Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01503 Информатика педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Информатика саласындағы ғылыми зерттеулер әдіснамасының негіздері туралы білімді игеру, оларды практикада қолдану, кәсіби және шығармашылық қабілеттерін дамыту, пәнаралық білімді интеграциялау мүмкіндіктері қарастырылады. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелеріне, докторлық диссертацияларды дайындау, жазу, ресімдеу және өз зерттеулерін дәлелдеу жолдарына қатысты ғылыми баяндамалар сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық хат
    Несиелер: 5

    Пәнін меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, ғылыми-ақпараттық мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогиканың философиясы және әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми жетістіктердің қалыптасу үдерісін және адамзаттың философиялық ойларының дамуын зерттейді. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі кезеңдегі педагогикалық философияның түсініктері мен теорияларын, сондай-ақ олардың заманауи ғылымға әсері қарастырылады. Философия және ғылым тарихы пәнін зерттеудің негізі-теорияларды, зерттеу әдістерін, сондай-ақ философия ғылымындағы онтологиялық және эпистемологиялық бағыттарды толық қамти отырып, зерттеу әдістерін игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білімді ақпараттандыру және оқытудың өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Пән білім беру саласындағы IT-технологиялар мен ХХІ ғасыр мұғалімінің рөлінің; білім берудегі ақпараттық процестер, АКТ орны мен басқарудағы оның рөлінің; оқу процесіне жоғарғы технологияларды қолданудың; педагог-зерттеушінің АКТ-құзыреттілігін қалыптастырудың өзекті мәселелерін жүйелі түрде түсінуді, дағдылары мен зерттеу әдістерін меңгеруді көздейді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өзінің ерекше зерттеу нәтижелерін жариялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • BigDate технологиясы негізінде білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері
    Несиелер: 5

    BigDate технологиясын білім беру саласына қолданудың шетел тәжірибесін; Қазақстанның осы тақырыптағы қазіргі кездегі мәселелерін; BigDate технологияға негізделген білім беру жүйесінің әдіснамалық принциптері мен оқыту технологияларының ерекшеліктерін, педагогикалық-ұйымдастырушы шарттарын зерттеуге бағытталады. Ғылыми-зерттеу жұмыста BigDate технологияны білім беру саласына қолдану идеяларын талдай отырып өз идеяларын ұсыну мен зерттеу нәтижелерін дәйектеу жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім беру робототехникасын оқытудың өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Білім беру робототехникасын оқытудың теориялық және қолданбалы аспектілерін, әдістемесін; робототехника бойынша пәнаралық білім беру бағдарламасы мен оқу модульдерін; оқытуда робототехниканы қолданудың дидактикалық қамтамасыз ету және әдістемелік сүйемелдеулерін зерттеуге бағытталған. Білім беру робототехникасын қолдану идеяларын талдай отырып, өзінің пәнаралық білімнің интеграциялық идеяларын іске асыруды көздейтін ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Онлайн-оқытудың өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Қазақстанның білім берудегі онлайн-оқытудың қазіргі кездегі даму кезеңін; жоғары технологияларға негізделген білім берудің әдіснамалық принциптері мен оқыту технологияларының ерекшеліктерін; онлайн оқытудың педагогикалық-ұйымдастырушы шарттарын зерттеуге бағытталады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында жүргізілетін жобалық жұмыста жоғарғы технологияларды онлайн-оқытуда қолдану идеяларын бағалай отырып өз идеяларын іске асыруды көздейді, өздерінің ерекше зерттеу нәтижелерін жариялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON1

    Информатиканы оқыту саласындағы іргелі зерттеулердің бағыттарын және ғылыми-зерттеу нәтижелерін практикаға енгізе отырып, ғылыми зерттеу әдістерін анықтайды

  • Код ON5

    Білімге негізделген қоғамның дамуына ықпал ету үшін ерекше идеялармен информатика ғылымының жаңа бағыттарын дамытуда өз көзқарасын қорғайды

  • Код ON6

    Академиялық адалдық мәдениетін ұстана отырып, ғылыми жұмыстардың мәтініне ғылыми-сараптамалық бағалауды әзірлейді

  • Код ON2

    Информатиканы оқытудың өзекті мәселелері мен ғылыми көзқарастарды талқылайды

  • Код ON4

    Практикалық кәсіби мәселелерді шешу үшін өз жетістіктерін әріптестерге, ғылыми қоғамдастық пен кең жұртшылық назарына ұсынады

  • Код ON3

    Зерттеу нәтижелердің ұлттық және халықаралық деңгейде тануын қамтамасыз ету үшін ғылыми жарияланымдардағы жаңа және күрделі идеяларды пайдаланады

Top