Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B03205 Цифрлық медианы басқару в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Журналистикаға кіріспе
    Несиелер: 8

    Студент бұл пәнді оқу барысында журналистиканың негізгі функциялары мен принциптері, БАҚ типологиясы, журналистік кәсіптің ерекшеліктері, өзгешеліктері, журналистік шығармашылықтың спецификасы мен журналист жұмысының әдістерімен танысады.. Сондай-ақ, журналистиканың қалыптасу үрдісі, журналистиканың басты элементтері мен қызметі, классикалық және күнделікті журналистиканың ерекшеліктері студенттерге жете түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Журналистік әдеп және құқықтық сауаттылық
    Несиелер: 5

    Журналистиканың құқықтық негіздері, Қазақстандағы БАҚ туралы заңдар мен этикалық талаптар, азаматтық қоғам принциптері қарастырылады. Сондай-ақ, студенттер журналистің қызмет этикасы мен моральдық принциптерін сақтауды, эфир мәдениетін меңгереді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шешендік өнер және сөйлеу техникасы
    Несиелер: 5

    Болашақ журналистерге сөздік қорын молайтып, дауыс қою, ақпаратты аудиторияға дұрыс жеткізе білу әдіс-тәсілдерін осы пән үйретеді. Тіл жаттығуларын жасау арқылы тілдегі кемістікті түзеу, студентті көпшілік алдында іркілмей, шешен сөйлей білуге бейімдеу. Сонымен қатар, орфоэпиялық норманы сақтай отырып, диалекті сөздерден тілді тазалау арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға бағыт береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Заманауи медиакоммуникация
    Несиелер: 5

    Заманауи медиакоммуникация дамуындағы негізгі үрдістер, оның теориясы мен тәжірибесі, даму болашағы туралы қарастырылады. Студенттер дәстүрлі БАҚ пен заманауи медианың ерекшеліктерін, жаңа үрдістерін, БАҚ редакцияларындағы өзгерістерді талдап, сараптама жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет" пәні "Бизнес, басқару және құқық" бағытындағы білім алушыларда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған. "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" сынды мемлекеттік құжаттар сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер дәрежесіне көтерді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Анимациялық эффектілер мен видеодағы веб-дизайн
    Несиелер: 5

    Бұл пән студенттерге видеодағы дизайн және қолданылатын анимациялық және кадраралық эффектілер, титрлар мен шапкалар, компьютерлік бағдарламалар, цифрлық бейне мен аудионы өңдеуге арналган Adobe Creative Suite Production Studio сияқты бағдарламаларды үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Телевизиялық өндіріс
    Несиелер: 6

    Білім алушылар телебағдарламалар мен хабарлардаярлауда қолданылатын техника мен технологиялар, өндірістің ұйымдастырылуымен танысады. Телехабарлардың эфирге шыққанға дейінгі кезеңдерінің барлығын осы пән арқылы үйренеді. Тәжірибелік сабақтарда балаларға, жастарға арналған хабарлар, оқулық бағдарламалар жасап машықтанады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықтық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелерін шешудің ғылыми – практикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Веб-дизайн құралдары мен принциптері: компьютерлік графика
    Несиелер: 5

    Пән болашақ цифрлы медиа мамандарына веб-дизайн құралдары мен принциптері: заманауи дизайндағы компьютерлік графика, бағдарламалардың түрлері мен жұмыс ерекшеліктерін үйретеді. Сонымен қатар оны тәжірибеде іске асыруды мақсат етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің сандық платформаларын, әртүрлі кәсіби салаларда цифрлық ақпаратты өңдірудің түрлі әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Телерадиожурналистика тарихы
    Несиелер: 7

    Мамандарды әр түрлі жанрлар мен стильдерді қолданып хабарлар жасауға бейімдеу, тікелей эфирде бағдарлама жүргізуге және телерадиоақпараттың сапасын бағалай білуге бағыттауға бейімдеу сияқты мәселелерге көңіл бөлінеді. Студенттердің БАҚ жүйесіндегі телерадионың өзіндік ерекшелігін, әлемдік және қазақстандық телерадиотарату ісінің тарихын, телерадиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерін, телерадиожурналист қызметін реттеудің ақпарат таратудың әдіс-тәсілдерін меңгеруіне мүмкіндік беріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дизайн негіздері: композиция және түс
    Несиелер: 5

    Пән дизайн негіздері туралы алғашқы түсінік, өндірістегі дизайнның орны, оның құралдары мен терминдері, композиция және түстану, шрифтпен жұмыстың алғышарттарын үйретеді. Журналистикадағы дизайнның алатын орыны, заманауи медианың дамуына ықпалы осы пәнде қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Практикалық веб-дизайн
    Несиелер: 5

    Бұл курста дизайндағы инновация талаптары және практикалық веб-дизайн, жаңа өнімдерді талдау және қолданысқа енгізудің жолдары қарастырылады. Цифрлы медианы дамыту бағытында жұмыс істейтін болашақ мамандарға бұл пәннің маңызы ерекше болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Іскери риторика
    Несиелер: 5

    Курс кәсіби-тәжірибелік бағытта құрастырылған. Оны оқу арқылы кәсіби маңызды жағдайларда риторикалық іс-әрекет технологиясын игеру көзделген. Білім алушылардың сөздік білімділігін арттыру, тиімді іскерлік қарым-қатынас қағидалары, жұрт алдында сөйлеудің ұтымды ықпал етуін қамтитын негізгі факторлар мен үдерістері, шешен мен аудитория ынтымақтасуының формалары мен құралдары туралы білім алу курстың міндеттеріне кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Оқу телебағдарламаларын шығару
    Несиелер: 6

    Студенттер оқу телебағдарламасын шығаруға қатысты нақты тәжірибені жетілдіреді. Бағдарлама тақырыбын анықтау, сценарийін жазу, оған қатысатын кейіпкерлермен сұхбат құрудың әдістерін меңгереді. Отандық оқу телебағдарламаларына талдау жасай отырып, шетелдік оқу телебағдарламаларының озық үлгілерімен танысады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесу, адамның қоршаған ортасының қауіпсіздігі, қоршаған орта факторлары және қоршаған орта сапасының жаһандық өзгеруі және олардың салдары туралы білім беру. Сұрақтар: су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, әуе бассейні, жер ресурстарының сарқылуы, экологиялық тәуекелдер, азық-түлік қауіпсіздігі, адамның қызметімен байланысты табиғи және техногендік апаттар және олардан қорғану жолдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мультимедиялық журналистика
    Несиелер: 7

    Мультимедиялық журналистика ақпараттық технологиялардың дамуының қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан да көрермен назарын аудару үшін болашақ журналистер түрлі компьютерлік қосымшалар мен бағдарламаларды меңгеруі тиіс. Мақалаларды өңдеп,сюжеттерді бір-бірімен байланыстырып,тың интерфейс пен дизайнды қолдану арқылы цифрлы журналистика ғасырлар тоғысында қалыптасқан, жетілдірілген және кіріктірілген әлеуметтік ғылымның саласына айналатыны түсіндіріледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Интернет сайт журналисінің авторлық курсы
    Несиелер: 7

    Осы пәнді өткізу барысында цифрлық ресурстардың Қазақстанда дамуы, Интернет сайт журналисінің авторлық курсы, жеке тәжірибесімен бөлісу, мастер-класстар, жетекші мамандармен сұхбат ұйымдастыру қарастырылады. Елімізге белгілі интернет сайт журналистерімен кездесу арқылы, болашақ мамандарға тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ақпарат пен сайттарды қорғау
    Несиелер: 7

    Пән ақпараттық қауіпсіздік талаптары, осы саладағы заңды-құқықтық нормалар және оны жүзеге асырудың жолдары, сайттарды, электронды құжаттарды, мағлұматтар базасы мен бағдарламаларды қорғау, вирустар мен спамдармен күрес түрлерін үйретеді. Тәжірибе жүзінде деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсіндіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Цифрлық технологияларды журналистикада қолдану
    Несиелер: 7

    Қазіргі таңда елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік жобасының іске асып отырғаны белгілі. Цифрлы технологиялар ел экономикасын дамытуға ерекше үлес қосып отыр. Сондықтан да, біз осы курста мобильді журналистикада жаңа цифрлы технологиялардың қолданылуы, телекомпаниялардың, әсіресе аймақтық телекомпаниялардың ғаламторда дамуы үшін заманауи құралдарды қолдану әдістерін осы пәнде қарастырамыз.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Журналистиканың жанрлары мен пішіндері
    Несиелер: 6

    Студенттер журналистиканың жанрлары мен пішіндері, түрлі жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін білуі керек. Түрлі жанрларда материалдарды дайындау тәсілдері мен шынайылықты көрсету әдісін меңгереді. Жанрлар мен пішіндердің заман талабына сай өзгеріске ұшырауының себебін түсіндіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлеуметтік және цифрлық медиа редакторы-сарапшысы
    Несиелер: 6

    Білім алушылар осы пән барысында цифрлық контентті жасау және басқарудағы редактор-менеджердің рөлі, әлеуметтік және цифрлық медиа редакторы-сарапшысының міндеттері мен жұмыс тәсілдері, үздік жобаларды талдауды үйренеді. Сондай-ақ, интернеттен арнайы сайт, блог ашып жүргізудің әдіс-тәсілдерін меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Цифрлық медиаға мәтін әзірлеу және IT лингвистика
    Несиелер: 6

    Студенттер цифрлық медиаға мәтін әзірлеудің ерекшеліктері мен талаптарын, роботтандырылған журналистика, сөздік қорымен жұмыс және IT лингвистиканы үйренеді. Қазақстанның цифрлық трансформациялануындағы лингвистиканың маңызы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Цифрлық медиа стилі мен форматы
    Несиелер: 7

    Цифрлық медианың салалары мен түрлері, ондағы стиль мен формат ұғымы, үйлесімділік принциптері, үздік сайттар мен веб-парақшалар, мобильді қосымшалар қарастырылады. Цифрлық медиада әлеуметтік желілер, агрегаторлар журналистиканың ажырамас бір бөлігіне айналып отырғаны анық. Сол үшін студенттер сайттар мен контентті әлеуметтік желілердің үйреншікті форматына бейімдеуге үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Цифрлық журналистикадағы медиа-бизнес
    Несиелер: 6

    Пән БАҚ редакцияларында цифрлық трансформация процессі қалай жүріп жатқанын, қандай трендтер медианарықты өзгертуге үлес қосатынын қарастырады. Елімізде жаңа технологиялар қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарының бизнес процесстерін, стратегиясын және корпоративтік мәдениетін өзгерткенін білеміз. Дәріс барысында жаңа цифрлық өнімдерді шығарып жатқан редакторлар, баспагерлер, журналистердің ой-пікірі сараланады. Медиа-бизнестің қыр-сыры оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Визуальды коммуникация: суреттер, инфографика және презентациялар
    Несиелер: 6

    Бұл пән цифрлық экономикадағы визуальды ақпараттың маңызы, визуальды коммуникация түрлері: суреттер, инфографика және презентациялар, оларды жасау құралдары мен компьютерлік бағдарламаларды қарастырады. Студенттердің тәжірибе жүзінде визуальды коммуникацияны меңгеруіне мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Веб-бағдарламалау 3 (PHP, MySQL және басқалар)
    Несиелер: 6

    Пән веб-бағдарламалаудағы күрделі деңгей және жаңалықтар, PHP, MySQL тілдері және басқалар, олардың қолданылу аясы және ерекшеліктерн қарастырады. Сонымен қатар білім алушылардың теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыруын қадағалайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Цифрлық видео: түсіру, монтаждау, желіге тарату
    Несиелер: 7

    Білім алушыларға цифрлық видеодағы заманауи трендтер: түсіру, монтаждау, желіге тарату, мобильділіктің ерекшеліктері, кадр, ракурс, формат ұғымдарын түсіндіреді. Бұрын телебағдарламалардың эфирге тарауы кестеде белгіленген уақытқа тәуелді болып келді. Жаңа video-shift технологиясы осы тәуелділіктің тамырына балта шапты. Студенттер барлық телеарналар өз эфирінен тараған дүниелерді интернет жүйесі арқылы таратуға бейімделгенін сараптауға үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі
    Несиелер: 5

    Пән теледидар, радио, баспасөз бетінде жарияланатын журналистік материалдың мәтінімен жұмыс жасау кезіндегі редакторлық кәсіптің теориялық, практикалық әдіс-тәсілдерімен танысуға бағытталған. Пәнді оқыту барысында студенттерге мәтінмен жұмыс жасаудың белгілі теориялық негіздемелері мен практикалық әдіс-тәсілдері жайлы, сонымен қатар редактордың қызметтік міндеттеріне арналған мәселелер жан-жақты қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Телевизиядағы журналистік зерттеулер
    Несиелер: 5

    Студенттер журналистік зерттеуге қойылатын негізгі талаптар мен міндеттермен танысады. Радио мен телевизияда журналистік зерттеу көбіне көрермен, тыңдарман хаттарының желісімен жасалып жүр. Журналист деректен алшақтамай, біреудің ар-намысын аяққа таптамай, журналистік зерттеу әдістеріндегі: алдын – ала тексеру, деректер, салыстыра талдау, бақылауды хабарда жүйелі түрде көрсете білуі керек екенін студенттер осы пәннен үйренеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Медиапсихология
    Несиелер: 6

    Бұл пән медиапсихология дамуындағы ерекшеліктер, өзгермелі қоғамдық қатынастардағы адамның орны мен мінез-құлық психологиясына БАҚ-та беріліп жатқан материалдардың ықпалы туралы студенттерге мол ақпарат береді. Сонымен қатар түрлі ақпараттарды қабылдау барысында кез келген адам өзіне медиаиммунитет қалыптастыру керектігін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Радио арна жұмысын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Радио бағдарламаларының дайындалу жолдары мен түрлерін дәріптеу. Хабардың алғашқы жазылуынан бастап эфирге ұсынуға дейінгі бағыт-бағдарын, тәртібі мен жұмысын үйретеді. Студенттер бұл пәнді оқу барысында радиодажурналистердің бағдарлама жасау барысындағы шеберліктері мен бағдарламалардың эфирге шығуына дейінгі жұмыстарды ұйымдастырудың қыр-сырын меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Телерепортер шеберлігі
    Несиелер: 5

    Телерепортердің шеберлік қырлары, оның қалыптасу жолдары, ізденіс пен жүйелілік, шығармашылық табиғаты, танымал тележурналистердің тағылымдары қарастырылады. Тікелей эфирде телерепортердың жүргізу шеберлігі, өзін ұстау, жүйелі сөйлеуі ерекше рөл атқарады. Осы талаптарды студенттерге үйретеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ақпараттық қауіпсіздік
    Несиелер: 5

    Пән мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйін түсіндіреді. Студенттерге ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің журналистика саласындағы теориялық әдістері, әр түрлі процесстерді формализациялау, біртұтас ақпараттық кеңістігімізді қорғауды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Оқу веб-сайтын дайындау
    Несиелер: 8

    Пән студенттердің оқу веб-сайтын дайындауға, мәтін жазу, дизайнын құрау және веб-бағдарлама жазуға қатысты тәжірибелері мен машықтарын жетілдіруді мақсат етеді. Оқу веб сайты кез келген уақытта сұрансыұа ие бола алады. Себебі, конвергентті журналистикада қазір ақ жедел ақпарат тарату үшін интернет озық болып отыр.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оқу жарнамалық роликтерін шығару
    Несиелер: 8

    Студенттерге оқу жарнамалық роликтерін шығару, ой ұшқырлығы мен суырып-салма шеберлігіне баулу, жарнама жасау технологиясын жетілдіру, жарнама сценарийін жазудағы креативтілікті үйретеді. Оқу жарнама роликтерінің қоғамдағы маңызын ескере отырып, әлеуметтік ортада ерекше назар аудартуға ықпал жасауды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қоғамдық пікірді зерттеу
    Несиелер: 8

    Студенттер қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық жағдайлар төңірегінде қалыптасқан бұқаралық сананың өзекті күйін аңғаруды, аадамдардың, жеке топтардың осы жағдайларға қатынастарын түрлі сауалнамалар арқылы зерттеуді үйренеді. Әлеуметтен ақпарат жинаудың әдістерін меңгереді. Сонымен қатар, әлеуметте болып жатқан оң өзгерістер мен кемшіліктерді сараптайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • SEO-ілгерілету
    Несиелер: 6

    Студенттерге ақпараттық өнімдерді нарыққа жеткізудегі SEO-ілгерілетудің орны мен маңызы, оның тәсілдері мен құралдары, табыстылық критерийлері, қаржыландыру көздері мен жолдары түсіндіріледі.SEO-ны алға жылжыту компанияларының жұмыс тәжірибелерімен де танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Веб-серверлердің жұмыс принциптері мен желілік протоколдар
    Несиелер: 8

    Цифрлық қоғам және экономика: техникалық негіздері, веб-серверлердің жұмыс принциптері мен желілік протоколдарға деген қоғамда қызығушылық жоғары. Сондықтан да болашақ медиа мамандар осы пәннің аясында веб-серверлердің жұмыс ұстанымдарымен танысып, желелік протоколдарды меңгереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Веб-технология негіздері: сайттар, қосымшалар және интерфейстер
    Несиелер: 8

    Студенттер веб-технология негіздері мен жұмыс принциптері: сайттар, қосымшалар және интерфейстердің ерекшеліктерін жарыта білуді үйренеді. Бұл пәннің қазіргі цифрлық медиа қарыштап дамып жатқан қоғамда ерекше сұранысқа ие екенін білеміз. Болашақ мамандар интернетжурналистиканы әр қырынан тануына мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Визуальды коммуникация және заманауи өнер
    Несиелер: 8

    Бұл пәнде визуальды коммуникация және заманауи өнер, трендтер мен үрдістер, жалпыадамзаттық рухани құндылықтар және оның насихатталуы қарастырылады. Заманауи өнердің БАҚ-та насихатталуы қоғамның мәдени ахуалын көтеруге ерекше әсер етеді. Болашақ мамандар сол үшін визуальды коммуникацияның әдістерін жетік білуі керек.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Медиаменеджмент
    Несиелер: 6

    Бұл пән студенттерді журналистика менеджменті мен маркетингі тарихымен, теориясы, әлемдік журналистикадағы озық тәжірибелерімен таныстырады. Сондай-ақ, олардың мәселелері мен болашағын тарата айтады. Студенттер интерактивті тәсілді меңгеріп, менеджмент аясында проблемаларды шешу және жобалау-сараптамалық дағдыларын игереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON5

    құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.

  • Код ON2

    ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.

  • Код ON12

    БАҚ-тың түрлі құрылымдарында, шығармашылық ұжымдарда жұмыстың ұйымдастырылуына белсенді араласуы, шешім қабылдауға қатысуы, өз жеке жұмысын ұйымдастыра білуі;

  • Код ON3

    әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.

  • Код ON4

    дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.

  • Код ON10

    медиасаланың (мазмұндық және технологиялық) дамуындағы әлемдік үрдістерді дұрыс бағамдай білуі, түрлі бағыттағы және міндеттер жүктейтін мәтіндердің аражігін тануы

  • Код ON7

    заманауи дизайн принциптері мен технологиясын терең меңгеруі, жаңа технологияны пайдалана отырып, баспасөз мәтінін, аудио-, бейне-,интернет- және басқа да материалдарды даярлап, редакциялауы, түрлі типтегі БАҚ-та орныққан норма, стандарт, формат, стиль, технологиялық талаптарды орындауы.

  • Код ON8

    веб бағдарламалау негіздері мен технологиясын меңгеруі, интернет сайттармен жұмыс істеу принциптерін білуі, жаңа медианың мазмұндық және құрылымдық-композициялық ерекшеліктерін, мақсаты мен міндеттерін, өндіріс техникасы мен технологиясын ескеріп журналистік жарияланымдарды жасай білуі, ақпараттың сапалық қасиетіне (дәлдік, шынайылық, дереккөзіне сілтеменің болуы, дерек пен пікірдің аражігін ажыратуы, түрлі көзқарастарды жеткізуде пікір алуандылығының сақталуы және басқалар) жете мән беруі;

  • Код ON11

    медиаөнімдерді даярлауда заманауи технологияларды қолдана отырып, мультимедиалық орта мен конвергентті журналистика жағдайында қызмет атқара білуі; Медианы ұйымдастыру мен басқарудың шетелдік тәжірибесін талдай отырып, оны Қазақстан тәжірибесінде кең қолданып, дамыта білуі;

  • Код ON9

    медианың әлеуметтік ролі мен қоғамдық миссиясын қоғамдық және кәсіби қызметінде терең түсінуі

  • Код ON1

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.

  • Код ON6

    журналистік материалды вербальды, графикалық т.б. үлгіде қолдана отырып қолайлы жанрлар мен форматтарда дайындауы

Top