Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B10111 Қоғамдық денсаулық сақтау в Санжар Жафарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Коммуникациялық дағдыларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау жүйесінде басқару дағдыларын көрсетеді, денсаулық проблемаларын талдайды және халық денсаулығының көрсеткіштерін бағалайды.
  • Эпидемиологиялық қадағалау жүйелерін қолдану, эпидемиологиялық дағдыларды қолдану: денсаулық нәтижелерін анықтау үшін деректерді жинаудағы принциптерді, мазмұндарын, сенімділігін және қолдану стандарттарын түсіну, халық денсаулығындағы демографиялық, эпидемиологиялық көрсеткіштердің негіздерін бағалау түрлері.
  • Қоғамдық денсаулыққа сүйенетін фундаментальдық және мінез-құлық ғылымдарында жаңа білім алуға қабілетті
  • Нормативтік құқықтық актілерді біле отырып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін елдегі және әлемдегі саяси және экономикалық жағдайдың денсаулық сақтау жүйесінің дамуына әсерін түсіну
  • Қоғамдық денсаулықты нығайту және сақтау, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін жеке және халық деңгейінде мінез-құлық үлгілерін түсіну және пайдалану
  • Практикалық денсаулық сақтауда пайдалану үшін ғылыми деректерді ұсыну және түсіндірудже инновациялық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
  • Антропогендік және табиғи-техногендік экологиялық факторлардың халық денсаулығына әсерін анықтайды; гигиена саласында санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу, халық денсаулығының тамақтану аспектілерін бағалау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін ұйымдастыру және сапасын бақылау, экологиялық қауіптің негізгі сыныптарын анықтау
  • Ақпаратты сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты түсіндіру және дәлелдемелерге негізделген шешім қабылдау: қоғамдық денсаулықты сақтау бойынша қарапайым зерттеулер жүргізу, сандық деректерді талдау үшін биостатистикалық әдістерді қолдану арқылы зерттеу нәтижелерін түсіндіру және биоэтика принциптерін ескере отырып, дәлелді шешім қабылдау.
Top