Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04103 Кеден ісі в Халықаралық көлік және гуманитарлық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • кедендік рәсімдерді қолдану негіздерін білу; кедендік бақылауды жүзеге асыру негіздерін білу; кедендік реттеуді сақтауды қамтамасыз ету негіздерін білу
  • кедендік төлемдерді, демпингке қарсы, арнайы және өтемақы баждарын есептеудің дұрыстығын, толық және уақтылы төленуін бақылау ерекшеліктерін білу; өсімпұлды, пайыздарды есептеу және өндіріп алу; берешекті өндіріп алу негіздерін білу; кеден төлемдерін және өзге де ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асыру негіздерін білу
  • сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатураларын қолдану саласын білу
  • тауардың шығарылған елін айқындау және оны анықтаудың дұрыстығын бақылау; тауарлардың кедендік құнын айқындау және бақылау
  • кеден төлемдерін есепке алуды, кеден органдарының шоттарындағы аванстық төлемдер мен ақшалай кепілдің есебін білу
  • кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты белгіленген тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету негіздерін білу; өз құзыреті шегінде зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету
  • өз құзыреті шегінде кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуге байланысты операцияларды валюталық бақылауды жүзеге асыру
  • банк кепілдіктері мен сақтандыру шарттарын кеден төлемдерін төлеуді қамтамасыз ету ретінде кеден органдары қабылдайтын банктердің, өзге де кредиттік ұйымдардың және сақтандыру ұйымдарының тізілімін жүргізу; кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізілімін жүргізу
  • кеден органдарының қызметін басқаруды жүргізу (кеден органдарындағы қызметті талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және уәждеу)); кәсіби қызмет саласындағы сапаны, нәтижелілікті, тәуекелдерді басқару;
  • кеден органдарында персоналды басқара білу; ұйымдастыру-штаттық құрылымын оңтайландыру, кеден органдарын құру (қайта құру) бойынша ұйымдастыру-жоспарлы есеп айырысуларды жүргізу білігі
  • операциялық, технологиялық және ұйымдастырушылық шешімдерді таңдау және негіздеу үшін ақпарат жинауды ұйымдастыру; инновацияларды зерттеуді, енгізуді және пайдалануды ұйымдастыру
  • кеден ісінде ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарын қолдану; сыртқы сауданың кедендік статистикасын және арнайы кедендік статистиканы талдау және жүргізу;
  • кеден органының қызметі аймағындағы экспорттық және импорттық ағындарды және қызмет көрсетулерді болжау, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлігіне кеден төлемдерінің түсуі дағдыларын меңгеру; кеден органдарының мемлекеттік органдармен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен ақпараттық өзара іс-қимылы
  • кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларды ақпараттандыру және консультация беру; кеден органдары қызметінің нәтижелерін талдау; кеден органдарының дамуын (жаңғыртылуын) болжау
  • кеден органдарының мақсаттарына қол жеткізу, міндеттерді орындау және жоспарлы көрсеткіштерінің мониторингін жасай білу; эксперименттер мен сынақтарды ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасау

Ұқсас БББ

Top