Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

  • Композициялық полимерлік материалдар технологиясы
    Несиелер: 4

    Полимерлік композициялық материалдарды алудың химия-технологиялық процестерінің негіздерін; полимерлік композиттердің әртүрлі кластарының негізгі өкілдерінің физика-химиялық қасиеттерін, оларды алу тәсілдері мен қолданылу саласын; полимерлік композиттерді зерттеудің негізгі әдістерін қарастырады. Полимерлік композициялық материалдар рецептілерін жасау, полимерлік композициялық материалдарды алу үшін рецептуралық-технологиялық режимдерді оңтайландыруды жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Кәсіптік пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 5

    Білім беруде құзыреттілікті қалыптастыру, жеке, интеграцияланған және мультимедиялық оқыту технологияларын пайдалануды қарастырады. Мәселелік жағдайларды талқылау және шешу, топтық жобаны құрастыру, рөлдік ойындар жүргізу арқылы бейіндік пәндерді оқып үйретеді; оқу үдерісін, магистранттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыруда дағдыларын қамтамасыз етеді. Бейіндік пәндерді оқып-үйренудің әдістемелік ерекшеліктерін меңгеруге, оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және бекітуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Жоғары білім берудің заманауи парадигмаларын, Қазақстанда жоғары кәсіби білім беру жүйесін таныстырады. Педагогикалық ғылымның әдістемесін, жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігін қарастырады. Оқытудың кредиттік жүйесін, болашақ мамандарды даярлаудағы оқытудың жаңа әдістері мен формаларын меңгеруге, білімді және көшбасшылық қасиеттерге ие маман тұлғасын тәрбиелеуге және қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мұнайхимиясы синтезі технологиясы
    Несиелер: 4

    Мұнай-химия шикізатынан органикалық өнімдер алудың жаңа тәсілдерін қарастырады. Мұнайхимиясы синтезіне арналған бастапқы көмірсутектерді және синтетикалық материалдарға арналған маңызды мономерлерді өндіру химиясы мен технологиясы туралы білімдерін тереңдетеді. Құрамында оттегісі бар қосылыстар, галоген және нитро-туындылар, синтетикалық жуғыш заттар, каучуктер, пластикалық массалар және талшықтарды өндіру технологиясын меңгеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тарихы мен философия-сын, мәдениет пен өркениеттің жаңа еуропалық ғылымды, ғылыми таным құрылымын, нақты ғылымдарның философиялық мәселелерін, XXI ғасырдағы байланыс технологияларын және олардың заманауи ғылымдағы рөлін зерттейді. Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың заманауи өзекті методологиялық және философиялық мәселелерін шешу жолдарын айқындайды, сыни ойлау мен логиканы дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Шетел тіліндегі ауызша қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, мәдениетаралық құзыреттілік, іскерлік хат алмасу дағдыларына, өзге тілдегі түпнұсқа дерек көздерін оқудың негізгі түрлерін меңгеруге, мамандық бойынша ғылыми тақырыптаға жазбаша мәлімдемелер - шет тілінде ғылыми зерттеулер тақырыбы бойынша ғылыми баяндама, презентация, пікірталастар, тезистер және мақалалар; ғылыми мәтіннің аннотациясы, резюме жазу т.с.с. даярлауға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өнеркәсіптік катализ және мұнай-газ өңдеудегі катализаторлар
    Несиелер: 4

    Жоғары сапалы өнім алу үшін мұнайды терең өңдеуге арналған өнеркәсіптік катализаторларды әзірлеу мен қолдану саласындағы озық жетістіктерді, теориялық және технологиялық негіздерін қарастырады. Каталитикалық процестер жұмысын талдау және ұйымдастыруға іргелі білімдерді қолдану; катализаторларды әзірлеу және пайдалану; әртүрлі каталитикалық жүйелердің физика-химиялық қасиеттерін эксперименталды зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мұнай өңдеу және мұнайхимиясының инновациялық технологиялары
    Несиелер: 4

    Әлемдік және қазақстандық мұнай өңдеу және мұнайхимиясының даму бағыттарын қарастырады. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді өндіруге негізделген жаңа технологиялар туралы білімді қалыптастырады. Екіншілік процестер құрылымында өзгерістерді және мұнай өңдеу тереңдігін арттыруды сипаттайды. Экологиялық сапа стандарттарына сәйкес келетін өнімдерді өндіруді қамтамасыз ететін қолданыстағы қондырғылар құрылысын қайта құру және жаңғыртудың баламалы нұсқаларын құрастыру дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Жоғары білікті мамандардың кәсіби қызметінде қажетті заманауи психологиялық ғылымның негізгі принциптерін қарастырады. Жеке тұлғаның психологиялық зерттеулерінің іргелі психологиялық ұғымдары, дағдылары мен қабілеттері туралы ғылыми-теориялық дүниетанымын қалыптастырады, эксперименталды-психологиялық зерттеулердің негізгі әдістерімен мен психокоррекциялық жұмыс бағыттарымен, ұжымдағы қақтығыстарды, күйзелістер мен оларды шешу әдістерін басқарумен таныстырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ауыр мұнайлар және мұнай қалдықтарын өңдеудің ұтымды тәсілдері
    Несиелер: 5

    Шикі мұнайды қалдықсыз өңдеу проблемаларын; мұнайды терең және тереңдете өңдеудің негізгі принциптері қарастырады. Ауыр мұнайлар мен мұнай қалдықтарын қайта өңдеу өнімдерінің физика-химиялық қасиеттерін зерттеу; ауыр мұнайлар мен мұнай қалдықтарын қайта өңдеудің өнеркәсіптік процестеріне негізделген химиялық реакциялар механизмі, кинетикасы, термодинамикасы туралы білімдер негізінде технологиялық есептерді жүргізу дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Химиялық реакторлар
    Несиелер: 6

    Заманауи химиялық процестерді, химиялық реакторлардың негізгі моделдерін, олардың жұмыс істеу принциптерін; химиялық реакторлардың жұмысын сипаттайтын теңдестірілген, кинетикалық және қосалқы теңдеулер түрлерін қарастырады. Осы процеске арналған технологиялық параметрлерді есептеу дағдыларын; химиялық реактордағы процестің оңтайлы параметрлерін, химиялық реакторларды таңдау әдісін игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Синтетикалық талшықтардың жалпы химиялық технологиясы
    Несиелер: 5

    Синтетикалық талшықтар өндірісінің ерекшеліктерін, неше түрлі химиялық талшықтар өндірудің жалпы принциптері мен әдістерін, жасанды талшықтарды өндірісінің химиясы және технологиясының негіздерін, химиялық талшықтарды модификациялаудың физика-химиялық негіздерін, химиялық талшықтардың қалыптасуын қарастырады. Зертханалық жағдайларда синтетикалық талшықтарды синтездеу және тану дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Эластомерлік композициялар рецептурасын құрастырудың ғылыми негіздері
    Несиелер: 6

    Резина қоспалары рецептураларын құрастырудың ғылыми негіздерін; резина қоспаларының жаңа ингредиенттерін іздену саласындағы зерттеулер; күшейтілген эластомерлі композиттер өндірудің инновациялық технологияларын қарастырады. Белгілі қасиеттерге ие жаңа эластомерлер құру саласында теориялық және эксперменталды зерттеулер жүргізу; эластомерлер қасиеттерін жақсарту үшін жаңа ингредиенттерді әзірлеу дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өнеркәсіптік мұнайхимиялық процестер
    Несиелер: 6

    Өнеркәсіптік мұнайхимиясы процестерін технологиялық ресімделуін; өндіріс құрылымы мен салаларын, технологиялық нысандардың жұмыс режимін, процестерді құрудың жалпы принциптерін, мұнайхимиясы процестерінің жүйелік заңдылықтарын қарастырады. Технологиялық қондырғылар мен өнеркәсіптік өндіріс кешендерінің моделдерін құру дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Көмірсутекті шикізаттан мотор отындарын өндірудің технологиялық негіздері
    Несиелер: 6

    Отындық бейіндегі МӨЗ блок-схемаларын және мұнайды өңдеуді тереңдетудің негізгі қағидаларын; технологиялық қондырғылардың аппаратуралық жабдықталуын, ашық түсті мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту әдістерін қарастырады. Мұнайды зерттеу және оның нәтижелеріне қарай оны өңдеу нұсқасын ұсыну; мұнайды отынға терең өңдеу үшін схемаларын әзірлеу; көмірсутекті шикізатты өңдеу процестерін, негізгі және қосалқы технологиялық құрал-жабдықтарды есептеу дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шина өндірісінің технологиясы
    Несиелер: 6

    Шиналар өндірісінің заманауи күйі мен даму үрдістерін қарастырады; әртүрлі мақсаттағы шиналарды жасаудың ғылыми-теориялық және химия-технологиялық негіздерін, шина өндірісі саласының экологиялық аспектілерін қарастырады. Шина өндірісі технологиялық үдерістерін басқару; қажетті қасиеттерге ие шиналарды шығаруға арналған эластомерді материалдарды жасайтын зерттеулер жүргізу; қолданыстағы құрал-жабдықты жаңғырту, қайта құрудың балама нұсқаларын жасау дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тауарлық мұнай өнімдері. Стандарттау және сертификаттау
    Несиелер: 6

    Мұнай өнімдерін стандарттау және сертификаттаудың құқықтық, нормативтік базасын, мұнай өнімдерінің номенклатурасын, қасиеттерін, бақылау әдістерін және мұнай өнімдерінің сапасын жақсарту жолдарын, тауарлық мұнай өнімдерінің физика-химиялық және пайдалану қасиеттерін бағалауды қарастырады. Мұнай өнімдеріне зертханалық және аналитикалық зерттеулер өткізу, нормативтік құжаттармен жұмыс жасау дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Биодисперсиялардың химиясы және технологиясы
    Несиелер: 5

    Нанопроблематика ерекшеліктерін, оның ғылымның басқа салаларымен байланысын; наноматериалдардың қасиеттерін; нанообъектілерді зерттеу әдістерін; нанобөлшектерді алу тәсілдерін; беттік-активті заттардың (БАЗ) физика-химиясын; БАЗ ерітінділерін-дегі мицеллалар түзу; БАЗ концентрацияланған жүйелерінің фазалық әрекетін; эмульсия және эмульгаторларды; микроэмульсияларды қарастырады. Нанообъектілер мен наноматериалдардың тұрақтылығы және физико-химиялық қасиеттерін болжау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Табиғи газдан күкірт алу және оның негізіндегі өнімдер өндірісі
    Несиелер: 5

    Әлемдік тәжірибеде және ҚР құрамында күкірті бар көсірсутекті газдарды өңдеу процестерінің заманауи даму деңгейін, шикізат базасының ерекшеліктерін, күкіртсутек пен басқа да күкірт-органикалық қосылыстардың түрлену механизмдері, күкірт өндіретін қондырғылардың технологиялық схемаларын, алынған өнімдердің ассортиментін қарастырады. Күкіртке талдау жасау мен әдісін таңдау дағдысын меңгеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Эластомерлер технологиясы
    Несиелер: 5

    Эластомерлерді өндіру мен өңдеуді қарқындату жолдарын; резина қоспалардың ингредиенттеріне қойылатын талаптарды қарастырады. Эластомерлерді өндіру және өңдейтін процестер мен құрал-жабдықтар туралы білімді тереңдетеді. Резина қоспалары рецептілерін есептеу және құрастыру; қажетті қасиеттерге ие эластомерлік материалдарды алу және эластомерлердің қасиеттерін жақсартуға жаңа ингредиенттерді іздестіру саласындағы эксперменталды зерттеулер жүргізу дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мұнай өнімдеріне арналған присадкалар химиясы және технологиясы
    Несиелер: 5

    Майлар мен отындарға үстемелер құрастыру синтезі және технологиясы бағыттарын қарастырады. Үстемелер композициясын құрастыру саласында үстемелердің әрекет механизмі, зерттеу бағыттары туралы білімді қалыптастырады. Отындар және майлардың пайдалану қасиеттерін жақсарту жолдарын іздестіруде зерттеулер жүргізу; отындар мен майлардың пайдалану қасиеттерін талдау және оларға үстемелерді таңдауды негіздеу дағдыларын үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мұнай өңдеудің гидрокаталитикалық процестері
    Несиелер: 6

    Мұнайды өңдеудің гидрокаталитикалық процестерінің теориясы мен технологиясы; әртүрлі катализаторлардағы көмірсутектердің түрлену заңдылықтары және алынатын өнімнің шығымы мен сапасына процестің технологиялық параметрлерінің әсері туралы білімдерді тереңдетеді. Жаңа кен орындары мұнайларының мұнай фракцияларын өңдеу әдісін таңдау; тиімді катализаторларды және гидраталитикалық процестер қондырғыларының жұмыс режимін таңдау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • MatLab және ChemCad ортасында мұнай өңдеудің химиялық-технологиялық процестерін модельдеу
    Несиелер: 5

    Модельдеу әдістерін және оларды қолдану салаларын, химиялық технология объектілерінің құрылымдық схемаларын, математикалық модельді құру принциптері мен кезеңдерін, химиялық түрлену процестерінің математикалық сипаттамасын (кинетикалық модельдер); заттардың орын ауыстыру процестерін (гидродинамикалық модельдер); математикалық модельді технологиялық процестерді оңтайландыру негізі ретінде қарастырады. Химиялық-технологиялық процестерді модельдеу; химиялық өндіріс жұмысының тиімділігін талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көмірсутекті жүйелердің өнеркәсіптік экологиясы
    Несиелер: 6

    Көмірсутекті жүйелерді өңдеудің экологиялық проблемаларын, қоршаған ортаның мониторингін, жақсартылған экологиялық сипаттамаларға ие көмірсутекті жүйелерді өндірісін, көмірсутекті жүйелерді өңдегендегі өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті, қоршаған ортаның сапасын басқаруды қарастырады. Көмірсутекті шикізатты өңдеудің технологиялық үдерістерін басқару, тіршілік қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты сақтай отырып органикалық заттар өндіру дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Техникалық сұйықтар мен арнайы өнімдерді өндіру және қолдану
    Несиелер: 5

    Техникалық сұйықтықтарды және арнайы өнімдерді өндіру мен іс жүзінде қолданудың техника-экономикалық және экологиялық мәселелерін, техниканы пайдаланғандағы сенімділігі мен тиімділігіне олардың әсерін қарастырады. Зертханалық жағдайларда отындардың, майлағыш майлардың және арнайы сұйықтықтардың болашағы бар сұрыптары мен маркілерін таңдау дағдыларына ие болуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON9

    Мұнай шикізатын терең өңдеу процестеріне катализаторларды, үстемелерді, техникалық сұйықтықтарды іріктеу қағидаларын және полимерлі композицияларды құрастыруды меңгеру.

  • Код ON7

    Эксперименталды зерттеулерді дербес орындау, алынған мәліметтерді дәлелдеу, өздерінің жұмыстарын үлкен аудиторияға ұсыну; ғалыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру.

  • Код ON1

    Шет тілін білу арқылы ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жинақтау; ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін диссертация, ғылыми мақала, баяндама түрінде қорыту.

  • Код ON3

    жоғары орқу орнының (ЖОО) психологиясы мен педагогикасын іс жүзінде қызметте қолдану, жаңа ақпараттық және білім беру технологияларын қолдану арқылы ғылыми және педагогикалық жұмыстарды жоспарлау және орындау.

  • Код ON8

    Технологиялық есептеулерді орындау, синтетикалық талшықтарды, табиғи газдан күкіртті өндіруге арналған, көмірсутекті шикізатты терең өңдеудің технологиялық схемаларын құрастыру; шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыру

  • Код ON10

    Білім алудың пәнаралық туыс салаларындағы мәселелерді талдауға арналған білім мен дағдыларды қолдану; алынған білімдер мен дағдыларды докторантурады оқуға мүмкіндік беретіндей деңгейге жеткізу, өмір бойы біліктілігін жоғарылату.

  • Код ON2

    Тарих және ғылым философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелік ғылыми көзқарасқа негізделген жан-жақты және пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру.

  • Код ON5

    тіршілік қауіпсіздігі және экологиялық тазалықты сақтай отырып органикалық заттар өндірісін, көмірсутекті шикізатты өңдеудің технологиялық процестерін басқару, өндірістің оңтайлы технологиялық режимін негіздеу

  • Код ON4

    Стандартты емес өндіріс жағдайларында шығармашылық көзқарас пен логикалық ойлауды көрсете отырып басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпкерлік дағдыларын қолданып жоо психологияны білу арқылы мамандар тобына жетекшілік ету.

  • Код ON6

    Сапаның экологиялық стандарттарына сәйкес келетін өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін қолданыстағы қондырғыларды жаңғырту мен қайта құрудың балама нұсқаларын құрастыру.

Top