Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02212 Түркітану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Генеологиялық және морфологиялық классификация аспектісіндегі алтай тобындағы тілдер
    Несиелер: 8

    Курс - туыстық қатынаста болатын бірақ генетикалық қайнар көзден туындаған (ата тіл, тілдердің шыққан тегі) және тілдік семьяларды құрайтын тілдер топтарына арналған зерттеу бағыты болып табылады. Курстың мақсаты салыстырмалы-тарихи тіл білімі әдістемесінің негіздерін анықтауға, студенттерге тілдерді салыстырмалы-тарихи зерттеудің нәтижелері мен мәселелерін көрсетуге бағытталған, генеалогиялық, морфологиялық классификацияны құру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Түркітануға кіріспе
    Несиелер: 5

    Курс мазмұны түркі халықтарының дүниетанымы мен мәдениетін, тілі мен әдебиетін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын халық тарихымен, этникалық құрамымен сабақтастыра отырып, интегративті түркітанымдық аспектіде қарастыруға бағытталған. «Түркітануға кіріспе» курсы түркітану ғылымының қалыптасуы мен дамуын ежелгі қытай жылнамаларындағы,VІ-Х ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштері, ІХ-Х ғғ. араб-парсы жазбаларындағы, ХІ-ХV ғасырлардағы орта ғасыр түркі жазба мұраларындағы деректерді қамти отырып, ХVІІ-ХХ ғғ. орыс, батыс зерттеушілерінің, сондай-ақ түркі халықтары өкілдерінің еңбектері негізінде қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Орал-Алтай тілдерінің тілдік және мәдени байланыстары
    Несиелер: 8

    Курс тілдік байланыстарға тілдік жүйенің әр түрлі деңгейлеріндегі ұқсас белгілер жиынтығымен сипатталатын тілдердің ареалдық қауымдастығын қарастырады. Курс түркі тілдерінің әлемнің басқа тілдерімен лингвистикалық байланысы және алтай тілдерінің өзара байланысының теориясы мәселелеріне бағытталған. Антропологиямен, генеалогиямен, диалектологиямен, тарихи фольклортанумен, этнологиямен тығыз байланыста дамып, Орал-Алтай тілдерінің тарихын, оның диалектілері мен тілдік байланыстарын зерттеуде кеңінен қолданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Tүрік тілінің лексикографиясы
    Несиелер: 5

    Жалпыхалықтық тілдің байлығын, нормаларын сөз мәдениетін қарастырады. Лексикография терминіне лингвистика бойынша берілген тіл біліміндегі сөздіктерді түзудің теориялық анықтамалары қарастырылады. Сонымен қатар, лексикографияның теориялық және тәжірибелік түрлері, сөздік түзудің принциптері, сөздіктің ішкі құрылымы, сөздіктердің жіктемесі анықталады. Сөздік пен лексика бойынша сөздерді түгел жинап, ретке келтіру, олардың әрқайсысына тілдік тұрғыдан сипаттама беру – аталған пәннің негізгі нысаны болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілінің сөздік қоры және оны пайдалану
    Несиелер: 5

    Тілдің негізін құрайтын, сөздік құрамның қалыптасуы мен сөзжасамда атқаратын маңызды рөлі қарастырылады. Қазіргі түрік тіліндегі жалпыхалықтық сипатқа ие бір буынды сөздер мен негізгі сөздік қордың жалпы саны анықталады. Негізгі сөздік қорға енетін тұлғалар көне дәуірден жалғасып келе жатқан барлық түркі тілдеріне ортақ сөздер зерделеніп, айқындалады. Тек көне түркілік атаулар ғана емес, сөздік құрамға кіретін түрік тіліндегі барлық сөздер – диалектілер, кірме сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. егжей-тегжейлі оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түрік тілінің сөзжасам жүйесі
    Несиелер: 8

    Түрік тілінің сөзжасам жүйесі – сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін, сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселерді зерттейді. Сөзжасамға қатысты ғылыми еңбектерді қарастырады, білім алушыларды сөзжасамның негізгі заңдылықтарымен таныстырады, нақтылы ғылыми деректер береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Пән үш бағытты қамтиды: бизнесті басқару, қызметтің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аясы; бизнес-идея және болашақтағы бизнес жоспарды дамыту; пәннің негізгі бағыттарының бірі ретінде университеттегі студенттерді жеке жауапкершілікке, ынталандыруға, инновациялыққа, талпынысқа, дамуға, қаржы жүйесін түсінуге және қоғам алдындағы жауапкершілікке үйретеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті
    Несиелер: 5

    «Кәсіпкерліктің мәдениеті» пәні студенттерді іскерлік қарым-қатынастың негізгі стратегиясы мен тактикасын таныстырады, әр түрлі сөйлеу жағдайларында түрлі деңгейдегі бизнес-серіктестермен кәсіби қарым-қатынас жасаудың сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Үш тақырыптық блоктардан тұрады: байланыс мәдениетінің негіздері; ауызша іскери қарым-қатынас (диалогтық жанрлар, дау-дамай); Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес басқару құжаттары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі халықтарының ортақ тарихы
    Несиелер: 5

    Түркі халықтарының көне дәуірлерден бастап орта ғасырларға дейінгі ортақ этносаяси және мәдени тарихы туралы білімді қалыптастыру. Түркі мемлекеттілігінің ерекшеліктерін анықтай отырып әлем өркениетіне қосқан үлесіне шынайы баға бере білу. Орта ғасыр дәуірінде қалыптасқан Түркі мемлекеттерінің тарихын зерделеу. Орта ғасырлық түркі ғұламаларының өмірі мен еңбектерін зерттеу, жазбаша және аузша деректермен жұмыс жасау. Түркі халықтарының қазіргі таңдағы ахуалын анықтай отырып жахандану кезеңіндегі даму бағыттарын белгілеу. Түркі халықтарының тілдік және рухани ортақтастығын анықтау және зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Руникалық жазба ескерткіштер
    Несиелер: 5

    Руникалық белгілерді үйрету, оларды ежелгі түрік әліпбиінің дауысты және дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі әріптік белгілері мен ежелгі түрік мәтіндері негізінде оқыту (Күлтегін, Білге қаған, Тоньюкук, Құли – чор ескерткіштері). Көне түркі жазуының қалыптасу тарихымен таныстыру. Білім алушыларға руникалық таңбаларды және олардың дыбыстық-әріптік белгілерін, дауысты және дауыссыз дыбыстар мен лигатуралық таңбалардың жүйесін меңгерту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің сандық платформаларын, әртүрлі кәсіби салаларда цифрлық ақпаратты өңдірудің түрлі әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түрік тілінің морфологиялық құрылымы
    Несиелер: 8

    Морфология – сөз бен оның формалары туралы тіл білімінің бір саласы болғандықтан, қазіргі түрік тіліндегі сөздің грамматикалық тұлғаларын тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен бірге зерттейді. Түрік тілінің морфологиялық құрылымын тілдік жүйенің ішкі заңдылықтарын, түрік тілінің морфологиялық терминологиясын оқытуды қарастырады. Сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі фольклоры
    Несиелер: 5

    Түркі фольклорының жанрлық құрамын, ежелгі тас дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму жолдарын, көркемдік-поэтикалық ерекшеліктерін студенттерге тұтастай игертуге, фольклортану туралы білімін жетілдіруге бағытталған. Түркі фольклорын салыстырмалы-салғастырмалы түрде зерттеудің теориялық аспектілерін қарастыру; негізгі алғышарттарын айқындау; сюжеттер мен мотивтердің, бейнелердің типологиясының жалпы және ерекше тәсілдерін анықтау. Туыстас халықтардың фольклорын салыстыру және салыстыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мүмкіндіктері мен әдістерін зерттеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Түркі жазуының тарихы
    Несиелер: 5

    Жазу дамуының кезеңдері аясында түркі халықтарының өмір сүрген аймағындағы петроглифтерді, таңбаларды, жазу үлгілерін қарастыру. Түркілер тарапынан қолданылған жазу жүйелерінің тарихын, шығу тегін, қолданылу кезеңдеріне талдау жасау. Көне түрік бітіг жазуын түркілердің төл жазуы ретінде қарастырып, оның әлем мәдениетіндегі орнын анықтау. Көне түркі жазуының ашылу және зерттеу тарихымен таныстыру, руникалық таңбаларды және олардың дыбысты-әріптік белгілерін: дауысты және үнсіз дыбыстар мен лигатуралық таңбалардың жүйесін меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сөйлеу мәдениеті
    Несиелер: 5

    Сөйлеу мәдениеті – ауызекі және жазба тіл нормаларын, іскери риториканы, сондай-ақ «қарым-қатынастың алуан түрлерінде тілдің көркемдік құралдарын қолдана білу» ұғымдарын қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көне түркі қағанаттарының тарихы
    Несиелер: 5

    Көне дәуірдегі түркі тайпалары, олардың қоныстануы және этникалық тарихы туралы көне қытай деректерін зерттеу. Ежелгі түркі мемлекетінің құрылу тарихымен және Қытаймен және ежелгі Византиямен қарым-қатынасын зерделеу. Бірінші Түрік қағанатының ішкі және сыртқы саясаты. Екінші Түрік қағанатының тарихы. Ежелгі Түрік қағанаттарының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін зерттеу. Ежелгі түркі қоғамының шаруашылық құрылымын аныктау. Ежелгі түркі мемлекеттерінің қоғамдық құрылысын талдау. Көне түркі халқының рухани мәдениетін зерттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    Пән - студенттерге ұлттық заң салалары туралы қажетті жалпы идеяларды беру, Қазақстан Республикасының заңнамасының негізгі нормаларына, оның ішінде конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен танысуға итермелейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Адамзаттың басты құндылықтарына бағынышты жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін дамыту, экологиялық көзқарасты қалыптастыру арқылы экологиялық ақпараттың жариялылығына сай қазіргі кездегі қоршаған ортаның көптеген экологиялық мәселелерін шешу қоғамның саналы іс-әрекеті мен әрбір адамның жоғары деңгейде экологиялық ой-санасына байланысты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көшпенділер тарихы
    Несиелер: 5

    Археологиялық, жазба және этнографиялық дереккөздерді зерттеу негізінде көшпелі қазақтар қоғамының қызметі мен тіршілік әрекетінің негізгі ерекшеліктерін, атап айтқанда табиғатты пайдалану жүйесін, шаруашылықты, әлеуметтік ұйым мен әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу. Көшпелілердің құрғақ экожүйелердің ерекше ресурстарына бейімделу процестерін, әлеуметтік-экономикалық дисперсия мен шоғырлануды, қауымдастықты, меншіктің әртүрлі нысандарын талдау. Көшпенділердің этногенезі мен этникалық тарихы тұжырымдамасын талдау. Қазақтардың көшпелі өркениетінің ерекшеліктері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру. Көшпелі материалдық және рухани мәдениеттерді зерттеу. Көшпелі мәдениеттің жалпы әлемдік мәдениетке қосқан үлесін анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ежелгі түркі өркениеті
    Несиелер: 5

    Көне түркі өркениетіне әсер еткен әртүрлі мемлекеттер, мемлекеттік және әскерлери құрылымдар жайында мағұлмат беріледі. Көшпелі және жартылай отырықшы халықтың қолөнері, елді мекендер мен қалалардың даму жолдары, жазу-сызудың қалыптасу кезеңдері анықталады. Түркі өркениетінің қалыптасу және даму тарихы егжей -тегжейлі қарастырылады. Ежелгі түркі өркениетіне қатысты түркологиялық еңбектер оқытылады. Көне түркі өркениетінің мемлекеттік-құқықтық, әскери-техникалық жетістіктері, жазба мұралары, өнері зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түрік тілінің жай және күрделі сөйлемі
    Несиелер: 5

    Аталмыш пән - сөздердің байланысы, сөз тіркесі, сөздердің тіркесу амал-тәсілдері, түрлері, сөйлемді құру тәсілдері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен жолдары, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасы т.б. мәселелерді қарастырады. Қазіргі түрік тіліндегі синтаксистік категориялар мен құралдардың ішкі мазмұнын, сөйлемдегі және сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экспедиция жүргізу практикасы
    Несиелер: 5

    Далалық түркологияның тарихы, бүгінгі таңдағы өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері жайлы мәлімет беру, экспедиция ұйымдастыру ерекшеліктерін, зерттеу әдістемесімен таныстыру. Түркі халықтарының тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті бойынша далалық экспедициялар ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, тиімді әдістерімен таныстыру. Қазақстан территориясында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге шолу жасай отырып, жәдігерлердің қай дәуірге тиесілі екенін зерттеу еңбектері негізінде тану. Республикалық мұражайларда сақталған көне мұралармен танысу, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетінен мол мағлұмат беретін деректі фильмдерді жинақтау, көру, саралау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • ҚР түркітану экспедициясы
    Несиелер: 5

    Түркі халықтарының тарихы, мәдениеті, тілі, әдебиеті бойынша далалық экспедициялар ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, тиімді әдістерімен білім алушыларды таныстыру. Қазақстан территориясында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге шолу жасай отырып, білім алушыларды жәдігерлердің қай дәуірге тиесілі екенін зерттеу еңбектері негізінде талдауға үйрету. Республикалық мұражайларда сақталған көне жәдігерлермен танысу және түркі халықтарының тарихы және мәдениетінен мағлұмат беретін деректі фильмдерді көру арқылы түркі дәуірі ескерткіштері туралы ақпараттарды саралау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түрік тілінің синтаксисі
    Несиелер: 5

    Сөйлемдегі сөздер мен сөз формаларының байланыстары, сөз таптарының сөйлемдегі қызметі қарастырылады. Синтаксистік талдаудың жолдары, сөйлесу түрлері, сөз тіркесі, қарапайым және күрделі сөйлемдерді аудару тәсілдері үйретіледі. Бір сөздік форманың екінші бір сөздік формамен тіркескенде пайда болатын мағыналары анықталады. Синтаксис пәнінің негізгі объектісі болып табылатын – сөйлем мен сөз тіркесінің байланыстары зерделенеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының әдебиеті (XVII-ХIХ вв.)
    Несиелер: 5

    Алтын Орда дәуірінен кейінгі әдебиеттегі көркемдік дәстүрлер мен сабақтастықты қарастырады. Түркі халықтары ұлттық әдебиеттерінің пайда болу, қалыптасу және даму ерекшеліктерін зерттейді. Әдебиетті дәуірлеу мәселелері, жалпытүркілік және шығыс әдеби канондарының ықпалы, ұқсас мотивтер мен образдар қарастырылады. Фольклор мен әдебиеттің, ауызша және жазбаша әдеби шығармашылықтың өзара байланысына түркі мәдени ортасына Батыс әдебиеті үлгілерінің ену үдерістері талданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ортақ түркі әдебиеті
    Несиелер: 5

    Түркі халықтарының ортақ тарихы, тілі, әдет-ғұрпы, дәстүрі бір-бірімен сабақтастырыла қарастырылады. Түркі тілдес халықтардың көркем әдебиетінің қалыптасу жолдары, өзара ықпалы анықталады. Түркілер арасындағы әр алуан жазу түрлерінің туыстық қатынасы, экстралингвистикалық факторлары мен себептері зерделенеді. Түркі әдеби жазба тілінің қалыптасуына негіз болған ғылыми зерттеулер мен еңбектер талданады. Ортақ түркі әдебеитінің негізгі бағыттары мен басты өкілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қыпшақ дәуірінің ескерткіштері
    Несиелер: 5

    Курс қыпшақ дәуіріндегі ескерткіштердің зерттеу тарихы мен тілін зерттеуге бағытталған (Кодекс куманикус, армян-қыпшақ ескерткіштері). Қыпшақ дәуіріндегі ескерткіштердің жинақталу, жариялану, транскрипциялану ерекшеліктері туралы білім алушыларға толық мағлұмат бере отырып, қыпшақ тілінің даму хронологиясы туралы деректерді саралауға мүмкіндік береді. Білім алушылар жазба ескерткіштер тілін зерделей отырып, қыпшақ тілінің қазіргі түркі тілдеріндегі орнын анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Этносаралық және мәдениетаралық қарым-қатынас
    Несиелер: 5

    Тіл және мәдениетаралық коммуникация» пәнін оқытудың объективті негізі, қазіргі таңдағы өзектілігі айқындалады. Мәдениетаралық коммуникацияның негізгі теорияларына түсінік бере отырып, жоғары және төмен контекстуалды мәдениет туралы мағұлмат беріледі. Ұлттық-мәдени болмыстың тілдегі көрінісі, сөйлеу әрекетінің мәдениетаралық ерекшеліктері, коммуникативті сәтсіздіктер, вербалды емес мәдениетаралық қарым-қатынас формалары т.б. қарастырылады. Өзге жұрттың тілі мен мәдениетін өз ұлтының ойлау жүйесі мен мәдениеті арқылы үйрету аталмыш пәннің басты нысаны болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Аударма теориясы мен практикасы
    Несиелер: 5

    Аударманың негізгі түрлерін анықтап, тілдік, семантикалық аспектілерде аударманың түрлеріне қойылатын талаптарды анықтап, аударма процесінің заңдылықтарын сипаттап, қолданылатын тілдердің ерекшеліктеріне, құрылымдарына және қызмет ету ережелеріне негізделіп, студенттерді бұл процесс кезіндегі аударма теориясының негізгі ережелерімен таныстыру және осыған байланысты олардың аудармашылық құзіреттілігінің негізін қалайтын бірқатар аударма дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түрік тілінің ауызша аударма практикасы
    Несиелер: 5

    Түрік тілін меңгеру аясында аударманың ауызша түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аударма құзыретін қалыптастыруды қарастыру, аударма процесінің заңдылықтарын сипаттап, қолданылатын тілдердің ерекшеліктеріне, құрылымдарына және қызмет ету ережелеріне негізделіп, студенттерді бұл процесс кезіндегі аударма теориясының негізгі ережелерімен таныстыру және осыған байланысты олардың аудармашылық құзіреттілігінің негізін қалайтын бірқатар аударма дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі түркі халықтарының әдебиеті
    Несиелер: 5

    Қазіргі түркі халықтары әдебиетінің көркемдік даму үдерісіне, басым бағыттарына тән теденцияларды қарастыру. Әлемдік көркемдік даму үдерісіндегі қазіргі түркі халықтары әдебиетінің өзіндік тұғырын бажайлау. Қазіргі әдеби дамуды талдаудағы соны теориялық еңбектерді игеру. Қазіргі түркі халықтары әдебиеті кезеңінде жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • М. Қашқаридің "Диуани лұғат ит түрік" еңбегі - Түркі халықтарының энциклопедиясы
    Несиелер: 5

    Араб графикасындағы түркі мұрасы, оның тілі. Қарахан әулетінің мұрасы. ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің ерекшеліктерін талдау. Орталық Азия түріктерінің мұрасы. М.Қашқаридің «Диуани лұғат ит-түрік» еңбегі арқылы түбі бір түркі халықтарының тарихы мен тілін, әдебиеті мен мәдениетін, жағырафиясы мен мифологиясын, әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салттарын басқа да рухани және мәдени құндылықтар жүйесін, жалпы қараханид кезеңіндегі жазылған жазба ескерткіштердің тілдік ерекшеліктері, фонетикалық заңдылықтары, морфологиялық құрылымы, сөз таптары мен олардың категорияларын зерделеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Түркі халықтарының қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 6

    Оқу пәнінің негізгі мақсаты-түркі халықтарының қазіргі тарихының негізгі кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру; түркі мемлекеттері тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы мәселелерін түсіндіру; қазіргі түркі халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының сабақтастығын көрсету. Қазіргі түркі мемлекеттерінің құрылу тарихын зерттеу. Түркі әлемінің жаңа және жаңа тарихына талдау жасау. Түркі әлемінің сыртқы саясаты дамуының негізгі векторларын анықтау. Жаһандану үдерістері аясында қазіргі түркі мемлекеттерін зерттеу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі тілдерінің лексикасы мен лексикографиясы және олардың қолданылуы
    Несиелер: 8

    Түркі тілдерінің сөздік қоры, түркі лексикасының лексикалық категориялары мен семантикасы қарастырылады. Түркі тілдерінің сөздіктері анықталып, қолданыс ерекешеліктері нақтыланады (ежелгі түрік сөздігі, этимологиялық сөздік, түсіндірме сөздік және т. б.). Тіл білімі бойынша түркі тілдеріндегі сөздіктерді түзудің теориялық негіздері қарастырылады. Лексикографияның теориялық және тәжірибелік түрлері, сөздік түзудің принциптері, сөздіктің ішкі құрылымы, сөздіктердің жіктемесі анықталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Tүркі тілдерінің лексикалық семантикасы
    Несиелер: 8

    Түркі тілдерінің лексикалық ерекшеліктеріне қатысты лексика-семантикалық заңдылықтары, туыс тілдер қатарынан алатын орны айқындалады. Басқа тілдерге қатысты түркі этностарының бастан кешірген қоғамдық формациялары ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеледі. Туыс тілдердің ерекшелігі анықталып, олардың жақындық дәрежесі мен айырым белгісі салыстырмалы әдіс арқылы зерделенеді. Түркі тілдеріне ортақ заңдылықтар мен өзіндік ерекшеліктер айқындалады. Жалпы лексикологияға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеулер назарға алынады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі тілдерінің фонетикалық-фонологиялық жүйесі
    Несиелер: 5

    Білім алушылар қазіргі түркі тілдерінің вокализмі мен консонантизм жүйесін Орал-Алтай тілдер тобындағы жекелеген түркі топтары шеңберіндегі салыстырмалы аспект бойынша зерттейді. Қазіргі түркі тілдерінің негізгі фонетикалық-фонологиялық заңдылықтарын: дауысты және дауыссыз дыбыстардың үйлесімі, сингармонизм құбылысы, ассимиляция және диссимиляция заңдылықтары, протатеза, метатеза құбылыстарын меңгереді. Түркі тілдерінің вокализм және консонантизм жүйесінің артикуляциялық және акустикалық базасын оқып үйрену курс мазмұнының негізі болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының этникалық константтары
    Несиелер: 6

    Түркі халықтарының этномәдени дамуын, олардың салт-дәстүрлерін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын қалыптастыру. Пән түркітанушы мамандардың түркілер тарихы мен мәдениеті бойынша жинақтайтын теориялық-методологиялық білімін тереңдете түседі. Пәнді оқыту білім алушыларды түркі халықтарының салт дәстүрлері арқылы жалпытүркілік ортақ бастаулар мен жекелеген түркі халықтарының даралық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландырып, болашақ мамандықтарының қыр-сырын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының этнографиясы
    Несиелер: 6

    Түркі халықтарының этникалық мәдениетін, олардың дүниетанымы мен этнографиясы туралы білімін ұштауға және этнография ғылымын үйретуге бағытталған. Пән түркітанушы мамандардың түркілер тарихы мен мәдениеті бойынша жинақтайтын теориялық-методологиялық білімін тереңдете түседі. Пәнді оқыту білім алушыларды түркі халықтарының салт дәстүрлері арқылы жалпытүркілік ортақ бастаулар мен жекелеген түркі халықтарының даралық ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландырып, болашақ мамандықтарының қыр-сырын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының діни нанымдары: исламға дейінгі кезең және ислам кезеңі
    Несиелер: 5

    Түркі халықтарының діни наным-сенімдері туралы білімдері қалыптастырылады. Ислам дінін қабылдаудың негізгі факторлары, түркі халықтарының исламға дейінгі наным-сенімдері зерделенеді. Түркі халықтарының мәдениетіне ықпал етуші басты тарихи факторлары көрсетіледі. Исламға дейінгі және ислам кезеңіндегі исламдық мотивтер анықталады. Осы кезеңнің негізгі арналары мен басты өкілдері оқытылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түрік тілі академиялық мақсаттар үшін
    Несиелер: 6

    Студенттерді ғылыми жұмысқа дайындау, ғылыми мәтіндерді оқу дағдыларын, академиялық жазу дағдыларын, тыңдалым мен дәрістерді қысқаша жазып алу дағдыларын, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын: көпшілік алдында сөйлеу, келіссөздер, кездесулер, іскерлік хат алмасу, электронды коммуникациялар және т.б. жетілдіру; презентациялар мен семинарлардың өткізілуіне дайындау, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, түрік тілінен жалпыға ортақ, ғылыми және кәсіби деңгейдегі білімдерін халықаралық стандартқа сәйкес қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі халықтарының саяси және мәдени байланыстары
    Несиелер: 5

    Оқу пәнінің негізгі мақсаты - студенттерді түркі халықтарының саяси және мәдени байланыстары бойынша хронологиялық жүйеліктегі фактологиялық материалдармен таныстыру. Түркі халықтарының қалыптасуы, тарихтағы орны, құрған мемлекеттері мен олардың әлем саяси тарихындағы орнын анықтау. Түркі мемлекеттерінің құрылу ерекшеліктері, ол мемлекеттердің даму кезеңдері мен саяси байланыстары, құлдырау себептеріне талдау жасау. Бұл мемлекеттердің құрамындағы этникалық бірліктердің саяси рөлі, өзара байланысын зерттеу. Түркі мәдениетінің қалыптасуын археолеогиялық және тарихи ескерткіштер негізінде қарастырып, әлем мәдениетіндегі орнын анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі түркітанудың лингвистикалық парадигмалары
    Несиелер: 5

    Түркі тіл біліміндегі антропоцентристік және құрылымдық зерттеулердің заманауи парадигмаларымен таныстыру. Білім алушыларға лингвистиканың негізгі ғылыми парадигмаларының ғылыми концептуалды-терминологиялық аппаратын түсіндіру; тіл білімінің қағидаларын, постулаттарын және әртүрлі ағымдардың, бағыттардың және мектептердің негізгі идеяларын зерделеуді үйрету. Лингвистикалық бағыттар мен мектептердің негізінде қазіргі лингвистиканың экспансионизмі, антропоцентризмі, функционализмі және экспланаторлығына кешенді талдау жасау және сипаттау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Көркем аудармадағы түркі халықтарының менталдығы
    Несиелер: 7

    Көркем аударманың қалыптасу кезеңі, тәсілдері, сөзбе-сөз аударма, еркін аударма, балама аударма түрлері, жекелеген авторлар аудармасы, аудармашылар шығармашылығы, әдеби байланыстар жайында зерттеулер, түркі халықтары әдебиетіндегі прозалық және поэзиялық шығармалардың аударылу мәселелері, аударманың тілді байыту тәсілдері, көркем аудармадағы түркі халықтарының менталдығы мәселесі, аударманың төл әдебиетке ықпалы, көркем шығарманы аударатын мамандарға қойылатын талаптар, аударма тағылымдары қарастырылады. Көркем аударма призмасы арқылы ұлттық бірегейлікті, менталитетті білдіру мен сақтауды қарастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі әлемінің геосаясаты
    Несиелер: 5

    Дүниежүзілік-тарихи үдерістер контекстінде түркі әлемінің геосаясатын қарастырады. Әлемдік мәдениет пен өркениеттегі түркі құрамдастарын зерттейді. Түркі дипломатиясының даму кезеңдерін көрсетеді. Түркі мемлекеттерінің географиялық, тарихи жағдайын және саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады. Ғаламдық геосаяси қатынастардағы орнын көрсетеді. Түркі геосаяси бағытының маңыздылығы, қазіргі кездегі көрінісі зерделенеді. Осы пәнге қатысты негізгі дереккөздерімен жұмыс жүргізіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркітанудың қазіргі даму бағыттары
    Несиелер: 5

    Түркі тілдес халықтардың өзара ынтымақтастығы мен рухани-мәдени ықпалдастығын дамытудың негізгі тетігі ретінде өзектелетінін түсіндіру, лингвистикалық түркітанудың кейбір ғылыми-теориялық және қолданбалы сипаттағы өзекті мәселелерімен таныстыру. Түркі тіл біліміндегі антропоцентристік және құрылымдық зерттеулердің заманауи парадигмаларымен таныстыру. Білім алушыларға лингвистиканың негізгі ғылыми парадигмаларының ғылыми концептуалды-терминологиялық аппаратын түсіндіру; тіл білімінің қағидаларын, постулаттарын және әртүрлі ағымдардың, бағыттардың және мектептердің негізгі идеяларын зерделеуді үйрету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі әдебиетіндегі көркемдік аударма
    Несиелер: 7

    Бір тілде жазылған шығарманы басқа тілдің құралдарымен дүниеге қайта әкелу нәтижесінде пайда болған көркем аударма – аударматанудағы ең күрделі сала. Аталған пәнді оқыту барысында көркем аударманың жекелеген кезеңдері, жекелеген авторлар аудармасы, аудармашылар шығармашылығы, әдеби байланыстар жайында зерттеулер, түрік әдебиетінің прозалық және поэзиялық шығармаларының қазақ тіліне аударылу мәселелері қарастырылады. Аударманың теориясын, түрік әдебиеті аудармасының даму кезеңдері, аударманың тілді байыту тәсілдері, аударманың төл әдебиетке ықпалы, аударма тағылымдары туралы мәліметтер беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Түркі тілдерінің морфологиялық құрылысы
    Несиелер: 8

    Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымының ерекшеліктері және түбір морфемалар мен қосымша морфемалардың құрылымын зерттеудің әдістері қарастырылады. Қазіргі түрік тілдеріндегі сөздің грамматикалық тұлғалары тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісі арқылы анықталады. Түркі тілдерінің морфологиялық құрылымын тілдік жүйенің ішкі заңдылықтарын, морфологиялық терминологиясын оқытуды қарастырады. Сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON4

    Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу

  • Код ON9

    Түркі өркениетінің негізгі классификациялық белгілерін меңгеру; түркі халықтарының әдеби мәтіндері мен ауызша халық шығармашылығын талдау; «Бозок», «Отырар қалашығы» археологиялық экспедицияларына қатысу.

  • Код ON6

    Руникалық графиканы меңгеруі және оның таңбалы және әріптік белгілерін меңгеруін көрсету, руниканың шығу тегі бойынша әртүрлі көзқарастарды жүйелеу; деректер бойынша тарихи-мәдени материалды жинай білу.

  • Код ON2

    Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.

  • Код ON1

    Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.

  • Код ON11

    Түркі әлемі: рухани-саяси сала және әдеби мәтіндер саласындағы білім мен іскерлікті көрсету. Салыстырмалы-тарихи әдістің бағыттарын, түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеудің негіздерін көрсету.

  • Код ON3

    Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.

  • Код ON8

    Түрлі жағдайларда дискурсты жүзеге асыру үшін түркі тілдерінің тілдік жүйесін меңгеру.

  • Код ON7

    Сөйлеу коммуникациясын жүзеге асыру үшін коммуникативтік аспектіде түрік тілін меңгеру.

  • Код ON5

    Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.

  • Код ON10

    Қыпшақ дәуіріндегі ескерткіштерді жинақтау, оқу, талдау.

Top