Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02158 Сәндік өнер в Т.Қ.Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы

  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 2

    Бұл пән бакалавриаттан кейінгі білім беру деңгейінің жалғасы болып табылады және магистранттарға шетел тілін кәсіби меңгертуді негізгі мақсат етеді. Пән магистранттардың кәсіби шеттілдік дереккөздермен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру арқылы білім бағдарламасының өзге пәндерін меңгеруге ықпал етеді. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар халықаралық кәсіби ортаға кірігуге және шет тілін мәдениаралық қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өнердегі креативті ойлау
    Несиелер: 4

    Курс барысында магистранттар бизнес, ғылым, мәдениет, өнер, саясат сияқты барлық динамикалық өмір салаларында стандартты емес ойлау дағдыларын жинақтайды және жаңартады. Курс барысында магистрант креативті ойлауды әртүрлі білімнің бірігуінің синергетикалық өнімі ретінде анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшпенділер өнерінің эстетикасы
    Несиелер: 5

    Осы курсты оқу барысында магистранттар эстетика және көшпелі өнердің ерекшелігі саласындағы білімдерін тереңдетіп, кеңейтеді. Еуразия көшпенділерінің өнеріне жалпы және ерекше мәнге салыстырмалы талдау жүргізеді. Көшпенділер өнерінің эстетикасының негізгі категориялары ерте дәуірден бастап кеш көшпенділерге дейін ерекшеленеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Менеджмент
    Несиелер: 2

    Курс магистранттардың менеджменттің даму тарихы, менеджмент дамуының қазіргі замандағы тенденциялары туралы білімдерін тереңдетеді, магистрантарда тұттыну мен нарық, бұқаралық ақпарат құралдарының құрылымын талдауға, өндірістік менеджмент пен оның технологиялық ретінің негізгі постулаттарын зерттеуге және сынақтан өткізуге деген көзқарастары мен мүмкіндіктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Арт-индустриядағы стратегиялық менеджмент
    Несиелер: 6

    Курс заманауи гуманитарлық білім мен шынайы бизнестің концепті ретінде, арт-индустриядағы менеджменттің стратегиялық оқшаулану мүмкіндіктерін жүйелейді. Магистранттар шет елдер мен өз еліміздегі тәжірибелерге сүйене отырып, креативті индустрияның жоспарлау құралдарын зерттеп, өз қызметінде пайдаланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 2

    Курс басқару психологиясы, менеджмент психологиясы және ұйымдастырушылық психология аспектілерін ашып, басқару қызметінің психологиялық құрылымының мазмұнына түсінік береді және маманның психологиялық мәдениетін жоғарылатуына септігін тигізеді

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дәстүрлі-өнердің эстетикасы
    Несиелер: 5

    Курс барысында магистранттар эстетика призмасы арқылы қазақтардың дәстүрлі өнерінің негізгі ерекшеліктерін, мазмұндық аспектілері мен даму факторларын зерттейді. Курсты оқу барысында магистранттар пәнаралық тәсіл негізінде сәндік-қолданбалы өнер туындыларын талдау саласындағы білімдерін тереңдетеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Креативті қызметтегі маркетингтік стратегиялар
    Несиелер: 4

    Курс маркетингтің қалыптасқан жүйесін креативті индустрияның тенденциясы мен заңдылықтары контексіне сәйкес сарапқа салады. Маркетингтің барлық құрамы – ұсынылған тауар сапасы, оның бағасы, жарнама мен маркетингтік «төрттік» арт-менеджмент заңдылықтарына орай түзетіледі, талданады және жүйеленеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өнер саласындағы жобаларды басқару
    Несиелер: 4

    Курс жобаны құрудың ресурстарымен, ережелерімен, қағидаттарымен, өнер саласындағы жобаларға, жобалау қызметінің технологиясына, әдістері, қатысу құралдарымен және оларды басқару шарттарын үйретеді, өнер саласындағы жобаларды басқарудың тәжірибелік дағдыларын меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы ғылыми зерттеулер
    Несиелер: 4

    Пән сәндік-қолданбалы өнер саласындағы ғылыми жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерін меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу барысында өзекті ғылыми ақпаратты іздеу дағдыларын нығайтады, зерттеудегі негізгі келелі мәселелерді талдауды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сәндік-қолданбалы өнердегі жаңа көркемдік үрдістер
    Несиелер: 4

    Пән сәндік-қолданбалы өнердің жаңа көркемдік тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс қазіргі сәндік-қолданбалы өнердегі өзге ұлттық мәдени тәжірибе мәселелерін, әлемдік қолданбалы өнерді дамыту мәселелерін, Қазақстанның қазіргі сәндік-қолданбалы өнерінің даму перспективалары мен ерекшеліктерін және т.б. қамтиды. Пәнді зерделеу нәтижесінде магистранттар әлемдік және отандық контексте сәндік-қолданбалы өнерді дамыту мәселелерін түсінетін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON1

    Шетел тілін, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы шығармашылық қызметті ұйымдастыру дағдыларын және өз өкілеттіктері шеңберінде басқару психологиясын меңгеру

  • Код ON2

    Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы өз жобаларын әзірлеу кезінде қазіргі тарихи-мәдени тұжырымдамаларға сәйкес практикалық зерттеу дағдыларын жетілдіру

  • Код ON3

    Қазіргі заманғы және дәстүрлі форматтағы сәндік-қолданбалы өнер туындыларын талдау, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын мәдени атрибуттау дағдыларын меңгеру

  • Код ON4

    Шығармашылық қызметтің өзекті бағыттарын кеңейту, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер саласындағы заманауи креативті әдістерді пайдалану

  • Код ON5

    Шығармашылық қызмет шеңберінде өз практикалық идеяларын әзірлеу мақсатында сәндік-қолданбалы өнер саласындағы ғылыми тұжырымдамаларды сыни талдау

  • Код ON6

    Пәнаралық тәсілді қолдана отырып, өзінің зерттеу және шығармашылық жұмысында негізгі заңдылықтарды талдау және енгізу, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер саласындағы жобаларды басқару дағдыларын меңгеру

  • Код ON7

    Сәндік-қолданбалы өнерді зерттеу саласындағы заманауи жетістіктерді өзектендіру, өзінің шығармашылық, оқытушылық және зерттеу қызметінде инновациялық идеяларды қалыптастыруға ұмтылады

  • Код ON8

    Көркемдік білім берудің барлық сатыларында сәндік-қолданбалы өнерді оқыту процесінде заманауи педагогикалық технологияларды түсіну және пайдалану

Top