Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02234 Археология және этнология в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В02234-Археология және этнология білім беру бағдарламасының мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ғылыми мекемелерінде ұйымдастырушылық және ғылыми қызметтерді жүзеге асыруға бағдарланған, археология мен этнология бойынша терең теориялық білімі бар, қазіргі заманғы ғылыми-зерттеу әдістерін меңгерген, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие жоғары білімді мамандарды даярлау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B134 Археология және этнология
  • Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
  • Тарихилыққа дейінгі адамзат эволюциясы
    Несиелер: 3

    Курста тарихилыққа дейінгі адамның пайда болуы қарастырылады. Білім алушылар шаруашылықтың, қоныстардың пайда болуы, мемлекеттердің пайда болу алғышарттары туралы біледі; адамның алғашқы қоғамының қалыптасуының және дамуының негізгі кезеңдері мен мәселелерін түсінеді; арихилыққа дейінгі адамзаттың қоныс аударуымен және құрлықтарға таралып орналасу үдерістерін талдайды; ежелгі адамдардың діни нанымдары және мәдениеті, тілдің шығуы мәселелерін сараптайды, бағалайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Археология негіздері
    Несиелер: 5

    Пән археология ғылымының қалыптасу тарихын, негізгі ұғымдарын оқытады. Білім алушылар археологиядағы тас, қола, темір дәуірінің ерекшеліктерін біледі; археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктерін түсінеді; ортағасырлық қалалар мен олардың құрылымдарын талдайды; археологиялық зерттеулер тарихын бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Археологияға кіріспе
    Несиелер: 5

    Пән археология ғылымының пайда болуы, алғашқы археологиялық қазбалар тарихы туралы тақырыптарды қамтиды. Білім алушылар Египет, Месопотамия, Еуропа, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Америкадағы археологиялық ескерткіштердің ашылуы туралы біледі; Батыс және Шығыс археологиясының қалыптасу тарихын түсінеді; археология теориясын меңгереді; археологиялыққ ескерткіштердің түрлері мен археологиялық зерттеу әдістері туралы білімдерін жинақтайды; археология ғылымының маңызын бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан
    Несиелер: 5

    Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні курсы алғашқы қауымдық қоғам кезінен бастап ХVІІІ ғасыр басына дейінгі Қазақстан жеріндегі ең маңызды тарихи мәселелерді оқытады. Білім алушылар Қазақстанның ежелгі тарихын біледі; өңір аумағындағы түрлі этникалық құрылымдардың құрылуын түсінеді; ерте орта ғасырдағы түркі тілдес тайпалық одақтар мемлекеттерінің тарихы, моңғол дәуіріндегі Қазақстан тарихы туралы білімдерін жинақтайды; қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы туралы білімдерін ьалдайды; көшпелі қоғамның мәдени құндылықтары туралы тарихи мәліметтерді бағалайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мұражайтану негіздері*
    Несиелер: 3

    Курсты оқу барысында студенттер дүние жүзіндегі мұражай ұйымдарының тарихын біледі; отандық музейтану ісінің дамуымен танысады; мұражай материалдарын жинау, қалпына келтіру, бағалау, пайдалану және сұрыптау туралы білімдерін жинақ тайды; мұражай залдарын безендіру дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі және орта ғасырлардағы дүниежүзі тарихы
    Несиелер: 5

    Курстың мазмұнында ежелгі және ортағасырлық мемлекеттер мен өркениеттердің пайда болу тарихы, олардың даму кезеңдері мен заңдылықтары, ежелгі және орта ғасырлардағы ерекшеліктер, тенденциялар, саяси, экономикалық, мәдени қатынастар қарастырылады. Ежелгі Шығыс пен батыс халықтарының әлемдік мәдениетке қосқан үлесін бағалайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақстанның тас ғасыры
    Несиелер: 4

    Курс Қазақстанның тас ғасырына арналған. Білім алушылар Қазақстан жеріндегі тас дәуірінің ескерткіштерін біледі; Қазақстанның тас дәуiрiнің зерттелуі мен мерзімделуі мәселелерін түсінеді, тас дәуірі тұрақтарының орналасу ерекшеліктерін талдайды; неолит және энеолит ғасырларының адамзат тарихындағы маңызы туралы білімдерін жинақтайды, бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тарихи антропология
    Несиелер: 4

    Пән антропология ғылымының пайда болуы, қалыптасуы туралы білімдерді қамтиды. Білім алушылар заманауи зерттеулердегі аса ықпалды бағыттардың бірі болып табылатын тарихи антропология туралы біледі; микротарих, күнделікті өмір тарихы, жаңа мәдени тарих ұғымдарын түсінеді; тарихи-антропологиялық бағыттағы жұмыстардың жалпы сипатымен қатар жекелеген мектептердің (Франция, Италия, Германия, АҚШ, Ұлыбритания) ерекшеліктерін талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қосалқы тарихи пәндер
    Несиелер: 4

    Пән тарихқа қосымша пәндерді оқытады. Білім алушылар генеология, геральдика, нумизматика т.б пәндер туралы біледі; олардың тарихи-деректік маңызын түсінеді; тарихқа қосалқы пәндердің құжаттық, деректік ролін анықтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Этнологияға кіріспе
    Несиелер: 4

    Пән этнология ғылымының терминдік-анықтамалық аппаратын, этнографиялық деректер мен зерттеу әдістерін оқытады. Білім алушылар этнология ғылымының қалыптасу тарихын біледі; этнологиялық мектептер мен әлем халықтарын классификациялау принциптерін түсінеді; этнос теориясын, этногенез және этникалық тарихтың теориялық аспектілерін талдайды; мәдениет және этникалық психология негіздері, этникааралық коммуникация мәседлелері туралы білімдерін жинақтайды; этникалық жанжал, оны шешу және болдырмау жолдары туралы тұжырымдарды бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экология және тұрақты даму, Кәсіпкерлік
    Несиелер: 5

    Курста табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастырылады; студент кәсіпкерліктің негізгі мәселелерін біледі; экологияландыру және қоршаған ортаға жауапкершілікті түсінеді; табиғатты дұрыс пайдаланбау салдарларын талдайды; кәсіпкерліктің теориялық және практикалық аспектілерін жан-жақты бағалайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    «Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәні ХУІІІ ғасырдың басынан бастап 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихын аралығын қамтиды. Білім алушылар қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі туралы біледі, Қазақ хандығының шектес елдермен өзара қатынастарының өзекті проблемаларын талдайды; қазақ халқының дәстүрлі қоғамдық-саяси жүйесіне енгізілген жаңалықтарды сараптайды; ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және Қазақстан аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары туралы білімдерін жинақтайды; Қазақстанның жаңа заман тарихының маңызын бағалайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәдени антропология
    Несиелер: 5

    Пән антропология ғылымының мәдени бағытын қамтиды. Білім алушылар мәдени антропологияның қалыптасуы туралы біледі; этностардың, мәдениеттердің пайда болуы туралы түсінеді; әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің этнос өміріндегі мәні мен маңызын сараптайды; батыс елдеріндегі мәдени антропология бағытының ерекшеліктерін талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Дүниежүзілік өркениет тарихы
    Несиелер: 5

    Пән дүниежүзілік өркениет тарихын оқытады. Білім алушылар мәдениет пен өркениетті зерттеудің әдістемелік-философиялық мәселелерін біледі; мәдениет пен өркениеттегі дәстүр мен жаңашылдық үрдістерін түсінеді; ежелгі, ортағасырлық, Батыс-Шығыс өркениеттерін талдайды; жаһандану үдерісінің теориялық және практикалық мәселелерін бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының тарихы
    Несиелер: 5

    Курста түркі тілдес халықтардың ежелгі және орта ғасырлардағы ортақ тарихы қарастырылады. Білім алушылар түркі халықтарының ортақ арғы тегі саналатын сақтардың, ғұндардың, көк түріктердің және одан тараған этностар мен мемлекеттердің саяси және мәдени тарихын біледі; түркі тілдес халықтардың өткенін, бүгінін және болашақ интеграциясын түсінеді; түркітілдес этностар мен ұлыстардың шаруашылығы, мәдениеті, саяси өмірі, салт-дәстүрі және әдет-ғұрпы туралы білімдерін жинақтайды және бағалайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Курста жаңа және қазіргі тарих бойынша адамзат тарихының негізгі кезеңдері мен дәуірлері оқытылады. Білім алушылар капиталистік өндіріс әдісінің ерекшеліктерін біледі; монополиялық капитализмнің еркін капитализм дәуіріндегі геосаяси оқиғалардан ерекшеліктерін түсінеді; қазіргі адамзат тарихы мен халықаралық саяси өмірдің жаңа тарихты зерттеу үрдісіндегі тенденцияларын талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстан тарихы шетел деректерінде
    Несиелер: 5

    Курс шетел зерттеушілерінің Қазақстаннын ежелгі дәуірінен қазіргі кезеңіне дейінгі тарихына қатысты енбектерін қамтиды. Білім алушылар шетелдік тарихшылыардың Қазақстан туралы енбектерінің жазылу обьективтілігі туралы біледі; тарихнама базасын түсінеді; шетелдердегі Қазақстанды зерттеуші орталықтар туралы, олардың қазақ тарихына қатысты ой-пікірлерін талдайды; салыстырмалы талдау жасайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Әлем халықтарының этнографиясы
    Несиелер: 5

    «Әлем халықтарының этнографиясы» пәні халықтардың географиялық, лингвистикалық, антропологиялық, шаруашылық-мәдени тұрғыдан жіктелуі туралы білім береді. Білім алушылар Австралия және Мұхиттық аралдар халықтары, Америка халықтары, Еуропа халықтары, Азия халықтары, Африка халықтары туралы біледі; олардың этногенезі мен этникалық тарихын түсінеді; отарлаушылықтың зардаптарын талдайды; әлем халықтарының шаруашылығы мен дәстүрлі мәдениеті, әдет-ғұрыптары туралы білімдерін жинақтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Шетел археологиясы
    Несиелер: 5

    Пән Еуропа, Америка, Африка, Азия елдерінің археологиясын қамтиды. Білім алушылар шетел археологиясының қалыптасу тарихын біледі; әлемдік археологиялық ізденістер тарихын түсінеді; Еуропа, Азия, Америка, Африка елдеріндегі археологиялық мәдениеттер, ескерткіштер, олардың ерекшеліктері туралы талдайды; еңбек құралдарының эволюциясы, ежелгі діни наным-сенімдер мен жерлеу ғұрыптары туралы білімдерін жинақтайды; ежелгі қалалар мен олардың құрылымдарын бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстанның қола ғасыры
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстанның қола дәуiрiнің зерттелуі мен мерзімделуі мәселелері қамтиды. Білім алушылар қола дәуірі қоныстары туралы біледі; жерлеу құрылыстарының құрылымы мен жерлеу ерекшеліктерін түсінеді қола дәуірінің Қазақстан жеріндегі археологиялық мәдениеттерін талдайды; қола дәуірін ескерткіштерін зерттеудің қазіргі мәселелерін анықтайды; жаңа зерттеулер нәтижелерін бағалайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қазақстандағы сақ-сармат археологиясының мәселелері
    Несиелер: 4

    Пән Қазақстан жеріндегі ерте көшпелілер сақ, сармат тайпаларының тарихы мен археологиясын оқытады. Білім алушылар сақ, сармат тайпаларының шығу тегін біледі, сақ, сарматтардың ежелгі өнері мен дүниетанымын түсінед;, сақ, сарматтардың қоғамдық құрылысы мен шаруашылығын туралы білімдерін жинақтайды; сақ, сарматтардың мәдениетін, археологиялық кешендерін жазба деректер негізінде талдайды; сақ-сармат археологиясының хронологиясы мен кезеңделуінің негізгі мәселелерін бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Археологиялық зерттеу әдістері*
    Несиелер: 5

    Мақсат-міндеттері: Білім алушыларды археологиялық ескерткіштердің түрлерімен, археологиялық барлау және қазба әдістерімен таныстыру; білім алушыларды археологиялық барлау және қазба жұмыстарын жүргізуге үйрету. Білім алкушылар археологиялық ескерткіштердің түрлерін біледі, археологиялық ескерткіштерге барлау жүргізу әдістерін, барлаудың міндеттерін, барлау барысындағы қауіпсіздік ережелерін түсінеді, қазба жұмыстарының әдіс-тәсілдерін меңгереді, далалық сызба, күнделік, археологиялық есеп туралы білімдерін жинақтайды, қолданылатын техникалық құрал-жабдықтармен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Көшпенділер өркениеті
    Несиелер: 5

    Курс көшпенділердің өркениетін оқытады. Білім алушылар көшпенділердің тұрмыс-тіршілігі туралы біледі; көшпенді шаруашылықтың қалыптасу заңдылықтарын түсінеді; көшпенділер өркениетінің ерекшеліктерін талдайды; көшпенділер өркениетінің зерттелуі туралы білімдерін жинақтайды; көшпенділер өркениетінің құндылығын бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақстанның темір дәуірі
    Несиелер: 4

    Пән Қазақстанның темір дәуірінің зерттелуі мен кезеңделуі мәселелерін оқытады. Білім алушылар темір дәуірінің археологиялық мәдениеттері мен ескерткіштерін біледі; Есік, Бесшатыр, Берел обалары, тасмола, шірікрабат мәдениеттері, майемер кезеңінің, шілікті қорғандарының ерекшеліктерін түсінеді; темір дәуіріндегі діни наным-сенім мен жерлеу әдет-ғұрыптары, шаруашылық және қоғамдық-әлеуметтік құрылым мәселелерін талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Этнологиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 4

    Пән этнологиялық зерттеу әдістерін оқытады. Білім алушылар этнология ғылымының негізгі ғылыми мектептерін біледі; олардың зерттеу бағыттары мен әдістерін түсінеді; эволюционизм, диффузионизм, релятивизм, функционализм, структурализм әдістері туралы білімдерін жинақтайды; этнологиялық әдістерді қолданады; этнологиялық зертеулер нәтижелерін бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мұрағаттану негіздері*
    Несиелер: 3

    Курсты оқу барысында студенттер әлемдік және отандық мұрағаттану тарихымен танысады. Мұрағат түрлері мен сақтау әдістерін және олардың материалдарын пайдалануды зерттейді. Олар мұрағат ісін ұйымдастыру, құжаттарды жинау және осы материалдарды сұрыптау тарихы бойынша бастапқы білім алады және мұрағат жұмысы туралы қажетті білім жинақтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Антропология тарихы мен теориясы
    Несиелер: 5

    Білім алушылар антропология ғылымының қалыптасу тарихын біледі; эволюция теориясы туралы тұжырымдардытүсінеді; диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және структурализмге негізделген теорияларды талқылау барысында қолдана алады; процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді, релятивизм, структурализм мен постструктурализмнің түрлі салалары туралы білімдерін жинақтайды; интерпретациялық және постмодернистік көзқарастарға қатысты мәселелерді бағалайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихы(minor)
    Несиелер: 5

    Пән қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихын оқытады. Білім алушылар этногенездің түпкі негіздерін біледі; оның негізгі лингвистикалық, археологиялық, этнографиялық факторларын түсінеді; қазақ халқының шығу тегін ғылыми тұжырымдамалар негізінде талдайды, зерттейді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мұрағат материалдарын пайдалану әдістері
    Несиелер: 3

    Курста нормативтік-заңнамалық ережелерден бастап мұрағатта жұмыс істеу, тізбелермен, қорлармен, істермен жұмыс істеу, оқу залында жұмыс істеу әдістері қарастырылады. Мұрағат материалдарын пайдалану формалары мен әдістеріне көп көңіл бөлінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Далалық этнографиялық зерттеу жүргізу әдістері*
    Несиелер: 4

    Пән далалық этнографиялық зерттеу жүргізу әдістерін оқытады. Білім алушылар далалық этнографиялық зерттеу әдістерін біледі; этнографиялық экспедицияларды жасақтау мен жабдықтау, далалық зерттеулер бағдарламасын жасауды үйренеді; шаруашылық, тұрмыс, материалдық мәдениет үлгілерін жинақтайды; оларды тіркеу, дәстүр-салт, әдет-ғұрыпты зерттеу әдістерін талдайды; жинақталған деректерді өңдеу, пайдалану әдістерін үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Теориялық деректану
    Несиелер: 4

    Курста деректану теориясының пәні, мақсаттары, міндеттері, деректанудың ғылым ретінде пайда болуының алғышарттары қарастырылады. Білім алушылар теориялық деректанудың қалыптасуын біледі; деректанудың дамуының негізгі кезеңдерін түсінеді; деректердің тарих ғылымындағы орнын талдайды; деректердің гносеологиялық табиғатын бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дүниежүзі тарихының деректері
    Несиелер: 4

    «Дүниежүзі тарихының деректері» курсында деректердің теориясы мен методологиясы оқытылады. Білім алушлар тарихи деректердің сақталуы туралы біледі; деректермен жұмыс істеу әдістерін түсінеді; деректану саласындағы тарихи білімнің қазіргі даму деңгейін бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тарих теориясы мен методологиясы
    Несиелер: 3

    «Тарих теориясы мен методологиясы» пәні тарих ғылымының теориялық негіздері, методологиясы оқытады. Білім алушылар тарихи танымдық принциптерді біледі; ұстаным талаптарын түсінеді; адамзат дамуының тарихи заңдылықтарын сараптайды; дүние жүзілік тарихтың даму заңдылықтарын, бағыттарын талдайды; тарихи мектептер мен тарихи ойдың дамуын бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • КСРО және ТМД елдерінің тарихы
    Несиелер: 4

    «КСРО және ТМД елдерінің тарихы» пәні бұрынғы КСРО мемлекетінің қалыптасуынан ыдырауына дейінгі кезенді қамтиды. Білім алушылар КСРО-ның тарихын біледі; КСРО-ның халықаралық, саяси қатынастарын түсінеді; ТМД-ның құрылуы туралы мәселелерді сараптайды; интеграциялық процестер және геосаясат мәселеледін талдайды; экономикалық, саяси, этносаралық проблемаларды бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениеті
    Несиелер: 3

    Пән Батыс пен Шығысты жалғастырған Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениеті туралы мәселелерді қарастырады. Білім алушылар Ұлы Жібек жолының қалыптасуының алғышарттарын біледі; оның саяси-экономикалық, мәдени қарым-қатынастардағы роін түсінеді; Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениетінің қалыптасуы туралы мәселелерді талдайды; ежелгі және ортағасырлық қоныстар мен қалалардың зерттелуін, олардың нәтижелерін бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ диаспорасының тарихы
    Несиелер: 5

    Пәнде шетелдегі қазақ диаспорасының қалыптасуы, кезеңдері, қазіргі жағдай қарастырылады. Білім алушылар бұрынғы КСРО териториясындағы елдердегі қазақ диаспоралары туралы біледі; мәселенің хронологиялық шеңберін түсінеді; шетелдегі қазақтар мәселесін, олардың шетелге кету себептері мен жолдарын талқылайды; қаз диаспорасының қазіргі кезеңдегі жағдайы туралы білімдерін жинақтайды, бағалайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Шығыс Еуропа елдерінің тарихы
    Несиелер: 4

    Пән екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Европа елдерінің тарихын оқытады. Білім алушылар Шығыс Еуропа елдерінде 1945 жылдан ХХ ғасыр сонына дейін туындаған тарихи процестерді біледі; ірі державалардың әлем билігіне келуі туралы түсінеді; адам құқықтарынын тапталуы, жекелеген мемлекеттер мен билік басындағылардың тарихи даму процесіне өзіндік әсері туралы мәселелерді талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстандағы ұлт азаттық қозғалыстар тарихы
    Несиелер: 3

    Курста Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы оқытылады. Білім алушылар ұлт-азаттық қзоғалыстардың себептерін біледі; қозғалыстардың, барысын, тарихи маңызын түсінеді; қозғалыстардың Қазақстан тарихындағы алатын тарихи орнын сараптайды, бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ халқының этнографиясы(minor)
    Несиелер: 5

    Пән қазақ халқының этнографиясын оқытады. Білім алушылар қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихын біледі; «қазақ» этнонимінің шығуын түсінеді; қазақ халқының рулық құрылымы, қазақ жүздерінің қалыптасуы туралы мәселелерді талдайды; қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті, шаруашылығы, тұрмыстық бұйымдары, киімі, дәстүрлі тағамдары, дәстүр-салттары мен әдет-ғұрыптары, ұлттық мейрамдары туралы білімдерін жинақтайды, бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ресей тарихы (ежелгі дәуірден 1917 жылға дейін)
    Несиелер: 5

    Курста Ресей мемлекеті мен орыс халқының ежелгі заманнан 1917 жылға дейінгі тарихының негізгі оқиғалары мен үдерістері, кезеңдері, саяси жүйесінің эволюциясы, даму ерекшеліктері қарастырылады. Білім алушылар Киев Русі, Мәскеулік кезең, Алтын Орда құрамындағы кезеңі және империялық кезеңдегі Ресей тарихын біледі; І Петр реформаларының тарихи маңыздылығы мен ІІ-Екатерина реформаларының ерекшелігін түсінеді; капитализмнің дамуы, Ресейдің ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы халықаралық жағдайға араласуы туралы білімдерін жинақтайды; Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы және 1917 жылғы Орыс революцияларының тарихы туралы тұжырымдарды бағалайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстан петроглифтері
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстан жеріндегі петроглифтердің орналасуы, олардың зерттелу тарихы, семантикасы оқытады. Білім алушылар ежелгі тайпалардың дүниетанымы біледі; петроглифтердің мәнін түсінеді; оларды қорғау мен сақтау мәселелерін талқылайды; ғылыми зерттеулер мен олардың нәтижелері талдайды; ЮНЕСКО тізіміне енгізілген петроглифтер, олардың ерекшеліктерін бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақстанның орта ғасыр археологиясы
    Несиелер: 3

    Пән Қазақстанның ортағасыр археологиясын оқытады. Білім алушылар Қазақстанның ортағасыр археологиясының зерттелуі туралы біледі; ортағасыр археологиясының ерекшеліктерін түсінеді; ортағасырлық ескерткіштердің, қалалар мен қоныстардың құрылымын анықтайды; Қазақстанның ортағасыр археологиясының өзекті мәселелерін талдайды, бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті (minor)
    Несиелер: 5

    Пән қазақ халқының мәдениетін оқытады. Білім алушылар қазақ жерінде өмір сүрген, қазақ ұлтын құраған рулар мен тайпалардың материалдық мәдениеті туралы біледі; рухани мәдениетінің бастауларын түсінеді; қазақ халқының қалыптасуына байланысты мәселелерді, қазақ халқына тән материалдық және рухани мәдениеттің сипатын талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Геоақпараттық технологияны археологиялық зерттеулерде қолдану
    Несиелер: 5

    Пән археологиялық зерттеулерде геоақпараттық технологияны қолдану мәселелеріне арналған. Білім алушылар геоақпараттық жүйе туралы біледі; археологиялық барлау барысындағы геоақпараттық технологиялардың көмегін түсінеді; археологиялық ескерткіштерді картаға түсіруді, геоақпараттық жүйеге енгізуді үйренеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Арал маңы археологиясы
    Несиелер: 5

    Пән Арал маңы археологиясының зерттелуі мен мәселелерін қамтиды. Білім алушылар Арал маңы археологиясының зерттелуін біледі; Арал маңының табиғи-климаттық жағдайының ерекшелігін түсінеді; Арал маңындағы археологиялық кешендер, ескерткіштер туралы білімдерін жинақтайды; жаңа ізденістер нәтижелерін талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дүниежүзі тарихының тарихнамасы
    Несиелер: 5

    «Дүниежүзі тарихның тарихнамасы» курсында студенттер тарихи білім мен тарих ғылымының дамуы, тарихнамадағы бағыттар мен мектептердің қалыптасуы мен эволюциясын біледі; олардың идеологиялық және саяси ағымдармен байланысы туралы тұтас идеяларын түсінеді; олардың көрнекті өкілдерінің өмірі және шығармашылық қызметін бағалайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Еуропа архитектурасы
    Несиелер: 5

    Білім алушылар Еуропа архитектурасының ерекшеліктерін біледі; архитектуралық стильдердің қалыптасуы мен өзгеруін түсінеді; ежелгі Греция, Рим архитектурасы, христиан және ислам діндерінің архитектураға ықпалын сараптайды; Орталық, Батыс Еуропадағы, Англиядағы бірегей архитектуралық кешендер туралы білімдерін жинақтайды; архитектуралық құрылым мен ерекшеліктерді бағалай алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Археологиядағы жаратылыстану-ғылыми әдістері
    Несиелер: 5

    Пән археологиядағы жаратылыстану-ғылыми әдістеріне арналған. Білім алушылар археологияның пәнаралық байланысын біледі; жаратылыстану-ғылыми әдістердің археологиялық зерттеулердегі маңызын түсінеді; остеология, топырақтану, геофизиканың әдістері туралы білімдерін толықтырады; керамиканы, металды сақтауда және өңдеуде химиялық әдістерді қолдануды үйренеді; жаратылыстану-ғалами әдістердің ғылыми нақтылығын талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан және Орталық Азия архитектурасы
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстан және Орталық Азияның ежелгі заманнан бастап кейінгі ортағасырлар аралығындағы архитектуралық ескерткіштерін қамтиды. Білім алушылар қоныстар, жерлеу құрылыстары мен мазарлар, мавзолейлер мен мұнаралар туралы біледі; мешіттер мен керуен сарайлардың маңызын талдайды; ортағасырлық қалалардың құрылымы мен ерекшеліктері туралы білімдерін жинақтайды; саяси-экономикалық жағдайлар мен діннің архитектуралық ескерткіштердің құрылымына әсерін бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Шежірелер-тарихи дерек көзі ретінде
    Несиелер: 5

    Бұл пән тайпа, рулардың таралуы, оларға байланысты тарихи оқиғалар, елдің қоңыс аударуы, ол тайпалардан шыққан шешендер, батырлар жайлы деректерді оқытады. Білім алушылар шежіре арқылы (арабша бұтақ, тармақ) халықтың шығу тегін біледі; ру, тайпалардың тарихы туралы шежіре кездесетін халықтар жайлы зерттейді; Ресей, Германия, Англия, Франция және көптеген шығыс елдеріндегі көп томдық шежіре жинақтарымен танысады; тарихты зерттеудегі Қазақстандағы шежірені жинау, оны тарихи дерек ретінде пайдалану мәселелерін талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстан тарихының тарихнамасы
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстан тарихының тарихнамасы туралы мәселелерді оқықамтиды. Білім алушылар әртүрлі кезеңдердегі отандық тарих ғылымының дамуының басты бағыттарын біледі; тарихнамалық зерттеу жұмыстарының әдістерімен танысады; Қазақстан тарихы ғылымының қазіргі кезеңдегі даму деңгейін сараптайды

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Әлемдік археологиялық ескерткіштер
    Несиелер: 5

    Пән дүниежүзіндегі археологиялық ескерткіштер туралы білімді қамтиды. Білім алушылар әлемдік археологиялық ескерткіштердің ашылу тарихын біледі; зерттеулер нәтижелерін, Троя, Помпей, Геркуланум, Египет, Месопотамия, Крит, Микен аралдарындағы ежелгі өркениет іздері туралы түсінеді; Кавказдағы Ван көлі маңындағы археологиялық зерттеулер, Қытай, Үндістандағы әлемдік мәдениет үлгілері туралы білімдерін жинақтайды; Оңтүстік Америкадағы инктер мен майялар өркениетінің ерекшеліктерін бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Тарихи демография
    Несиелер: 3

    Пәнде адамзаттың атам заманнан қазіргі кезеңге дейінгі дамуы, кемуі оған әсер етуші факторлар ашып көрсетіледі. Білім алушылар түрлі елдердегі адам санынын өсуі, оған сол елдегі және сыртқы саяси-әлеуметтік,экономикалық жағдайлардың әсерін біледі және түсінеді; соғыстар мен эпидемиялардың адам санынын даму процесіне әсерін талдайды; қалалардың дамуының адамзаттың көбеюіне әкелген пайдасы жайлы нақты фактілер тұрғысынан сараптайды; дамзат эволюциясының дамуын, әлеуметтік-саяси тарихи процестердің бұл дамуға жасаған әсері, адамзат дамуының бағыттары жайлы білімдерін жинақтайды, бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • "Рухани жаңғыру"-"Мәңгілік Ел" негізі
    Несиелер: 3

    Пән «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негіздерін қарастырады. Білім алушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы біледі; бағдарламаның мақсат-міндеттерін түсінеді; бағдарламаның негізгі бағыттарын сараптайды; Қазақстанның рухани дамуындағы, «Мәңгілік Ел» стратегиясындағы алатын орнын талдайды, бағалайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын қорғау*
    Несиелер: 4

    Пән Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын қорғау мен сақтау мәселелеріне арналған. Білім алушылар Қазақстанң тарихи-мәдени мұралары туралы біледі; олардың заңды тұрғыдан қорғалуының маңызын түсінеді; ескерткіштердің паспортизациясын түсінеді; тарихи-мәдени мұраны қорғау бойынша ресми құжаттарды рәсімдеуді үйренеді; ескерткіштерді қайта қалпына келтіру мәселелерін талдайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Ресей Қазақстан қарым-қатынастары
    Несиелер: 3

    Пән тәуелсіз Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы экономикалық, саяси, интеграциялық, демографиялық қарым-қатынастар мәселелерін қамтиды. Білім алушылар ХХ ғасырдың 80 жылдарының сонынан бастап қазіргі кезенге дейінгіаралықтағы екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды біледі; дүниежүзілік қоғамдық, мемлекетаралық ұйымдардағы Қазақстан мен Ресей Федерациясынын жұмыстарын түсінеді; екі елдің геосаяси, экономикалық байланыстары жөніндегі сұрақтарды талдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Тарихи өлкетану
    Несиелер: 3

    «Тарих өлкетану» пәні аймақ тарихы мен мәдениетін тереңірек зерттеп, зерделеуге арналған. Білім алушылар аймақтың ежелгі тарихы, мәдениеті туралы біледі; аймақтағы жер-су атауларын, олардың тарихи мәнін түсінеді; елдің біртұтас тарихындағы аймақтың ролін анықтайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Практикалық археология
    Несиелер: 4

    Пән археологиялық нысандар орналасқан аймақтағы жер және құрылыс жұмыстары жүргізілу барысында мәдени қабаттарды зерттеу және сақтау бағытындағы заңнамалардың орындалу тәсілдерін оқытады.Білім алушылар мәдени қабаттарды зерттеу және сақтауға арналған зерттеу әдістерін біледі; ескерткіштерді сақтау үшін жүргізілетін қазбалардың мәнін түсінеді; заңнамалық құжаттармен, нормативті құжаттармен танысады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON8

    Археология және этнология саласындағы базалық, іргелі, арнайы пәндер бойынша негізгі білімдерді біледі; негізгі пәндер бойынша мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың мәні мен маңызын түсінеді; игерген теориялық және практикалық білімдерін мемлекеттік қорытынды аттестаттау барысында қолданады; дипломдық жұмысты жазу мен қорғау барысында белгіленген тақырып бойынша ғылыми талдау жасайды; археология және этнология бойынша теориялық және практикалық білімдерін кәсіби қолдануға жинақтайды; археология және этнология ғылымының мәселелерін, жетістіктерін, кәсіби білімнің маңызын объективті бағалайды.

  • Код ON5

    Этнология ғылымының іргелі мәселелерін теориялық пәндер негізінде оқып біледі; этнологиядағы мектептердің бағыттарын түсінеді; отандық және дүниежүзілік этнология ғылымындағы зерттеулердің нәтижелерін ғылыми сараптау барысында қолданады; этногенез және этникалық тарихтың өзекті мәселелерін жан-жақты талдайды; жекелеген халықтардың материалдық және рухани мәдениеті бойынша білімдерін жинақтайды; қазіргі этнология ғылымының жетістіктері мен мәселелерін ғылыми тұрғыдан бағалай алады.

  • Код ON6

    Археологиялық және этнографиялық зерттеу әдістерінің негіздерін біледі; далалық археологиялық және этнографиялық зерттеулердің мақсат-міндеттерін, ескерткіштердің құжаттама талаптарын меңгереді, түсінеді; далалық зерттеулер мен лабораториялық, камералдық өңдеу барысында археологиялық және этнографиялық зерттеу әдістерін қолданады; зерттеулер барысында жинақталған археологиялық артефактілер мен этнографиялық экспонаттарды, фольклорлық деректерді жан-жақты талдайды; далалық, лабораториялық, мұрағаттық, мұражайлық деректер мен ғылыми сараптамалық білімдерін жинақтайды; археологиялық және этнографиялық деректерді, зерттеу нәтижелерін объективті бағалайды.

  • Код ON3

    Тарих ғылымының теориясы мен методологиясының, деректану мен тарихнаманың теориялық мәселелерін оқып үйренеді; шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихын, түркі халықтарының тарихын тереңдете оқи отырып, түсінеді; тарихи өлкетану пәнін теориялық және соңғы ғылыми ашылулардың нәтижелері негізінде жан-жақты меңгереді; тарихи демография мәселелерін, диаспоралардың қалыптасу тарихын, статистикалық, сараптамалық және тарихи деректер арқылы талдайды; КСРО және ТМД елдерінің тарихын, Ресей тарихын оқу арқылы тарихи сабақтастық пен халықаралық қарым-қатынастар төңірегінде білімдерін жинақтайды; арнайы тарихи білімге негізделген пәндерді оқи отырып білім алушылар тарихи оқиғалар мен тарихи зерттеулердің нәтижелерін объективті бағалай алады.

  • Код ON7

    Археология және этнология салаларындағы соңғы инновациялық ғылыми-тәжірибелік әдістерді біледі; ғылыми-инновациялық әдістердің археологиялық және этнографиялық зерттеулердегі тиімділігін түсінеді; далалық және лабораториялық археологиялық зерттеулерде жаратылыстану ғылымының әдістерін қолданады; тарихи-мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелерін, археологиядағы және этнологиядағы аймақтық зерттеулердің қажеттілігі мен нәтижелілігін талдайды; антропология, археология және этнология ғылымдары бойынша теориялық, практикалық білімдерін жинақтайды; археологиялық жіне этнологиялық зерттеу нәтижелерін ғылыми-инновация әдістері негізінде бағалайды.

  • Код ON1

    Қоғамдық-саяси пәндер аясындағы курстарды игере отырып, ойлау қабілеті мен мәдениеті дамыған, ой-өрісі кең, жоғары білімді тұлға болып қалыптасады; ғылыми-философиялық жəне теологиялық көзқарастарды біледі; қоршаған орта мен табиғат заңдылықтары туралы негізгі түсініктерді жинақтайды; тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес жеке қабілеттерін дамыта отырып, бағалайды.

  • Код ON4

    Археологиялық ғылымның негізгі мәселелерін теориялық пәндер негізінде оқып біледі; археологиядағы кезеңдеу проблемаларын түсінеді; отандық және дүниежүзілік археология ғылымындағы ашылулар мен зерттеулердің нәтижелерін ғылыми сараптау барысында қолданады; археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктері мен кезеңделуі мәселелерін жан-жақты талдайды; Қазақстанның және шетелдердің археологиясы мен архитектурасы бойынша білімдерін жинақтайды; қазіргі археология ғылымының жетістіктері мен мәселелерін ғылыми тұрғыдан бағалай алады.

  • Код ON2

    Археология,этнология және тарих ғылымдарының тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның ғылым мен құндылықтардың жалпы жүйесіндегі орнын, тарихи қалыптасуы, дамуы мен қазіргі жай-күйін біледі; жаңа ғылыми деректер негізінде отандық және дүниежүзілік археология және этнологияның, кезеңдеу мәселелерін ғылыми тұжырымдамалар негіздерін меңгереді; отандық және дүниежүзілік археология және этнология ғылымының жетістіктерін кәсіби деңгейде қолданады; археологиялық, этнологиялық және тарихи білімдерін жинақтайды; археологиялық-этнологиялық зерттеулер нәтижелерін, негізгі тарихи оқиғаларды, фактілерді талдайды, бағалайды.

Top