6B10111 Стоматология в Семей медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары білікті стоматологиялық көмекті өз бетінше көрсетуге қабілетті және дайын, білім беру және кәсіби стандарттың талаптарына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті стоматолог дәрігерді даярлау
-
Академиялық дәреже Интернантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Семей медицина университеті
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B087 Стоматология
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B10 Денсаулық сақтау
-
Дайындық бағыты 6B101 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Ортопедиялық стоматология
Ортопедиялық стоматологияда заманауи тексеру әдістері. Тістердің және тіс жақ жүйесінің қатар жүретін патологиясымен асқынған тіс қатарының ақауларын әртүрлі жүйе техникасын қолдана отырып замануи ортопедиялық емдеу әдістері. Алынбайтын және алмалы салмалы протез конструкцияларымен ортопедиялық емдеуде кездесетін қателіктер мен асқынулар. Тіс протездеу материалдарының ауыз қуысы тіндеріне әсері, диагностика әдістері мен алдын алу шаралары.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 7
-
Стоматологиядағы физиотерапия
Пән тісжегіні, тістің қатты тіндерінің тісжегілі емес зақымдануларын, пародонт ауруларын, ауыз қуысының шырышты қабығын және еріннің қызыл жиегін кешенді емдеуде зақымдалған тіндерді емдеуге және қалпына келтіруге бағытталған физиотерапиялық әдістерді зерттейді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 7
-
Балалар жасындағы стоматология
Пән, балалар стоматологиясындағы менеджмент пен маркетингті зерттейді. Тіс тісжегі мен оның асқынуларын, кариозды емес зақымдануларды, пародонт және ауыз қуысының сілемейлі қабығы ауруларын диагностикалау және емдеу әдістерін қалыптастырады. Одонтогенді және одонтогенді емес қабыну ауруларының, жақ-бет аймағының жарақаттарының дифференциалды диагностикасы. Ауруханаға дейінгі жағдайларда шұғыл көмек көрсету. Онкологиялық сақтықтың принциптері.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 7
-
Стоматологиядағы онкология
Пән бас және мойын қатерлі ісіктерінің ерте клиникалық белгілерін, шекаралық жағдайларды, емхана жағдайындағы онкологиялық арнайы зерттеу әдістерін, онкологиядағы есепке алу жүйесін және есепке алу құжаттарын зерттейді. Диагностикасын, емдеу принциптерін және алдын-алуын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 3
-
Ортопедиялық стоматологиядағы дентальды имплантология
Стоматологиялық (дентальды) имплантологияный теориялық және тәжірибелік аспектілері, ауыз қуысының реконструктивті хирургия мүмкіндіктері, шайнау-сөйлеу аппаратын диагностикалау және емдеудің заманауи жаңа тәсілдері. Стоматологиялық имплантология дамуының жаңа кезеңдерінің жалпы және жекелей мәселелерін оқып зерттеу. Диагностикалау алгаритмін, имплантологиялық емдеуді жоспарлау және нәтижесін болжай білу.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Терапиялық стоматология
Пән тістің қатты тіндерінің, тісжегінің, пульпиттің, периодонтиттің, пародонттың және ауыздың шырышты қабығының және еріннің қызыл шекарасының этиологиясы мен патогенезі туралы қазіргі заманғы көзқарастарды қалыптастырады. Диагностикасын, салыстырмалы диагностикасын, емдеу жүргізу дағдыларын қалыптастырады; медициналық құжаттаманы жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 7
-
Шұғыл көмек көрсету стандарттары
Жедел медициналық көмек стандарттары / Стандарты оказания нетоложной помощи / Emergency care standards Интерндерді жүрек жұмыс тоқтау кезінде, анафилактикалық шок, ОКС, политравмада диагноз қою және жедел медициналық көмек дағдыларын үйрету. Интерндерді зардап шеккендерді жаппай қабылдау үшін жедел медициналық көмек бөлімінде медициналық сұрыптау принциптерін үйрету.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 3
-
Стоматологиядағы анестезиология мәселелері
Пән стоматологиялық тәжірибеде жансыздандырудың барлық түрлерін, соның ішінде жалпы жансыздандыруды, сондай-ақ стоматологиялық қабылдау кезінде және одан кейінгі шұғыл, терминалды жағдайларды зерттейді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 6
-
Ортодонтия
Пән, ортодонтиялық көмекті ұйымдастыру принциптерін зерттейді. Заманауи технологияларды қолдана отырып, тіс-жақ жүйесі аномалияларын диагностикалау, дифференциалды диагностикалау, емдеу жүргізу дағдыларын, медициналық құжаттаманы жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 7
-
Хирургиялық стоматология
Пән жақ-бет аймағының ауруларын хирургиялық емдеуін қалыптастырады, оның ішінде периодонтит, периостит, остеомиелит, сілекей бездерінің, самай-төменгі жақ буынының, пародонт аурулары. Диагностиканы, дифференциалды диагностиканы, емдеуді жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 7
Оқыту нәтижелері
- Науқасты клиникалық қабылдау. Клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті.
- Байланыс және ынтымақтастық: стоматологиялық патологиясы бар пациентпен, оның қоршаған ортасымен, Денсаулық сақтау мамандарымен пациент үшін жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін тиімді өзара іс-қимыл жасауға қабілетті.
- Қауіпсіздік және сапа: стоматологиялық патологиясы бар пациентке медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және тиімді әдістерді қолдануға қабілетті.
- Қоғамдық денсаулық: "Стоматология" мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру саласы шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіби топтар құрамында жұмыс істеуге қабілетті.
- Зерттеулер: стоматология бойынша тиісті зерттеу сұрақтарын тұжырымдай алады, кәсіби әдебиеттерді сыни бағалай алады, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық мәліметтер базасын тиімді қолдана алады, зерттеу тобының жұмысына қатыса алады.
- Оқыту және дамыту: өз бетінше оқуға және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және "Стоматология"мамандығы бойынша үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.
- Практика: стоматология саласындағы практикалық дағдыларды, манипуляцияларды, рәсімдерді меңгеру, сондай-ақ осы саладағы әртүрлі клиникалық базаларда (оның ішінде өңірлік) клиникалық/практикалық тәжірибе алу.
- Дағдылары: зертханалық және аспаптық диагностикалық зерттеулерге дайындық бойынша дағдыларды көрсету, диагностикалық деректерді түсіндіру (зертханалық, аспаптық және т.б.), маман - стоматологтың практикасында қажетті манипуляциялар мен рәсімдерді жүргізуге қабілеті.