Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11476 Әлеуметтік жұмыс в "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы арнайы көмек көрсетумен, кеңес берумен, делдалдықпен, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қызметтермен, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, қорлар, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарындағы жұмыспен байланысты тәжірибелік кәсіби жұмыс жасауға қабілетті, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық және басқа да көмекті қажетсінетін жекелеген тұлғалар және топтармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен үйлестіруге қабілетті, сол сияқты отбасыға көмек орталығын, әлеуметтік баспаналарды, жастар орталығын және қызығушылықтары бойынша орталықтарды ашуға қабілетті маман дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B090 Әлеуметтік жұмыс
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B114 Әлеуметтік жұмыс
  • Экономикалық теория "
    Несиелер: 2

    Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экономикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын рөлі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік басқару
    Несиелер: 4

    Әлеуметтік басқару — жалпы басқару типтерінің бір түрі, оны зерттеумен кибернетика айналысады. Басқару — біріншіден, күрделі жүйеге мақсатты бағытталған әсерлі әрекет ету, екіншіден, әр түрлі табиғи жүйелердің (биологиялық, технологиялық, әлеуметтік) бүтіндігін қамтамасыз ететін ұйымдастырылған функциясы, яғни алдарында тұрған мақсаттарға қол жеткізу, олардың құрылымын сақтау, олардың қызметінің қолайлы режимін ұстап тұру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік экономика
    Несиелер: 2

    Әлеуметтік-экономикалық география - қоғамдық географияның және географиялық ғылымдардың барлық жүйесінің негізгі бөліктерінің бірі; әр түрлі елдердегі, аудандардағы, жергілікті жерлердегі қоғамның аймақтық ұйымдастырылуын зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық география экономикалық география, әлеуметтік география және халық географиясы деп бөлінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік саясат – бұл түпкі мүдделерді және белгіленген халық топтарының ұзақ мерзімді мүдделері мен қоғам мақсаттарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қоғамдық өнімді құру мен бөлу бойынша әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар арасындағы қатынастармен байланысты мемлекеттің немесе (және) қоғамдық институттардың іс-әрекеті. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденеген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экономика және құқық
    Несиелер: 5

    Құқық негіздері курсының пәніне негізгі құқық салаларын, құқықтық қатынастардың негізгі түрлерін және олардың мазмұнын, заңдық жауапкершіліктің негізгі түрлерін және олардың қолдану тәртібін оқып үйрету жатады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік жұмыс теориясы
    Несиелер: 4

    Әлеуметтік жұмыс теориясының дамуына ұлы теоретиктер мен практиктердің қосқан үлесіне талдау жасау барысында әлеуметтік жұмыскер қызметінің спецификасы мен оның теориялық негізін жоғалту қаупі бар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлеуметтік этнография және демография
    Несиелер: 5

    Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әлеуметтік медицина негіздері
    Несиелер: 3

    Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ұйымдарының теориялық негіздері. Әлеуметтік гигиена мен денсаулық сақтау ұйымының теориялық негіздері. Медициналық статистика, статистикалық зерттеу әдістері. Халық денсаулығының көрсеткіштері. Халықтың физикалық дамуын зерттеу әдістері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қоғаммен байланыс
    Несиелер: 5

    Қоғаммен байланыс – коммуникация индустриясындағы барлық заманауи беталыстарды айқындайтын мамандық. Сіз оқу барысында дәстүрлі емес көзқарасты қолданып, науқандарды дұрыс ұйымдастыруды, бұқаралық ақпарат құралдарымен (газеттер, радио, теледидар, интернет), клиенттермен, серіктестермен, бәсекелестермен және мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынас жасауды үйреніп, коммуникация бойынша табысты, заманауи маманға айналасыз.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Адами даму
    Несиелер: 2

    Адамдардың өмір сүру деңгейі жақсарғанына қарамастан теңсіздіктің жаңа түрлері пайда болуда. Олар технология мен білімге қол жетімділіктің біркелкі болмауынан туындаған және климат дағдарысына байланысты шиеленесуде.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Қазіргі күнде қандай мамандық болмасын көптеген мамандықтар мәселен, халықаралық байланыстар, компьютерлік желілер немесе журналистика салалары т.б., мамандықтарға кәсіби деңгейін дамытуына, шетелдік қарым-қатынас үлкен мүмкіндік береді. Кез-келген маман, шет тілін толық меңгеруімен ұлан ғайыр жетістіктерге қол жеткізу әбден мумкін.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 5

    Отбасы – бұл әлеуметтік институт және шағын әлеуметтік топтардың сипаттарына ие күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамның әлеуметтік институты ретінде отбасы әлеуметтік нормалардың, мінез-құлық үлгілерін, ерлі-зайыптылар арасындағы, басқа жақындар арасында өзара қарым-қатынас кестесін көрсетеді. Осыған байланысты ол адамға туғаннан бастап өлгенге дейін үлкен ықпалын тигізеді, бірақ оның ролі әсіресе адамның психологиялық, эмоционалдық-еріктік, рухани-адамгершілік негіздері қалыптасып жатқан өмірінің алғашқы кезеңдерінде өте басым. Сонымен қатар отбасы қоғамның даму деңгейіне тәуелді, оның проблемаларын бейнелейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары
    Несиелер: 5

    Елдегіорыналыпотырғансаясижәнеәлеуметтік-экономи-калықтөңкерістерқылмыстың, сыбайласжемқорлықтыңөсуіне, байларменкедейлертабысыныңарасындағыелеуліайырмашы-лықтарға, яғнихалықтыңөмірсүрудеңгейініңтөмендеуіменәлеуметтікқысымныңжоғарылауымәселелерінеалыпкеледі. Мұндайжағдайлардахалықтыәлеуметтікқорғауменәлеуметтікқызметкөрсетужеткіліксізболыпсаналады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мүмкіндігі шектеулі жандармен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 5

    Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметкөрсетужүйелеріүшінеңмаңыздыміндет болып табылады. 1992 жылғы 5 мамырдағы Еуропа кеңесі Ассамблеясының 44-сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік дене, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа да кедергілерге байланысты адамның қоғамның дені сау мүшелері сияқты болуына мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамсыздандыру
    Несиелер: 6

    Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін әлемдегі экономикалық жағдайға қарамастан өзгеріссіз орындап келеді. Зейнетақылар мен жәрдемақылар уақытында төленеді. Жыл сайын тұтынушылық қабілетті сақтау үшін олардың мөлшері инфляция деңгейін ескере отырып арттырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Әлеуметтіктехнологияжәнеәлеуметтікжұмыстыңтехноло-гиясыныңобъектісіболыпәртүрлідеңгейдегіәлеуметтікпро-цестертабылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Гендерлік зерттеудің теориясы және әдістемесі
    Несиелер: 5

    Гендерлік зерттеулер сапында гендерлік лингвистика − тіл ғылымының жаңадан қалыптасып келе жатқан саласы. Гендерлік лингвистика ғылымы жүйеге түсу үстінде, соның негізінде қазақ тіл білімінің гендерлік бағытын айқындау, сол арқылы қалыптастыру − отандық тіл теориясының бірден- бір қажеттілігі. Бұл үшін алдымен гендерлік лингвистика ғылымының əдіснамалық негізі мен зерттеу əдістемесі мен ұстанымдарын анықтау шарт.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік жұмыстар қазіргі таңда қоғам өмірінде маңызды орын алады. Аталмыш мәселе тұрғындардың әлеуметтік қорғалу қызмет мекемесінің экономикалық негізін зерттеуді талап етеді. Оқу курсында әлеуметтік жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздері қарастырылады, денсаулық сақтау экономикасы және білім беру (әлеуметтік сала, бұл салада өзінің функциясын әлеуметтік жұмыстың мамандары атқарады), халық әлеуетінің динамикасы, халықты әлеуметтік қорғау қызметін экономикалық ұйымдастыру. Курс әлеуметтік жұсыстың экономикалық негізін үйретуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлеуметтік тәуекел тобымен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Жастармен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 6

    Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс – тарихи масштабты жаңа іс-әрекет, бірақ әлсіз және қажетсінетіндерді жеккөру бұрыннан келе жатыр. Қазіргі экстремалды әлеуметтік жағдай әлеуметтік орта мамандарына ерекше талаптар қоюда, себебі бұл күрдлеі іс-әрекет түрі жан-жақты білімді, белгілі бір қабілеттерді, тәжірибені, аса маңызды – спецификалық, психологиялық қасиеттердің болуын қажет етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері
    Несиелер: 4

    Әлеуметтік жұмыс – бұл басқа мамандықтармен салыстырғанда моральдық принциптерді жүзеге асыру күрделі жүргізілетін кәсіби қызметтің бір түрі. Себебі, әлеуметтік жұмыстағы кәсіби ықпал етудің басты объектісі адам болып табылады. Кейбір жағдайларда клиенттің тағдыры әлеуметтік қызметке тәуелді болуы мүмкін, сондықтан да әлеуметтік қызметкердің кәсібилігіне қойылатын моральдық талаптар да жоғары. Кәсібилік – тек жалпы мәдени және кәсіби білім мен тәжірибені меңгеру ғана емес, сонымен бірге моральдық тұрғыда өз ісәрекетін бағалай білу қабілеті арқылы түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Әлеуметтік зерттеу стратегиясы
    Несиелер: 4

    Қоғамдық өмірдегі нақты фактілерді жинау және талдау социологиялық зерттеулерде қолданылатын арнайы кешенді әдістердің көмегімен жүзеге асырылады. Социологиялық зерттеудің мақсаты әлеуметтік процестерді, әлеуметтік даму заңдылықтарын, олардың нақты көрінуі тереңірек зерттеу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мемлекет және бизнес
    Несиелер: 5

    Мемлекет өзінің катынастарын кәсіпорны, фирма, компания, концернның барлык типтерімен шарт жасау негізінде немесе келісімге кұрады. Олай жасау нарыкты реттеудің манызды түрі больп табылады. құқықтық базаньң жетілмеген жаңа шаруашылық тәсілінің игерілмеген кезінде бұл келісімдер мемлекеттік орган мен кәсіпорындардын экономикалык, мәселелердә шешуде күш-жігерін біріктіруде манызды роль аткаруы мүмкін.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 5

    Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету сферасынан көмек алуға мәжбүрлі.Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен реабилитациялық шараларды жүргізуді мақсат етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі
    Несиелер: 5

    Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін әлемдегі экономикалық жағдайға қарамастан өзгеріссіз орындап келеді. Зейнетақылар мен жәрдемақылар уақытында төленеді. Жыл сайын тұтынушылық қабілетті сақтау үшін олардың мөлшері инфляция деңгейін ескере отырып арттырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлеуметтік құқықты қорғау
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еңбекпен қамту орталықтарындағы ұйымдастыру жұмысы
    Несиелер: 5

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 4 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Бұл мақалада сіз Мемлекеттік бағдарламаның барлық бағыттары бойынша түсініктемелер таба аласыз, қатысу үшін қайда бару керектігін және ол үшін қандай құжаттар пакетін жинау керектігін білесіз.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік сақтандырудың екі нысаны бар, олар: міндетті әлеуметтік сақтандыру және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Міндетті әлеуметтік сақтандыру бюджеттен тыс мақсатты (мемлекеттік немесе қоғамдық) қорлар арқылы қамтамасыз етілетін мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктердің бір түрі. Бұл қорлардың тапшылығы жағдайында мемлекет оларға мемлекеттік бюджет қаражатынан көмек көрсетеді. Сөйтіп, ол осы қорлардың қаржылық орнықтылығының және міндетті Әлеуметтік сақтандыру бағдарламасының іске асырылуының кепілі болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Арнайы мекемелердегі жұмысты ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Арнайы білім беру ұйымдарында кәсіптік еңбекке баулуда еңбек нарығындағы білікті және бәсекеге қабілетті кадрлардың қажеттілігі, жергілікті және аймақ нарығындағы өзгешеліктерді, арнайы білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктерді, кәсіптік еңбекке даярлау және тағы басқалар үшін материалдық-техникалық базаның болуы ескерілуі қажет.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалады ұйымдастыру
    Несиелер: 3

    Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үш жақты комиссияның отырыстарын тоқсанына кемінде 1 реттен өткізу;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг
    Несиелер: 5

    Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг проблемасы – оны реттеудің формалары мен әдістері Қазақстан Республикасының ең маңызды әлеуметтікэкономикалық проблема.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлеуметтік жұмыстағы іс-қағаздарын жүргізу
    Несиелер: 3

    Іс-қағаздарын жұмыс жүргізу бұл құжаттармен жұмыс жасау болып табылады. Құжаттар жасалынады, өңделеді, сақталынады және әр-түрлі мақсаттарда қолданылады. Компьютерлік технологиялар клиент туралы мәліметтерді жинақы , үнемді жұмысқа қолайлы түрде көрсетуде. Әлеуметтік қызмет көрсетудің клиенттері туралы толықтай мәліметтер банкін жасауға қызмет етеді. Компьютерді білу құжаттарды жасау жұмысын жеңілдетеді және де олардың сапасын арттырады. Тікелей сөйлеуді тезірек жазуға бұрыннан стенографиялау қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу
    Несиелер: 4

    Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу, оның міндеттері мен мазмұнын басқару әдістерін; әлеуметтік қыз-меткерлердің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлеуметтік жұмыстағы менеджмент
    Несиелер: 5

    Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі. Ол белгілі бір құралдар мен әдістанмалар арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе Операцияларды зерттеу (Operations Research) және Статистика секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды. Ал, басқару дегеніміз басқарылушыға өнімді, пайдалы жұмыс істету әрекеті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Психикалық денсаулық проблемалары бар адамдармен әлеуметтік жұмыс
    Несиелер: 5

    Денсаулықты сақтау мен нығайтуға жасалатын әрбір қадам — қоғамның басты капиталы адамдардың қалыпты да, ұзақ өмір сүруінің негізі. Әсіресе науқастарға денсаулық сақтаудың емдеу, алдын-алу жүйесінде психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету – дамыған мемлекеттер тәжірибесінен белгілі, сауығу мерзімін арттырудың алғышарттары саналады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Әлеуметтік саладағы еріктілерді даярлау мен ұйымдастыру әдістері
    Несиелер: 3

    Еріктілер- бұл өз ынтасымен азаматтық қоғамның игілігі үшін әрекет ететін, өзінің білімін, уақыты мен күшін материалдық сыйақы алуға немесе ақы төленетін жұмысқа емес, бірлескен әлеуметтік күш үшін арнайтын адамдар. Ерікті қызмет белгілі бір міндет бойынша бірлесіп жұмыс жасау достық пен өзара түсіністікті құрудың тиімді әдістерінің бірі деген идеяға негізделген, ал жобалар диалогтың, әр адамның қабілетіне қарай жұмыс істеу мүмкіндігінің негізі болып қызмет атқарады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қиын балалар арасында жүргізілетін педагогикалық және психологиялық жұмыс
    Несиелер: 3

    «Қиын балаларды» сен қиынсың деп кеудесінен нұқып, жалпы балалардың тобынан бөлудің қажеті жоқ. Бұндай жағдай оларды одан ары есіртіп жібереді: «Көрдіңдер ме, бізге ерекше назар аударылады» - деп басқалардың алдында әдейі көкірек қаға түседі немесе өздері жайлы төмен бағаға үйреніп, бәрібір мені ешқашан мақтамайды деп еті үйреніп кетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON3

    Кәсіби қызмет саласындағы негізгі проблемалар, әлеуметтік жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын білу.

  • Код ON6

    Кәсіптің жоғары әлеуметтік маңыздылығын сипаттау, кәсіби этика қағидаларын сақтайды.

  • Код ON8

    Заманауи ақпараттық технологияларды қолдануға негізделген әлеуметтік, демографиялық, экономикалық және басқа ақпаратты өңдеу қабілеттілігі.

  • Код ON2

    Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді байланыстыра алу, үздіксіз білім алу үшін қажетті материалдарды өз бетімен зерттеу.

  • Код ON1

    Әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымның негізгі ережелері мен әдістерін білу.

  • Код ON5

    Білім беру ортасы субъектілерінің бірлескен іс-әрекетін және тұлғааралық өзара іс-қимылын ұйымдастыру тәсілдерін дәлелдеу.

  • Код ON4

    Қоғамның қазіргі әлеуметтік-мәдени дамуының ерекшеліктері мен ерекшелігін ескеретін теориялық негіздері мен әлеуметтік технологияларын білу және түсіну.

  • Код ON7

    Білім беру ортасы субъектілерінің бірлескен қызметін және тұлғааралық өзара іс-қимылын ұйымдастыру тәсілдерін меңгерген.

Top