Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08711 Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен қайта өндеуді механикаландыру в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстан халқының және оның ұлттық бейнесінің негізгі этикалық бағдарлары мен құндылықтарын түсіну, мәдениетаралық диалог пен рухани мұраға ұқыпты қараудың практикалық әлеуетін, рухани мәдениеттің бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы тарихи сабақтастықтың рөлін түсіну; университеттің құрылымын, ЖОО-ның академиялық саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, ҚР негізгі заңдарын білу.
  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеуді, деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдануды, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдауды білу.
  • Кәсіпкерлік іс,ҚР құқықтық жүйесінің, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту.
  • Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалауды, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасауды білу.
  • Математика, физика және химия бөлімдерін және оларды кәсіби қызметте қолдануды, негізгі ғылыми заңдарды, физиканың даму болашағын, негізгі химиялық заңдар мен ұғымдарды, металдар мен қорытпалардың құрылымы мен қасиеттерін және олардың температураға байланысты өзгеруін білу.
  • Қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық үрдістерін жобалауды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жабдықтары мен машиналарды тиімді пайдалануды білу.
  • Агротехнологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жоспарлауды, машиналардың сенімділігін арттыру, кәсіпорындардың өндірістік үй-жайларында ауаны желдету және кондиционерлеу туралы ақпаратты талдауды және өңдеуді білу.
  • Тракторлардың, автомобильдердің, ауылшаруашылық машиналарының, Агротехнологиялық машиналардың жіктелуі мен құрылымдық ерекшеліктері туралы білімдерін көрсету; ауыл шаруашылығында және қайта өңдеу кәсіпорындарында кешенді механикаландыруды ұйымдастыра білу.
  • Агрономия және мал шаруашылығы негіздерін, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қарқынды технологиясын, машиналардың құрастырылуы мен бөлшектерін, машиналардың энергия тиімділігі мен үнемділігін, гидратациялық, термиялық, дистилляциялық және басқа да қайта өңдеу жабдықтарының құрылысы мен жұмыс принципін көрсету.
  • Отын-жағармай материалдары мен техникалық сұйықтықтарды таңдай білу, сұйықтықтар мен газдардың тепе-теңдік және қозғалыс заңдарын, гидропневможетектердің, компрессорлар мен сорғылардың жұмыс процестерін, жылу техникасы мен термодинамика негіздерін, көтергіш-көлік құрылғыларының конструкциялық ерекшеліктерін білу.
  • Конструкция элементтерінің беріктігін, қаттылығын және орнықтылығын есептеуді, бөлшектердің сызбаларын орындай білу; механизмдерді талдау және синтездеу әдістерін, статика, кинематика және динамика заңдарын, электр тізбектеріндегі электр тогының қозғалысын, өлшеу құралдарын, шектеулер мен қонулардың бірыңғай жүйесін білу.
Top