Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01202 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Педагогикалық қызметті, ғылыми зерттеулерді шығармашылықпен және жоғары кәсібилікпен жүзеге асыратын, педагогикалық қызмет саласындағы міндеттерді қоғам үшін пайдалы, қазіргі заманғы ғылыми және практикалық деңгейде шеше алатын жаңа формациядағы мектепке дейінгі білім берудің жоғары білікті, бәсекеге қабілетті маманын даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Қазіргі заманғы педагогика ғылымының өзекті мәселелері
ЖОО-дағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Мектепке дейінгі ұйымдағы тұлға бағдарлы білім беру теориясы
Мектепке дейінгі маманның қарым-қатынас этикасы
Академиялық ғылыми жазба
ЖОО-ғы мектепке дейінгі білім технологиялары
Отбасы педагогикасы және жанұя тәрбиесін ұйымдастыру
Ұлттық тәрбие негіздері
Шет тілі (кәсіби)
Басқару психологиясы
Ғылым тарихы мен философиясы
Білім беру технологиясын өлшеу
Зерттеулердің қолданбалы әдістері
Мектепке дейінгі білім беру саясаты
Жоғары мектептің педагогикасы
-
2 Оқу жылы
Ғылым мен мектепке дейінгі білімнің қазіргі мәселелері
Қазіргі білім берудегі құзыреттілік тұғыр
Қазақстанда мектепке дейінгі педагогиканың даму тарихы
Мектепке дейінгі білімді басқарудың жаңа тұғырлары
Болашақ маманның рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру әдістемесі
Педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық негіздері
Оқыту нәтижелері
- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады.
- Қазіргі заманғы тұлғаға бағдарлы білім беруде педагогика ғылымының өзекті мәселесі ретінде ұлттық құндылықтарды дәріптейді
- Білім беру технологиясын өлшеу мен мектепке дейінгі білім саясатында жаңа технологияларды қолданады
- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды
- Мектепке дейінгі маманның кәсіби этикалық нормаларын талдай отырып, отбасы тәрбиесі мен ЖОО-дағы тәрбие жұмыстарын жоспарлайды
- Мектепке дейінгі педагогиканың даму тарихы мен педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми-психологиялық негіздерін меңгеріп, білімді басқарудың жаңа тұғырларын зерттейді
- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай, академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды
- Болашақ маманның рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыруда мектепке дейінгі білімнің құзыреттілік тұғыр мәселелерін талдайды
- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады.
- Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады