Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03102 Халықаралық қатынастар в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Халықаралық қатынастарды зерттеу көздері
    Несиелер: 7

    Курс білім алушыларды деректердің негізгі көздерімен таныстыруға бағытталған, олар: мемлекеттік заңшығарушылық-нормативтік құжаттар, парламенттік құжаттар, мемлекеттік басқару құжаттары, ресми дипломатиялық құжаттар. Пән мазмұны берілген зерттеушілік міндеттерді орындау үшін әр типті және әр түрлі, шығу көзі әр-келкі халықаралық-саяси мәтіндерді табу және сараптау дағдыларын дамытуды көздейді. Деректерді талдау әдісін қолдану негізінде жаһандық макроаймақтық, ұлттық-мемлекеттік және аймақтық үдерістерді бағалау дағдылары қалыптасады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Халықаралық қатынастардың акторлары
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты халықаралық қатынастар акторларын (мемлекеттер, мемлекетаралық және үкіметтік емес ұйымдар, индивидтер, БАҚ, диаспоралар, трансұлттық террористік желілер), жаңа акторладың пайда болу факторлары мен жағдайларын зерделеу болып табылады. Курс студенттердің халықаралық қатынастардағы акторлықты айқындаудың тұжырымдамалық негіздерін, әлемдік саясаттың саяси-құқықтық өлшеміндегі акторлардың рөлі мен орнын түсінуін тереңдетеді, халықаралық қатынастардың мемлекеттік және мемлекеттік емес акторларын түсіну үшін қажетті талдамалық және сындарлы дағдыларды қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дүниежүзінің саяси географиясы және халықаралық қатынастар
    Несиелер: 6

    Пән әлемнің саяси картасын білуге, мемлекеттердің саяси-географиялық жағдайы мен жіктелуімен танысуға, мемлекеттердің алуан түрлілігі, елдік және аймақтық ерекшеліктері, жаһанданған әлемдегі шекаралардың рөлі мен функциялары туралы түсінік қалыптастырады. Мемлекеттер, аймақтар және әлем бойынша саяси қатынастар жүйелерін талдау, деректерді салыстырмалы талдау және әлемдік дамудың әртүрлі аспектілері арасында байланыс орнату дағдыларын дамытады, жаһандық және аймақтық деңгейлердің өзара байланысы туралы түсінік береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Халықаралық қатынастар және әлемдік саясат
    Несиелер: 7

    Пән халықаралық қатынастарды әртүрлі күштердің (мемлекеттік, әскери, экономикалық, саяси, әлеуметтік және зияткерлік) ғаламдық, аймақтық, көпжақты және екіжақты деңгейлерде өзара әрекеттесетін кеңістік ретінде, халықаралық қатынастардың кешенді сипаты туралы түсінігін қалыптастыруға, сараптамалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Студенттер халықаралық қатынастардың тұжырымдамалық-санаттық құрылымы туралы негізгі білім алады. Пән ақпарат жинау, пайымдауды негіздеу, себеп-салдар байланысын анықтау дағдыларын дамытуға арналған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлемнің дамыған және дамушы елдері
    Несиелер: 6

    Пән елдер стратификацияның тұжырымдамалық негіздері, әлемнің дамыған және дамушы елдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ерешеліктері, даму әлеуеті және жалпы даму мәселелері туралы түсінік қалыптастырады. Курс дамыған және дамушы мемлекеттердің сыртқы және ішкі саяси қызметінің басымдықтары мен бағыттарындағы айырмашылықты түсінуге, статистикалық мәліметтерді іздеу және түсіндіру дағдыларын дамытуға, әр түрлі салалардағы елдердің даму индикаторлары және олардың ХҚ-дағы орналасуы арасындағы байланыстар бойынша пайымдаулар жасауға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Халықаралық қатынастарға кіріспе
    Несиелер: 7

    Курс халықаралық қатынастардың негізгі анықтамалары мен көздерімен, халықаралық қатынастардың ішкі және сыртқы орта түсінігімен, әлемдік дамудың өзекті трендтерімен және академикалық хатнаманың әдістері мен заңдылықтарымен әдіснемелік пән ретінде таныстыруға бағытталған. Ақпараттар жинау, сыни оқу, ауызша және жазбаша презентация дайындау дағдыларын дамытады. Халықаралық қатынастардың әр түрлі салаларының мәні мен сипаттамаларын, халықаралық қатынастардың кешенді сипатын түсінуге, оқиғалар мен үдерістердің себеп-салдарлық байланысын анықтауға дағдыландырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дипломатияның генезисі және эволюциясы
    Несиелер: 5

    Курс халықаралық қатынастардың тұжырымдамалық және категориялық аппаратын игеруге, қазіргі халықаралық қатынастардағы дипломатияның рөлін түсінуге, дипломатиялық қызмет жүйелерінің заңдылықтарын, құрылымы мен қызметін зерттеуге, жаһандану дәуіріндегі ерекшеліктерін білуге бағытталған. Дипломатияның қазіргі халықаралық қатынастарда қалай жүзеге асырылатындығы және дипломатияның сыртқы саясат контекстіне қалай сәйкес келетіні зерттеледі. Пән қазіргі дипломатиялық қызметтің формалары мен әдістерінің эволюциясын зерттеу арқылы кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыруға арналған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Әлемдік тәжірибедегі тұлға факторы
    Несиелер: 5

    Курс бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімнен тұрады, сыртқы саяси және халықаралық мәселелерді қарастыру барысындағы белгілі бір жеке тұлғаға байланысты болатындығын қарастырады. Пәннің негізгі міндеті – халықаралық қатынастардың тұжырымдамалық-категориялық аппаратын игеру, қазіргі халықаралық қатынастарды қалыптастырудағы тарих барысына негізгі, бағыттаушы ықпал ететін тұлға факторын зерттеу. Курс мәліметтерді жинау және жинақтау, жеке тұлғалардың халықаралық үдерістерге әсерін анықтау дағдыларын дамытуға арналған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Халықаралық қатынастардағы өркениет факторы
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны «өркениет» ұғымын зерделеуге, өркениет анықтамасын және классификациялау жолдарын, өркениеттер диалогі концепциясын, әлемдік өркениеттер анализі және олардың халықаралық қатынастар трендтерінің қалыптасуына, соның ішінде мемлекетаралық қатынастардың дамуына, сыртқы саясатты жүзеге асыру, халықаралық шиеленістерге әсерін зерделеуге бағытталған. Пән жаһандану жағдайындағы өркениеттер рөлін анықтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Халықаралық қатынастардағы қатаң және жұмсақ күш
    Несиелер: 5

    Пән халықаралық және саяси контексттегі «қатаң күш» қолданылуын талдау дағдыларын қалыптастыру, әлемнің жетекші елдерінің арасында «жұмсақ күш» саясатын жүзеге асыруда ортақ және нақты қағидаттарды айқындау, мемлекеттердің «жұмсақ күшінің» негізгі компоненттері мен оның іске асыру әлеуетіне қолда бар мүмкіндіктер мен шектеулерді ескере отырып талдау, заманауи халықаралық ортада «жұмсақ күш» / «қатаң күш» қолдану тактикасы мен стратегиясын салыстыру дағдыларын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Орталық Азиядағы әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістер
    Несиелер: 7

    Пән Орталық Азияның аймақ ретінде белгілеуіне қатысты ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыруға, сыртқы саяси басымдықтары мен мүдделерін, Орталық Азия мемлекеттерінің әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайын анықтауға, осыған қатысты ақпарат көздерін тәжімалауға, алдыңғы қатарлы әлемдік державалардың ұлттық мүдделерін белсенді жүзеге асыру жағдайындағы аймақтың рөлін анықтауға бағытталған. Пән халықаралық қатынастар субъектілерінің сыртқы саясаттарының бір-біріне өзара әсерін, сыртқы саясатты жүзеге асырудағы мүмкіндіктері мен шектеулерін көрсетеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тіл мәдениеті және іскери риторика
    Несиелер: 5

    Бұл пән іскерлік қарым-қатынасқа қатысушыны коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған, ол кәсіптік маңызды жағдайларда жеке тұлғалармен байланыс орнату үшін қажетті білім мен дағдылар жиынтығы болып табылады. Әдеби тіл нормаларының теориялық негіздерін оқып үйрену және тиімді сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Тілдік қарым-қатынасты қалыптастыру және қолдау, коммуникативті нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін негізгі риторикалық стратегиялар мен тактикалармен танысу, студенттердің сөйлеу мәдениетін жақсарту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дипломатиялық және консулдық қызмет
    Несиелер: 6

    Пән дипломатиялық және консулдық қызметтің құрылымы мен функциялары туралы түсінік қалыптастыруға, тұжырымдамалық-категориялық аппаратына ие болуға арналған. Пәннің негізгі міндеттері студенттерді практикалық жұмысқа даярлау, дипломатиялық мәдениетін және халықаралық ортада қызметті жүзеге асыру дағдыларын игеру, дипломатиялық және консулдық қызметінің рәсімдерін меңгеру, ақпараттық-сараптамалық, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын, дипломатиялық, консулдық, ішківедомстволық хат алмасу негізгі ережелерді меңгеру, дипломатиялық байланыстар мен келіссөздерді жүргізу дағдыларын қалыптастыру

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Бұл пән "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика, ақпарат" бағытындағы білім алушыларда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған. Бұл пәннің мақсаты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларын, оның ішінде осы аталған бағыт бойынша тереңдете зерделеу болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • ТМД-дағы әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістер
    Несиелер: 7

    ТМД елдерінің әлеуметтік-саяси және экономикалық әрекеттесу, мемлекеттердің интеграциясының теоретико-концептуалдық негіздерін сараптау, ішкі және сыртқы саясаттың себеп-салдарлық байланыстарын анықтау, Достастық кеңістігіндегі орын алып жатқан жағдайлар мен үдерістерді өз бетінше тәржімалауға және аргументацияланған пікірлерін білдіру дағдылары қалыптасады. ТМД елдерінің әрбір қатысушы мемлекеті жайлы ақпаратты іздеу және жалпылау, мемлекеттердің сыртқы саяси курсын анықтайтын концептуалдық негіздер мен факторларды анықтау, интеграция ерекшеліктерін сараптау дағдылары жетілдіріледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Халықаралық қатынастардағы гуманитарлық өлшем
    Несиелер: 5

    Пәнінің мақсаты – студенттерде әлемдік саясаттағы халықаралық гуманитарлық байланыстардың ерекшелігі мен рөлі, өткен және қазіргі халықаралық қатынастардағы этикалық принциптердің рөлі, қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі гуманитарлық мәселелері, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың гуманитарлық саясатының негізгі нысандары мен бағыттары, сондай-ақ гуманитарлық саясат пен әр түрлі елдердің мәдени дипломатиясының ерекшеліктері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Студенттер санасының сезімталдығы мен ашықтығы – қоғамдық сананы жаңғыртуды тиімді жүзеге асырудың басты шарты. Пәннің мақсаты – Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының іргелі тұжырымдарын тереңірек танып-білу. Күтілетін нәтижелер – рухани жаңғыру аясында білім алушылардың білімдік-танымдық деңгейін көтеру, білім алушылардың бойында кәсібилік, рационалдық, қанағатшылдық қасиеттерін қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Халықаралық қатынастар тарихы I
    Несиелер: 5

    Пән дамудың әртүрлі кезеңдерінде халықаралық жүйенің қалыптасуының негізгі заңдылықтары туралы білім мен түсінік қалыптастыруға, тарихтың әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі мемлекеттердің гегемониясының құрылуы туралы түсінік беру және халықаралық қатынастардағы жетекші субъектілердің сыртқы саяси құралдарының эволюциясын анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, пән мәліметтерді жинау және жалпылау, оқиғалар мен үдерістер арасындағы себептік байланыстарды көрсететін логикалық диаграммалар мен кестелер құру дағдыларын қалыптастыруға арналған

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Пән үш бағытты қамтиды: бизнесті басқару, қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аясы; бизнес-идея және болашақтағы бизнес жоспарды дамыту; пәннің негізгі бағыттарының бірі ретінде университеттегі студенттерді жеке жауапкершілікке, ынталандыруға, инновациялыққа, талпынысқа, дамуға, қаржы жүйесін түсінуге және қоғам алдындағы жауапкершілікке үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • АТМА-дағы әлеуметтік-саяси және экономикалық үдерістер
    Несиелер: 7

    Пәннің мақсаты – қазіргі кезеңде әлемнің ең ірі орталықтарының бірі болып табылатын Азия-Тынық мұхит аймағындағы заманауи саяси, экономикалық, әлеуметтік процестер және аймақтық мәселелермен таныстыру, аймақтың тарихи, мәдени дамуын ескере отырып, даму үрдісін талдау дағдыларын қалыптастыру, интеграциялық үдерістердің ерекшеліктерін және аймақтық ішкі жүйесінің даму алғышарттарын жан-жақты талдау. Сонымен қатар, халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша жекелеген АТМА елдерінің ұстанымдары туралы тұтас түсінік береді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тұрақты даму: жаңа қауіп-қатерлер
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты – халықаралық қатынастардың тұжырымдамалық-категориялық аппаратын игеру, тұрақты даму мәселелерін және олардың әлемдік күн тәртібіндегі орнын зерттеу. Курстың контексінде мемлекет, халықаралық институттар мен корпорациялар жаһанданудан туындаған қауіп-қатерлерге қалай бейімделуі керек екендігі қарастырылады, сондай-ақ тарихи-жағырафиялық контекст пен жаһандану үдерісінің аймақтар мен әлемнің дамуына әсері талданады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Kурс студенттерді компьютерлік техникамен, бағдарламалық қамтамасыздандырумен, IT-қолдаумен және желілермен таныстырады. Студенттер мәселелерді шешу, кәсіби қарым-қатынас жасау, презентация жасау дағдыларын дамытады. Пән қолдану салалары бойынша Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің сандық платформаларын, әртүрлі кәсіби салаларда цифрлық ақпаратты өңдірудің түрлі әдістерін қарастырады. Цифрлық технологияны пайдаланудағы қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Адамзаттың басты құндылықтарына бағынышты жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту, экологиялық көзқарасты қалыптастыру арқылы экологиялық ақпараттың жариялылығына сай қазіргі кездегі қоршаған ортаның көптеген экологиялық мәселелерін шешу қоғамның саналы іс-әрекеті мен әрбір адамның жоғары деңгейде экологиялық ой-санасына байланысты

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Халықаралық қауіпсіздік
    Несиелер: 5

    Пән қауіпсіздік мәселелері мен сыртқы саясат арасындағы байланысты түсінуге және талдауға, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздерін қолжетімді мәліметтерді жинау және жүйелеу арқылы түсінуге, ұлттық және аймақтық форматта қауіпсіздіктің қатерлері мен қауіптерінің параметрлері, объектілері мен субъектілері туралы білім, сол қатерлерге ұлттық және ұлттан үстем деңгейде қарсы тұру жолдары туралы түсінік қалыптастырады. Пән пікірталасқа қатысу және аналитикалық ойлау қабілетін дамытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Екінші шет тілі: батыс тілдері І
    Несиелер: 5

    Студенттердің сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерінде коммуникативтік дағдыларын, ауызша (тыңдалым және айтылым) және жазбаша (оқылым және жазылым) формаларында сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру мен қажеттіліктерін ескере отырып, қарапайым деңгейде қарым-қатынас жасай білуі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Халықаралық ұйымдар
    Несиелер: 5

    Пән халықаралық қатынастардағы халықаралық ұйымдар (үкіметтік және үкіметтік емес) пәнін, топтастырылуын және функцияларын түсіну, халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлдері мен әр-келкі салалардағы қатынастарын басқарудағы орындарын анықтауға бағытталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда және қаржы сияқты салалардағы халықаралық ұйымдардың қызметі зерттеледі. Курс, халықаралық ұйымдардың күнделікті тәжірибеде қолданатын тетіктерін зерттеу, сонымен қоса мемлекеттердің халықаралық ұйымдар арқылы ықпалын зерделеу дағдыларын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Жаһандық әлемдегі интеграциялық үдерістер
    Несиелер: 5

    Бұл курс интеграция теориясы мен практикасын зерттеуге арналған. Курс мемлекеттердің мүдделерін және оларды мемлекетаралық өзара іс-қимыл аясында жүзеге асыру тетіктерін талдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Зерттеу пәні – халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасының жаңа форматы шеңберіндегі интеграция және ыдырау факторлары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Халықаралық қатынастар тарихы II
    Несиелер: 5

    Халықаралық құрылымдардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын анықтаудан кейінгі кезеңдегі ұлы державалардың стратегияларын анықтау дағдыларын игеру; халықаралық қатынастардың биполярлы жүйесін қалыптастырудың, дамытудың және бөлшектеудің себеп-салдарлық байланыстарын анықтайды, социалистік жүйенің ыдырау салдарын және қалыптасып жатқан әлемдік тәртіп жүйесінің элементтерін айқындайды. Сонымен қатар, пән мәліметтерді жинау және жалпылау, оқиғалар мен үдерістер арасындағы себептік байланыстарды көрсететін логикалық диаграммалар мен кестелер құру дағдыларын қалыптастыруға арналған

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Келіссөздерді жүргізу тәжірибесіне кіріспе
    Несиелер: 5

    Пән жеке және топтық келіссөздерді дайындауға және өткізуге, өз көзқарасын сауатты білдіруге және негіздеуге, сондай-ақ коммуникативті құзыреттілікті жетілдіруге, әңгімелесу және пікірталас жүргізудің негізгі тәсілдерін білуді дамытуға бағытталған. Пән халықаралық деңгейде дағдарысты жағдайларды басқарудың дипломатиялық әдісі ретінде келіссөз жүргізу дағдыларын қалыптастыруға негізделген

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Екінші шет тілі: шығыс тілдері І
    Несиелер: 5

    Студенттердің сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерінде коммуникативтік дағдыларын, ауызша (тыңдалым және айтылым) және жазбаша (оқылым және жазылым) формаларында сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру мен қажеттіліктерін ескере отырып, қарапайым деңгейде қарым-қатынас жасай білуі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Халықаралық ақпараттық-коммуникацилық стратегиялардың диверсификациясы
    Несиелер: 5

    Пән кәсіби қызметке қажетті ақпараттың болуы мүмкін көздерін анықтау, оны тәржімалау, ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі талаптарын білу дағдыларын қалыптастырады. Ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және саралауды жүзеге асыруда пайдаланылатын негізгі әдістер, құралдар мен алу жолдары, ақпаратты басқару көзі ретіндегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен жұмыс істей алу, практикалық міндеттерді шеше алу, халықаралық ақпаратты тәржімалай алудың жаңа жолдарын таба алу машықтары жетілдіріледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Екінші шет тілі: шығыс тілдері ІI
    Несиелер: 5

    Шет тілін меңгерудің бастапқы деңгейін арттыру. Студенттермен ауызекі тұрмыстық сөйлеу дағдыларын; әр түрлі оқылым түрлерін және тілді тәжірибелік тұрғыдан меңгеру мақсатында танымдық, аймақтық сипаттағы сөйлеу шығармалар материалдары негізінде өнімді жазуды игеруі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Екінші шет тілі: батыс тілдері ІI
    Несиелер: 5

    Шет тілін меңгерудің бастапқы деңгейін арттыру. Студенттермен ауызекі тұрмыстық сөйлеу дағдыларын; әр түрлі оқылым түрлерін және тілді тәжірибелік тұрғыдан меңгеру мақсатында танымдық, аймақтық сипаттағы сөйлеу шығармалар материалдары негізінде өнімді жазуды игеруі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесі
    Несиелер: 5

    Курс қазіргі халықаралық қатынастар табиғатын түсінуге және сыни талдауға, жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуымен қатар жүріп отырған үдерістер мен айнымалыларды зерделеу, әлемдік оқиғалар мен тәртіптің трансформациялық сипатымен байланысты халықаралық оқиғалар мен құбылыстардың мәнін тәржімалай алу, акторлардың іс-әрекетін және олардың әрекеттесу салдарын түсіндіру, қалыптасып келе жатқан халықаралық қатынастар жүйесінің саяси, әлеуметтік-экономикалық, өркениеттік, гуманитарлық аспектілерін талдау қабілеттерін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дипломатиялық протокол және этикет
    Несиелер: 5

    Пәннің негізгі мақсаттары мен міндеттері – саяси құрал, іскерлік қатынас этикеті, құқықтық-нормативтік база, протоколдық қызмет функциясы және құрылымы ретіндегі, еліміздегі және шет елдердегі протоколдық қызметті ұйымдастыру ретіндегі дипломатиялық хаттама негіздерін жіті зерттеу және зерделеу

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Гибридті соғыстар: геосаяси контекст
    Несиелер: 5

    Пәнді оқытудағы басты бағдар студенттер арасында таза геосаяси құбылыс болып табылатын, гибридтік соғыстардың анықтамасын, мәнің, олардың жіктелуі мен айрықша белгілері туралы түсінігін қалыптастыру. Курс студенттердің әр-түрлі геосаяси кеңістіктердегі гибридтік соғыстарды жүргізу тактикалары жайлы білімдерін кеңейтеді. Пәнді оқыту барысында гибридтік соғыстардағы әскери және әскери емес компоненттердің қатынасындағы акторлыққа қатысты сұрақтарды өзіндік талдау дағдыларын қалыптастыру міндеттері жүзеге асырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Халықаралық құқық
    Несиелер: 5

    Пән халықаралық қатынастардағы халықаралық ұйымдар (үкіметтік және үкіметтік емес) пәнін, топтастырылуын және функцияларын түсіну, халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлдері мен әр-келкі салалардағы қатынастарын басқарудағы орындарын анықтауға бағытталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда және қаржы сияқты салалардағы халықаралық ұйымдардың қызметі зерттеледі. Курс, халықаралық ұйымдардың күнделікті тәжірибеде қолданатын тетіктерін зерттеу, сонымен қоса мемлекеттердің халықаралық ұйымдар арқылы ықпалын зерделеу дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Екінші шет тілі: батыс тілдері ІII
    Несиелер: 5

    Студенттердің дайындалған (диалогтік және монологиялық сөйлеу) негізінде, дайындалмаған (көрнекі және ақпарат көздеріне негізделген) коммуникативті дағдыларын жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастыру. Студенттердің оқылым дағдылары мен іскерліктерін, сөйлеудің берілген композициялық түріне мәтіндер жазу, оқытылатын сөйлеу пәндері аясында әртүрлі дерек көздерінен алынған ақпаратты синтездеу және бағалау, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, баяндау пайымын ескере отыра өз ойларын білдіру дағдыларын игеруі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Азия
    Несиелер: 5

    Курс Азиядағы халықаралық өмірдің процестері мен құбылыстарын тәуелсіз талдау, Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатында ішкі және сыртқы тәуелсіз айнымалыларды бөлу дағдыларын қалыптастыруды қарастырады, мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметінің саяси тәуекелдерін бағалауға тұжырымдама мен тәсілдерді қалыптастырады, сонымен қатар негізгі халықаралық мәселелер бойынша субъектілердің ұстанымдарын талдау қабілеттерін дамытады. Курс елдердің сыртқы саясатындағы негізгі қызығушылық топтарының мәні мен сипаттамалары туралы түсінікті қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Дипломатиялық құжаттама
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – дипломатиялық тәжірибедегі дипломатиялық құжаттардың рөлін, түрлері мен функцияларын көрсету, іс қағаздарын жүргізу ережелерін және халықаралық құжаттар айналымын басқару ережелерін игеру, жағдайдың ерекшелігі мен дипломатиялық құжаттарды жазу мен дайындауға қойылатын талаптарға сәйкес дипломатиялық құжаттарды ресімдеу дағдыларын дамыту, дипломатиялық терминологияны еркін қолдану дағдыларын дамыту

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Екінші шет тілі: шығыс тілдері ІII
    Несиелер: 5

    Студенттердің дайындалған (диалогтік және монологиялық сөйлеу) негізінде, дайындалмаған (көрнекі және ақпарат көздеріне негізделген) коммуникативті дағдыларын жүзеге асыру қабілеттерін қалыптастыру. Студенттердің оқылым дағдылары мен іскерліктерін, сөйлеудің берілген композициялық түріне мәтіндер жазу, оқытылатын сөйлеу пәндері аясында әртүрлі дерек көздерінен алынған ақпаратты синтездеу және бағалау, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, баяндау пайымын ескере отыра өз ойларын білдіру дағдыларын игеруі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Көпжақты дипломатия
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны көпжақты институттар шеңберіндегі, халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық қызметтің қалыптасу үдерісі мен эволюциясын анықтауға бағытталған. Курс көпжақты институттар шеңберінде жұмыс істей алуға даярлықты дамытуға, көпжақты дипломатияның формалары мен механизмдерін классификациялау, ең оңтайлы тәсілді таңдап қолданy, соның ішінде дағдарысты басқару үшін, әр-түрлі деңгейдегі көпжақты әріптестіктің эффективтілігін бағалау және көпжақты дипломатияның әдіс-тәсілдерін қолдана білу және нәтижелерін болжау дағдыларын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
    Несиелер: 5

    «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» пәнінің мазмұны білім алушыларда Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің тұжырымдамалық және институционалдық негіздері, басымдықтары мен бағыттары жайлы білім қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында рационалды ойлау, халықаралық ынтымақтастыққа және Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін анықтауға қатысты құжаттық негіздерді талдау, Қазақстан Республикасының стратегиясына сыртқы ортаның әсерін бағалау дағдылары қалыптасады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Африка, Аустралия және Океания
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Африка, Аустралия және Океанияның даму ерекшеліктерімен танысуға, берілген аймақтағы экономикалық және әлеуметтік-саяси үдерістердің мәнін түсінуге және ұғындыруға бағытталған. Курс Африка, Аустралия және Океаниядағы халықаралық қатынастардың жалпы жағдайын талдау қабілеттерін, аталмыш аймақтардағы негізгі жағдаяттарды талдау әдістерін қолдануға, африкалық континенттегі саяси саладағы оқиғалардың дамуын болжау қабілеттерін дамытуға негізделген

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еуропалық дипломатияның тұжырымдамалық негіздері
    Несиелер: 5

    Курстың пәні – еуропалық дипломатияның табиғаты, сипаты, мақсаттары мен жұмыс механизмдері туралы идеялар, көзқарастар, тұжырымдар. Пән Еуропадағы интеграциялық үрдістер контексіндегі Еуропалық Одақ дипломатиясының тұжырымдамалық негізінің пайда болуы мен дамуы туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға, ЕО бағдарламалық құжаттарын талдай білуге дағдыландыруға, ЕО дипломатиясын, мүмкіндіктері мен шектеулерін ескере отырып, көпжақты деңгейдегі өзара іс-қимыл тетігі ретінде талдауға, ЕО дипломатиялық қызметінде қалыптасқан тиімді тәсілдерді игеруге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Еуропа
    Несиелер: 5

    Пән қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі контекстіндегі Еуропаның даму ерекшеліктерімен танысуға, осы аймақтағы экономикалық және әлеуметтік-саяси процестердің мәнін түсінуге және түсіндіруге бағытталған. Пәннің мақсаты – студенттерге Еуропаның әлемдік саясаттағы орны және жаһандық халықаралық қатынастардың еуропалық сегментінде болып жатқан процестер мен тенденциялар туралы толық түсінік беру. Курс еуропалық және жаһандық деңгейлерде басым құбылыстарды анықтау, талдау және түсіндіру дағдыларын игеруге ықпал етеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Экономикалық дипломатия
    Несиелер: 5

    Аталмыш курс сыртқы экономикалық қызмет саласында қызмет ететін мамандарды даярлауға, экономикалық дипломатияның негізгі принциптері мен тәсілдерін игертуге, оның маңызы мен қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерін анықтауға, сыртқы экономикалық саясаттың қалыптасу механизмдерімен таныстыруға, экономикалық дипломатияның ерекшеліктері мен құралдарын және олардығ қолдануын қарастыруға, сыртқы саясаттың күн тәртібіндегі экономикалық мәселелердің маңыздылығын анықтауға, экономикалық қақтығыстарды шешу дағдыларын дамытуға (санкциялар, сауда соғыстары және т.б. мысалында) бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Екінші шет тілі: батыс тілдері IV
    Несиелер: 6

    Шетелдік серіктестермен қарым-қатынас жасау кезінде, сонымен қатар әрі қарай өзін-өзі жетілдіруде тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, кәсіби қызметтің түрлі салаларындағы әлеуметтік-коммуникативті мәселелерді шешу үшін студенттердің қажетті және жеткілікті деңгейдегі шет тілін меңгеруі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық жағдайлардың қолданбалы сараптамасы
    Несиелер: 5

    Пән халықаралық қатынастарды зерттеудегі жүйелілік тәсіл негіздері және жалпы заңдылықтарын зерделеуге, нормативтік-саяси талдаудың теориялық негіздерін, сараптама орталықтарының қызметін талдауға бағытталған. Пәнді оқып-үйрену барысында студенттер әлемдік саясат пен экономиканың өзекті мәселелері бойынша жекелеген жағдаяттық зерттеулерді игереді, ішкі және сыртқы орта факторларының әсері мен арақатынасын сыни талдау мен бағалау дағдыларын жетілдіреді (мәліметтерді жинау және синтездеу негізінде жағдайлық талдаудың бөлігі ретінде)

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Миграция және жаһандану үдерістері
    Несиелер: 5

    Пән жаһандық көші-қон үдерістерін халықаралық қатынастардың өзекті тренді ретінде қарастыра отырып, оның ахуалын мен жалпы өңірлік және ұлттық деңгейлердегі көші-қон ағындарын бақылау тетіктерін зерттеуді қамтиды. Бұл курс халықаралық қатынастардың тұжырымдамалық-категориялық аппаратын игеруге көмектеседі. Студенттер елдердің миграциялық профильдерін зерттейді және толықтырады, профильдерді талдау арқылы олар миграция мен елдердің экономикалық және әлеуметтік дамуы арасындағы өзара байланыстарын анықтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дипломдық жұмысты жазу бойынша практикум
    Несиелер: 5

    Пән зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің білімін тереңдетуге және практикалық дағдыларын жетілдіруге; бар теориялық ережелерді бағалау және жалпылау білігін дамытуға, ғылыми зерттеудің қолданбалы міндеттерін шешу үшін алынған білімді қолдануға, дербес талдамалық жұмыс дағдыларын жандандыруға, талдау әдістерін игеруге, халықаралық қатынастар саласындағы өзекті ғылыми проблемаларды анықтауға және тұжырымдауға, дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша ақпаратты іздеуге, өңдеуге, талдауға және жүйелеуге бағытталған

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Геосаясат және геоэкономика
    Несиелер: 5

    Пән географиялық, тарихи, саяси, экономикалық және басқа сипаттамаларын талдау арқылы мемлекеттердің стратегиялық мүдделері мен әлеуетін анықтауға қызмет ететін геосаясат пен геоэкономиканың жалпы принциптерін, негізгі бағыттарын және құралдарын мемлекеттік даму стратегиясының бөлігі ретінде терең зерттеумен, геосаяси және геоэкономикалық ойлаудың тарихи қалыптасқан стилі туралы базалық білімді игеру үшін қажет. Халықаралық қатынастардың тұжырымдамалық-категориялық аппаратын игеруге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ЕАЭО шеңберіндегі әріптестік
    Несиелер: 5

    Пән мазмұны ЕАЭО-да өзара істес болу үдерістерін зерттеуге бағытталған. Бұл курс студенттердің аталмыш ынтымақтастық шеңберіндегі эволюция, басымдықтар, бағыттар, перспективалар, мүмкіндіктер мен шектеулер туралы түсінігін тереңдетеді. Сондай-ақ, курс қатысушы елдердің мүдделерін үйлестіру жолдарын, халықаралық қатынастар субъектілерінің сыртқы саясаттарының бір-біріне өзара әсерін көрсетеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • АҚШ-тың сыртқы саяси стратегиясы
    Несиелер: 5

    Курс американдық сыртқы саясаттың эволюциясын және мақсаттарын, оларға жетудің әдістері мен құралдарын анықтайды, доктриналық негіздердің дамуын ішкі саясатпен және халықаралық контекстпен үйлестіріп қарастырады, негізгі оқиғаларды жүйелейді, американдық сыртқы саясаттың әлемдік саяси үдерістегі қалыптасуының, орнын және рөлін түсіндіреді. Курс Американың сыртқы стратегиясын қалыптастыру және енгізу тетіктерін тұтас қарауды қалыптастыруға, олардың іске асыруындағы шектеулер мен мүмкіндіктерін талдауға, даму сценарийлерін әзірлеуге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық қақтығыстар менеджменті
    Несиелер: 5

    Курс «бейбітшілік», «шиеленіс», «соғыс» тәрізді негізгі ұғымдарды, сонымен қоса әр-келкі халықаралық шиеленістер теориялары, шиеленістің трансформациялық үдерісін және шиеленістерді басқару, қарулы қақтығыстар кезеңіндегі бейбіт опрециялар, делдалдық, қақтығысты тоқтату, үшінші тараптар мен халықаралық ұйымдардың рөлін айшықтайды. Пән халықаралық шиеленістердің негізгі типтерін, түрлерін және фазаларын анықтау және зерттеуге, тараптардың басты мүдделерін белгілеу және ымыраға келу, өз бетімен шешім қабылдай білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық саяси экономия
    Несиелер: 5

    Пән саясат пен экономика арасындағы өзара әрекеттесудің заңдары мен нысандарын, тұтастай алғанда әлемдік экономиканы саяси реттеу мәселелерін, егемен мемлекеттердің сыртқы саясатындағы экономикалық құралдарды пайдалану проблемаларын, соның ішінде дағдарысты жағдайды шешу мәселелерін зерттеуді көздейді. Бұл курс студенттердің халықаралық қатынастардың тұжырымдамалық-категориялық аппаратын игеруін, халықаралық қатынастардағы саяси және экономикалық мүдделер арасындағы қарым-қатынасын, интеграциялық және бөлшектік үдерістердің халықаралық саяси экономика көзқарастарының салдарын түсінуін арттырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық шиеленістердің экономикалық құрамдас бөлігі
    Несиелер: 5

    Пән қақтығыс көзі ретіндегі экономикалық фактор рөлін айшықтайды, шиеленіске қатысушы тараптардың экономикалық және саяси мүдделерін талдайды. Курс әлемдік экономикалық, экологиялық, демографиялық, миграциялық үдерістерді талдай алу, жағдайдың экономикалық контекстін ескере отырып халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейлердегі шиеленістерді сараптай алу, ғылыми әдебиеттерді және ақпарат көздерін пайдалана алу, оларды халықаралық шиеленістерді түсіндіруде және зерттеуде пайдалану, өз позициясын түрлі пікірсайыстарда дәйектей алу қабілеттерін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Гуманитарлық дағдарыс және гуманитарлық интервенция
    Несиелер: 5

    Пән «гуманитарлық интервенция», «гуманитарлық дағдарыс», «гуманитарлық соғыс», «гуманитарлық дағдарыс», «қорғау жөніндегі жауапкершілік» ұғымдарының мағынасын ашуға, олардың іс-тәжірибеде пайдаланылуын түсіну, гуманитарлық кірігудің қарсыластары мен жақтастарының аргументтерін бағалауға, халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары – мемлекеттердің егемендігін қамтамасыз ету және адам құқықтарын қорғау арасындағы коллизияларды анықтауға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Халықаралық деңгейдегі іс-шараларды дайындау және өткізу
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – халықаралық деңгейде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, белгісіздік пен шектеулі уақыт жағдайында практикалық шешім қабылдау дағдыларын дамыту. Курсты оқыту оқиғаның әсер ету дәрежесін бағалау, әртүрлі деңгейдегі халықаралық деңгейдегі іс-шараларды жоспарлау, әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырушылық қолдау көрсету дағдыларын дамытуға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ЕО-ның жаһандық басқару жүйесіндегі рөлі мен орны
    Несиелер: 5

    Қазіргі кезеңде жаһандық саяси және экономикалық басқару институттарының жүйесінде Еуропалық Одақтың рөлін ажырамас көзқарас қалыптастыру. Бұл пән студенттердің жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке қарсы іс-қимылға қарсы тұрудағы интеграциялық бірлестіктің қызметін талдауда дағдыларын дамытуға ықпал етеді, халықаралық қатынастар субъектілерінің сыртқы саясаттарының бір-біріне өзара әсерін, сыртқы саясатты жүзеге асырудағы мүмкіндіктері мен шектеулерін көрсетеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ланкестікке қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық: қағидалары, бағыттары, ресурстары
    Несиелер: 5

    Аталмыш курстың мақсаты халықаралық лаңкестік қаупін және пайда болу себептері туралы кешенді түсінік қалыптастыру, және қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі лаңкестікке қарсы төтеп беруге бағытталған іс-қимылдар, теориясы және практикасы жайлы жүйелі түсініктер қалыптастыру, лаңкестік қызметті тежейтін немесе үдете түсетін себептер мен жағдаяттарды саралау дағдыларын қалыптастыру Аталмыш курстың мақсаты халықаралық лаңкестік қаупін және пайда болу себептері туралы кешенді түсінік қалыптастыру, және қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі лаңкестікке қарсы төтеп беруге бағытталған іс-қимылдар, теориясы және практикасы жайлы жүйелі түсініктер қалыптастыру, лаңкестік қызметті тежейтін немесе үдете түсетін себептер мен жағдаяттарды саралау дағдыларын қалыптастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ХҚ көлік-коммуникациялық стратегиялар
    Несиелер: 5

    Пән көлік стратегияларын жүзеге асыру саласындағы халықаралық жобаларды зерттейді. Негізгі міндет – көліктік-логистикалық жобалардың экономикалық нәтижелерін талдау, жіктеу және болжау үшін қажетті стратегиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру, тараптар мүдделерін айқындай білуге және оларды үйлестіру жолдарын ұсынаға дағдыландыру, сондай-ақ логистикалық жобалар туралы хабардар болу, бар мүмкіндіктер мен шектеулерді ескере отырып, оларды іске асыруына ішкі және сыртқы орта факторларының әсерін айқындау дағдыларын дамыту

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мемлекеттің сыртқы саяси доктринасын қалыптастыру
    Несиелер: 5

    Пән мемлекеттің сыртқы саяси доктринасының құрылымын біліп түсіну, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен сыртқы саяси басымдықтарын айқындай алу, сыртқы саяси шешімдер қабылдайтын негізгі мемлекеттік институттарды анықтап жіктей білу, белгілі бір жағдайда сыртқы саяси параметрлердің өзгеру факторларын анықтау, сондай-ақ сыртқы саяси доктринаның ішкі даму факторларымен байланыстылығын бағалай білу дағдыларын қалыптастыруға арналған. Пән сыртқы саяси доктринаны қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу дағдыларын дамытуды қамтиды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Өзгермелі әлемдегі Қытай
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттерді заманауи қытай сыртқы саясатының стратагемдік ерекшеліктерімен, оның мақсаттары, оларға жетудің әдістері мен құралдарымен таныстыру болып табылады. Курс Қытайдың сыртқы саясатын заманауи халықаралық қатынастардың дамуы негізінде кешенді тұрғыда пайымдауына және ҚХР сыртқы саясатының стратегиясы мен тактикалық ерекшеліктерін түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар оған сыни талдау мен баға беруге, олардың іске асыруындағы шектеулер мен мүмкіндіктерін талдауға, даму сценарийлерін әзірлеуге бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Екінші шет тілі: шығыс тілдері IV
    Несиелер: 6

    Шетелдік серіктестермен қарым-қатынас жасау кезінде, сонымен қатар әрі қарай өзін-өзі жетілдіруде тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, кәсіби қызметтің түрлі салаларындағы әлеуметтік-коммуникативті мәселелерді шешу үшін студенттердің қажетті және жеткілікті деңгейдегі шет тілін меңгеруі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON6

    Халықаралық қарым-қатынастың корпоративтік мәдениетін, дипломатиялық және іскерлік протокол және этикет ережелерін қолдану, халықаралық ортада кәсіптік қызметті жүзеге асыру, халықаралық сипаттағы құжаттарды ресімдеу

  • Код ON4

    Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу

  • Код ON2

    Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу

  • Код ON5

    Кəсіби құқықтық мəліметтердің жеткілікті деңгейіне ие болу, кəсіби міндеттерді адал орындау, мінез-құлық мəдениетіне жəне қарым-қатынастың этикалық нормаларына сүйену

  • Код ON12

    Қазіргі дипломатиялық қызметтің нысандары мен тәсілдерін пайдалану, дағдарысты басқарудың дипломатиялық әдістерін қолдану

  • Код ON3

    Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі

  • Код ON8

    Ғылым және кәсіби қызмет саласы ретінде халықаралық қатынастардың тұжырымдамалық-категориялық аппаратына ие болу және пайдалану

  • Код ON13

    Өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін келіссөздерге қатысушылардың басымдығын анықтау, басымдықтар иерархиясын ескере отырып, келіссөздер стратегиясын құру, келіссөздерде жетекшілік ету, даулы мәселелер бойынша ымыраға келе білу және өзіндік тәуелсіз шешім қабылдай білу

  • Код ON9

    Халықаралық қатынастардағы акторлардың сыртқы саяси қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, құралдары мен бағыттарын түсіну, сыртқы саясат бойынша бағдарламалық құжаттарды түсіндіру, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымын түсіндіру және бағалау

  • Код ON11

    Екіжақты және көпжақты, аймақтық және ғаламдық деңгейлерде мемлекетаралық өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері, шектеулері, тенденциялары мен механизмдерін бақылау және талдау

  • Код ON1

    Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша аудармаларды орындау, қазақ, орыс және шет тілдерінде ақпаратты бақылау, алу және құрылымдау, ауызша және жазбаша түрде байланыс жасау

  • Код ON10

    Халықаралық қатынастардың күрделі сипатын, ішкі және сыртқы орта мен халықаралық қатынастарды реттеу тетіктерін түсіну, қазіргі заманғы тенденциялар мен әлемдік дамудың мәселелерін түсіндіре білу

  • Код ON7

    Халықаралық саясатқа байланысты әртүрлі тақырыптар бойынша ауызша және жазбаша түрде мәліметтерді жинақтап, қорытындылау, сараптамалық және сыни ойлау қабілеттерін қолдану, ішкі және сыртқы саясаттың, оқиғалар мен үдерістердің арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау

Top