Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02191 Арт-менеджмент в Т.Қ.Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық және жергілікті тәжірибені қорытындылауға және сынақтан өткізуге дайын, сонымен қатар ізгілікті дүниетанымымен ерекшеленетін, өнерді басқару саласындағы жетістіктері, сараптамалық қабілеттері мен білім жиынтығы, заманауи әлемдік үдерістерге сәйкес мәдениет пен өнерді басқару саласында, зерделеу және оқыту үшін ғылыми-зерттеу, педагогикалық және ұйымдастыру-басқару қызметіне сай біліктілігі мен тәжірибесі бар бәсекеге қабілетті маман - магистрлер даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M037 Арт-менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M021 Өнер
  • Аудио-визуалды өнердің теориясы мен әдіснамасы
    Несиелер: 3

    Бұл курс әлемдік лейблдер мен дыбыс жазу студияларының әртүрлі бағыттағы және жанрлардағы музыкалық материалдарды шығару және жылжыту бойынша жұмыс әдістерін талдайды. Өзіндік өнімнің бірегей дыбысын жасау үшін дыбыстық процессорлармен, секвенсорлармен және сэмплерлермен тәжірибе жасау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Art (өнер) және жасанды интеллект
    Несиелер: 3

    Пәнді оқу кезінде магистранттар келесі аспектілерді зерттейді: компьютерлік лингвистиканың негізгі теориялары мен концепциялары және жаңа форматтар, жасанды интеллект үрдістері. Пән компьютерлік лингвистиканың теориясы мен тәжірибесін, мәліметтерді лингвистикалық талдау және олардың ықпалдасуын, талдауын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Курс жоғары оқу орнының мәселелері мен педагогика негіздерімен, білім беру үдерісі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру мен талдаудың замануи технологияларымен таныстырып, оқытушы мен студент арасындағы байланыстың технологияларына мән береді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өнердегі креативті ойлау
    Несиелер: 4

    Курс барысында магистранттар бизнес, ғылым, мәдениет, өнер, саясат сияқты барлық динамикалық өмір салаларында стандартты емес ойлау дағдыларын жинақтайды және жаңартады. Курс барысында магистрант креативті ойлауды әртүрлі білімнің бірігуінің синергетикалық өнімі ретінде анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өнер саласындағы жобаларды басқару
    Несиелер: 4

    Курс жобаны құрудың ресурстарымен, ережелерімен, қағидаттарымен, өнер саласындағы жобаларға, жобалау қызметінің технологиясына, әдістері, қатысу құралдарымен және оларды басқару шарттарын үйретеді, өнер саласындағы жобаларды басқарудың тәжірибелік дағдыларын меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім беру үдерісіне сандық технологияларды интеграциялау
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты - "бұлтты" технологиялар архитектурасы, "бұлтты" сервистерді жобалау тәсілдері мен ерекшеліктері бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды игеру, сондай-ақ негізгі қолданыстағы "бұлтты" платформаларға арналған қосымшаларды әзірлеу дағдыларын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 6

    Бұл пән бакалавриаттан кейінгі білім беру деңгейінің жалғасы болып табылады және магистранттарға шетел тілін кәсіби меңгертуді негізгі мақсат етеді. Пән магистранттардың кәсіби шеттілдік дереккөздермен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру арқылы білім бағдарламасының өзге пәндерін меңгеруге ықпал етеді. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар халықаралық кәсіби ортаға кірігуге және шет тілін мәдениаралық қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазіргі әлем киносының әдістемесі
    Несиелер: 3

    Курс барысында магистранттар қазіргі заман тұрғысынан әлемдік кино әдіснамасының барлық кешеніне талдау жасайды. Олар гуманитарлық қызмет саласы ретінде, кинематографияның әдіснамасын, әдістемесін және тәсілдерін, оның белгілерін, тілін және әлемдегі киноөнер индустриясының толыққанды бейнесін көрсететін негізгі атауларын ажырата алуды үйренеді. Магистранттар кино қайраткерлері қойған тұжырымдамалар мен мәселелер төңірегінде пікір таластырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Курс басқару психологиясы, менеджмент психологиясы және ұйымдастырушылық психология аспектілерін ашып, басқару қызметінің психологиялық құрылымының мазмұнына түсінік береді және маманның психологиялық мәдениетін жоғарылатуына септігін тигізеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Креативті қызметтегі маркетингтік стратегиялар
    Несиелер: 4

    Курс маркетингтің қалыптасқан жүйесін креативті индустрияның тенденциясы мен заңдылықтары контексіне сәйкес сарапқа салады. Маркетингтің барлық құрамы – ұсынылған тауар сапасы, оның бағасы, жарнама мен маркетингтік «төрттік» арт-менеджмент заңдылықтарына орай түзетіледі, талданады және жүйеленеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 3

    Курста мәдениет динамикасындағы ғылымның даму мәселелері, принциптері мен әдістері, құрылымы мен модельдері, ғылыми-философиялық білімнің рухани мәдениетпен тығыз байланысты қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фестивальдар мен көрмелерді ұйымдастырудың практикалық мәселелері
    Несиелер: 4

    Курс Қазақстандағы және шет елдердегі негізгі фестивальдер мен көрмелер тәжірибесінәртүрлі қырларынан қарастырып, қорытындылайды. Магистранттар интерактивті режімде өнердегі менеджменттің нақты кейстерін тексереді, олардың нәтижелерін талқылайды, табыстылық көрсеткіштерін айқындайды және тәуекелдерді бағалайды. Жұмыс барысында ұсынылған мысалдарды саралап және жіктеп, сол арқылы өз тәжірибелерін жаңғыртады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлемдік өнердің мәдени ландшафттары
    Несиелер: 4

     Бұл курс шығармашылық мамандықтарға арналған. Мұнда әлемдік өнер тарихы әр дәуірдің ең өткір мәселелерін көтеретін идеяларды, бейнелерді, символдарды хронология тұрғысынан емес, көркемдік кеңістік ретінде қарастырады. Уақыт пен кеңістікте өнер тілінің әмбебаптығын түсінуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі контекстегі әлемдік өнердің көркемдік түсініктері
    Несиелер: 4

    Ұсынылған пән аясында өнер теориясы мен тарихының тұжырымдамалық мәселелері қарастырылады. Салыстырмалы көзқарас, ауқымды тарихи дискурс әлемдік өнер эволюциясының заңдылықтарын құрылымдауға, көркем образдардың хронологиялық және географиялық контекстпен байланысын түсінуге мүмкіндік береді. Өнер тарихы бір-бірімен және дәуір контексімен байланысты көркем ұғымдардың проблемасы ретінде, өнер біртұтас көркемдік кеңістік ретінде қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өнер жобаларын іс-жүзіне асыру құралдары
    Несиелер: 4

    Курс барысында магистранттар өнер жобаларын жүзеге асыруға қажетті бірқатар құралдарды сынақтан өткізеді. Өткен өнер саласындағы оқиғалардың әртүрлі тәжірибелік кейстерін салыстырады, олардың нәтижелеріне байланысты пікір таластыра отырып, топтарда интерактивті жұмыс жүргізеді. Теориялық сабақтардың қорытындысы бойынша магистранттар өнер жобаларына қатысты өз идеяларына тәжірибе жасайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өнер нарығының бағыт-бағдары
    Несиелер: 5

    Курс барысында магистранттар қазіргі жағдайдағы әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде өнер нарығының қалыптасуының негізгі заңдылықтарын, ерекшеліктері мен факторларын зерттейді және оның дамуының ықтимал жолдарын сараптайды. Курста қарастырылатын мәселелер қатарына өнер индустриясындағы нарықтық қызметтің ең жарқын көріністерінің тәжірибелік кейстері кіреді. Магистранттар ұсынылған мысалдарды салыстырады және жіктейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шетел басылымдарына ғылыми мақалалар жазудың принциптері мен әдістері
    Несиелер: 4

    Курс ғылыми метрикалық деректер базасымен және көрсеткіштермен жұмыс істеуге, зерттеу әдістерін меңгеруге және өз бетінше зерттеуді жүзеге асыруға, шетелдік басылымдарда ғылыми мақаланы ресімдеуге және жариялауға үйретеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеудің тұжырымдамасы
    Несиелер: 6

    Курс ғылыми-танымдық іс-әрекеттің негізгі категорияларымен, ғылымның даму концепциялары мен моделдерімен, әдіснамалық принциптермен, өзіндік ғылыми зерттеу нәтижелерінің құрылымы және рәсімделуімен таныстырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Заманауи проблемалар жағдайындағы өнер нарығы
    Несиелер: 5

    Курс барысында магистранттар өнер нарығына тән өзіндік ерекшеліктерге экономикалық категория тұрғысынан баға береді, өнер нарығының құрамдас бөліктері мен олардың жағдайын тексереді, өнер нарығын қоғамдық феномен ретінде қарастырады, материалды жан-жақты заманауи мәселелер және өнер және мәдениет инфрақұрылымымен өзара байланыс тұрғысынан қорытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Заманауи әлем киносындағы мектептер мен ағымдар
    Несиелер: 6

    Пән заманауи әлемдік кинематографияны, әлемдік кинематографияның модельдері мен көркемдік бағыттарын, заманауи режиссерлердің шығармашыл тұлғаларының алуан түрлігін зерттейді, қазіргі заманғы кинематографияның маңызды мәселесін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шығармашылық мансапты басқару
    Несиелер: 6

    Курс жеке шауаларын жоспарлау, өзін-өзі ынталандыру мен бақылау, іскерлік қарым-қатынас, жеке жұмыс техникасы, көшбасшылық стилі, өзіндік даму мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасайтын біліктілік пен мен тәжірибелер аясын айқындайды. Магистранттар осы аталған салаларды сарапқа салады, саралайды және рөлдік үлгілерде қолданады. Нәтижесін пысықтап алу үшін нақты жағдайлар мен оларды жаңғыртып отыру мүмкіндігіне жүгінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өнер психологиясы
    Несиелер: 4

    Курс өнер туындыларын жасаудағы психикалық іс-әрекеттің ерекшеліктерін зерттейді, оларды қабылдау мен түсіну үдерісінің заңдылықтарын, көркемдік тәрбие мен эстетикалық дамудың психологиялық мәселелерін ашады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көркемөнерді басқарудағы статистикалық зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Курс өнер менеджменті құралдары тұрғысындағы статистикалық зерттеулердің түрлі тәсілдерін сұрыптайды. Мұнда статистикалық зерттеу арқылы мәдениет пен өнерді басқарудың негізгі практикалық кейстері туралы мәліметтер тексеріледі. Тиісті деректерге сүйене отырып, тізімдер мен диаграммаларды жасау тәжірибелері пысықталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазіргі замандағы өнер менеджментінің стратегиялық тәсілдері
    Несиелер: 5

    Курс өнер менеджменті жүйесіндегі мәдени саясатқа байланысты мәселелер қояды. Магистранттар мәдени жағдайдың даму болашағын баға береді, тәуекелдерді талдайды, бағалау индикаторларын анықтайды, бизнес үлгілерін сынақтан өткізеді және өнер индустриясы дамуының ықтимал жолдарын болжайтын диаграммалар құрайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Заманауи киноөнерінің теориялық-әдіснамалық мәселелері
    Несиелер: 6

    Пән магистранттарды ғылыми білім туралы жалпы түсінік контекстіндегі қазіргі кино өнерін зерттеулеріндегі негізгі әдістемелер және теориялық тұжырымдамалармен, сонымен қатар жетекші үрдістерімен таныстырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Талант-менеджмент жүйесі
    Несиелер: 6

    Курс барысында магистранттар талант-менеджменттің негізгі құрамдарын, есепке алу жүйесін және таланттарды басқару тұжырымдамасындағы негізгі өлшеуіштерді ажырата білуді үйренеді, таланттарды басқаруды, дәстүрлі HR-тәсілдерден ерекшелеп тұратын факторларды салыстырады. Курс кәсіпкерлік – мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған талантттарды табу мен дамытудың интеграцияланған үдерістері есебінен ұйымның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелерін жақсартуға қандай жағдай мүмкіндік береді -деген сұраққа жауап іздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Шығармашылық психологиясы
    Несиелер: 4

    Курс өнер туындыларын қабылдау және түсіну үдерісінің заңдылықтарымен, жазушылар, суретшілер, композиторлар және т.б. өздерінің ойлаған шығармаларын жүзеге асыру барысында орын алатын психикалық іс-әрекеттің ерекшеліктерімен, креативтілік тұжырымдамасы мен креативті ойлаудың түрлі деңгейлерін, шығармашылық белсенділікке жауап беретін жекелеген құрылымдарын, өнердің әр түрлі салаларындағы көркемдік және шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған әдістер мен тәсілдерді қарастырады, шығармашылық тұлғаның қалыптасу үдерісі, шығармашылық психологиясының қазіргі мәселелері мен даму болашағын ашып көрсетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON4

    ON4. Әр түрлі отандық және шетелдік басылымдарда жариялау мақсатында өнер менеджменті және продюсерлік тақырыбына, соның ішінде шет тілдерде де, ғылыми мақалаларжазу ережелері бойынша білім негіздерін қалыптастыру.

  • Код ON5

    ON5 басқару психологиясы мен өнер психологиясы, маркетинг, фандрейзинг және әлеуметтану бойынша білімдерді пайдалана отырып, қолда бар жұмыстарды сараптау және сын көзімен қарау негізінде, өнер саласындағы жобаларды басқаруды жүзеге асыру.

  • Код ON1

    ON1 өнер менеджментінің әдіснамасы және жоғары мектеп педпгогикасы бойынша алған білімдерін қолдана отырып, жоғары оқу орындарында педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру.

  • Код ON3

    ON3. Жаңа формациядағы өнер менеджерлерін үздік оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін өнердің көркемдік стильдерін жіктеу және түсіндіру бойынша шығармашылық және педагогикалық үдерістерді басқару.

  • Код ON2

    ON2 ғылыми-зерттеу тәжірибелерін қазіргі тарихи және философиялық тұжырымдамаларға сәйкес, әртүрлі өнер саласындағы жеке ғылыми жобаларды дайындауда қолдану.

  • Код ON6

    ON6 өнер нарықтарының қазіргі даму бағыттарын білу, жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісінде және өнер менеджменті саласында педагогикалық және тәжірибелік іс-әрекеттің үздік нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында, адам ресурстарын басқару мен қазіргі заман технологияларын меңгеру.

  • Код ON7

    ON7өнер индустриясын басқарудың негізгі ережелерінен ауытқымай жобалық тұжырымдамана дұрыс құру мақсатында, басқару-экономикалық желісінің барлық пәндерін оқыту бағыттарын және өнер менеджментінің оқыту әдіснамасы мен зерттеу әдістемесін түйсіну.

  • Код ON9

    ON9 Бар тәжірибені сыни тұрғыдан қайта қарап, зерделеуде ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, оларды оқытушылық және күнделікті жұмыс барысында сынамадан өткізу арқылы, өнер менеджменті мен продюсерлік салаларда негізгі заңдылықтар мен жаңа бағыттарды сараптау мен енгізу.

  • Код ON10

    ON10 Креативті экономиканы тұрақты дамыту және оның кадрлық инфақұрылымын дайындау мақсатымен, өнердің әртүрлі салаларын ұйымдастыруда классикалық жетістіктерді жаңғырту және жаңашылдық идеяларын тудыру.

  • Код ON8

    ON8 Жоғары мектептің ұстаз-менеджері жұмысына қойылатын барлық заманауи талаптарға сәйкес, педагогикалық және басқару қызметі аясында өзіндік идеялар тудыру мақсатымен, қолда бар өнер жобаларына сыни тұрғыдан баға бере білу.

Top