Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01705 Қазақ тілі мен әдебиеті в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Оқыту нәтижелері

  • Тіл білімі мен әдебиеттанудың ішкі салалық ғылыми ілімдерін игеріп, ғылыми зерттеулер ұйымдастыру дағдыларын көрсете отырып, кәсіби қызметінде инновациялық технологияларды интеграциялауға және саралауға қабілетті
  • Ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуда, ғылыми этика шеңберінде академиялық адалдық қағидаларын қолданып, халықаралық ғылыми дерекқорлар өнімдерін пайдаланады
  • зерттеу бағыты бойынша мақсаттар мен міндеттерді анықтай отырып, зерттеу нәтижелері негізінде қағидалар ұсынып, ғылыми еңбектерді әзірлейді және қорғайды
  • Қазіргі заманғы теорияларды, концепцияларды, әдебиеттанудың, тіл білімінің әдіснамасын, оқыту әдістерін талдап, көркем шығармашылықты зерттеудің жаңа технологияларын қолданып, әдебиет шығармаларын әдеби және тілдік тұрғыдан сараптауға қабілетті
  • Кәсіби саласында қолданылатын заманауи зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады
  • -кәсіби бейімделудің жоғары дәрежесі бар бәсекеге қабілетті тұлға ретінде ғылыми орталықтар мен тәжірибелі мамандар қауымдастығымен бірлікте жұмыс жасауға бейімделіп, шешім қабылдау іскерлігі мен дағдыларын үйлестіре алуға қабілетті
Top