7M02201 Исламтану в «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты ҚР ЖОО-да діни мамандарды даярлау, магистранттарға дәстүрлі ислам құндылықтарын сіңіру, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметтерді заманауи инновациялық құралдар көмегімен жандандыру секілді қабілеттерді қалыптастыру және дамыту, ғылыми-педагогикалық талаптарды берік ұстанатын, мемлекеттік және қоғамдық сұранысқа ие мамандарды әзірлеу.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M052 Исламтану
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Басқару психологиясы
Курсты сәтті аяқтаған білім алушы магистрант басқаруды ұйымдастырудың психологиялық үрдістерін қолдана алады. Тиімді басқару арқылы болашақта мақсат етілген нәтижеге қол жеткізуде пайдалана алады. Адам биологиялық, әлеуметтік факторлардың және тәрбие жұмыстарының туындысы ретінде қарастырылып, олардың ерекшіліктері туралы білімді жетілдіріп меңгеру. Магистранттарды емін-еркін басқаруды меңгерту нәтижесінде қоғам арасындағы мәселелерді шеше алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Аталған пәнді оқу арқылы магистрант шетел тілінде өзінің зерттеу жұмусына қатысты ғылыми мақала жазуға, шет тілінде жазылған мәліметтерді зерттеу жұмысында пайдалануға құзіретті болады. Ауызша және жазбаша кәсіби бағытталған мәтіндердің функционалды ерекшеліктерін түсіндіре алады. Кәсіби қарым-қатынаста қабылданған құжат жүргізудің негіздерін практикалық түрде құзіретті болады. Шетел тілдегі конференцияларға қатысып баяндама жасай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы және философиясы
Осы пәнді игеріп шыққан білім алушы ғылым философия саласындағы заманауи мәселелердің шешімдерін таба алады; әлеуметтік-мәдени контекстегі және оның тарихи дамуындағы ғылымның мәнін ашып түсіндіре алады. Аталған пән бойынша магистр ғылым тарихы философиясының қалыптасу кезеңдерін үйренеді. Сондай-ақ философия тарихындағы ғылыми жаңалықтармен, өркениеттермен, мәдениеттерімен қоғамды таныстыра алады; Нәтижесінде аталған пән арқылы философия мен діннің, ден мен мемлекеттің арақатынасын ара-жігін ажырата алады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ориентализм негіздері мен әдіс-тәсілдері
Аталған пән бойынша магистрант ориентализмнің шығу тарихы мен мақсатын таныстыра алады. Сонымен қатар ориентализмнің даму кезеңдері мен ислам дініне тигізген әсерін біліп негізгі ойларына жауап бере алады. Ориентализм негіздері мен әдіс-тәсілдері пәні арқылы магистрант батыс ғалымдарының исламға қатысты көзқарастарымен жақын танысады. Ислам мәдениетін жан- жақты зерттеп, Исламға қатысты еңбектерді зерттеп, классикалық әдебиеттердегі мәліметтерді салыстырып, шығыстанушылық пікірлерді сыни көзқараспен талдайды
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ижтиһад және пәтуә шығару
Ижтиһәд және пәтуә шығаруы ислам дінінің қайнарлары төңірегінде жасаған зерттеулеріне обьективті талдау жасау құзіреттілігіне ие болады. Ориентализмнің мақсаты мен міндетін толыққанды үйрену.Аталған пән бойынша алған мәліметтерін қорытып, салыстырмалы түрде анализ жасай білу. Ижтиһад және пәтуә шығару әдістерімен танысып, оларды іс жүзінде қолдануды үйренеді.Елімізде қолданылып жатрыған ижтиһәд және пәтуәлармен жақынырақ танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу мәселелері
Пәнді толық игерген білімгер ғылыми зерттеу жүргізу терминологиясын, әдістерін және жоба жасау қабілеттеріне йе болады. Сонымен қатар ғылыми зерттеу әдістері мен жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастырып, ғылыми үдерістерге қажетті сараптамалық материалдарды дайындап және олардың нәтижесіне баға бере алады. Магистранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасай алады. Магистранттардың десертациялық жұмыстарына бағыт бағдар құзреттілгіне йе болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құран аяттарын түсіну әдіс-тәсілдері
Құран аяттарын түсіну әдіс- тәсілдері қоғамда орын алған қандай да бір жағдаяттар мен мәселелерге қатысты берілген шариғи үкімдер мен тұжырымдарды саралап, әрі талдай отырып, олардың арасынан қоғам, адам және дін мүддесіне пайдасы ең басым әрі лайықты болғанына таңдау жасайды. Бұл пәннің негізінде магистрант Қасеиетті Құран аяттарының түсу барысына назар аудара отырып, оларға жасалған түсіндірме еңбектерімен танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ислам құқығындағы басымдылық мәселелері
Аталған пәнде ислам құқығының басты ерекшеліктерінің бірі әрі ислам құқығының қоғам мен адам игілігіне бағытталғандығын көрсететін ислам құқығындағы басымдылық өлшемдері оқытылады. Магистрант ислам құқығындағы басымдылық өлшемдерімен танысу арқылы үкімдердің бір-бірінен айырмашылығы мен олардың орындалу реттіліктерін үйренеді. Күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі мәселелерде қай істі бірінші орындауы қажет екенін немесе қай істі жасаған дұрыс не бұырыс екенін ажырата алатын болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Фиқһ қағиадалары мен теориялары
Аталған пән бойынша магистрант пайғамбар сүннетінің шариғат пен Құран алдындағы мақсатын түсінеді. Сонымен қатар сүннеттің Құран алдындағы функцияларын орындату. Ислам фиқһындағы қағидалар мен оларды іс- жүзінде қолдану әдіс- тәсілдерін үйренеді. Қоғамда кездесетін әртүрлі мәселелердің және құлшылықтардың шариғи тұрғыда дұрыс орындалуымен жақын танысады. Әр қағиданың теория жүзінде дұрыс жүзеге асуын үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Иләһи діндер
Адамзат тарихындағы әр алуан діндердің ішінен иләһи діндерді ажырата алады. Иләһи діндердің әрқайсысының пайғамбарларымен, қасиетті кітаптарымен, негізгі концепцияларына талдау жасай алады. Ақырғы дін Ислам дінінің түсу тарихы осы иләһи діндердің тарихымен тағыз байланыста екенін түсінеді. Иләһи діндердің тарихын зерттей отырып, сан алуан үкімдер мен тиымдардың пайда болу тарихымен жақын танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ақида саласы бойынша тақырыптық зерттеу
Магистранттарды формалды ақиданың негізгі қағидаларымен, логикалық ойлау дағдысы және қабілетіне, қоршаған ортаны (әлемді) ғылыми тұрғыдан қарастыру мен түсінуде тәжрибелік қолдануға, сондай-ақ ғылыми әдістерді кәсіби жұмысқа қолдануға оқыту (үйрету). Ақида ілімінің зандарды, теориялық курстын негізгі қағидаларын Талқылау барысында, практикалық әрекетте магистранттар логика заңдарын, әдістерін және операцияларын қолдана біледі .Ақида пәні бойынша түсініктемелер мен тұжырымдамаларды игеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәпсір бағыттары мен әдіснамасы
Тәпсір бағыттары мен әдіснамасы пәнінде жалпы Құран тәпсірлерінің негізгі мақсаттары мен осы саладағы тәпсір ғалымдарының әдіс-тәсілдерін негізге алады. Әртүрлі тәпсір еңбектерімен таныса отырып, көкжиегін кеңітеді. Кейбір мағынасы жасырын аяттардың түсіну жолдарын үйренеді. Аятттарға талдау жасай отырып, нәтижесінде сол аяттың аясында үкім береуге дағдыланады. Тәпсір методтарымен танысып, оларды түсіну арқылы Қасиетті Құранды толық мағынасымен түсінуге қол жеткізеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі исламтанулық мәселелер
Бұл пәнде салыстырмалы түрде сипаттама бере алу құзіреттілігіне ие болады.Әлемдік діндерден хабардар болады дінтану пәнінің қандай мәселені қамтитынын, міндеттерін білу, терминдерін түсіну. Осы мәселелерде исламның ерекшеліктері мен абзалдық жақтарын түсіндіре білу. Қазіргі қоғамдағы Исламтанулық өзекті міселелермен етене танысып, олрадың үкімдері мен шариғат шеңберінде шешу жолдарын үйренеді. Үкімдердің заман талабына сай өзгеруін игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәзһәбтар арасындағы фиқһи мәселелер
Мәзһәбтар арасындағы фиқһи мәселелер пәні шариғат алдындағы дербес функциясын, сол арқылы пайғамбар сүннетінің мақсатын қамтиды. Хадис Шарифке жазылған тәпсірлерден керекті тақырыпқа байланысты мағлуматтарды шығара білу. Қазіргі заманғы діни мәселелерді Ислам құқығындағы шариғи үкімдер тақырыптарымен салыстыра біледі.Құранда үкімдердің толықтай қанағаттандыратын иләһи заң екендігін байқаймыз. Әртүрлі құлшылықтарды сөз ете отырып Ислам шариғатындағы ерекше тұстары ашып түсіндіріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құран мен сүннеттің фиқһы
Құран мен сүннеттің фиқһы пәнін оқу арқылы білім алушы Құран мен сүннеттегі көптеген үкімдердің күнделікті өмірде қолданылуын зерттейді. Нәтижесінде, қазіргі таңда орын алған проблемалардың шешімін тауып, ғылыми сараптама жасай отырып нақты тұжырым жасай алады. Қандайда бір мәселеде құран мен сүннетті негізге ала отырып үкім беру жолдарын игереді. Үкімдердің мәнімен жақын танысады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазылық және үкім шығару
Негізгі дәлелдерге сүйене отырып қоғам мен заманның өзгеруіне сай туындаған мәселелерге жауап бере алады. Қоғамда туындаған күрделі сұрақтарға жауап беру. Қазіргі замандағы фиқһ мәселелеріне қолданылған дәлелдердің құжаттық күшін жеткізе білу. Ислам құқығы мен шариғи үкімдер жайында жалпы меңгеріп шығады. Құқықтық мектептер қарастырған тақырыптар бойынша заманауи мәселелер төңірегінде өзіндік ой қалыптастырады. Қазіргі заманғы Ислам құқығындағы шариғи үкімдер тақырыптарымен салыстыра біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құранның жалпы мақсатын түсіну
Құранның жалпы мақсатын түсіну арқылы сенім негіздерін, исламдағы ахлақ, шариғат үкімдерін, құрандағы қиссалар мен оқиғалардың мәні мен адамға берер пайдасына қол жеткізеді. Бұл пәнді игеру арқылы адамзатты жарыққа жетелеуші негізгі жол Исламның бізге жалпы қандай мақсатты баяндайтынын және оны игерген адам қандай құндылықтарға ие бола алатынын түсінеді, оған апарар жолдарды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ислам шариғатындағы заманауи мәселелер
Исламның фиқһ саласындағы заманауи медициналық мәселелермен танысып, соларға ұқсас мәселелерде үкім бере алады. Сондай-ақ аталған мәселелердің шешу барысында шариғат шеңберінен шықпай, тиімді үкім шығара алады. Қазіргі жаһандану кезеңінде орын алып жатырған түрлі медициналық оталар жасау барысында орын алатын мәселелердің үкімімен жақын таныса алады. Осы салаға қтысты ислам ғалымдарымен және олардың еңбектерін игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Исламда қаржы жүйесі
Аталған пән бойынша ислам экономика саласындағы бұрын және кейін жазылған классикалық еңбектермен танысып, олардың әрқайсысының жазылу әдіс-тәсілдері мен қозғаған мәселелерін үйреніп, оларға тарихи-салыстырмалы әдісті қолдану арқылы анализдік талдау жасау құзіреттілігіне ие болады. Қазіргі заманға сай бөліп төлеу, банк жүйелеріне қатысты туындаған мәселелерге,сұрақтарға қазіргі заманда сауда саттық қатысты жазылған әр түрлі еңбектерге тоқталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шариғат мақсаттары
Аталған пән бойынша магистрант ислам шариғатының басты бес мақсатын, харам мен халал принциптерін үйрете алады. Сонымен қатар олардың әрбірінің негізін діни мәтіндермен қуаттай алады. Жаңашыл қоғамда әр алуан жағдаяттарда шариғат мақсаттарына сай үкім шығару құзіреттілігіне ие болады. Әртүрлі діни жүйелерді үйреніп саясаттарына сараптау жасай білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Исламдағы банкинг
Бұл пәнде қаржылық салыстыра отырып ұтымды әрі лайықты үкімдерді шығару құзреттілігі. Мәтінді зерттеу барысында түсініктемесіндегі қателіктері мен келіспеушіліктерді анықтау құзреттілігіне йе болады. Ислам экономикасы турасындағы мәтіндерінің ішінен қоғам талабына сәйкес келетінін анықтай алу. Исламда сауданың түрлері мен үкімдері және сауда затына қойылатын шарттар мен саудаласқандағы келісім сөздерінің негізгі қағидаларын игереді және саудалар жайында мәліметті меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Исламдағы басқару жүйесі
Білім алушы қазіргі заманғы мемлекет және дін қатынасын зерттеу мен талдаудың әдістемелерін игереді.Бұл пәнде қалыптасқан ұғымдар мен тұжырымдарды, көзқарастар мен идеяларды тұжырымдауға қабілетті болады. Пайғамбар, сахабалар және олардан кейінгі кезеңдердегі басқару жүйелеріне тарихи шолу жасайды. Дін мен мемлекет қатынасын зерттеу мен талдаудың әдістемелерін игереді. Осы салада қалыптасқан ұғымдар мен тұжырымдарды, көзқарастар мен идеяларды тұжырымдауға қабілетті болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Хадис іліміндегі мәтін және санад зерттеулері
Хадис іліміндегі мәтін және санад зерттеулері пәні Шариғат үкімдерінің хадистен қалай шығатындығын, көзқарастар мен дәлелдер туралы нақты мәліметтер бере алады. Хадиске жазылған тәпсірлерден керекті тақырыпқа байланысты мәліметтерді шығарады. Ислам ғылымының усуль хадис саласы бойынша негізгі кітаптарға сүйене отырып, мәтіндерді аудару, салыстырмалы-тарихи әдіс, салыстырмалы әдіс, проблемалық оқыту әдіс, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдіс-тәсілдері қолдануды игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Үкім хадистерінің түсіндірмелері
Бұл пәнде шариғаттағы үкім хадистерінің мәні мен маңыздылығы, олардың пайғамбар тарапынан айтылу себептері баяндалады. Сонымен қатар үкім хадистерінен алынатын үкімдерді орын алған жағдаяттар мен оқиғаларға, мәселелерге қарай қолдана біледі. Құран мен сүнеттегі үкімдермен сабақтастыра отырып мәзһабтардағы ұстаным ерекшелерін меңгереді. Фиқһ ғалымдарының көзқарастарынан заманымызға сай үкім шығару ерекшеліктеріне тоқталған еңбектерге шолу жасалады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Исламдағы логикалық әдіс-тәсілдері
Исламдағы логикалық әдіс тәсілдері, негіздері, принциптері мен өзге жүйелермен ұқсастығы мен айырмашылықтарын және өзіне тән ерекшеліктерін меңгереді. Логика ілімінің исламдық философиямен қатынасын және ұштасу аймақтарын, ерекшеліктері мен айырмалықытармен таныстырады. Діни мәтіндерді түсіну жолында пайда болған әртүрлі философиялық топтарды таныстырады. Діни мәтіндерді түсіну жолында пайда болған әртүрлі түсініктердің ислами ой санадағы орны таныстырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Жоғарғы оқу орындарындағы талап етілетін педагогикалық шеберліктің қырларын, тәсілдерін практикалық тұрғыда жүзеге асыра алады. Жоғары мектеп мекемелерінде сабақ берудің талаптарымен танысып, сонымен қатар алған біліктілігі іс жүзінде талаптарға сай болады. Педагогика пәннің әдістеріне сайкес сабақ жүргізе алады. Педагогика пәні бойынша өз өзін дамытып жоғарғы талапқа сайкес семинарланға қатыса алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
Оқыту нәтижелері
- Құранның негізгі тақырыптары, Құран ілімдерінің тарихы, Құранға қатысты сын-пікірлер, ориенталистердің тұжырымдарына талдау жасау, жүйелеу
- Дін және қоғамдық өмірдің негізігі салалары – құқық, экономика, әлеуметтік қатынастармен өзара байланысын тұжырымдау.
- Қазіргі қоғамдағы дінтанулық мәселелердің ерекшеліктерін айқындай алу; қазіргі ағымдар мен бағыттардың діни дүниетанымын салыстыру, исламдағы ағымдар мен бағыттарды – діни білімде жүйелеу
- Қасиетті кітап мәтіндерін аударып түсіну, салыстыру. Араб және ағылшын тілдеріндегі мәтіндерді аударма жасау барысында лексикографиялық мәселелерді талдау, дінтану саласындағы классикалық және қазіргі замандағы ғылыми мәтіндердің терминологиясын, концептілерін түсіну
- Жалпы гуманитарлық зерттеулердің теориялық-методологиялық принциптерін үйрете отырып, нақты дінтанулық мәселелерді сауатты пайымдау; қазіргі дінтанулық зерттеу бағыттарын қалыптастыру мен классификациялау
- Іскерлік қатынаста қазіргі коммуникативті технология мен психологиялық техниканы меңгеру; басшының тұлғалық және басқарушылық ресурстарын дамытуды жоспарлау
- Монотеистік діндердегі антропологиялық концепцияларды талдау
- Ғылым дамуында пәнаралық мәселелерге талдау жасау, сыни ойлау. Ғылыми зерттеу жүргізудің қажетті әдістері мен әдіснамасын таңдай білу және негіздеу
- Заманауи педагогикалық әдістерді және сандық техниканы қолдану. Оқу процесінің мәні мен негізгі қызметіне мазмұнды талдау жасау