Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02304 Филология в Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

  • Қазақ халық прозасы
    Несиелер: 5

    Әдебиет пен халықтың байланысын түсіндіре отырып, әдебиеттің қоғамның көркемдік бейнесі екенін ұғындыру; халық прозасының әдебиетте алатын орнын көрсету; халық прозасындағы тарихи шындық пен көркемдік шындықтың ара қатынасын түсіндіру; халық прозасын, оның жанрларын, танымдық мазмұнын, көркем-суреттеу құралдары мен сюжеттік-композициялық ерекшеліктері туралы білім беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қазақ фольклорының жанрлық түрлері
    Несиелер: 5

    "Қазақ фольклорының жанрлық түрлері" пәні қазақ фольклоры туралы ғылымның жай-жапсарын, оның салаларының даму барысын зерттейді, фольклортану ғылымының қандай межелерге жеткенін, қандай мақсаттар қойып, қандай проблемаларды қандай дәрежеде шешкенін анықтайды. Сонымен бірге, жарты ғасыр ішінде қазақ фольклоры қалай жиналды және қандай түрде жарияланды, әрі зерттелді деген мәселелер де қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдануға машықтанады. Танымның даму үдерісінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау, жинақтау, аналогия, салыстыру, салғастыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістерді меңгереді. Зерттеу нысанын талдау мен әдісін таңдай білуге дағдыланады, сөздік қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен байытады; ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамытады және өз ойын ауызша дәлелдеп айтуға үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазылым
    Несиелер: 5

    Академиялық жазу курсы ғылыми жоба жазуға, ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасауға, ғылыми әдістерді тану мен пайдалануға үйренеді. Білім алушы өзі жазған ғылыми зерттеуінің нәтижелерін ауызша және жазбаша сауатты түрде таныстыра алуына қатысты ұсыныстар беріледі. Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігін көрсете алады; зерттеудің мақсат, міндеттерін дұрыс анықтайды; ғылыми зерттеу әдістерін қолдана алады; ғылыми жобаны ресімдеудің техникалық ережелерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дискурстың жалпы сипаттамасы
    Несиелер: 5

    Дискурстың жалпы сипаттамасы курсында дискурсология проблемалары ұлттық таным сипатында талданып тұжырымдалған концепциялардың мазмұны игеріледі. Дискурсология проблемаларының ұлттық таным негізінде талдану ерекшеліктері. Ауызша дискурс ерекшеліктері, ұлттық сипаты. Жазбаша дискурстың ұлттық ерекшеліктері. Коммуникативтік жағдаяттағы қазақы болмыстың көрінісі: сөз тактикасы мен стратегиясы қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетіндегі эпикалық дәстүр
    Несиелер: 5

    Эпикалық дәстүр және хронотоп курсын өтуде мифопоэтика және археопоэтика, қазақ эпикалық жанрының бастаулары, қазақ поэмасының даму кезеңдері, эпикалық туындылардың жанрлық сипаты кеңінен анықталады. Қазіргі қазақ поэмасының тақырыптық, идеялық ерекшеліктері, қазіргі әлем әдебиетіндегі эпикалық жанрдың тоқыраушылық сипаты, поэма және оқырман мәселесі, қазіргі кезеңнің маңызды мәселелері қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі әдеби үдеріс және ХХ ғасыр классикасы
    Несиелер: 5

    Қазақ әдебиетіндегі зерттеулердің маңызды процедураларын меңгерту, материалды жинау және өңдеудің мүмкін жолдары мен топтастыру және ғылымда қол жеткен жетістіктерді пайдалану. Қазіргі әдеби үдеріс және ХХ ғасыр классикасы оқу пәнін меңгеру ғылыми ойды жеткізу мен дәлелділікке қойылатын талаптармен бірге таныстырудың маңызы, ғылыми зерттеу белгілі бір өлшемдерге сәйкес келуі тиіс тұстары қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Тілдің гендерлік жіктелімі
    Несиелер: 5

    «Тілдің гендерлік жіктелімі» пәні әйел тілі мен ер тілінің айырмашылығын белгілеп, олардың түрлі тілдік және әлеуметтік ортадағы сөз саптау ерекшелігін қарастырады, гендерлік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы, теориясы мен әдіснамасы түсіндіріледі. Докторанттарды гендерлік лингвистика ғылымының негізгі ұғымдарын жүйелеп, гендерлік қатынастарды салыстырмалы әлеуметтік-тарихи талдауға, тілдің гендерлік мәселелерін зерделеуге бағыттайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON4

    Қазіргі заманғы ғылым мен техника, озық отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану арқылы филология саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдайды;

  • Код ON3

    Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарда ғылыми қызметкер ретінде филология бағытында ғылыми жобаларды орындайды;

  • Код ON1

    Қазіргі заманғы қазақ, орыс, әлемдік филологиялық зерттеулердің даму бағыттарын, айтулы жетістіктерін саралай алады;

  • Код ON2

    Жетекші маман ретінде филологиялық мәселелерді талқылайды және оны жүзеге асырады;

  • Код ON5

    Тіл мен әдебиетке қатысты ғылыми жарияланымдарды дайындайды және өңдейді;

  • Код ON6

    Теориялық және қолданбалы тіл білімі және әдебиет аясындағы базалық білімін зерттеушілік және кәсіби бағытта қолданады;

  • Код ON7

    Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті филологиялық ақпарат жинайды және интерпретациялауды жүзеге асырады;

  • Код ON8

    Филологиялық бағытта ғылыми нәтижеге қол жеткізу үшін теориялық және тәжірибелік әдістерді қолдана біледі.

Top