8D04107 Менеджмент в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бизнес және басқару саласындағы ұйымішілік және ұйымаралық коммуникация мен үйлестіруге мән беретін, талдау және синтездеу қабілеті бар, заманауи басқару технологиялары мен ғылыми-зерттеу әдістерін барлық деңгейде қолдана алатын ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D072 Менеджмент және басқару
-
Білім беру саласы 8D04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 8D041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Докторанттарда диссертациялық жұмысты орындау және ғылыми мақалаларды жазу кезінде қолданылатын ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістері туралы дағдылар мен білімді қалыптастыру. Бұл білім алушыға өзінің диссертациялық жұмысында зерттеудің сапалық және сандық әдістерін таңдауға мүмкіндік береді. Білімалушыға ғылыми әдісті ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданудың мәні мен ерекшеліктерін түсінуге, ғылымның қазіргі заманғы деңгейіндегі ғылыми мәселелерді қоюға және шешуге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық хат
Пән аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы академиялық адалдық қағидалары шеңберінде ғылыми этикаға сай жазу, жобалау, жүргізу жолдары және оларды салыстырмалы талдау, бағалау әдістері көрсетіледі. Сондай-ақ, халықаралық ғылыми дерекқорлар мен әртүрлі ғылыми баспалар таныстырлып, қалай жұмыс жасау, олардың өнімдерін қалай және қай жерде пайдалануға болатындығы үйретіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сілтеме жасау және плагиатқа тексеру әдістері мен бағдарламалары таныстырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Стратегиялық менеджмент және заманауи үрдістер
Бұл курста кәсіпорынның қазіргі кездегі стратегиялық менеджменттің дамуы мен жоспарлануын және оны басқару тәсілдерінің негізгі ерекшеліктерін талдайды. Курс соңында экономикалық дамудың заманауи стратегиялық жоспарлау арқылы кәсіпорын қызметінің тиімділігін қазіргі жағдайға бейімдеп, стратегиялық жоспарлаудың жаңа әдістері арқылы стратегиялық тәуекелдердің алдын-алуға, стратегиялық өсу әлеуетін іске асыруға, ресурстарды ұтымды пайдаланумен қатар, бизнестегі басқару құзыреттерін арттыру арқылы стратегиялық жоспар дайындайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Менеджменттегі инновациялық технологиялар
Курс заманауи менеджменттегі жүйелік зерттеулердің әдіснамалық негіздеріне және ұлттық экономиканың өсуін қамтамасыз етудегі инновациялық және ақпараттық факторлардың рөлін арттырудың теориялық негіздерін қарастырады. Курс соңында «жаңа экономика» теориясы мен заманауи экономикадағы ұлттық инновациялық жүйелердің қалыптасуы мен стратегиялық дамуының қарастырып, басқару экономикасындағы инновациялық қызметтің тиімділігін бағалау және арттыру әдістемесі қолдану арқылы экономикалық басқару жүйесінде инновациялық менеджменттегі ақпараттандыру жүйесін дамытуды жоспарлайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өндірістік және маркетингтік стратегиялар
Бұл курста клиенттерге бағдарланған заманауи стратегияларды жүзеге асыратын компаниялардың негізгі ерекшеліктері, сонымен қатар олардың өндірістік және маркетингтік стратегиялары мен жоспарларын, функцияларын негізгі мақсаттарына сай қалай белгілейтіндіктері қарастырылады. Курс соңында, маркетингтік инновациялық технологияларды өндірісте оңтайлы қолдану арқылы ұжымжық үдерісте креативті шешім қабылдау мен маркетингтік зерттеулерді жобалап бизнес модель құру мен қатар және стратегиялық тұрғыдан жоспарлайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқарудың шетелдік тәжірибесі
Бұл курста қазіргі заманғы басқару саласындағы дағдыларды практикада қолдануды, шет елдердің мемлекеттік және муниципалдық билік органдарының жай-күйін бағалау мен әртүрлі елдердің мемлекеттік басқару модельдерін талдап және салыстырып, кәсіби дағдыларын және шет елдердің басқару саласында алған білімдерін іске асыруды қарастырады. Курсты оқып болғаннан кейін докторантта ғылым ретінде басқару, оның қалыптасу кезеңдері мен жолдары және шетелде дамуы туралы ғылыми түсінік қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
- Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады.
- Әртүрлі ғылыми ойлар мен теорияларды инновациялық технологиялардың іскерлік қолданбаларымен сыни тұрғыдан талдай және салыстыра отырып, жаңа идеялармен шешімнің прототипін әзірлейді.
- Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
- Замануи үрдістерде компанияның жұмыс істеу тиімділігін талдап және бағалап, бизнес-модель құру мен қатар стратегиялық басқару әдістерін қолдану арқылы стратегиялық жоспар дайындайды
- Өндірістік және маркетингтік стратегияларды жоспарлау және тиімді басқару арқылы іске асырады
- Кәсіби дағдыларды іске асыруда шетелдік басқару тәжірибелерін пайдалану және басқару модельдерін талдау мен салыстыру арқылы басқару саласындағы дағдыларын практикада қолданады