Жаңа білім беру бағдарламасы

8D06115 Ақпараттық жүйелер в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты - Еңбек нарығында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, ақпараттық жүйелер саласында терең теориялық және практикалық білімі бар, жаңа ғылыми міндеттерді қойып, орындай алатын және ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды басқара алатын PhD докторларын дайындау; - Жан-жақты білімді, ақпараттық жүйелер саласында фундаментальді білімді игерген, мамандандырылған, кәсіби дағдысын дамыта отырып жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті мамандар даярлау; - Ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми-педагогикалық қызметті орындауға қажетті және ақпараттық жүйелер мен технологиялар бойынша теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D094 Ақпараттық технологиялар

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады.
  • Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға қабілетті
  • Зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
  • АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу жобаларының негізделген өтінімдерін немесе түсіндірме жазбаларын ұсыну
  • Деректерді іздеу, Машиналық оқыту, есептеу күрделілігі және оңтайландыру теорияларының модельдері мен әдістері негізінде зерттеу міндеттерін тұжырымдау және оларды шешу жолдарын табу
  • Ұйымның бизнес талаптарын ескере отырып, бұлтты шешімдерді жобалайды, бұлтты есептеу негізінде АТ шешімдерін әзірлейді, бұлтты шешімдердің сүйемелдеуін бақылайды
  • Ресурстарды қажет ететін мәселелерді шешу үшін үлкен деректерді өңдеу және деректерді іздеу әдістерін қолдану
Top