Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B07104 Экоэнергетика в Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Үлгілік техникалық құжаттарды құрастырады, автоматтандыру және электрэнергетикадағы автоматты басқару сұлбаларын оқиды.
  • Электроэнергетикалық жабдықтарды жөңдеу жұмыстарын жүргізуге қатысады; жабдықтар мен қосалқы бөлшектеріне тапсырыс жасайды және жөңдеу жұмыстарына техникалық құжаттарды дайындауды орындайды.
  • Экологиялық-экономикалық және әлеуметтік жағдайларды бизнесті жүргізу үшін, жаңа нарықтық мүмкіндіктерді анықтау және жаңа бизнес-модельдерді қалыптастыру ғылыми зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру принциптерінің маңыздылығын түсінеді.
  • Электрэнергетикалық жабдықтардың элементтерін монтаждауға және пайдалануға еңгізіліп жатқан электрэнергетикалық және электртехникалық жабдықтарын сынақтан өткізуге қатысады.
  • Электрэнергетикалық және электртехникалық жабдықтарды диагностикасын жүргізеді.
  • Жылу түрлендіруді беруді және пайдалануды алу әдістерін зерделейді, сондай-ақ технологиялық процестің талап етілетін режимдері мен берілген параметрлерін қамтамасыз етеді және өлшеу мен бақылау үшін техникалық құралдарды пайдаланады.
  • Баламалы энергия тиімді технологиялар саласында, қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу үшін, сондай-ақ технологияларды құру мен электр станцияларының құрылысын жаңғыртуда практикалық дағдыларды пайдаланады және осы білімді практикада және қандай да бір энергия көзінің тиімділігін есептеудің негізгі әдістерін қолдана алады; энергия және ресурс үнемдейтін технологиялар жасауда және дәстүрлі емес және жаңартылатын энергетиканы жобалауда геоэкологиялық талдау элементтерін пайдаланады.
  • Экоэнергетика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады және халықтың экологиялық білім беру және эко-мәдениет саласындағы іс-шараларды жүзеге асырады, инновацияларды қалыптастырады және оларды альтернативті энергетика, зерттеу аймақтарында академиялық жазу мен ғылыми зерттеу әдістерін қолдана біледі.
  • Жасыл экология талаптарын ескере отырып, қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, технологиялық және экономикалық тиімділікті, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін бағалау; әр түрлі салаларда қоршаған ортаны қорғау шараларын жоспарлау мен жүзеге асыру кезіндегі мәселелер мен шешімдерді тұжырымдайды.
  • Электрэнергетикалық жабдықтардың параметрлері мен жұмыс жасау режимдерін анықтайды және есептеуді жүргізеді.
  • Өндірістік есептерді шешу үшін физика-математикалық, химиялық, экологиялық, жылу энергетикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар саласындағы білімді пайдаланады.
  • Кәсіби қарым-қатынас үшін философия, қазақ, орыс және шетел тілдерін білуді қолданады, азаматтық позицияны қалыптастыру үшін қоғамның тарихи даму кезеңдерін талдайды, өзінің кәсіби қызметінің құқықтық және этикалық стандарттарына иелік етеді; Қазақстанның әр түрлі даму кезеңдеріндегі саяси құрылымды, негізгі саяси институттар мен қоғамдық-саяси қозғалыстарды сипаттай алады.
Top