Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02305 Түркі филологиясы в Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Түркітанудың негізгі аспектілері бойынша зерттеулер жүргізе алатын, қазіргі түркологиялық ғылыми-зерттеу, ғылыми жобалау институттарының сұраныстарына, халықаралық талаптарға сай келетін, зерттеушілік дағдысы қалыптасқан, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға, жетекшілік етуге, салааралық ғылыми бағыттарды үйлестіруге қабылетті кәсіби біліктілігі жоғары түркітанушы мамандарды әзірлеу.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
  • Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
  • Көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеу әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: түркі жазба ескерткіштерінің тарихи даму кезеңдерін, қазіргі мәтін лингвистикасы теориясындағы түркі жазба ескерткіштерінің зерттелуін айқындау. Түркі халықтарының тарихындағы жазудың қалыптасуын, түрлерін, жазба ескерткіштердің тілдік жүйесінің дамуын, көне түркілік әдеби тілдің нормалануы мен хатталу жолдарын зерделеп, жазба мәтіндердің табылған жеріне қарай түркі әдеби тілін саралауды үйретеді. Түркі тілдерінің дамуы мен халық тарихы арасындағы байланыс қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Тіл білімінің/әдебиеттанудың жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Мақсаты: тіл білімінің, әдебиеттанудың жаңа бағыттары мен олардың дәстүрлі бағыттан ерекшелігін саралау. Қарастырылатын тақырыптар: тіл біліміндегі жаңа бағыттар, антропоөзектік бағыттағы зерттеулер, этнолингвистика, психолингвистика, компьютерлік лингвистика, графикалық лингвистика және латын әліпбиі т.б. мәселелер. Әдебиеттанудағы жаңа бағыттар, әдебиеттану мектептері, ағымдар мен бағыттар, әлеуметтік бағыттағы әдебиеттану, философиялық-эстетикалық әдебиеттану, неомифологизм және мифопоэтика, структурализм және постструктурализм, постмодернистік әдебиеттану т.б.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы (орыс тілінде)
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - басқарушылық іс-әрекеттің заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін зерттеу: басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық жағдайларын талдау, осы процесте адамдар арасында пайда болатын басқару процесі мен қатынастарды ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Курс психологиялық білім мен теорияларға негізделген басқарушылық қызмет мәселелерін анықтау және шешу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көне түркі тілдері этногенезі мәселелері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Көне түркі тілдерінің пайда болу және қалыптасу тарихы зерттеледі Магистрант түркі тілдерінің топтастырылуымен, жазу тарихымен, көне және қазіргі түркі әдеби тілдерінің бейнелі жүйелерімен, жазуымен, түркі халықтарының дүниетанымымен танысады. Пәннің мазмұнында түркі тілдес халықтардың тарихы мен этнографиясына, мәдениеті мен әдебиетіне, тілі мен руханиятына байланысты тарихи-лингвистикалық зерттеулер, көне және қазіргі түркі әдеби тілдерінің графикалық жүйелері, мәтінді талдау әдістемелері қамтылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы (қазақ тілінде)
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: магистранттты болашақ маман және ғалым ретінде, шығармашылық ойлау мәдениетін толық меңгеруге дағдыландыру. Пән мазмұнында ілім-білімнің тарихы мен қалыптасу ерекшеліктерін, философияның рөлін, ғылыми танымның әдіс-тәсілдерін үйренеді, қазіргі ғылымның даму ерекшеліктерін, жаңа түрлерін дамыту бағытындағы мемлекет саясатының өміршеңдігін түсінеді. Сонымен қатар курс бойынша оқылатын негізгі тақырыптар жас ғалымдардың кәсіби деңгейін қалыптастыруға көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектеп педагогикасы (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 3

    Бұл пәнді оқудың мақсаты жоғары кәсіби білім берудің теориялық және практикалық мәселелері болып табылады. Жоғары оқу орындарының педагогикасы білім беру заңдылықтары мен принциптері, жоғары кәсіби білім беру құралдары мен әдістері туралы білімнің дамуын зерттейді. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің дамуын, оның негізгі міндеттерін біледі. Сонымен қатар педагогикалық процесті басқарудың ғылыми аспектілері және заманауи педагогикалық технологияларды қолдану туралы білімдері қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби) (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: халықаралық деңгейде кәсіби салаға кірігу үшін шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілін мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану, сонымен қатар шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерін аудару үшін, аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласындағы шетелдік тәжірибені дамыту, кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты ауызша және жазбаша түрде аудару дағдыларын жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: зерттеу әдістемесі, инновациялық экономика, ҒЗТКЖ, зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөліктері, авторлық құқық, патент пен авторлық куәлік, жоба мен зерттеудің айырмашылығы, жобаның өмірлік циклі, жоба құнын бағалау, оңтайлы идеяларды таңдау, ақпарат көздерін өңдеудің нақты әдістері туралы білім беру. Заманауи ақпараттық технологияларлы пайдалану арқылы ғылыми-зерттеулер жазу үшін қажетті әдіс-тәсілдер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мәмлүк қыпшақтары тілінің зерттелуі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: ежелгі және қазіргі қыпшақ тілдерімен, жазба мәтіндерінің зерттелуімен таныстыру. Пән мазмұны аясында салыстырмалы оқу, зерттеу арқылы тілдің жалпы заңдылықтарымен бірге оларды басқа тілдік жүйелердің тілдерінен ажырататын белгілерін жан-жақты қарастырады және талдайды. Мәмлүк қыпшақтарының тарихына шолу жасай отырып, олардың тілдік ерекшеліктерін, жетістіктерін біледі, ғылыми талдау принциптерін қолдана алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркі әдебиетінің даму дәуірлері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Түркі әдебиеті дамуын зерттеудің ғылыми принциптері мен әдістерін, түркітанудың қалыптасу тарихын, түркітану ғылымының басқа пәндермен байланысын, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін сипаттайтын көне түркі әдеби тілінің қалыптасу және даму кезеңдерін зерделеу Пән мазмұны түркі әдебиетін дәуірлеуге байланысты зерттеулермен таныстырады. Түркі әдебиетінің даму дәуірлерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтайды. Жалпы түркі әлемін қабылдауды қалпына келтіру, түркі халықтарының ұлттық-мәдени өмірімен танысу магистранттардың теориялық білімін шыңдайды, түркі этносының тарихи тұтастығы мен рухани бірлігін сақтауға қызмет етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының жазба әдебиеті
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты: Түркі халықтары әдебиетінің даму тенденциялары мен бағыттары, түркі халықтары жазба әдебиетінің тарихы, түркі халықтары әдебиетіндегі сюжет, образ, тақырып, мотивтің типологиялық ерекшеліктері туралы білім беру. Пән мазмұнында түркі халықтарының бүгінгі жазба әдебиетінің генезисі, типологиясы, даму тенденциялары, тақырыптық-идеялық, жанрлық ерекшеліктері, поэтикасы қарастырылады. Әдебиеттің қалыптасу кезеңдерінен бастап қазіргі дәуірге дейінгі даму эволюциясы толымды әрі жүйелі сараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркі тілдерінің тарихи типологиялық фонологиясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Түркі тілдерінің көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі фонологиялық жүйесінің даму сипатымен таныстырады. Пәннің мазмұны түркі тілдеріндегі түбір морфеманың дыбыстық құрылымын, фонемалардың жасалуындағы дауысты және дауыссыз фонемалардың дамуын қарастырады. Түркі тілдерінің фонологиялық жүйесін, фонемалардың шығу тегі туралы тың болжамдарды сыни тұрғыдан талдайды. Түркі тілдерінің фонологиялық жүйесін ажырата алады. Сөздердің дыбыстық құрылымындағы тарихи өзгерістерді, ерекшеліктерін, тілдің дыбыстық құрылымындағы өзгерістерді тексере алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркі халықтарының фольклористикасын зерттеу әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Түркі халықтарының фольклоры мен әдебиетінің типологиясы, түркі халықтары үшін ортақ фольклордың сюжеттік-тарихи танымы, түркі фольклористикасы ғылымының мазмұны мен құрылымдық ерекшеліктері айқындалады. Пән мазмұны түркі фольклористикасы ғылымындағы типологиялық зерттеулерді қамтиды, түркі фольклоры жүйесіндегі жанр, сюжет, мотив және кейіпкер мәселелеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талдайды. Фольклор мен әдебиет байланысы мәселесі салыстырмалы әдебиеттану принциптері бойынша қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркі тілдерінің функционалды грамматикасы
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты - түркі тілдері грамматикасының негізгі ережелері, заңдылықтары туралы функционалдық тұрғыдан жүйелі білім қалыптастыру. Курстың мазмұны түркі тілдерінің функционалдық грамматикасының ғылыми-теориялық концепциялары мен терминологиялық аппаратын, функционалдық-семантикалық өріс теориясы мен категориялық жағдаятарды сипаттайды. Функционалды грамматиканың анықтамасы, зерттеу объектісі, мәні мен қызметі, осы саланың ұғымдары мен категориялары туралы ғылыми көзқарастар жүйеленіп, толық ғылыми ақпарат ұсынылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Алтайтанудың ғылыми-әдістемелік негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Алтай тілдерінің ішкі жіктелуі, олардың өзара байланысы, ерекшеліктері, Алтай этнолингвистикалық аймағы мен оның байырғы этностарының таралуы туралы білімдерін қалыптастыру. Пәннің мазмұны алтай тілдерінің классификациясы, тілдердің өзара туыстығы, жалпы мәдени мұраны лингвистикалық деректер арқылы түсіндіру, алтай тілдері мен әдебиеті саласын жан-жақты зерттеу, алтай тілдерін оқыту мен зерттеуге арналған методологияны қалыптастыру мәселелерін қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Түркі халықтары әдебиетінің жаңа бағыттары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Қазіргі түркі халықтары әдебиетінің даму тенденциялары мен жаңа бағыттарын, жанрлық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда саралайды. Курс мазмұнында түркі халықтары әдебиетіндегі көркем шығармаларды талдаудың әдіс-тәсілдері, сюжет, образ, тақырып, мотивтердің типологиялық ерекшеліктері, әдеби ағымдар мен бағыттардың зерттелуі, постмодернизм, ғылыми фантастика, мистика т.б. жанрлық элементтердің көрінісі әдебиет теориясы мен әдеби сын принциптері негізінде тұжырымдалады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - түркі тілдері грамматикасының зерттелу тарихын, жіктелу жүйесін, құрылымын қарастыру. Пән мазмұны бойынша қазіргі түркі тілдерінің синхрондық жағдайын білу үшін, сөздің архетипі мен архисемасына талдау жасалынып, оның бүгінгі қалыптасу жағдайларындағы мотивін шешу үшін, тарихи-салыстырмалы әдіс негізінде түсіндіріледі. Сөздердің дыбыстар жүйесінде болған тарихи өзгерістер, тілдің лексикалық қабатындағы ерекшеліктер, грамматикалық құрылысындағы өзгерістер талданады. Түркі тілдерінің тілдік деректері қазақ тілінің тілдік деректерімен салыстырылып беріледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Түркі этностары тілдерінің жаңа кезеңі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - түркі этностарының тілі туралы толық мағлұмат бере отырып, олар туралы білімдерін жетілдіру. Пән мазмұны арқылы магистрант түркі этностарының тілін зерттеу арқылы түркі тілдері семьясының қарым-қатынасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары, олардың грамматикалық құрылымын, түркітану кеңістігін, түркі тілдері мен мәдениетін, әдебиеті мен ділін, т.б.ұлттық ерекшеліктер туралы ғылыми мәліметтерді меңгереді. Түркі тілдерінің даму ерекшеліктерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі түркі халықтарының таралу және тіркелу ареалы
    Несиелер: 5

    Түркі тілдес халықтар әдеби тілдерінің түрлі кезеңдердегі қалыптасуы, даму тарихы, жағдайы қазіргі жайы мен жалпы даму процесі, ауқымы мен қоғамдық қызметі мен болашағы қарастырылып, зерттеледі. Заманалар легінде дамыған ұлы түркі мемлекеттерінің мыңжылдық өркениеті мен мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысады. Түркі халықтарының дүние жүзіндегі таралуы, демографиясы, тілі мен әдебиеті саласындағы зерттеулерге талдау жасайды, қазіргі түркі халықтарының этнографиясы, материалдық және рухани мәдениеті туралы білімдерін жинақтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі түркология: даму тарихы мен ғылыми бағыттары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - түркологиялық зерттеулердің ғылыми ұстанымдарын және әдістерін, қазіргі түркология ғылымының қалыптасу тарихын, басқа ғылым салаларымен байланысын, ғылыми бағыттарын, қазіргі түркі халықтарының тілін, рухани және материалдық мәдениетін, тарихын, әдебиетін ғылыми негізде саралау. Қазіргі түркология ғылымында антропоцентрлік парадигма аясында жаңа лингвистикалық бағыттардың пайда болуы мен қарқынды дамуы қарастырылады. Когнитивтік лингвистика мен лингвомәдениеттануда жүзеге асырылып жатқан концептуалды зерттеулер талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазіргі түркі әдебиетіндегі автор мен қаһарман мәселесі
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – қазіргі түркі әдебиетіндегі автор бейнесін семантикалық-стилистикалық категория ретінде көрсету. Пәннің мазмұнында автордың көркем әдебиеттегі мәртебесі, автордың көркем шығармадағы алатын орны, суреткердің өз кейіпкерлеріне деген көзқарасы мен қарым-қатынасы, автор-қаһарман мәселесі, автоним, адресант, нарратор, актор ұғымдарының мәні айқындалады. Әдебиеттің идеялық-эстетикалық бағытына сәйкес әрекет ететін тұлғаны таныту мәселелері, әдебиеттанудағы образдар теориясы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Түркі ономастикасының теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - түркі халықтарының мәдени-тарихи акпарат көзі ретіндегі ономастика немесе жалқы есімдер жүйесінің лингвомәдениеттану аспектісіндегі зерттелуін жүйелеу, түркі ономастикасының теориясы мен методологиясын, түркі халықтарының ономастикалық кеңістігінің шегін меңгеру. Пән мазмұнында түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, этникалық дәстүрлері, ұлттық менталитетінің жалқы есімдер арқылы жан-жақтылығын ашу сырлары, түркі ономaстикaсының даму тaрихы, зерттеу aспектілері, категориялары, жалпы зaңдылықтaр, онимдердің ономaстикaлық өрістегі қолдaнылу aясы мен мәдени-aқпaрaттық мaзмұны қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON1

    Терең теориялық білімін практикамен ұштастырады, әртүрлі ғылыми теорияларды, оның ішінде психологиялық ғылыми теорияларды салыстыра алады, тарихи даму контекстіндегі қазіргі жай-күйін талдай алады.

  • Код ON2

    Әдебиеттану, әдебиет тарихы, әдебиет сыны және лингвистика саласында кәсіби құзыреттіліктерін дамытады, тіл білімінің, әдебиеттанудың жаңа бағыттары мен олардың дәстүрлі бағыттан ерекшелігін саралай алады.

  • Код ON3

    Түркі әлеміндегі лингвистикалық заңдылықтар мен олардың ғылыми даму бағытын анықтай алатын құзіреттілікке ие болады, көне түркі тілдерінің қалыптасу және даму тарихымен, түркі тілдерінің топтастырылуымен, жазу тарихымен танысып, көне және қазіргі түркі әдеби тілдерінің графикалық жүйелерін, жазуын, мәтінді талдау әдістерін меңгереді

  • Код ON4

    Түркі тілдерінің грамматикалық даму үрдісінің негізгі проблемаларына, туыстас тілдердің жіктелуіне тілдік деректерге сүйене отырып талдау жасай алады.

  • Код ON5

    Тілді жетік меңгереді, тілдік талдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, кәсіби бағыттағы мәтіндерді жасайды және редакциялайды, кәсіби аудармалар жасайды.

  • Код ON6

    Ғылыми зерттеулер, жобалық қызмет жүргізуге, алынған нәтижелерді өз бетінше талдауға және ұсынуға, идеяларды, қол жеткізілген нәтижелер мен инновацияларды ілгерілетуге қабілетті.

  • Код ON7

    Түркі тілдерінің ұқсaстықтaры мен ерекшеліктеріне талдау жaсaйды, ғылыми тaлдaу принциптерін қолдaнa біледі, түркітану саласында кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырады.

  • Код ON8

    Жалпы білім беретін, техникалық және кәсіби оқу орындарында, жоғары оқу орындарында белсенді оқытудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, оқу іс-әрекетінің түрлі нысандарын дайындау, ұйымдастыру және өткізу дағдыларын меңгереді

  • Код ON9

    Көне түркі тілінің, әдебиетінің, мәдениетінің негізгі қалыптасу және даму аспектілерін анықтайды, әр түрлі жазылған нұсқаларымен түркі жазба ескерткіштерінің тарихи даму кезеңдерін қарастырып, салыстырмалы зерттеулер жүргізе алады.

  • Код ON10

    Ғылыми, ұтымды, рационалды ойлау қабілеті қалыптасады, эрудициясы дамиды, қоршаған ортаға, жалпы мәдениетке концептуалды көзқарасы пайда болады, табиғатты түсіну жолдарын және логиканың пайда болуын зерттеу арқылы ойлау мәдениетін байытады, қазіргі ғылымның теориялық негіздерін қалыптастырады және жаңа міндеттер қоя алады.

  • Код ON11

    Түркі халықтарының фольклоры мен әдебиетіне типологиялық талдаулар жасай алады, мазмұндық-құрылымдық тұрғыдан игереді, қазіргі түркі халықтары әдебиетінің дамуын, жаңа бағыттарын талдауда кешенді зерттеу принциптерін қолдана алады.

  • Код ON12

    Ғылыми білімдер мен әдіснамалардың синтезі мен интеграциясы негізінде инновациялық өнім жасау үшін жеке ғылыми зерттеу жүргізуге, кәсіптік саладағы ғылымның жаңа жетістіктері контекстінде жобалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті;

Top