Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07113 Инженерлік физика және жаңа материалдар технологиялары (бағыттар бойынша) в Қазақстан-Британ техникалық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Осы бағдарламаның мақсаты – қазіргі заманғы үрдістерге сәйкес материалдардың қасиеттерін модельдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, материалдарды диагностикалау әдістері, заманауи функционалдық макро – және наноөлшемді материалдарды әзірлеу және түрлендіру саласында білімі бар, өндіруші, инженерлік және өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында талап етілетін материалтану және жаңа материалдар технологиялары саласында білікті мамандарды даярлау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B061 Материалтану және технологиялар
  • ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • қоғаммен тиімді өзара әрекеттесу мақсатында ғылыми дүниетанымды, құндылық бағдарларды және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін іргелі ғылымдар саласындағы базалық білімді қолдану;
  • кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру мақсатында коммуникативтік әдістерді сәтті қолдана отырып, академиялық мәтіндерді құрастыру және іс қағаздарын жүргізу, жоспарлау және басқару дағдыларын меңгеру;
  • үздіксіз және дискретті математика саласындағы іргелі білімдерді математикалық талдау, есептеу әдістері және математикалық модельдеу принциптерін пайдалана отырып, өзекті мәселелерді шешу үшін қолдану;
  • компьютерлік технологияларды, сандық білім беру құралдарын, негізгі бағдарламалау принциптерін және инженерлік қолданбалы бағдарламаларды қолдану;
  • инженерлік есептерді түсіну және тиімді шешу үшін физика және химия саласындағы негізгі білімді қолдану;
  • жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындау кезінде инженерлік конструкциялар мен материалдарды әзірлеу үшін алған білімдері мен практикалық дағдыларын пайдалану;
  • материалдар мен бұйымдарға стандартты және сертификаттық сынақтар жүргізу, әртүрлі көздерден алынған деректер негізінде инженерия саласындағы нормативтік және техникалық құжаттаманы пайдалану;
  • әртүрлі металдық, жартылай өткізгішті, органикалық, бейорганикалық, композиттік және наноқұрылымды жабындар мен материалдарды өндіру және өңдеу кезінде олардың механикалық және физика-химиялық қасиеттерін талдау;
  • көп функционалды инженерлік есептерді шешу үшін қасиеттері жақсартылған наноматериалдар мен коррозияға қарсы жабындарды синтездеудің әртүрлі әдістерін қолдану;
  • материалтану, нанотехнология, баламалы энергетика және кең ауқымды мақсаттағы бұйымдар мен құрылғыларды өндіруге арналған электронды технология саласында қолданылатын материалдардың алу әдістері мен түрлерін салыстыру;
  • қасиеттері жақсартылған жаңа материалдарды жасау кезінде технологиялық процестерді модельдеу әдістерін қолдану;
  • зиянды шығарындылар мен қалдықтарды кәдеге жаратуды қоса алғанда, әртүрлі факторлардың қоршаған ортаға және қоғамның тұрақты дамуына әлеуетті әсерін бағалау;
  • компанияның ішкі және сыртқы ортасын талдау, бизнес-жоспарлар мен отандық және шетелдік серіктестермен корпоративтік ынтымақтастық жоспарларын жасау;
Top