Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B06108 IT – аудит в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда санық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және қолданушылардың әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
  • Философиялық білімді әлемдік көзқарасты қалыптастыруда қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастырудың тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау
  • Әртүрлі кәсіби салалар бойынша цифрлық технологияларды ендіру, қолдану жолдарын қарастыру, математикалық аппаратты, алгоритмдер теориясы, жүйелер теориясы және жүйелік талдау, ақпарат теориясы және кодтау әдістерін кәсіби қызметте іргелі пәндердің негізгі заңдарын қолдану дағдыларын меңгеру
  • Пәндік салаға алдын-ала талдау жүргізу, ақпараттық жүйеге қойылатын талаптарды қалыптастыру, АЖ-ға қойылатын талаптарды анықтау, ақпараттық жүйені енгізу нұсқаларын әзірлеу, клиент-сервер архитектурасы бойынша құрылып, жобаланған, әзірленген және мекемелермен ұйымдарға енгізілген ақпараттық жүйені әзірлеу бойынша жұмыстарды орындаудың заманауи технологияларын және әдістерін талдау және іріктеу, бағдарламалық қамсыздандыруды құру үрдістерін ұйымдастыру, құрылған бағдарламалық өнімнің негізгі сапа критерийлерін бағалау, процестер мен ағындарды басқару әдістерін және оларды синхрондауды, ресурстарды бөлу әдістерін қолдану
  • Әртүрлі алгоритмдердің, деректер құрылымдарының блок-схемаларын құру, проблемаларды шешудің әртүрлі әдістерін салыстыру, әр бағдарламалық жасақтама компонентін құру (кодтау, жобалау, тестілеу, баптау) және құжаттау, бағдарламалық модульдер мен бағдарламалық компоненттерді біріктіру, бағдарламалық қамтамасыз етудің өмірлік циклінің барлық сатыларында тұжырымдамаларды, әдіснамаларды және бағдарламалық жабдықты құру стандарттарын қолдану, құрылымдық және объектіге-бағытталған бағдарламалауда қазіргі заманғы тестілеу әдістері мен баптау тәсілдерін қолдану, бағдарламалық кодты оңтайландыру, ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі кезінде олардың сенімділігін бағалау, жобаланған құралдардың сенімділігін есептеу
  • Пәндік аумақтың бизнес-процестерін сипаттау, әдістемелерді, бизнес-процестерді модельдеуге арналған құралдар жүйелерін қолдану, ұйымдық құрылымның бизнес-процестерін құру, пәндік саланың бизнес-үрдістерін сипаттау, ақпараттық жүйенің талаптарын қалыптастыру, ақпараттық жүйелерді құру үшін техникалық есепті әзірлеу, АЖ-сәулетін құру, АЖ жобалау және құрастыру, мәліметтер қорын жобалау және АЖ деректер қорын құру, АЖ прототиптерін, объектіге-бағытталған бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу технологияларын қолдану арқылы веб-қосымшалар, мобильді қосымшалар құру, эксперттік және интеллектуалды жүйелерді құру, ресурстарды бөлу және процесстерді диспетчерлеу әдістерін қолдану, АЖ модульдік тестілеудің ұйымдастырушылық және технологиялық қамсыздануын және ақпараттық жүйенің ішкі құжаттамасын сүйемелдеу, АТ-инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кросс-платформалық қосымшаларды әзірлеу
  • Компьютерлік желілерді ұйымдастыру, конфигурациялау, компьютер желісінің модельдерін құру және талдау, протокол параметрлерін орнату және реттеу, деректерді берудегі қателерді анықтау және жою, компьютерлік жүйе параметрлері туралы ақпарат алу, қосымша жабдықты қосу және компьютерлік жүйенің элементтері арасында байланыс орнату, компьютерлік жүйелердің бағдарламалық қамсыздануын баптау және орнату, ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру, ақпараттық жүйелерді баптау, қолданылатын аппараттық-бағдарламалық кешендермен ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жүргізу, жұмыс барысында ақпараттық жүйелерді техникалық қолдау, домен мен орман инфрақұрылымын жобалау, файлды және сақтауды басқару қызметтерін жоспарлау және енгізу, желіге қолжетімділік қызметтерін жоспарлау және енгізу, желі қауіпсіздік шешімдерін жобалау
  • Ақпараттық жүйелерді өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде басқару, IT-жобаларын басқару, әдістер мен модельдерді, ұйымдық басқарудың негізгі процестерін, корпоративтік ақпараттық жүйедегі ақпаратты басқару және корпоративтік ERP-жүйелерін құру үшін SAP компаниясының шешімдерінің заманауи құралдарын пайдалану, персоналды ынталандыру және оқыту, іріктеу және оны дамыту үшін жағдай жасау, персоналды басқару, оның ішінде қызметкерлерді жалдау және жұмыстан шығару, ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастыру,бизнес-процесстерді сипаттау әдістемелерін және олардың бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын қолдану, ұйымдардың қызметін талдау және жетілдіру, ұйымның бизнес-процестерін оңтайландыруды жүзеге асыру, жасанды интеллект және машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, сараптама және зияткерлік жүйелерді құру, пән аумақтық мәселелерді үлкен деректерді өңдеу технологиясының тіліне аудару.
  • IT-инфрақұрылымының аудитінің жұмысын жоспарлау, АТ аудит стандарттарына сәйкес аудиттерді жүргізу әдістерін, түрлерiн және техникаларын қолдануды бағалау. Аудиттің көлемі мен ауқымын анықтау, аудиторлық тапсырманы орындау үшін қажетті ресурстарды анықтау, аудит жоспарын және бағдарламасын дайындау. АКТ саласындағы және АТ-аудиттің объектісін қорғау нормативтік құқықтық актілердің (НҚА) және нормативтік-техникалық құжаттардың (НТД) ақпараттық қауіпсіздігіне жобалық, операциялық, техникалық құжаттаманың сәйкестігін растау және талдау. Халықаралық стандарттарға сәйкес аудитордың жұмыс құжаттамасын қалыптастыру.
  • Аудиттелетін ұйымның өкілдерімен (бөлімшелерімен) IT-аудит мәселелері бойынша өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға қатысу. АТ аудитін өткізу. Ұйымның IT-инфрақұрылымын басқаруды әмбебап концепция аудит (CobiT) және (ITIL, ITSM) заманауи тұжырымдамасы негізінде жүзеге асыру. Деректерді қорғау әдістерін және құралдарын қолдана отырып, оған рұқсатсыз кіруден қорғау тәсілдерін қолданып, ақпаратты жинау және қорғау құралдары мен жүйелерін әзірлеу.
  • Аудиторлық объектінің әртүрлі жүктеме режимдерінде жұмыс істеу жағдайын тексеру. Сервердің және желілік жабдықтардың архитектурасы мен конфигурациясымен байланысты қауіпсіздік жұмысының аудит объектілерін тексеру. Жұмыс осалдықтар туындауынан бағдарламалық жасақтаманың конфигурациясын тексеру. Желілік шабуылды болдырмау әдістерін, АТ-инфрақұрылымының қауіп-қатерлері мен осалдықтарын талдау, тәуекелдер және олардың түрлері туралы білімдерді қалыптастыру, тәуекелдерді басқару, аудиттелетін объектінің АТ-инфрақұрылымының қауіпсіздігін талдау әдістерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және баптау әдістері мен рәсімдерін қолдану
  • Аудиттің нәтижелерін АТ аудитінің мақсаттарына, міндеттеріне және нормативтік құжаттарға және стандарттарына сәйкестендіру, кемшіліктерді жою және кәсіпорынның АТ-инфрақұрылымының жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау дағдыларына ие болу
Top