Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07113 Көлік, көлік техникасы және технологиялары в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Көлік саласындағы ғылыми зерттеулер
    Несиелер: 5

    Курс зерттеу нысанын жүйелі талдаудың мақсаты мен принциптерімен; зерттеу нысанын жүйелі талдау санаттарының мәні мен мазмұнымен таныстыруды көздейді. Ғылыми ақпарат көздерін библиографиялық ресімдеу, көлік саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын ескере отырып, зерттеу объектісіне жүйелі талдау жүргізу алгоритмін жасау ережелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эксперименталды зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
    Несиелер: 5

    Көлік үрдістерін зерттеу, статистикалық және ақпараттық материалдарды синтездеу мен сараптау сұрақтары қарастырылған. Көлік үрдістері мен жүйелерінің модельдері мен модельдеу сипатталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми – зерттеу жұмыстарының әдістемелері
    Несиелер: 5

    Ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу әдістері,көп деңгейлі ғылыми-зерттеу әдістері қарастырылған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелерінің принциптері мен түрлері келтірілген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Патенттану және зияткерлік меншікті қорғау
    Несиелер: 5

    Зияткерлік меншік құқығы туралы түсінік, объектілер және негізгі институттар оқытылады:авторлық құқық, аралық құқықтар, интеллектуалды өнеркәсіптік меншік, аймақтық патенттік жүйелер. Зияткерлік меншікті қорғауға байланысты қатынастарды құқықтық реттеудің көздері жүйесі талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулер құралдары
    Несиелер: 5

    Зерттеудің қазіргі заманғы құралдары, зерттеудің жаңа принциптері, жабдықтарды есептеу және жобалау, техникалық және жобалау проблемаларын шешу әдістері, өндірістік процестерді орындау үшін жабдықтар, бұйымдар мен құрылымдарды таңдау және тиімді пайдалану сипатталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы
    Несиелер: 4

    Бұл курс магистранттардың кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыруға, оқу және тәрбие процестерін ұйымдастыру қабілетіне, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде сәтті ғылыми шығармашылыққа жан-жақты дайындыққа бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өнертапқыштық есептерді шешу теориясы
    Несиелер: 5

    Магистранттарды әдістемелік даярлау және стандартты емес техникалық мәселелерді шешуге шығармашылық тәсілдерді дамытуға және жүйелі түрде бағытталған іс-әрекеттер бағдарламасының (жаңа туындыларды шешудің алгоритмі) түрінде жаңа шешімдерді іздеу әдістемесін игеру, инновациялық жобаның негізін құрайтын конструкторлық және технологиялық ғылыми шешімдерді дайындаудың әдіснамалық негізін құру сұрақтары қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Қоғамның қалыптасуының алдыңғы қатарлы өлшемдерінде басқару процесінің психикалық мазмұнының рөлі артып келеді. Курсты зерттеу барысында білім алушылардың басқарушылық жұмыстың психикалық компонентінің рөлі мен көп өлшемді мазмұны туралы озық идеялармен танысады, сонымен қатар ұйымдағы адамдардың мінез-құлқын басқарудың практикалық қабілеттерін алады, оларды алдағы кәсіби жұмыста қолдана алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    «Шетел тілі (кәсіби)» курсының мақсаты тілдік емес мамандықтардың магистранттарына жоғары базалық стандарт (С1) деңгейіндегі шет тілдік білімді меңгерту үрдісінде мәдениаралық-коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру. Курс академиялық жазудың нормаларын меңгерту, сыни талдаулардың дағдыларын дамыту, ғылыми шолулар дайындау, аннотациялар, зерттеу тақырыптары бойынша рефераттар және библиографиялар құрастыруды қарастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Көлік техникасын пайдалану және қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Магистранттарға көлік техникасын пайдаланудың теориялық негізін қалыптастыру, көлік техникасының жұмыс қабілетін сақтаудың стратегиясы мен әдістерін талдау, көлік техникасының пайдалану нормативін анықтау, қызмет көрсету құралының жұмыс өнімділігі мен өткізу қабілетінің түзілу заңдылығын зерттеу, көлік техникасына техникалық қызмет көрсетудің озық технологиясын, оны ұйымдастыру мен басқарудың ұтымды формасын пайдалануды үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сапа және жүйелердің инжинирингі
    Несиелер: 5

    Көлік құралдарының сапасын және жұмыс қабілеттілігін оларды пайдалану жағдайларына байланысты қамтамасыз ету шаралары қарастырылған. Өндірісте және тәжірибеде көлік құралдарының техникалық жағдайын жұмыс қабілеттілік деңгейінде сақтау әдістері баяндалған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылым тарихы және философиясы
    Несиелер: 4

    «Ғылым тарихы мен философиясы» курсы магистранттардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырып, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Роботталған жүйелер мен кешендер
    Несиелер: 5

    Роботтардың конструкцияларының жалпы сипаттамалары, роботтар мен жүйелерді жіктеу келтіріледі. Роботтарды басқару принципі, роботтық манипуляторлардың механизмдері және оларды есептеу көрсетіледі. Роботтар мен манипуляторлармен автоматты сызықтарды жобалау ерекшеліктері баяндалады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Машина жасаудағы жобаларды басқару
    Несиелер: 5

    Көлік техникаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу барысында көліктік үдерістерді имитациялық модельдеу әдістері келтіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлік техникасын бағалау және сынау әдістері
    Несиелер: 6

    Көлік құралдары конструкциясын және оларды пәрменді қолдану жағдайлары; тарту күшінің ілінісумен, үйкеліспен, іліп алып тартумен, тербеліспен, жұмыстық ортамен және т.б. берілу теориясының негіздерін білуге; тасымалдау машиналары мен қондырғыларының тартқыштық және пайдалану есептеулерінің әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Перспективті конструкциялық және пайдалану материалдары
    Несиелер: 6

    Қазіргі металл қорытпаларына,металл емес материалдарға, полимерлік материалдарға жәнекомпозициялық материалдарға талдаулар келтіріледі. Үлкен, ұнтақ және пленкалық наноқұрылымды материалдарды алу әдістері сипатталған. Пайдалану материалдарды жіктеу және оларды өндіру келтіріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Көлік – логистикалық бизнесті басқару
    Несиелер: 5

    Көлік логистикасы саласындағы қазіргі кездегі жүйелер мен әдістер және де оларды қолдану келтіріледі. Әртүрлі көліктердің көлік-логистикалық жүйелерінің ерекшеліктері туралы талдаулар көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Композиттік материалдарды сынау және сапасын бақылау
    Несиелер: 6

    Композиттік материалдар өндірісінің сапасын бақылауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді зерттеу келтірілген. Полимерлі композиттік материалдардан өнімдердің сапасын қамтамасыз ету бойынша кешендік шаралар сипатталған. Композиттік материалдарды өндірудің сапа жүйесінің негізгі талаптары белгіленген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Триботехника
    Несиелер: 5

    Триботехниканың негізгі ұғымдары және үйкеліс заңдары, машина бөлшектерінің тозу ерекшеліктері келтіріледі. Бөлшектердің беткі сапасы,бөліктердің беттерінің және байланыс беттерінің физика-химиялық қасиеттері зерттеледі. Машина түйіндеріндегі үйкеліс түрлері баяндалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON10

    көлік техникасы үшін өндірілетін бөлшектер мен агрегаттарды сараптаудан және аудиттен өткізе алады

  • Код ON4

    теориялық және эксперименталдық ғылыми зерттеулерді жоспарлау, орнату және жүргізуді жүзеге асыра алады

  • Код ON1

    ғылымның дамуының заманауи кезеңінде зерттелетін дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді талдай және кәсіби қызметте пайдалана алады

  • Код ON6

    көлік құралдарының бөлшектерінің сенімділігін модельдеу, есептеу әдістері және олардың тиімділігін анықтау жолдарын қолдана алады.

  • Код ON8

    конструкциялық және пайдалану материалдарды сынау мен сапасын бақылау әдістерін және олардың өндірісте қолдана алады

  • Код ON11

    математикалық бағдарламалау әдістері негізінде көліктегі өндірістік үдерістерді модельдеуді қолдана алады

  • Код ON7

    көлік техникасына, оған техникалық қызмет көрсету мен пайдалануға қойылатын талаптарды анықтай алады

  • Код ON5

    патенттік ақпарат көздері бойынша іздеу жүргізе, материалдарды өнертабыстарды патенттеуге дайындай алады

  • Код ON13

    көліктік-логистикалық тәсілдерді ескеру арқылы көлікті пайдалану үдерістерін ұйымдастыра және басқара отырып, кәсіби қызмет шегінде көліктік және технологиялық мәселелерді шеше алады

  • Код ON3

    тиісті әдістер мен өңдеу құралдарын қолданып, ғылыми эксперимент нәтижелерін талдай алады

  • Код ON2

    заманауи педагогикалық технологияларға және коммуникативті қабілетке ие

  • Код ON9

    көлік техникасын жасау, пайдалану және қызмет көрсету үдерістерін ұйымдастыруды біледі

  • Код ON12

    автоматтандырылған және роботталған кешендердің құрылымдық және жинақтау схемасын, кинематикасын құрастыра біледі

Top