Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M08605 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау (1ж. бейіндік) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Технологияларды, әдістер мен тәсілдерді жетілдіру, жобалаудың сапасы мен сенімділігін арттыру, инженерлік-мелиоративтік және инженерлік-экологиялық жүйелерді жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану, жерді мелиорациялаудың, баптаудың және қорғаудың жаңа жолдарын негіздеу саласында дербес кәсіби жұмысқа қабілетті, жоғары білікті мамандарды жетекші ғылыми және жоғары оқу орындарының заманауи білім беру стандарттарына сәйкес даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M137 Су ресурстары және суды пайдалану
-
Білім беру саласы 7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 7M086 Су ресурстары және суды пайдалану
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Менеджмент
Аймақтың экологиялық орналасуы
Басқару психологиясы
Сумен қамтамасыз ету және суды әкету
Бизнес шешімдерін модельдеу
Шет тілі (кәсіби)
Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
Инженерлік-геодезиялық және геоинформациялық бағдармалар
Су ресурстарын бірігіп басқару
Су ресурстарын басқару және моделдеу
Су және ауылшаруашылығы саласындағы жоспарлау
Су ресурстары және суды пайдаланудағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы
Оқыту нәтижелері
- Ғылым философиясы, Психология және педагогика мәселелерінде ой-өрісті көрсете білу, оқытудың қазіргі заманғы әдістемесін пайдалану
- Интернационалдық ортада кәсіби әңгіме жүргізу қабілеті, кең ауқымды ғылы-ми-техникалық және педагогикалық мәселелер бойынша сұхбатты қолдана білу
- Су ресурстарын басқарудың экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз тәсілдерін таңдау қабілеті
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде көшбасшылық қасиет-терді көрсете білу, бизнес-шешімдерді модельдеу кезінде іскерлік қасиеттерді көрсете білу, кәсіпкерлік қызметті тиімді басқара білу
- Су ресурстары менеджментін жетілдіру бойынша ұзақ оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары
- Жеке қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін пайдалану: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша мобильді сервистер
- Бағдарламалау, математикалық модельдеу, талдау және синтез саласындағы ақпаратты түсіндіру, су ресурстарын пайдалану, қорғау және басқару саласындағы теориялық білім деңгейін ұдайы жетілдіруге ұмтылу
- Бекітілген магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
- Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, су объектілерінің мониторингін ұйымдастыру, нәтижелерді талдау, су объектілерінің сапасын жақсарту үшін іс-шаралар дайындау қабілеті
- Геоақпараттық технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау сапасының көрсеткіштерін талдау, себептер мен салдарлардың алдын алу және жою жөнінде шешімдер қабылдау қабілеті
- Ғылыми кеңесшінің басшылығымен ғылыми зерттеулер нәтижелерінің зертханалық және тәжірибелік сынақтарын жүргізу
- Ғылыми экспериментті ұйымдастыру, алынған нәтижелерді модельдеу және талдау саласында өз білімін, түсінігін және қабілетін кәсіби деңгейде қолдану