Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01202 Мектепке дейінгі білім беру және балалар психологиясы в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Бұл пәнді оқу барысында магистранттар педагогикалық теория мен педагогикалық шеберліктің теориялық негіздері, жоғары мектепте оқыту үшін оқу-тәрбие процесін басқару туралы білім алады, адам туралы ғылым жүйесіндегі жоғары мектеп педагогикасының орны, рөлі мен маңызы туралы және педагогтың практикалық іс-әрекеті туралы түсініктері бар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі білім берудегі педагогикалық зерттеулер әдіснамасы және әдістері
    Несиелер: 6

    Мектепке дейінгі білім берудің әдіснамалық мәселелері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастырады оларды теория мен практикада шешу жолдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық, психикалық, тұлғалық даму заңдылықтарын ашады. Студенттерді мектепке дейінгі педагогика саласындағы заманауи ғылыми жетістіктермен, отбасындағы және қоғамдық тәрбие жағдайындағы озық педагогикалық тәжірибемен таныстырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән ғылыми зерттеудің негізгі стратегиясын және тарих және ғылым философиясы, ғылыми білімді қалыптастырудың тарихи негіздерін ашады; ғылым философиясы табиғаттың философиялық ой-өрісінің қазіргі заманғы әлемдік дәстүр ретіндегі мазмұнын қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Балабақшадағы психологиялық ағарту
    Несиелер: 5

    Балалар психологының психологиялық-педагогикалық алдын алу, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және мектепке дейінгі ұйымның балалармен және ата-аналармен жұмыс жасаудағы қызметін қолдау бағыттары қызметінің мазмұны мен құрылымын анықтайды. Мекепке дейінгі ұйым дамуының әлеуметтік жағдайларын талдайды, негізгі проблемаларды, пайда болу себептерін, оларды шешу жолдарын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі психологиялық қызмет
    Несиелер: 5

    Балабақшада психолог ретіндегі табысты тәжірибелі іс-әрекетке қажет білім негізін ашады. Болашақ мамандарды білім берудің мектепке дейінгі кеңістік аясындағы кәсіби әрекетке даярлайды. Психологиялық қызметтің пән ретіндегі мақсаты мен міндеттерін, оның мазмұны мен мәні, принциптерін түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Баланың әлеуметтенуі
    Несиелер: 5

    Пән тәрбие үрдісінің педагогикалық және әлеуметтік аспектілерін, әлеуметтену үрдісінің мәнін және адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын қарастырады. Бұл курс мектепке дейінгі білім берудегі кәсіби сауалдарды шешудегі оқыту мен тәрбие үрдістері мәселелерін ашуға бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тұлғаның үйлесімді тәрбиесіндегі ұлттық мәдениет
    Несиелер: 5

    Ұлттық мәдениетті аса зор әлеуметтік -педагогикалық потенциал түрінде қарастырады. Курс тұлғаны ұлт мәдениеті мен құндылықтарын тасымалаушы ретінде қалыптастыруға бағытталады. Және де ұлттық мәдениеттің дамуын Қазақстан республикасында ұлтаралық теңдікті сақтау мен халықтардың өзіндік ерекшеліктерінің негізгі факторы ретінде қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мектепке дейінгі ұйымда оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
    Несиелер: 6

    Пән оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық қолдау, балаларға, ата-аналар мен мұғалімдерге кешенді көмек көрсетудің заманауи тәсілдерін қолдану саласындағы мәселелерді қарастырады. Балалардың бейімделу құбылыстарын анықтауға және алдын алуға, профилактикалық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға бағытталған психологиялық алдын-алу заңдылықтарын ашады. Балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық іс‐шаралар жүйесін әлеуметтік-психологиялық жобалау біліктерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагог -тәрбиешінің кәсіби санасы мен дамуы
    Несиелер: 5

    Пән кәсіби өзін-өзі дамыту сыртқы кәсіби дайындық және адамның ішкі тұлғалық қалыптасуын интеграциялау процесі ретінде қарастырады. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамыту өлшемдері мен компоненттері анықталады. Және де педагогтың өзін-өзі тануын және кәсіби өзін-өзі дамуын қамтамасыз ететін тетіктер сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу үрдісін жоспарлаудың педагогикалық тәсілдері
    Несиелер: 5

    «Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу үрдісін жоспарлаудың педагогикалық тәсілдері» пәні мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жоспарлаудың педагогикалық тәсілдерін, мектепке дейінгі тәрбиешінің қызметін жоспарлауды жүзеге асыру бойынша жұмыс түрлерін қарастырады. Курс мектепке дейінгі мекемедегі оқу -тәрбие үрдісінде жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға, балабақшаның оқу -тәрбие процесін талдай білуге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Басқару қызметінің психологиялық заңдылықтарын, басқару жүйесіндегі жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін талдауды, басқарудың кіші жүйесінің жай-күйі мен өзгерістерін диагностикалау мен болжауды зерттейді. Басшыларды даярлаудың белсенді әдістерін әзірлеу, кәсіби даму мәселелері бойынша, басқарушылық кеңес беру, басшылық лауазымдарға ұсыну резервін құру іскерліктері қалыптасады.қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тұлғаның педагогикалық мәдениеті
    Несиелер: 5

    Педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын, оның қызметін, оған қойылатын талаптарды ашады, педагогтың кәсіби қызметінің мазмұнын, оған дайындық жүйесін сипаттайды, теориялық білім мен кәсіби-педагогикалық іскерліктің шеңберін анықтайды. Педагогикалық қызметтің мәнімен, оның құрылымымен, педагогтың заңнамалық негізгі қызметімен таныстырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Осы пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар шет тілінде кәсіби ортада және жалпы қоғамда коммуникацияны жүзеге асыра білуі, құжаттарды әзірлеуі, кешенді педагогикалық қызметтің нәтижелерін таныстыруы және қорғауы тиіс.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектепке дейінгі мекемелердегі практикалық диагностика
    Несиелер: 6

    Мектепке дейінгі мекемелердегі практикалық диагностика мәселелерін, заңдылықтарын, категориялары, принциптері мен әдістерін зертттейді. Әлеуметтік-педагогикалық практика, бағдарламаларды іске асыруға психологиялық балаларды сүйемелдеу, мектепке дейінгі мекемелердегі психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді. Курс өзін-өзі талдау, мақсат қою, болжау қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Оқу үрдісіндегі психологиялық қолдау
    Несиелер: 5

    «Оқу үрдісіндегі психологиялық қолдау» пәні білім беру ортасында психологиялық қолдау көрсету негіздерін, оқу -тәрбие үрдісіне қатысушыларды психологиялық -педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттарын, бағалау әдістері мен құралдары, негізгі ұғымдарының мазмұнын және кәсіби әрекетті ұйымдастыруды қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ата-аналармен психологиялық-педагогикалық жұмыс
    Несиелер: 5

    Курс мектепке дейінгі ұйымда ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін арттыру, ата-аналарды балаларды тәрбиелеуде, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда қолдау, отбасыларды тікелей білім беру қызметіне және ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісіне тарту мәселелерін қарастырады. Отбасымен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық жұмыстардың диагностикалық, түзету, профилактикалық және ағартушылық бағыттарының мазмұнын ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие қызметін іске асыру кезіндегі заманауи білім беру тәсілдері мен технологиялары
    Несиелер: 5

    Пән мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мәселелерін қарастырады: құрылымы мен мазмұны. Бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін ашады. Тиімді оқыту және тәрбиелеу әдістерін, білім беру салаларын жүзеге асырудағы заманауи білім беру тәсілдері мен технологияларын ұсынады. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жоба әдісінің технологиясын қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Балалар психологының кәсіби құзыреттілігі
    Несиелер: 5

    Болашақ психологтардың кәсіби дүниетанымының этикалық негіздерін, кәсіби міндеттерді орындауға жауапкершілікті қалыптастырады. Психологтың жұмысын реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды, Психологтың этикалық стандарттарын; -психологтардың жұмысының негізінде жатқан дәстүрлі құндылықтарды ашады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі практикаға бағытталған технологиялар
    Несиелер: 5

    Пән практикаға бағытталған педагогикалық технологияларды және оларды мектепке дейінгі ұйым жағдайында қолдану мүмкіндіктерін ашады. Білім беру салаларында флип-чарт технологияларын қолдану. Балалармен жұмыс жасауда ертегі терапиясын қолдану технологиясы. Квест технологиясы. Мектепке дейінгі жастағы балалардың қызметін ұйымдастыруда сауаттылыққа оқыту, LESSON study және action research бойынша оқу қызметін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін іске асыруды білдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектепке дейінгі білім беру жағдайында инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Пән мектепке дейінгі білім беру жағдайында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық негіздерін қарастырады. Мектепке дейінгі білім беруде инклюзивті оқыту технологиясын, мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың жеке білім беру бағытын құруды, мектепке дейінгі жастағы балалардың ерекше білім алу қажеттілігін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлауды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мектепке дейінгі ұйым басшысының психологиялық-педагогикалық дайындығы
    Несиелер: 5

    Мектепке дейінгі ұйым басшысының кәсіби қызметінің мәні мен ерекшелігін сипаттайды. Мектепке дейінгі ұйым басшысының шығармашылық қызметтің, педагогикалық техниканың уәждерін дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық даярлығын қарастырады. Білім беру мекемесінің құрылымын және оны басқару жүйесін, басқару функцияларын және әдістемелік жұмыстың мазмұнын, әдістемелік жұмыстың тиімділік шарттарын, жұмысты жоспарлаайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Рухани-адамгершілік тәрбиенің психологиялық-педагогикалық аспектілері
    Несиелер: 5

    Пән рухани-адамгершілік тәрбиенің теориясы мен практикасын, оның тарихи және қазіргі заманғы проблематикасын қалыптастыру, дамыту процесін қарастырады. Курс аясында рухани-адамгершілік тәрбиенің негізгі мәселелері оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON1

    Ғылым тарихы мен философиясының қазіргі заманғы мәселелерін жүйелеу үшін ғылым философиясының ережелерін дерексіз-логикалық талдау мен синтездеудің ерекшеліктерін ескере отырып, ғылым тарихы мен философиясының тұжырымдамалық және әдіснамалық аппаратын меңгеру.

  • Код ON2

    шет тілін шетелдік көздерден кәсіби мазмұндағы ақпарат алу, ғылыми хат алмасу, ғылыми мақалалар мен баяндамалар дайындау үшін қажетті көлемде, өз ұстанымын ауызша және жазбаша түрде білдіре отырып меңгеру

  • Код ON3

    өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру тәсілдерін қолдана отырып, педагогика ғылымдарын оқытудың негізгі әдістерін, педагогикалық мониторинг әдістерін көрсету

  • Код ON4

    алған білімдерін оқытудың келесі кезеңдерінде, кәсіби қызметте, мектепке дейінгі мекемеде оқытудың мазмұны мен технологияларын әзірлеу әдіснамасын біле отырып, заманауи педагогикалық технологияларды қолдана отырып қолдану

  • Код ON5

    психодиагностикалық әдістемелер мен психометрикалық рәсімдерді пайдалану; қажетті педагогикалық проблемалардың жүзеге асыра отырып шешу үшін, педагогикалық қызметтің тиімділігіне мониторинг жүргізу

  • Код ON6

    дифференциалды-диагностикалық, сараптамалық сипаттағы мәселелерді шеше отырып, әртүрлі мәселелер бойынша білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

  • Код ON7

    зерттеудің бұрыннан белгілі әдістерін ғылыми мәселелерді терең талдау, тапсырмаларды дәйекті түрде шешу және нәтижелерді мұқият тексеру дағдыларымен байланыстыру

  • Код ON8

    басқару дағдыларын меңгеру, оны әртүрлі басқарушылық міндеттерді шешудің тиімді құралына айналдыру

  • Код ON9

    мектеп жасына дейінгі балалардың отбасылық тәрбиесінің ерекшеліктерін, ата-аналар мен отбасындағы балалардың өзара қарым-қатынасын зерттей отырып, оқу-тәрбие үдерісін, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты жоспарлау

  • Код ON10

    әлеуметтік өзара әрекеттесуді құру кезінде білім беру процесіне қатысушылардың этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарының негізгі даму тенденцияларын талдау

  • Код ON11

    мектепке дейінгі білім беру саласындағы қазіргі заманғы проблемаларды, оның даму тенденцияларын және реформалау бағыттарын талдау, бағдарлау

  • Код ON12

    мектепке дейінгі және инклюзивті білім беру саласындағы мәселелерді шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде генерациялау

7M01202 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Магистратура

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

БББТ: M002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01202 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогикасы (бейіндік бағыт)
Магистратура

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: M002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (1 жыл)
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top