Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01724 M017-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтерін даярлау в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Лингвамәдениеттану
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – магистранттарға тіл білімінің жаңа саласы лингвомәдениеттанудың өзіндік ғылыми аппаратын, ұғым-түсініктерін, зерттейтін негізгі мәселелерін үйрету. Магистранттар тіл мен мәдениет сияқты екі түрлі мәселенің өзара әсер етуінен пайда болған тілдік белгілердің мәдени семантикасын біледі, түсіндіре алады. Ұлттық болмыстың тілдегі көрінісіне, тіл фактілерінің халықтың танымдық, этикалық, эстетикалық категорияларына қатысын салыстыра талдайды. Лингвомәдениеттану бойынша алған білімдерін жинақтайды және өз ой-пікірлерін аргументтік фактілермен дәлелдей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – кәсіби қызметті табысты жүргізу үшін шет тілінде қажетті және негізгі коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру. Магистранттар кәсіби ортада қарым-қатынас жасау терминологиясын біледі, мамандыққа қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді, қолданады. олардың эквиваленттерін, мәтінді аудару кезінде грамматикалық құрылымдар мен лексикалық ережелерді талдап салыстыра алады, айырмашылығын табады, шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық шкаласын меңгереді, үштұғырлы тілдерді оқытудың ұлттық бейімделген деңгейлік үлгісін жасай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ педагог мамандардың барлық педагогикалық процесті басқарудағы кәсіби-психологиялық құзыреттілігін дамыту. Магистранттар басқару психологиясының теориялық және әдіснамалық негіздерін біледі, психологияның гуманистік дүниетанымын, қазіргі психологиялық ғылымның қоғамдағы орны мен рөлін түсінеді, психологияның негізгі білімін, психикалық процестер мен адамның жеке қасиеттерінің заңдылықтарын, еңбек ұжымын басқару психологиясын, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық климатты біледі, адам іс-әрекетіндегі көшбасшылық және көшбасшылық әрекеттерді, жеке тұлғаға психодиагностикалық және психологиялық кеңес беру мәселелерін қарастырады, жастардың өз іс-әрекеттері мен мінез-құлқын саналы түрде талдай білу және т. б. қажеттіліктерін дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби-педагогикалық және психологиялық мәдениетінің негізін қалыптастыру. Магистранттар жоғары мектеп педагогикасының теориялық және әдіснамалық негіздерін біледі. Білім берудің қазіргі парадигмасын, еліміздегі жоғары кәсіби білім беру жүйесін, білім беру үрдісінің қазіргі жағдайын түсінеді, өзіндік белгі ерекшеліктерін анықтап айта алады. Озық білім беру технологияларын өз тәжірибесінде қолданады. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін, білім беру сапасын талдай алады, жаңа оқу бағдарламаларын әзірлейді, білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістерін әзірлеу принциптерін, талдау және зерттеу жұмысының нәтижелерін салыстырады, жинақтап қорыта алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – магистранттарды қазіргі лингвистикадағы жаңа бағыттармен, олардың тіл зерттеудегі соңғы ізденістерімен, жаңалықтарымен таныстыру. Магистранттар ХХ ғасырда қалыптасқан лингвистикалық ағымдар мен түрлі лингвистикалық мектептерді біледі, олардың тіл зерттеу ерекшеліктері мен әдістерін түсіндіре алады. Тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттарды: әлеуметтік лингвистика, оның қарастыратын мәселелерін, лингвомәдениеттанудағы зерттеулерді, психолингвистика мен неоролингвистиканың зерттеу нысынын, корпустық лингвистика, компьютерлік лингвистика, математикалық/ статистикалық лингвистика, когнитивті лингвистиканың қол жеткізген ғылыми нәтижелерін талдап түсіндіреді. Тіл білімінің жаңа бағыттары бойынша алған білімдерін жинақтайды және өз ой-пікірлерін дәлелдей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 2

    Пәннің мақсаты – ғылым тарихын оқып-үйрену негізінде ғылыми ойлау жүйесі мен стилін дамыту. Магистранттар ғылым ұғымы мен мәнін біледі, құрылымын, тәсілдерін көрсете алады, ғылымдағы басты парадигмалық теорияларды, ғылыми болжамдарды, аксиомалар мен теориялардың қалыптасу заңдылықтарын айтып түсіндіреді, ғылымның даму тарихы мен заңдылықтарын талдай алады, ғылым дамуының негізгі кезеңдері туралы түсініктер мен білімдерді жинақтайды, мағлұматтар жүйесін қалыптастырып қорыта алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлеуметтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – әлеуметтік лингвистиканың ғылыми аппараты, зерттелу жайы, қарастыратын проблемалары, өзіндік категориялары мен зерттеу әдіс-тәсілдері туралы білім беру. Магистранттар әлеуметтік лингвистиканың ұғым-түсініктерін, басты зерттеу проблемаларын: тіл және қоғам, тілдің өмір сүру формалары (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, диалекті т.б.), тілдің қоғамдық қызметі, тілдің қызмет ету салалары, тіл дамуына әсер ететін факторлар, тілдік ахуал, тіл және саясат т. б. біледі, түсіндіреді және талдай алады. Қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуынан хабардар болады, қазіргі проблемалары туралы мәлімет алады. Осы ғылым саласы туралы өз көзқарастарын қалыптастырады, оны дәлелдеп қорғай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Көркем әдебиеттегі психологизм
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – көркем әдебиеттегі психологизм ұғымы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырып, оның көркем образ жасаудағы маңызын, стиль түзушілік, пішіндік қызметімен таныстыру. Магистранттар көркем шығармадағы психологизм, жазушы шеберлігі, психологиялық талдау мәселелерін біледі, түсіндіре алады. Кейіпкер психологиясын ашудың әдістері мен тәсілдерін, кейіпкер жасаудағы диалогтың, монологтың, ішкі монологтың атқаратын қызметтерін талдай алады. Пән бойынша алған білімін пайдаланып, өз көзқарастарын аргументтер келтіріп дәлелдей алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жанр теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - жанр теориясына қатысты әдеби терминдер мен негізгі ұғымдар, категориялар туралы түсінік беру. Магистранттар әдеби тектер мен жанрды, жанртану мәселелерін, лириканың жанрлық сипатын біледі, түсіндіре алады. Өлең құрылысын, тақырыбы мен идеясын және ақындық шеберлікті салыстыра талдай алады. Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік ізденістерді, лирика туралы зерттеушілердің пікірлері мен көзқарастарын қорытып жинақтайды, аргументтер келтіріп өз көзқарастарын дәледей алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – магистранттарға әдебиеттану ғылымындағы жаңа ізденістер мен жаңалықтарды таныстыра отырып, әдебиеттанудың жаңа салалары жөнінде кешенді білім беру. Магистранттар әдебиеттанудағы кейбір мәселелеріне қатысты бүгінгі ғылыми көзқарастарды, пайымдауларды айтып, түсіндіре алады. Әлем әдебиеттануындағы теориялық ұстанымдар, олардың ұлттық әдебиеттанумен сабақтастығын түсіндіреді, талдайды. Қазіргі әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарынан хабардар болады, оларды әлемдік әдебиеттану ғылымындағы жаңа ізденістермен салыстырады, қазақ поэзиясы мен прозасындағы жанр жаңалықтары бойынша өз білімдерін жинақтап қорыта алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тіл мен әдебиетті оқытудың әдіснамалық тұғырлары мен дидактикалық ұстанымдары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – магистранттарды жаңартылған білім беру мазұнына сәйкес тіл мен әдебиетті оқытудағы жаңа ұстанымдарымен таныстыру. Магистранттар оқытудың әдіснамалық негіздері мен тұғырларын біледі, түсіндіреді. Тіл мен әдебиетті оқытудағы дидактикалық ұстанымдарды, жаңартылған білім мазмұнының үдерістері мен жаңалықтарын, оқытушы құзыреттілігін талдап, қорытады. Оқытудың жаңашыл бағыттарын үйренеді, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларына қажетті дағдыларды игереді. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған білім беру бағдарламаларын жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Когнитивтік лингвистика
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – магистранттарға когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанын, өзіндік ұғым-түсініктерін, проблемаларын, қазіргі даму бағытын түсіндіру, дүниені тіл арқылы танып білудің негіздерін ұғындыру. Магистранттар когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанын, ұғымдық аппаратын біледі, түсінеді. Когнитивті лингвистиканың басты проблемаларын: концепт ұғымы, концепт және концептуалдық құрылым, тілдік тұлға, дүниенің тілдік бейнесі, концептуалды метафора, танымдық фразеологизмдер, соның ішінде, этнографиялық фразеологизмдердің когнитивтік аспектісі, тілдің танымдық құрылымының мифтік негіздері т.б. талдай алады, қорытады. Пән бойынша алған білімдерінің негізінде өз көзқарастарын қалыптастырады, оны дәлелдеп қорғай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жоғары мектепте қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – жоғары оқу орнында әдебиетті оқытудың әдіс-тәсілдері, әдебиет сабағын ұйымдастырудың принциптері, ерекшелігі туралы түсіндіру. Магистранттар жоғары мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген жаңа технологияларды меңгереді, салыстыра талдайды, оны қазақ әдебиетін оқытуда қолдана алады. Қазақ әдебиетін оқыту бойынша әдіскер ғалымдардың зерттеулері мен негізгі тұжырымдарын, жаңашыл оқытушылардың оқыту әдістерін салыстырады, қорытады. Жаңартылған білім мазмұнын, критериалды бағалау, педагогикалық ізденіс және шығармашылық т.б туралы өз білімдерін жинақтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жоғары мектепте қазақ тілін оқытудың жаңа технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – болашақ мамандарға жоғары оқу орынында қазақ тілін оқытудың әдіснамалық негіздерінен, оқытудың тиімді жолдарынан, жаңа технологияларынан терең әдістемелік білім беру. Магистранттар тіл меңгертудің теориялық және практикалық мәселелерін біледі және оны түсіндіре алады. Қазақ тілін жоғары оқу орнында оқыту бойынша әдіскер-ғалымдардың еңбектері мен негізгі тұжырымдарын өз тәжірибелерінде қолданады, жаңашыл оқытушылардың оқыту әдістерін зерттейді, салыстырады, қорытады. Жаңартылған білім мазмұны, критериалды бағалау бойынша және жоғары мектепте қазақ тілін оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық, әдістемелік талаптары бойынша алған білімдерін жинақтайды. Игерген біліміне сүйене отырып, өз көқарастары мен пікірлерін дәлелдей алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ғылыми-зерттеу әдістері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – магистранттарды ғылыми жұмыстың құрылымы мен мазмұнын, ғылымдағы, оның ішінде тіл білімі мен әдебиеттанудағы зерттеудің заманауи әдіс-тәсілдерін таныстыру, оларды өздерінің зерттеу жұмыстарында қолдана алуына баулу. Магистранттар әдіснама, әдіс, тәсіл терминдерінің мағыналарын біледі. Олардың айырмашылықтарын, зерттеу әдістерінің түрлерін, анықтамаларын біледі, түсіндіреді. Зерттеудің теориялық және эмперикалық әдістерін үйренеді, оларды салыстырып талдайды. Зерттеу тақырыптары бойынша зерттеудің әдістері мен тәсілдерін таңдай алады, қолданады. Пән бойынша алған білімдерінің негізінде өз көзқарастарын қалыптастырады, оны дәлелдеп қорғай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көркем мәтін поэтикасы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – білім алушыларды көркем шығарма поэтикасының және мәтінтанудың жетекші қағидаларымен таныстыру. Магистранттар көркем мәтін поэтикасы және әдеби сын мәселелерін біледі, түсіндіре алады. Мәтін поэтикасының негізгі мәселелері: мәтін және шындық, мәтін және автор, оқырман және мәтін т.б. туралы алған білімдерін қорытады, оларды мәтін талдауда қолданады. Көркем мәтіннің ерекшеліктерін салыстыра талдай алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON3

    3-модуль. Әдебиттанудың жаңа салалары. Білім алушылар әдебиеттанудың өзекті мәселелері, жаңа бағыттары, көркем әдебиеттегі психологизм, жанр теориясы, көркем мәтін поэтикасы мәселелерін, жазушы шеберлігі, психологиялық талдау, кейіпкер психологиясын ашудың әдістері мен тәсілдері, көркем шығарма поэтикасының және мәтінтанудың жетекші қағидаларын анықтайды, сипаттайды. Көркем мәтін поэтикасын әдеби сын дискурс тұрғысынан қарастырып, мәтін мен болмыс, мәтін және автор, оқырман және мәтін арасындағы байланыстарды қолданады.

  • Код ON4

    4-модуль. Оқыту технологиялары. Магистранттар тіл мен әдебиетті оқытудың әдіснамалық тұғырлары мен дидактикалық ұстанымдарын түсіндіреді, жоғары мектепте қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың жаңа технологияларын зерттейді, жаңартылған білім мазмұны тәжірибесінде қолданады.

  • Код ON2

    2-модуль. Тіл білімінің жаңа салалары. Магистранттар қазақ тіл білімінің зерттелу тарихы мен даму кезеңдерін оқып меңгереді, қазіргі заман тіл біліміндегі антропоөзектік бағытының когнитивтік және әлеуметтік лингвистикалық мәселелерімен танысады. Алған білімдерін өз ізденістерінде пайдаланады

  • Код ON6

    6-модуль. Қорытынды аттестация. Магистранттар білім бағдарламасындағы пәндер бойынша игерген теориялық, практикалық білімдерін кешенді емтихан тапсыру арқылы дәлелдейді. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі магистрлік диссертация қорғау кезінде мазмұндалады.

  • Код ON1

    1-модуль. Ғылыми білім. Білім алушылар ғылым тарихы мен философиясының, кәсіби шетел тілі, жоғары мектеп педагогикасы мен басқару психологиясының теориялық және практикалық мәселелерін анықтайды және сипаттайды. Аталған пәндер бойынша алған білімдерін тәжірибеде қолданады.

  • Код ON5

    5-модуль. Ғылым және тәжірибе. Білім алушылар ғылым мен практиканың қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерін, зерттеу тақырыбының негізгі проблемаларын анықтайды, өндірістегі инновациялық технологияларды қолданады. Ғылыми зерттеу жұмысы барысында диссертация тақырыбының өзектілігін, мақсат-міндетін анықтайды, жоспарын құрады, ғылыми әдебиеттермен, дереккөздермен жұмыс жасайды, диссертация жазу кезінде қолдана алады.

Top