Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08172 Өсімдік шаруашылығы в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік қабілеті бар, аймақтың және елдің экономикалық, ғылыми-техникалық дамуының заманауи жағдайында өсімдік шаруашылығының жоғары тиімді технологияларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша кәсіби қызмет жасай алатын, ауылшаруашылығы өндірісінде, өсімдік шаруашылығы аясында педагогикалық қызмет және ғылыми-зерттеулер жүргізетін, түрлі меншіктегі ауылшаруашылық мекемелерінде басқарушылық қызмет атқаратын ғылыми-педагогикалық білімі бар, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M131 Өсімдік шаруашылығы
  • Дайындық бағыты 7M081 Агрономия
  • Шеттілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Бұл пән шеттілдік білім беру үдерісінде білім алушылардың мәдениетаралық-коммуникативтік құзіреттерін жеткілікті және базалық жеткілікті деңгейлерінде қалыптастыратын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 2

    Білім алушылардың бойында дүниені танудың негізгі мәселелерін және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру. Ғылым тарихы мен философиясының түбегейлі мәселелерін, олардың салааралық байланыстылығын философиялық әдістемелік тұрғыдан түсіндіріп, ғылыми ойлау мәдениетін, сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер беру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Органикалық егіншілік
    Несиелер: 5

    Органикалық егіншілік – егіншілік жүйелерінің баламалы бағыты. Биологиялық егіншілікте топырақ құнарлылығын қалпына келтіру. Баламалы егіншілікте ауылшаруашылық дақылдарын биологиялық бағалау. Экологиялық қауіпсіз ауылшаруашылық өнімін өндіру. Органикалық егіншіліктегі ауыспалы егіс және топырақ өңдеу жүйесі. Органикалық егіншіліктегі органикалық және минералдық тыңайтқыштардың маңызы. Баламалы егіншілік жүйелерін салыстырмалы бағалау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ауылшаруашылық дақылдарының минералды қоректенуі
    Несиелер: 5

    Өсімдіктің химиялық құрамы. Қорек элементтерінің өсімдікке енуі. Қорек элементтерінің сіңірілу теориясы. Өсімдіктің қоректенуіне және тыңайтқыш қолдануға байланысты топырақ қасиеттері. Топырақ құрамы. Топырақтың қоректік заттарды сіңіру қабілеті. Тыңайтқыш түрлері, органикалық және минералды тыңайтқыштардың маңызы, қасиеттері. Түрлі ауылшаруашылық дақылдарының тыңайтқыш қолдану жүйесі. Тыңайтқыштардың өнімділікке және өнім сапасына әсері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 5

    Психологиялық зерттеу әдістері мен байқаулар негізінде ие болған теориялық білімдерді практикалық тұрғыдан үйрену біліктілігі мен дағдысын бекітуді өзінің мақсаты етіп қояды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдік шаруашылығындағы аспаптық әдістер
    Несиелер: 5

    Зерттеудің аспаптық әдістері жайлы түсінік.Топырақ пен өсімдікті агрофизикалық, агрохимиядық және биологиялық зерттеудің заманауи әдістері. Талдауға дайындау. Үлгі алу ерекшеліктері. Этикетка жапсыру, тасымалдау, кептіру, сүзгілеу, майдалау, сақтау. Өсімдіктің өсу ортасының физикалық жағдайын аспаппен анықтау. Өсімдіктерді және олардың өсу орталарын зерттеудің биохимиялық және химиялық әдістері. Өсімдіктің өсу ортасының биологиялық қасиеттерін аспаппен анықтау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 5

    Педагогика курсы магистранттарды қазіргі таңдағы психология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері мен тұлға дамуы туралы білім бере отырып, психологиялық құбылыстар заңдылықтары туралы ғылыми көзқарас қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Өсімдік шаруашылығындағы инновациялық технологиялар
    Несиелер: 3

    Күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсірудің инновациялық технологиялары. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерді өсірудің қарқынды технологиялары. Ерте астық дақылдарының қарқынды өсіру технологиялары. Көкөніс шаруашылығындағы, бақша шаруашылығындағы инновациялық технологиялар. Ғылымның заманауи жетістіктері мен озат тәжірибені ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің озық технологияларын әзірлеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстанның перспективалы ауылшаруашылық дақылдары
    Несиелер: 5

    Болашағы зор дәнді дақылдар түрлері. Жұмсақ және қатты бидайдың, арпаның тарының, күріш пен қарақұмықтың өнімді сорттары. Дәнді дақылдарды өсіру және дән сапасын жақсарту. Жаздық бидай - негізгі азық-түліктік дақыл. Күріш өсіру технологиясы. Майлы дақылдар түрлері. Картоптың, көкөніс - бақша дақылдарының маңызы және азық- түліктік құндылығы. Дәнді бұршақ дақылдарының топырақ құнарлылығын қалпына келтірудегі және өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісін арттырудағы ролі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдік қорғаудың біріктірілген әдістері
    Несиелер: 4

    Біріктірілген қорғаудың жүйеқұраушы элементтері. Егіншілік жүйесімен қалыптасқан агроэкологиялық жүйенің барлық тізбектерінде фитосанитарлық бақылаудың әдістері мен тәсілдері. Фитоценозға зиянды ағзалардың көбеюі мен дамуынан келетін қауіпті болдырмау үшін агроэкожүйеге немесе оның жеке агроценоздарына алдын- ала әсер ету әдістері мен тәсілдері. Биологиялық препараттар мен өсімдік қорғаудың белсенді құралдарын қолданудың әдістері мен тәсілдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағдарламалау
    Несиелер: 5

    Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін бағдарламалаудың мақсатқа сәйкестілігі және сенімділігі. Өсімдіктің фотосинтетикалық өнімділігі. Тыңайтқыш жүйесінің биологиялық белгілері. Өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуі. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін болжау мен бағдарламалаудың әдістері. Жоспарланған өнімділік пен өнім сапасын алу технологиясы. Бағдарламаланған өнімді алудың технологиялық сызбасын құрастыру әдістемесі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бейімделген егіншілік
    Несиелер: 5

    Бейімделген егіншіліктің теориялық негіздері. Егіншілік қарқындылығының әртүрлі деңгейінде топырақ өңдеудің міндеттері. Топырақтың түрлі типтерінің жырту қабатын тереңдету және құнарландыру. Суармалы егіншілік жағдайында күріш ауыспалы егісі дақылдарының топырағын өңдеу. Топырақ өңдеу жүйесі. Тұқым себу және топырақты тұқым сепкеннен кейін өңдеу. Эрозияға қарсы топырақ өңдеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдік шаруашылығындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Зерттеу нысанын таңдау.Міндеттердің өзектілігін негіздеу.Ақпараттық ізденіс және зерттеу әдістемесін жасау.Ғылыми зерттеуді жоспарлау.Ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдау және оның технико-экономикалық негіздемесі.Ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудың негізгі кезеңдері.Эксперименттің негізгі түрлері.Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау. Ғылыми есеп, оның мазмұны. Аңдатпа және мазмұндама. Мақалалар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің инновациялық технологиялары
    Несиелер: 5

    Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің ғылыми негіздері. Өсімдік шаруашылығының өнімдерін сақтау мен өңдеудің жағдайы және болашағы. Өнім сапасын көтеру жолдары. Сапаның кешенді көрсеткіштері. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтаудың қағидалары. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтаудың режимдері мен әдістері, дәнді және майлы тұқымдарды өңдеу. Картопты, көкөніс және жемістерді сақтау және өңдеу технологиялары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өсімдік селекциясындағы заманауи технологиялар
    Несиелер: 5

    Биохимиялық және молекулярлық маркерлер. Полимераздық тізбектік реакция. Маркерлерді іздеу және жасау. Маркерлік селекция негіздері. Баламалар жасаудағы маркерлік селекция. QTL гендерін карталау. Тәжірибелік селекцияда QTL пайдалану. Хромосомдық инженерия. Гендік өзгерген ағзалар

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON1

    Жоғары мектеп педагогикасы саласындағы психологиялық ғылымның жетістіктерін кәсіби деңгейде қолданады, тіл білімі саласындағы білімі мен түсінігін көрсету, басқарудың экономикалық әдістерін меңгереді,; шетел тілі, менеджмент, басқару психологиясы саласындағы мәселелерді шешу және дәлелдерді қалыптастыру; әріптестермен және білім алушылармен қарым-қатынас жасауды ұйымдастырады, түрлі әлеуметтік желілерде қажетті материалды өз бетінше меңгере біледі.

  • Код ON2

    Әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының тыңайтқыш қолдану жүйесін әзірлейді. Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және экологиялық қауіпсіз өнім өндіру үшін органикалық егіншілікті енгізеді. Бейімделген егіншілік жайлы білімін өндірісте және ғылыми–педагогикалық қызметте пайдаланады. Түрлі деңгейдегі агротехнологиялар үшін ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін бағдарламалау әдістерін қолданады. Қазақстанның болашағы зор ауылшаруашылық дақылдары түрлерінің талаптары мен биологиялық ерекшеліктерін біледі.

  • Код ON5

    Диссертация жазу үшін ауылшаруашылық дақылдарының минералды қоректенуі, органикалық және бейімделген егіншілік, өсірудің инновациялық технологиялары, өсімдікті біріктірілген қорғау жайлы материалдарды қолданады. Ғылыми жұмыстың тиімділігін бағалау әдістерін қолданады.

  • Код ON3

    Ауылшаруашылық дақылдарының инновациялық өсіру технологиялары бойынша білімін өндірісте және ғылыми педагогикалық қызметте қолданады. Ауылшаруашылық дақылдарыныңжаңа сорттары мен будандарын шығарудың және өсімдік қорғаудың біріктірілген заманауи әдістерін пайдаланады. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің заманауи технологияларын қолданады.

  • Код ON4

    Өсімдік шаруашылығында ғылыми-зерттеулерді жоспарлайды және ұйымдастырады. Мақалалар және диссертация жазу үшін зерттеу нәтижелерін өңдейді және талдайды. Топырақ пен өсімдікті агрофизикалық, агрохимиялық және биологиялық зерттеудің заманауи әдістерін пайдаланады. Өсімдіктің өсу ортасының физикалық жағдайын аспаппен анықтайды.

Top