Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11107 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Қонақжайлылық индустриясының негіздері
    Несиелер: 5

    Бұл курс қазіргі жағдайдағы қонақжайлылық индустриясының даму ерекшеліктерін қарастыруға бағытталған, қонақ үй және мейрамхана саласында қолданылатын негізгі терминологияның мазмұнын ашады. Пән қазіргі қоғамдағы қонақжайлылық индустриясын дамытудағы негізгі түсініктерді қалыптастыруға бағытталған

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мейрамхана және қонақ үй бизнесіне кіріспе
    Несиелер: 5

    Пән қонақ үй-мейрамхана бизнесінің қалыптасу ерекшеліктерін және қазіргі жағдайда қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының қызмет етуінің негізгі шарттарын қарастырады. Курс білім алушыларда қонақ үй және мейрамхана ісін дамыту туралы негізгі теориялық білімдердері қалыптастырады, сондай-ақ қонақ үй және мейрамхана кәсіпорнының қызмет ету ерекшеліктерін анықтай білу дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қонақ үй және мейрамхана сервисі
    Несиелер: 5

    Пән білім алушыларда сервистік қызмет көрсету саласында жүйелі білімдерді және қызметтерді сервистік сүйемелдеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курс қонақ үй және мейрамхана сервисінің ерекшеліктерін зерттеу негізінде қызметкерлердің кәсіби шеберлігін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ұлттық тағамдар мен сусындар
    Несиелер: 5

    Білім алушыларды ұлттық және шетелдік асүйдің технологиясы мен ерекшеліктерімен таныстырады. Әлемнің әр түрлі халықтарының тағамдарын дайындау технологиясының ерекшеліктерін, мейманға тағам ұсыну тәртібін, мейманға сусын құю этикетін зерттейді. Пән студенттерде қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының қызметін жылжытуда ұлттық тағамдар мен сусындардың ерекшеліктері туралы ақпаратты қолданудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Туристік макроаймақтардағы мінез-құлық мәдениеті
    Несиелер: 5

    Курс әр түрлі туристік макроөңірлердегі халықтың дәстүрлі құндылықтары мен мәдени мұрасының ерекшеліктерін қарастырады. Пән білім алушыларда туристік аймақтардағы мінез-құлық мәдениеті туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Туристік аймақтың мінез-құлық мәдениетінің нормаларын кәсіби қызметте қолданудың тәжірибелік дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Бұл курс қауіпсіздіктің кәсіби мәдениетін, экологиялық сананы, өзінің кәсіби қызметі саласында еңбек жағдайларын жақсарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіби білімді қолдануға дайындығын қалыптастырады. Сондай-ақ адамдардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін ұйымдастыру әдістерін меңгерудің теориялық және практикалық дағдыларын дамытады, оларды табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, туристік қызметтеі өзге де жағдайлардан қорғау негіздерін қалайды. Оқу пәні туристік жорық жағдайында зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің практикалық негіздерін меңгеруді қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    "Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Стратегиясы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін дәрежесіне көтереді. Пәннің мақсаты ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын, соның ішінде туризм саласына қатысты заңнамаларды зерделеу болып табылады. Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзбеушілік принциптерін қолданудың дағдыларын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелрін шешудің ғылыми – перактикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша ҚР «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың кезеңдерін, электрондық туристік қызметтерді көрсетудің цифрлық платформаларын, қонақ үй және туристік бизнесте цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастырады. Smart Astana, Е-Gov, qaztourism.kz және т.б. сияқты сандық ресурстарды кәсіби қызметте қолдану дағдыларын дамытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бар ісі және эногастрономия
    Несиелер: 5

    Пән білім алушылардың түрлі типтегі және сыныптағы барларда қызмет көрсету бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бұл пәнді оқу кезінде студенттер эногастрономия саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды, бар қызметін көрсетудің қазіргі заманғы технологиясын, бар ыдыстарының түрлері мен, құрал-жабдықтарын, бар картасын құрастыру мен рәсімдеу және т. б. қызметімен танысады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту "атты бағдарламалық мақаласында біздің қоғамның рухани даму бағыттары баяндалған. Осыған байланысты пән қазақстандық қоғамды рухани жаңғыртудың негізгі бағыттарының теориялық білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Кәсіби қызметте "Рухани жаңғыру" бағдарламасының принциптерін қолданудың практикалық дағдыларын дамытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қонақжайлықтағы қызмет ету этикасы
    Несиелер: 5

    Пән қонақ үй этикетінің ерекшелігін, қонақжайлылық индустриясындағы кәсіби қызмет аясында іскерлік қатынастарды қалыптастыру мәдениетін зерделеуге бағытталған. Қонақтарды қарсы алу, оларды алып жүру және нөмірлерге орналастыру, сондай-ақ қосымша қызмет көрсету этикасының негізгі нормаларын қарастырады. Кәсіби этика нормаларына сәйкес мемпериимия индустриясында клиенттерге қызмет көрсету дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Отель және мейрамхана бизнесінде демалысты ұйымдастыру және анимациялық қызмет
    Несиелер: 8

    Қонақ үй және мейрамхана бизнесіндегі анимациялық қызметтің негізін құрайтын негізгі ұғымдар кешенін, сондай-ақ қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсету саласындағы бос уақытты ұйымдастыру үшін қажетті базалық практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, қонақ үй өнімінің және мейрамхана қызметтерінің тартымдылығын арттыру мақсатында қонақтардың бос уақытын ұйымдастыру тәртібін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Номерлік қорды жабдықтау және басқару
    Несиелер: 5

    Нөмірлік қорды басқарумен айналысатын қонақ үй бөлімшесі қызметінің ерекшелігін қарастырады. Нөмірлерді брондау, туристерді қабылдау, оларды тіркеу және нөмірлер бойынша орналастыру, туристерге номерлерде қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, нөмірлердің қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайын және тұрғын үй-жайлардағы жайлылық деңгейін қолдау, қонақтарға тұрмыстық қызмет көрсету саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруды көздейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Front оffice менеджмент
    Несиелер: 5

    Қонақ үйдегі Front Office қызметінің ерекшеліктерін қарастырады, атап айтқанда қонақ үйде нөмірлерді резервтеу, қонақтарды тіркеу және оларды орналастыру, қонақтардың келуі мен кетуінің есептік жазбаларын жүргізу және т.б. қызметтерді сипаттайды. Пән қонақтардың келуі мен кетуі шеңберінде оларға қызмет көрсетудің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті
    Несиелер: 5

    «Кәсіпкерліктің мәдениеті» пәні студенттерді іскерлік қарым-қатынастың негізгі стратегиясы мен тактикасын таныстырады, әр түрлі сөйлеу жағдайларында түрлі деңгейдегі бизнес-серіктестермен кәсіби қарым-қатынас жасаудың сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Үш тақырыптық блоктардан тұрады: байланыс мәдениетінің негіздері; ауызша іскери қарым-қатынас (диалогтық жанрлар, дау-дамай); Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес басқару құжаттары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қонақ үй бизнесіндегі МІСЕ қызметтер
    Несиелер: 8

    Нарықта тартымдылықты арттыру мақсатында қонақ үй және мейрамхана қызметінде MICE қызметтерін ұйымдастыру және жүзеге асырудың негізгі принциптері мен функцияларын қарастырады. Ойын-сауық және іскерлік іс-шаралар өткізу саласындағы қызметтерді дайындау және іске асыру әдістемесі мен техникасын қарастырады. Клиенттердің сұраныстарына бейімделген MICE қызметтерін әзірлеу дағдыларын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мейрамханалардағы дастарханды рәсімдеу және қызмет көрсету мәдениеті
    Несиелер: 5

    Бұл пән интерьер эстетикасының, қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасау, асхана ыдыстарының, аспаптардың, асхана киімдерінің жеткілікті санының, қызмет көрсетудің этикалық нормаларының болуын қарастырады. Әр түрлі тағамдар мен сусындарды ұсыну мен босатудың арнайы ережелерін, сондай-ақ оларды ұсынудың техникалық дағдылары мен тәсілдерін, сондай-ақ үстелді рәсімдеудің негізгі ережелерін қарастыруды көздейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі сервистің электрондық және сандық технологиялары
    Несиелер: 5

    Бұл пән студенттермен ақпаратты жинау және өңдеу процесінде сандық технологияларды қолдану бойынша білім, қабілеттілік, дағды, құндылықтар жиынтығын игеруін қарастырады. Сонымен қатар, пәнді оқу аясында Amadeus, Galileo, Worldspan, Sabre сияқты электрондық және сандық жүйелерін кәсіби қызметте қолданудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қонақжайлылық индустриясындағы қызметтерді ұйымдастыру және қызмет көрсету технологиясы
    Несиелер: 5

    Қонақжайлылық саласындағы қызметтерді ұйымдастыру процесінің ерекшелігін, сондай-ақ қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарында клиенттерге қызмет көрсету технологиясының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Қонақжайлылық саласында қызмет көрсету, сондай-ақ қарсы алу, қонақтарды орналастыру аясында қызмет көрсету және оның бос уақыты үшін жағдай жасау бойынша практикалық дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қонақ үй экономикасы
    Несиелер: 5

    Қонақ үй және мейрамхана саласы кәсіпорындарының экономикалық қызметінің ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарды шешуге мүмкіндігі бар жан-жақты мамандарды даярлауға арналған. Пәнді оқу шеңберінде білім алушыда кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау және тиімді экономикалық шешімдерді қабылдау дағдылары қалыптасады. Кәсіпорын қызметін экономикалық талдауда Opera, Excel, Statistic қосымшаларын қолданудың тәжірибелік дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мейрамханаларда азық-түлік тауарларды есепке алу
    Несиелер: 5

    Азық-түлік тауарларын реттеу саласында теориялық білім мен практикалық іскерлікті қалыптастыруды, азық-түлік тауарларының классификациясы, ассортименті мен сапасын сараптау принциптерін қарастырады. Тамақ өнімдерінің сапасын қамтамасыз ету ерекшеліктерін, сондай-ақ жартылай фабрикаттарды өндірістік процеске тарту тәртібін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі эккаунтинг
    Несиелер: 5

    Пән мейрамхана, қонақ үй бизнесінің қызмет ету ерекшеліктерін ескере отырып, эккаунтингті жүргізудің ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Пән қонақ үй және мейрамханалық кәсіпорынның шаруашылық қызметі шеңберінде эккаунтинг құралдарын қолданудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Мейрамхана және қонақ үй ісіндегі брондау және резервтеу
    Несиелер: 5

    Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсету саласында брондау және резервтеу технологияларымен жұмыс істеу тәртібін қарастырады. Амадеус, Галилео, Фиделио, Сабрэ және т. б. автоматтандырылған жүйелердегі жұмыс ерекшелігін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қонақжайлылықтағы операциялық басқару
    Несиелер: 5

    Пән қонақ үй кәсіпорындарының қызметін басқарудың негізгі үрдістерін жүйелі талдауды қарастырады. Пәннің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: саланың қазіргі даму тенденциялары мен ұйымдастыру аспектілерін талдау; қонақжайлылық кәсіпорындарындағы операциялық басқарудың ерекшеліктерін қарастыру; қонақ үй кәсіпорындарында өндіріс және қызмет көрсету үдерістерін басқарудың тиімді құрылымын құруда көшбасшылық, корпоративтік мәдениет және жүйелік тәсіл мәселелерін қарастыру

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Отельдегі food менеджмент
    Несиелер: 6

    Бұл курс қонақ үй кәсіпорындарында қонақтардың тамақтануын ұйымдастыру мәселелерін зерттейді. Тамақтануды ұйымдастыруға жауап беретін бөлімшелерді, атап айтқанда мейрамханаларды, барларды басқару ерекшелігін қарастырады. Негізгі тамақтандыру түрлерінің ерекшеліктерін, сондай-ақ тамақтануға тапсырыс беру және номерлерге жеткізу ережелерін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Туроперейтинг
    Несиелер: 5

    Студенттерді Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі туроператорлық қызметті дамытудың негізгі бағыттарымен, сол сияқты туроператор функциялары мен міндеттерімен таныстырады. Турларды қамту, туристік қызметтерді көрсету бойынша келісім шарттарды жүргізу, турларды өткізу шеңберінде туристік агентіктермен ынтымақтастық атқару сұрақтарын қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кейтерингтік қызметтерді ұйымдастыру және жылжыту
    Несиелер: 6

    Пән қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетудің негізгі әдістері мен түрлері саласында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды, кейтерингтік қызметтердің түрі мен класына байланысты үстелдерді сервирлеудің ерекшеліктерін қалыптастырады. Кейтерингтік қызметтерді қазіргі заманғы жағдайларда дамыту ерекшелігін, сондай-ақ осы қызметтерді отандық нарықта жылжыту әдістерін зерделеуді көздейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қызметтің санитарлық және гигиеналық шарттарын қамтамасыз ету
    Несиелер: 9

    Қонақ үй кәсіпорнының нөмірлі қорларында санитарлық және гигиеналық жағдайларды қамтамасыз етудің негізгі ережелері оқытылады. Санитарлық және гигиеналық нормалар талаптарына сәйкес тағамдарды дайындау мен берудің тиісті шарттарын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Пән Opera, Paloma365 автоматтандырылған жүйелерін қолдану арқылы қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарында тиісті қызмет ету нормаларын қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қонақжайлылық индустриясындағы әлеуметтік-мәдени сервис
    Несиелер: 5

    Студенттерде қонақжайлылық индустриясында, әсіресе қызмет көрсетудегі инновациялық ортаның белсенді қалыптасу шартында сервистік қызмет, қызмет көрсету формалары және жаңа қызметтерді қалыптастыру қағидалары туралы кешенді білімді қалыптастыруға бағытталған. Көрсетілетін қызметтерді сервистік қамтамасыз етудің әлеуметтік-мәдени аспектілерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мейрамхана және қонақ үй кәсіпорындар қызметінің қауіпсіздігі
    Несиелер: 9

    Оқыту барысында тыңдаушылар қызмет көрсету аясында қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі туралы білімдерді меңгереді. Қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындары қызметкерлерінің мінез-құлқының негізгі ережелерін, тұру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қонақтардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған жағдайда эвакуацияға ерекше назар аударылады. Жеке түрде кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі мәселелері қарастырылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қызмет саласындағы сату технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді игерудің мақсаты туристік қызметтерді сату туралы білім жүйесін меңгерген мамандарды даярлау және студенттерде туристік кәсіпорынның өткізу қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және басқарудың практикалық дағдыларын қалыптастыру; сондай-ақ білім алушыларды туристік өнімді сату технологияларының тетігі, сатып алу мінез-құлқының ерекшеліктері және т. б. туралы хабардар ету болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Испан тілі
    Несиелер: 8

    Пән испан тілінің лексикасын, грамматикасын және басқа да бөлімдерін оқытуды қарастырады. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттілікті дамытады, ауызша және жазбаша аударманың негізгі түрлерін меңгеруді үйретеді, испан тіліндегі мәтіндерге ақпараттық өңдеу жүргізу қабілетін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қытай тілі
    Несиелер: 8

    Пән қытай тілінің лексикасын, грамматикасын және басқа да бөлімдерін оқытуды қарастырады. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттілікті дамытады, ауызша және жазбаша аударманың негізгі түрлерін меңгеруді үйретеді, қытай тіліндегі мәтіндерге ақпараттық өңдеу жүргізу қабілетін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Араб тілі
    Несиелер: 8

    Пән араб тілінің лексикасын, грамматикасын және басқа да бөлімдерін оқытуды қарастырады. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттілікті дамытады, ауызша және жазбаша аударманың негізгі түрлерін меңгеруді үйретеді, араб тіліндегі мәтіндерге ақпараттық өңдеу жүргізу қабілетін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Француз тілі
    Несиелер: 8

    Пән француз тілінің лексикасын, грамматикасын және басқа да бөлімдерін оқытуды қарастырады. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттілікті дамытады, ауызша және жазбаша аударманың негізгі түрлерін меңгеруді үйретеді, француз тіліндегі мәтіндерге ақпараттық өңдеу жүргізу қабілетін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіби ағылшын тілі
    Несиелер: 8

    Бұл курс ағылшын тілді қарым-қатынас жағдайында кәсіби міндеттерді тиімді шешу үшін қажетті коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырады. Шетелдік туристермен жұмыс істеу жағдайында кәсіби қызметті жүргізу жағдайларына жылдам бейімделу дағдыларын қалыптастырады. Шет елдерде кәсіби қызметті жүргізу қабілетін дамытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мейрамхана және қонақ үй кәсіпорындары қызметін стратегиялау
    Несиелер: 7

    Білім алушыларда қонақ үй және мейрамхана қызметін стратегиялық жоспарлау әдістемесінің негіздері саласында білім жүйесін қалыптастырады, қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының қызметін стратегиялық басқару дағдыларын дамытады, нарықтағы мінез-құлықтың неғұрлым оңтайлы стратегиясын таңдау саласында іскерлікті дамытуға ықпал етеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Түрк тілі
    Несиелер: 8

    Пән түрік тілінің лексикасын, грамматикасын және басқа да бөлімдерін оқытуды қарастырады. Қарым-қатынастың ауызша және жазбаша формаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құзыреттілікті дамытады, ауызша және жазбаша аударманың негізгі түрлерін меңгеруді үйретеді, түрік тіліндегі мәтіндерге ақпараттық өңдеу жүргізу қабілетін қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мейрамхана қызметіндегі калькуляция және баға белгілеу
    Несиелер: 7

    Қонақ үй және мейрамханалық бизнес кәсіпорындарының қызметінде баға белгілеу әдістерін, құралдарын және механизмдерін қолдану саласында студенттерді базалық даярлауға бағытталған, қонақ үй және мейрамханалық қызметтердің оңтайлы бағасын есептеу және оңтайлы баға саясатын әзірлеу қабілетін дамытады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Әлемдік туристік дестинациялар
    Несиелер: 5

    Білім алушыларда халықаралық қонақжайлылық индустриясының қазіргі заманғы даму үрдістері бойынша теориялық білім кешенін қалыптастырады. Әлемдік танымалдыққа ие туристік дестинацияларды қалыптастыру және дамыту ерекшелігін қарастырады. Білім алушыларда белгілі бір дестинация шекарасында жұмыс істейтін халықаралық кәсіпорындарда кәсіби қызметті жүргізудің тәжірибелік дағдылар мен қабілетіліктерді дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Туризм және конақжайлылық индустриясының инфрақұрылымы
    Несиелер: 5

    Қазақстан Республикасында қонақжайлылық инфрақұрылымының даму ерекшеліктерін зерттейді. Қазіргі жағдайда қонақжайлылық инфрақұрылымын дамытудың негізгі аспектілерін қарастырады, қызмет көрсетудің бастапқы, екінші және үшінші деңгейіндегі кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшеліктерін анықтайды, білім алушыда қонақ үй (мейрамхана) кәсіпорындары мен қонақжайлылық индустриясының басқа субъектілері арасында өзара қарым-қатынасты орнату дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кадрлық саясат
    Несиелер: 6

    Пән қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының кадрларын басқару саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Қонақжайлық индустрия кәсіпорындарында тиімді кадрлық саясатты қалыптастыру және жүргізу, қызметкерлерді басқару стратегиясын әзірлеу бойынша білім, білік және дағды кешенін қалыптастыруды қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Туризмдегі сандық маркетинг
    Несиелер: 5

    Студенттерді туризм саласында сандық маркетингтік коммуникацияларды қолдану үрдісімен таныстыру. Пән шенберінде әзірленген турларды интернет кеңістігінде және басқа да заманауи сандық технологиялар негізінде жылжыту сұрақтары қарастырылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сапаны басқару
    Несиелер: 6

    Қонақ үй немесе мейрамханалық сипаттағы қызметтердің сапасын басқару процесінің негізгі механизмдерін зерттейді. Қонақ үй немесе мейрамхана қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету процесін ұйымдастыру, қызмет сапасын сынамалау әдістерін анықтау, қонақ үй немесе мейрамхана өнімдерінің сапасын арттыру тетіктерін таңдау мәселелерін қарастырады. СМЖ талдауының электрондық жүйелері негізінде (Google form, Opera) көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау дағдыларын қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қонақ үй және мейрамхана ісіндегі көліктік қамтамасыз ету
    Несиелер: 6

    Әр түрлі көлік түрлерін қолдана отырып, студенттерге қонақтарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру үдерісі туралы білім кешенін қалыптастыруға бағытталған. Қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсету ерекшелігіне сүйене отырып, қонақтарды тасымалдауды ұйымдастыру, көлік құралдарын таңдау, көлік компанияларымен шарттар жасасу, трансфер және т. б. ұйымдастыру мәселелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Корпоративті мәдениет және әлеуметтік жауапкершілік
    Несиелер: 6

    Пән қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарында корпоративтік мәдениет пен әлеуметтік жауапкершілікті тиімді басқару бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Курс корпоративтік мәдениет және әлеуметтік жауапкершілік саласында басқарудың қазіргі заманғы технологияларын меңгеру, ұйымда моральдық-психологиялық климатты қалыптастыру және қолдау саласында дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қонақ үй желілерін ұйымдастыру және басқару
    Несиелер: 6

    Пәннің мазмұны желілік қонақ үй құрылымдарының қалыптасуы мен дамуына байланысты сұрақтар шеңберін қамтиды. Курс қонақ үй қызметтерінің халықаралық және ұлттық нарығындағы бизнес-үдерістер туралы теориялық білімді, сондай-ақ ғаламдық қонақ үй тізбегінің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын орналастыру кәсіпорындарында кәсіби қызметті жүргізудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Туризмдегі брендинг теориясы және PR
    Несиелер: 6

    Пән брендинг және PR негіздері, өнімдерді, қызметтерді және аумақтарды ілгерілету үшін туризм саласында брендті қалыптастыру технологиялары мен құралдарын пайдалану ерекшеліктері саласындағы жүйелі білімді қалыптастыруға бағытталған. Студенттер туристік кәсіпорындар қызметінде брендинг және PR тәсілдерін пайдаланудың базалық дағдыларын меңгереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мейрамхана желілерін басқару
    Несиелер: 6

    Пән заманауи жағдайда мейрамхана желілерін дамыту саласында теориялық білім жүйесін қалыптастырады. Қазақстан Республикасында мейрамхана желілерін дамыту ерекшелігін қарастырады, желі элементтерін басқару тәртібін зерттейді. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары желісінің құрамдас бөлігі болып табылатын кәсіпорындарда еңбек қызметінің дағдыларын қалыптастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мейрамхана бизнесіндегі стандарттау және сертификациялау
    Несиелер: 7

    Пән қонақ үй немесе тамақтану кәсіпорындар қызметтерін лицензиялау және стандарттау саласындағы негізгі ұғымдарды оқытады. Қонақжайлылық саласындағы шаруашылық қызметті лицензиялау тәртібінің мәселелерін қарастырады, қонақ үй (мейрамхана) қызметтерін сертификаттау алгоритмін анықтайды, Қазақстан Республикасында қызметтерді лицензиялау мен сертификаттаудың ерекшелігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қонақ үй және мейрамхана ісіндегі тайм-менеджмент
    Несиелер: 6

    Кәсіптік қызметті сәтті жүзеге асыру үшін студенттерде уақытты басқарудың мәні мен түрлері, уақыт ресурстарын басқарудың принциптері мен тәсілдері туралы жалпы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған. Пән білім алушыларда кәсіби қызмет шеңберінде уақытты тиімді жоспарлау және оны басқарудың тәжірибелік дағдыларын дамытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қонақ үй индустриясын және қоғамдық тамақтану саласын реттеу
    Несиелер: 7

    Пән студенттердің үнемі өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында туризм саласын реттеу және бәсекелестік шарттарын қатаңдату тетіктерін өз бетінше зерделеуге қабілеттілігі мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Қонақ үй индустриясын және қоғамдық тамақтану саласын реттеу үдерісіне тартылған мемлекеттік құрылымдарда кәсіби қызметті жүргізу мәселелерін қарастырады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON4

    Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу

  • Код ON10

    Электронды және цифрлық технологиялар негізінде қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету дағдыларын меңгеру ,ресурстарды есепке алудың ерекшеліктерін білу, қонақүй және мейрамхана кәсіпорны үшін ресурстарды басқарудың тиімді тәсілдерін анықтай алу

  • Код ON15

    Нарықтың перспективалы бағытын анықтау және ойын-сауық пен қонақжайлылық саласындағы бәсекеге қабілетті нарықтың жаңа сегменттерін қалыптастыру

  • Код ON2

    Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу

  • Код ON3

    Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі

  • Код ON1

    Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау

  • Код ON5

    Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.

  • Код ON6

    Заманауи талаптар бойынша қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарындағы талаптарға сай білімді көрсету, қолайлылық деңгейіндегі қызмет көрсетуге қарай кәсіпорынды жүйелей білу.

  • Код ON14

    Туристік өнімді ішкі және сыртқы нарықта ілгерілету үшін заманауи маркетингтік тәсілдерді қолдана білу, ішкі және сыртқы нарықтағы тұтынушылық мүмкіндіктерін зерттеу дағдыларын қолдану

  • Код ON11

    Ұйымдастыру және қызмет көрсету үдерісіне тартылған қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарының өзге шаруашылық жүргізуші кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау ерекшеліктерін білу, аталған ұйым өкілдерімен келіссөздер жүргізе білу

  • Код ON9

    Сұранысқа ие қонақ үйлер мен мейрамханаларда қызмет көрсету талаптары бойынша өздігінше дамыту дағдыларын жетілдіру, қонақтардың тұруына қолайлы жағдай жасау үшін қажетті ресурстарды таңдай білу.

  • Код ON8

    Қонақтарға қызмет көрсетудегі базалық білімнің болуы, рәсімдеу және номерлерді брондау бойынша өтініштердің есебін жүргізу және де номерлік қордың жоспарын жүктеу, автоматтандырылған қызмет көрсету ,жүйесіне ақпаратты шығару, үстелді даярлау және тағамды ұсыну технологиялық жүйесіне қатысу

  • Код ON13

    Ұйымның корпоративтік мәдениетін сақтау және еңбек қызметін орындау позициясына сәйкес негізгі және қосымша қонақ үй (мейрамхана) қызметтерін ұсыну үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезіну

  • Код ON7

    Әр түрлі туристік аймақтардағы қонақтарға қызмет көрсету ерекшелігін білу, лауазымдық позицияға сүйене отырып, аймақ мәдениетінің ерекшеліктеріне сәйкес этикалық мінез-құлық нормаларын сақтай білу

  • Код ON12

    Қонақ үй және мейрамхана бизнесі қызметтерінің ерекшеліктерін білу, қонақүй және мейрамхана кәсіпорынның қызметтерін (бөлімдерін) басқару және қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етуді ескере отырып, стратегиялық саясатты қалыптастыру

Top