Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04106 Бухгалтерлік есеп, аудит және салық консалтингі в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

  • Құқық негіздері
    Несиелер: 5

    Мемлекет пен құқық теориясының негіздері. Конституциялық құқық. Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру. ҚР әкімшілік құқық негіздері. Азаматтық құқық негіздері. Еңбек құқығының негіздері. Қылмыстық құқық негіздері. Қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтар негіздері. Қаржылық құқық негіздері. Салықтық құқық негіздері. Экологиялық және жер құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Микроэкономика
    Несиелер: 3

    Микроэкономика пәні мен әдістері. Экономиканы реттеудің нарықтық механизмі. Сұраныс және ұсыныс икемділігі. Салықтардың әсері. Тұтынушының қылығының теориясы. Сұраныстың салыстырмалы статикасы және талдау. Өндіріс теориясы. Өндіріс шығындары. Жетілдірілген бәсеке жағдайындағы фирма қылығы. Монополист фирманың қылығы. Монополиялық бәсеке және олигополия жағдайындағы фирманың қылығы. Жалпы тепе-теңдік және экономикалқы тиімділік. Қоғамдық игіліктер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономикадағы математика
    Несиелер: 5

    Матрицалар және анықтауыштар. Сызықтық алгебралық теңдеулер және теңсіздіктер жүйесі. Векторлар және векторлар жүйесі. Түзу және жазықтықтар. Функциялары, шегі, үздіксіздігі. Функцияның туындысы және дифференциалы. Экономикалық талдаудағы дифференциалдық есептеулер. Экономикалық-математикалық модельдеу. Математикалық бағдарламалау есептері. Қолданбалы математикалық модельдер. Ықтималдықтар теориясының және математикалық статистиканың негізгі ұғымдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экономикалық теория
    Несиелер: 5

    Экономикалық теорияны зерттеу пәні мен әдістері. Қоғамдық өндіріс негіздері. Экономикалық жүйелер. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы рөлі. Капитал: мәні мен формалары. Еңбек және капитал нарығы. Факторлық кірістерді қалыптастыру. Жер рентасы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Циклдылығы. Жұмыссыздық және оның түрлері. Инфляция және оның түрлері. Экономикалық өсім. Әлемдік экономика.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 3

    Кәсіби орыс (қазақ) тілін, мал шаруашылығы саласындағы негізгі ұғымдар мен анықтамаларды, теориялық және практикалық кәсіби терминдерді біледі; күнделікті және кәсіби қарым-қатынаста орыс (қазақ) тілін қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бухгалтерлік есеп негіздері
    Несиелер: 5

    Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде. Бухгалтерлік есептің нормативтік құқықтық базасы. Бухгалтерлік есептің функциялары. Бухгалтерлік баланс. Шоттар және екі жақты жазу. Бухгалтерлік проводкаларды құрастыру. Шоттар корреспонденциясы. Бухгалтерлік есептің құндық өлшемі. Бухгалтерлік есеп нысандары. Қаржылық есептілік негіздері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Макроэкономика
    Несиелер: 6

    Макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық кірісті өндіру және бөлу. Макроэкономикалық тұрақсыздық. Нарықтық тепе-теңдіктің макроэкономикалық модельдері: АD-AS моделі. Тұтыну және жинақ. Мемлекеттік бюджет. Фискалдық саясат. Ақша сұранысы мен ұсынысы. Монетарлық саясат. Базарлардың өзара іс-қимылы. IS-LM моделі. Төлем балансы және валюталық бағамдар. Айырбас бағамының режимдері және жиынтық сұраныс. Халықаралық сауда және сауда саясаты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Менеджмент
    Несиелер: 5

    Қазіргі ұйымдағы менеджердің рөлі, функциялары және міндеттері. Ұйымдағы негізгі бизнес-процестер. Ұйымдастыру жоспарлаудың түрлері мен әдістері. Ұйымдастыру құрылымдарының түрлері, ішкі бақылаудың негізгі түрлері мен процедуралары. Басқару шешімдерінің түрлері және оларды қабылдау әдістері. Ұйымдағы адамдардың өзара әрекеттесуінің негізгі теориялары мен ұғымдары. Ұйымдастыру мәдениетінің түрлері және оларды қалыптастыру әдістері. Салааралық байланыс. Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологияларды басқару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Маркетинг
    Несиелер: 5

    Маркетингтік орта. Маркетингтік зерттеулер және маркетингтік ақпарат жүйесі. Нарықты сегменттеу және тауарды оңтайландыру. Тұтынушылар нарығындағы сатып алушылардың мінез-құлқы. Маркетинг жүйесіндегі тауар. Маркетингтегі баға және баға белгілеу. Тауарларды жылжыту: жарнама, өткізуді ынталандыру және байланыс жүйесі. Маркетингтегі жоспарлау және бақылау. Халықаралық маркетинг. Коммерциялық емес қызмет саласындағы қызметтер маркетингі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Статистика
    Несиелер: 6

    Статистика пәні. Статистикалық бақылау, деректерді жүйелеу, оларды ұсыну. Абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер. Вариацияның орташа шамалары мен көрсеткіштері. Бизнес-үдерістердің статистикалық зерттеулеріндегі іріктеу әдісі. Гипотезаларды статистикалық тексеру. Бизнес-процестердің динамикасын статистикалық зерттеу. Экономикалық индекстер. Экономикалық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу. Арнайы бағдарламалық құралдардың көмегімен деректерді статистикалық талдау (IBM SPSS, STATISTICA, MS Excel).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қаржы
    Несиелер: 5

    Қаржының негіздері. Қаржыны басқару және ұйымдастыру. Мемлекеттік қаржы. Мемлекеттің ақша-несие саясаты. ҚР Ұлттық банкі. Қаржы нарығы және делдалдары. Екінші деңгейлі банктер және парабанктік институттар. Сақтандыру және сақтандыру нарығы. Халықаралық қаржы. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы және оларды қаржыландыру көздері. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстары. Үй шаруашылығы жүйесіндегі жеке қаржы. Халықтың өмір сүру деңгейінің мемлекеттік индикаторы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Іскерлік қарым-қатынас
    Несиелер: 4

    Байланыс тұжырымдамасы және басқарудың рөлі, ұйымдастырушылық қарым-қатынас және оның кедергілер. Байланыс желілерінің түрлері. Аудиторияға арналған сөз. Іскерлік қарым-қатынас психологиясы. Іскерлік коммуникациядағы коммуникативтік мәдениет. Іскерлік қарым-қатынас формалары. Ұйымды басқару. Ақпараттық қауіпсіздік. Байланыс жасырын аспектілері. Жанжалдар мен қақтығыстарды басқару тәсілдері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Шет тілінде оқу, аударма, жазу, тыңдау және сөйлеуді біледі; арнайы тақырыптарды түсінеді; мал шаруашылығы саласындағы терминологиялық сөздікті қолданады; ағылшын тілінде тақырыптық мәселелерді талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қаржылық есеп 1
    Несиелер: 5

    Ақша қаражаттары және оның баламалары. Ақшаның уақыттық құны. Дебиторлық берешек және басқа да активтер есебі. Қорлар есебі. Негізгі құралдар есебі. Материалдық емес активтер есебі. Активтердің құнсыздануы.Ұйымның міндеттемелер есебі. Түсім, табыс пен шығындарды мойынду. Капитал мен резервтер есебі. Қаржылық есептілікті ұсыну.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру
    Несиелер: 4

    Іс қағаздарын жүргізуді нормативтік-әдістемелік реттеу. Бухгалтерияда іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырудың негіздері. Құжаттарды дайындау мен рәсімдеу ережелері. Іскерлік құжаттардың жіктелуі. Өкімдік құжаттар. Ұйымдастырушылық құжаттар. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар жүйесі. Іскерлік хат алмасу. Құжат айналымын ұйымдастыру. Электрондық құжат айналымы. Іс қағаздарының құпиялылығы. Қаржылық және басқарушылық құжаттарды жүйелеу мен сақтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Арнайы мақсаттар үшін ағылшын тілі
    Несиелер: 3

    Пән берілген мамандық бойынша жалпығылыми терминология мен терминологиялық іштілді меңгеруге бағытталған және коммуникативті қызметтің төрт түрі бойынша дағдыларды қалыптастырады: мамандық бойынша түпнұсқалық мәтіндерді толық түсініп оқу, мамандық мәселесі бойынша эссе жаза білу, кәсіби ақпаратты қамтитын түпнұсқалық хабарламаларды тыңдау дағдылары, мамандық бойынша пікірталас дағдылары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына кіріспе (ҚЕХС)
    Несиелер: 5

    ҚЕХС пайда болу және енгізу тарихы. ҚЕХС реттеуші органдар құрылымы. Бухгалтерлердің кәсіби этикасы. Стандарттарды қабылдау үрдістері. Халықаралық үйлестіру. Қаржылық есептілікті дайындаудың тұжырымдамалық негіздері. Пайдалы қаржылық ақпараттың сапалық сипаттамалары. Қаржылық есептілік элементтері мен оларды тану белгілері, бағалау. Қаржылық есептілікті дайындаудың мақсаты және негіз қалаушы жорамалдары. Қаржылық есептілік компоненттері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру
    Несиелер: 5

    1С:Бухгалтерия жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеуінің негізгі принциптері. Интерфейс және жүйенің объектілері. Есеп айырысу шоты мен кассалық операциялардың есебі. 1С:Бухгалтерия жүйесінде кадрлар мен еңбек ақы есебі. Негізгі құралдардың есебі. Материалдық емес активтердің есебі. Қорлар есебі мен сауда операцияларының есебі. Типтік операциялар. 1С:Бухгалтерия жүйесінде қорытынды жасау. Регламенттелген есептіліктің үлгілерін толтыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Салықтар және салық салу
    Несиелер: 5

    Салықтар мен салық салудың негіздері. Жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне салық. Көлік құралдарына салық . Жер салығы. Қосылған құн салығы. Акциздер. Ойын бизнесіне салық. Тіркелген салық. Корпорациялық табыс салығы. Жеке табыс салығы. Әлеуметтік салық. Арнайы салық режимі. Алымдар, баж және төлемдер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Кәсіпорын экономикасы
    Несиелер: 5

    Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігінің мәні және оның көрсеткіштерінің жүйесі. Кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталы. Еңбек ресурстары, кәсіпорынның кадрлық саясаты және кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау. Еңбекке ақы төлеу. Өнімді өндіру мен өткізу шығындары. Кәсіпорынның экономикалық стратегиясы. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Аудиттің халықаралық стандарттарына (АХС) кіріспе
    Несиелер: 5

    Аудиттің мақсаты, мазмұны және мәні. ҚР аудиторлық қызметті нормативтік реттеу жүйесі. Аудиттің халықаралық стандарттарының тағайындалуы және аудиторлардың кәсіби этикасы. Стандарттардың негізгі топтарының мазмұны, жіктелуі және сипаттамасы. Аудиттің типтері. Аудиторлық тәуекел және оның құрамдастары. Аудиттағы іріктеу. Аудиторлық тексерісті жоспарлау. Аудиторлық есеп: дайындау мен ұсыну тәртібі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Экономикалық талдау
    Несиелер: 5

    Экономикалық талдауды үйымдастыру. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері. Кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау. Басқарушылық талдау. Маржиналдық талдау. AuditExpert, Ваш финансовый аналитик жүйелерінде қаржылық талдау: қаржылық ақпаратты талдаудың негізгі бағыттары, қаржылық тұрақтылықты талдау, капитал құрылымының көрсеткіштері, несие және төлемқабілеттілікті талдау, рентабельділікті талдау, кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қаржылық есеп 2
    Несиелер: 5

    Кәсіпорындардың бірігуі. Шоғырландырылған қаржылық есептілік. Инвестициялық меншік. Сатуға арналған айналымнан тыс активтер. Жал есебі. Бағалау міндеттемелері. Шартты міндеттеме және шартты активтер. Қауымдасқан және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестиция. Қаржылық құралдардың есебі және бағалануы. Бірлескен қызмет. Акцияға келетін пайда. Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер және қателер. Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қаржылық есептілікті талдау
    Несиелер: 5

    Қаржылық есептіліктің мазмұны мен концептуалдық негіздері. Қаржылық есептіліктің компоненттері мен жүйе құраушы элементтері. Бухгалтерлік балансты талдаудың мақсаты мен міндеттері, оны оқу әдістемесі. Пайда мен залалдар туралы есеп көрсеткіштерін талдау әдістемесі. Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау. Қаржылық рычаг көрсеткішін есептеу әдістемесі және оның әсерін есептеу. Қаржылық есептілік деректері негізінде қаржылық тұрақтылықты талдау. Банкроттылық қаупін талдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Басқару есебі
    Несиелер: 5

    Басқару есебі туралы жалпы түсінік. Шығындарды басқару. Материалдар мен еңбекақы шығындарының есебі. Өндірістік үстеме шығындардың есебі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің тапсырыстық әдісі. Калькуляциялаудың үрдіспе-үрдіс әдісі. Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау. «Шығын – өнім көлемі - пайда» қатынасын талдау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Азаматтық құқық
    Несиелер: 5

    Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері. Заңды тұлғалардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары. Азаматтық құқық объектілері. Келісім. Өкілеттік. Сенім хат. Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Меншік құқығы және басқа да мүліктік құқықтар. Міндеттеме. Келісім-шарт. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу. Зияткерлік меншік. Банк ісі. Сақтандыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қаржылық менеджмент
    Несиелер: 5

    Қаржылық менеджменттің базалық концепциялары. Тәуекел және табыстылық. Корпоративтік тәуекелдерді басқару. Активтер портфелін басқару. Операциялық және қаржылық рычаг әсері. Несие капиталын тарту саясаты. Капитал құны. Капитал құрылымы теориясы. Дивидендтік және өндірісті дамыту саясатын басқару. Инвестициялық жобаның ақша ағынын болжау. Күрделі салымдар бюджетін оңтайландыру. Айналыс активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 3
  • Үлгілеу, талдау және аудиттің қолданбалы бағдарламалары
    Несиелер: 3

    Бухгалтерлік есеп пен аудиттегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің (ААЖ) жіктелуі. Бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды автоматтиандырудың оңтайлы нұсқасын таңдау. Бухгалтерлік есептің ААЖ. Экономикалық талдау мен аудиттің ААЖ: қаржылық талдауды автоматтандыру, ішкі басқару есебін автоматтандыру, аудитті автоматтандыру жүйелері, құқықтық және ақпараттық деректер базасы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 3
  • Құрылыстағы бухгалтерлік есеп
    Несиелер: 4

    Құрылыс өндірісіндегі есептің ерекшеліктері. Құрылыс келісім-шарты. Мердігерлік шарт. Құрылыстағы материалдық шығындар есебі. Құрылыстағы еңбекақы есебі. Құрылыс машиналары мен механизмдерін ұстау шығындары. Үстеме шығындар есебі. Қосалқы және көмекші өндіріс шығындарының есебі. Орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын құжаттық рәсімдеу. Құрылыстағы қаржылық есептілік және қаржылық нәтижені анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 3
  • Салықтық құқық
    Несиелер: 5

    Салық құқығының негіздері. Салық құқығының субъектілері. Мемлекеттің салықтық қызметі. Салықтық құқық қатынастары. Салық нормалары. Салық төлеушінің салықтық міндеттемелер бойынша жауапкершілігі. Салық төлеушілердің мүліктік құқығын қорғау. Салық салуды мемлекеттік басқару және бақылау. Салық салу облысындағы халықаралық шарттар. Еуразиялық экономикалық одақтағы халықаралық салықтық-құқықтық реттеу. Салықтық заң бұзушылықтар үшңн заңдық жауапкершілік.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 3
  • Кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер. Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнес-жоспарлау. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпкерлік мәмілелерді ұйымдастыру. Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау тәсілдері. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі. Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы. Кәсіпкерлік аясындағы бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін Project Expert жүйесінде талдау және бағалау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 3
  • Салықтық менеджмент
    Несиелер: 5

    Корпоративтік салықтық менеджмент қаржыны басқару құралы ретінде. Салық менеджментін ақпараттық қамтамасыздандыру: түсінігі, әдістері, қалыптастыру тәсілдері. Салық менеджментін құжаттармен қамтамасыздандыру. Салықтық төлемдерді жоспарлау. Кәсіпорынның салықтық жүктемесін талдау. Корпоративтік салықтық менеджмент жүйесіндегі басқару шешімдерінің тиімділігін бағалау. Корпоративтік салықтық менеджменттің шетелдік тәжірибесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
    Несиелер: 4

    41 «Ауыл шаруашылығы» ҚЕХС сәйкес анықталатын ауыл шаруашылығы өндірісіндегі бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. Биологиялық активтер есебінің ерекшеліктері. Тұқым, мал азығы мен басқа материалдардың есебі. Өсірудегі және бордақылаудағы малдардың есебі. Ауыл шаруашылығы өндірісі өнімі мен оны өткізудің есебі. Өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау. Ауыл шаруашылығында қаржылық есептілікті дайындау мен қаржылық нәтижелерді анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Салық есебі және есептілігі
    Несиелер: 6

    Салық есебінің саясаты. Салық есептілігі. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының есебі (ҚЕХС (IAS) 12). Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерімдерінің есебі. Арнаулы салық режимі. Залалдардың салық есебі. Жылдық жиынтық табыс және одан жасалған шегерімдер бойынша декларация. Салық есебінің барлық нысандарын салық есептілігін өңдеу жүйесінде (СЕӨЖ) толтыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тиімділікті басқару
    Несиелер: 5

    Тиімділікті басқарудың ақпараттық жүйелері, басқару мәліметтерінің көздері..Шешімдер қабылдау әдістері. Анықсыздық шарттарында зиянсыздық деңгейін талдау (CVP-талдау). Бюджет және бақылау: бюджеттеу тиімділігі. Өзіндік құнды функционалды калькуляциялау (АВС) негізінде сметалар құрастыру. Жоспарлы және жедел ауытқулар. Трансфертті баға қалыптастыру. Жауапкершілік орталықтары бойынша қызмет нәтижесін бағалау. Сыртқы факторлардың ықпалын бағалау және сипаттамалық аспектілер. Басқару есептілігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Аудит және ілеспе қызметтер
    Несиелер: 6

    Сыртқы аудит. Кәсіпорынды және оның ортасын түсіну. Аудиторлық тәуекелді бағалау. Алаяқтық және заң нормалары. Аудитті жоспарлау және аудиторлық құжаттар. Аудиторлық іріктеу және тестілеудің басқа да тәсілдері. Жекелеген баптар аудиті. Сарапшылар жұмысы. Жазбаша өтініштер. Аудиторлық қызмет түрлері бойынша аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану ерекшеліктері. Аудиторлық қорытынды. Аудит барысында ақпараттық жүйелерді пайдалану. Аудиторлық IT-тәуекелдер.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қызмет көрсету аясындағы бухгалтерлік есеп
    Несиелер: 4

    Қызмет көрсету аясындағы есептің ерекшеліктері. Көтерме және бөлшек саудадағы тауарлар қозғалысының есебі. Қорлар есебінің жүйелері. Тауарларды өткізу есебі. Туристік (қонақ үй) бизнестегі туристік өнімнің өзіндік құнын қалыптастырушы шығындардың есебі. Туристік өнімді (қонақ үй қызметі) өткізудің есебі. Қызмет көрсету аясы бизнесінде қаржылық есептілікті дайындау және қаржылық нәтижелерді анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Салықтық аудит және тәуекелдер
    Несиелер: 6

    Салықтық аудитке кіріспе. Салықтық аудиттегі кәсіби міндеттер. Аудиторлық дәлелдемелер. Салықтар бойынша аудитті жоспарлау. Салықтық аудиттегі аудиторлық тәуекелді бағалау. Халықаралық экономикалық қызмет. Салықтық аудитте үшінші тараптың қызметін қолдану. Салықтық аудит сапасын бақылау. Салықтық аудитордың қорытындысы. Есептерді (қорытындыны) рәсімдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 3
  • Мемлекеттік аудит
    Несиелер: 6

    Мемлекеттік аудиттің нормативтік базасы. Мемлекеттік аудит объектісінің бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілігінің негізділігін, дұрыстығын бағалау. Мемлекеттік аудитке жататын объекті қызметтерінің тиімділігі, үнемділігі, өнімділігі мен нәтижелілігінің аудиті. Тиімділік аудиті. Мемлекеттік аудит объектілерінің ҚР заң нормаларын сақтауын бағалау, тексеру. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша аудиторлық қорытынды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 3
  • Салық консалтингі
    Несиелер: 6

    Салықтық кеңес беруге кіріспе. Салықтық кеңес берудегі кәсіби іс-әрекеттер негізі. Салықтық кеңес беру жөніндегі келісім-шарттар. Салықтық кеңес берудегі кәсіби міндеттер. Салықтық кеңес беру үлгілерін таңдау. Салықтық кеңес беру кезеңдері. Салықтық кеңес берушінің құжаттары. Салықтық кеңес берушінің процедуралары. Салықтық кеңес берушінің қорытындылары. Салықтық жоспарлау мен заң аясындағы оңтайландырудағы бизнес үлгілерді дайындау. Кеңес берушінің құқықтық жауапкершілігі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 3
  • Код ON3

    Кәсіби қызметте азаматтық және қаржылық құқық нормаларын қолдана алу қабілеттілігі.

  • Код ON8

    Бухгалтердің кәсіби этикасының талаптарын сақтай отырып экономикалық субъектілердің қызметінің кез-келген бөлімшесінің қаржылық, салықтық және басқарушылық есебін ұйымдастыру мен жүргізе алу қабілеттілігі.

  • Код ON7

    Қаржылық, бухгалтерлік және статистикалық есептіліктерді дайындау, талдау мен түсіндіре алу және талдау нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдауда қолдана алу қабілеттілігі.

  • Код ON1

    Микро және макро деңгейдегі экономикалық құбылыстардың табиғатын мазмұнды түсіндіре алу мен талдау қабілеттілігі.

  • Код ON2

    Деректерді жинау, өңдеу мен математикалық, экономикалық-статистикалық талдау, өз зерттеулерінің нәтижесін аналитикалық шолу, тезистер түрінде ұсыну мен презентация түрінде рәсімдей алу қабілеттілігі.

  • Код ON4

    Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде өзара әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас орната алу қабілеттілігі.

  • Код ON10

    Салықтық кеңес берушінің кәсіби іс-әрекетінің негізгі қағидаларын, тиімді салық консалтингінің ұйымдастырушылық және әдістемелік технологияларын ұстану негізінде салықтық кеңес беруді жүзеге асыра алу қабілеттілігі.

  • Код ON9

    Аудитордың кәсіби этикасының талаптарын сақтай отырып аудиторлық процедураларды жүзеге асыру мен аудиторлық қызметпен байланысты басқа да қызметтерді көрсету алу қабілеттілігі.

  • Код ON12

    Игерген білімдерді тәжірибеде қолдана алу, білім алуды жалғастыру мен өздігінен білім алуға дайын болу қабілеттілігі.

  • Код ON5

    Кәсіби қызметте бухгалтерлік есеп, аудит пен салық салу облысындағы отандық және халықаралық нормативтік құжаттарды, стандарттарды қолдана алу қабілеттілігі.

  • Код ON11

    Экономикалық субъектіде бухгалтерлік-аналитикалық және бақылау функцияларын орындау барысында қолданылатын арнайы бағдарламалық өнімдер ортасында тиімді жұмыс істей алу қабілеті.

  • Код ON6

    Кәсіби қызметте ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді қабылдау мен оларға жауапкершілік алу қабілеттілігі.

Top