Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02302 Қолданбалы филология в ҚарМУ Е.А.Бөкетов

  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 4

    Курстың мақсаты: шет тілін мәдениетаралық қатынас құралы ретінде қолдану технологиясы және кәсіби шетел терминологиясы мен лексикасын шоғырландыру. Курста журналистикада қолданылатын шет тілі мен кәсіби шетел сөздігінің қолданылуы, оқу үдерісі, ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және практикалық іс-әрекеті қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 4

    Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар: басқару психологиясының негізгі түсініктерін, теориялық ережелері мен өзекті мәселелерін; басқару психологиясының теориялық ерекшеліктерін; басшының жеке ерекшеліктерін; ұйымдағы басшы мен бағыныштылардың қарым-қатынас ерекшеліктерін білуі керек; басқару психологиясының негізгі аспектілерін оқып үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Негізгі эпистемологиялық модельдер, ұтымдылық ұғымының өзгеру сипаты; ғылыми, ғылыми және ғылыми емес танымның нысандары мен әдістері, Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану - ғылыми білімге заманауи көзқарастар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 4

    Жоғары мектеп педагогикасы, оның ерекшелігі мен категориялары. Қазіргі білім беру парадигмалары. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің мәні мен міндеттері. Қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру жүйесінің сипаттамасы. Жоғары мектеп дидактикасы. Жоғары кәсіптік білім берудің мақсаттары, мазмұны және нормативтік-құқықтық негіздері. Кәсіби мамандарды даярлаудағы құзыреттілік тәсіл. Педагогикалық қарым-қатынас түсінігі мен құрылымы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Функционалды синтакис мәселелері
    Несиелер: 5

    Функционалды тіл білімі – тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметін сипаттайтын бағыттар мен көзқарастардың жиынтығы.Функционалды грамматика тілдің дәстүрлі жүйесінің негізін нысанаға ала отырып, сөйлеу процесінде сөйлеу актілері бойынша қандай функция атқарады немесе атқарып тұр деген мәселені тануға, соны оқып-үйретуге, меңгеруге талап қояды. Функционалды грамматиканың негізгі ұғымдарын, жұмсалымдық бағыттың ерекшеліктерін, тілді функционалдық тұрғыда зерттеудің қазіргі ұстанымдарын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Макросинтаксис теориясы
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты –ойды аяқтайтын сөйлем емес, мәтін екендігіне назар аудару, күрделі синтаксистік тұтастық мәселелерін, мәтінтүзімдік құралдарды синтаксистік тұрғыдан қарастыру.Пәнді оқыту барысында мәтінге тән белгілер, мәтінтүзімдік құралдар, сөз таптары, оның ішінде, есімдіктердің, шылаулардың, сан есімдер мен үстеулердің мәтін байланыстырудағы қасиеттері, толымсыз, атаулы сөйлемдердің мәтін байланыстырушылық қасиеті, синонимдердің, қайталаулардың мәтінге қатысы тәрізді мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Библиография негіздері және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Арнайы әдебиеттер, реферативті журналдар, анық¬тамалық әдебиеттер, мамандық бойынша мерзімді баспасөздер материалдарымен таныстыру. Библиографиялық карточка, картотека, каталогтар, көр¬сеткіштермен жұмыс істеуге үйрету. Тіл теориясындағы шешімдерді қазақ тіл білімі арқылы жүзеге асыруға ұмтылу; тілдік айғақтарды теориялық тұрғыдан бағалауға үйрену. Магистрантарды ғылыми және шығармашылық жұмысқа, үйретіп дағдыландыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық негіздерін білу, Отандық және әлемдік әдістемемен байланысын, ара-қатынасын түсініп, ғылыми-практикалық тұрғыда түсінік беріледі. Педогогикадағы әдістемелік бағыттарды білу. Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесінде оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, ұстанымдар, оқытудың формалары мен түрлерін меңгеру ерекшеліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Диахрониялық лингвистика
    Несиелер: 5

    Диахрониялық лингвистика арқылы ғылым мен мәдениет тарихындағы тіл туралы білімнің дамуына, онын теориялық мәнін түсінуге, жалпы тіл туралы тілдің шығу тегіндегі теориялар мен тұжырымдарды, ағым-дәстүрлерді, бағыттар мен мектептерді талдауға арналған зерттеулер жасауға мүмкіндік жасалады, тіл туралы ілімнің даму процесін айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Құжат лингвистикасы
    Несиелер: 5

    Құжаттану пәні іс қағаздарын жүргізудің өзіндік жүйесін, қалыптасқан ережесін, дайындалу тәртібін, іс қағаздарын жүргізу негіздерін, басқа пәндермен байланысын, теориясы және жазба практикасын қарастырады. Пән студенттердің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын тереңдетіп, іс қағаздарын жүргізуге байланысты іскерлігін қалыптастырады. Қоғамдық институт негізінде мәселелерді шешуге, уағдаластыққа қол жеткізуге және адресатқа тілдік ықпал етуге бағытталған қарым-қатынасты реттеуге бағытталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Іскери дискурс негіздері
    Несиелер: 5

    Іскери дискурс негіздері пәні іскери дискурстың негізгі сипатын, іскери құжат түрлерін, ережелері мен қағидаларын, мен оларды жүргізудің әдіс-тәсілдерін қарастырады. Институционалды дискурстың бір жанры болып есептелетін іскери дискурстың спецификасы мен оған тән сипаттамалары беріліп, оның бірнеше типтік белгілері сипатталады. Іскери дискурсқа берілген ғалымдардың анықтамалары келтіріліп, іскери дискурстың көпқырлылығы атап өтіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Рефлективті оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    Рефлективті оқыту әдістемесі аясында рефлективті сабақ беруге дағдылану, оқытудың дамуы, сабақ берудің сапасын көтеру жолдары, тиімді оқыту мен сабақ берудің негізі, оқытуға жағдай жасау, оқыту ортасын қалыптастыру, оқушылармен қарым-қатынас жасау, білім беру үшін оқыту, оқыту бағдарламасын жүзеге асыру, тиімді стратегиялардың жасалуы, нәтижені терең талдау, оқушы үлгерімін бағалау жолдары, білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету жолдары, білімді тереңдету тәрізді мәселелер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Эволюциялық лингвистика
    Несиелер: 5

    Эволюциялық лингвистика – тілдің тарихи дамуында байқалатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл білімі пәні түрінде тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттеу, тілдің даму үдерісімен байланысты қарастыру, тілдегі құбылыстардың шығу тегін, тарихи өзгерістері мен дамуын зерттеу оның қазіргі жағдайын, қыр-сырын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Кәсіби коммуникация теориясы мен практикасы
    Несиелер: 4

    Кәсіби коммуникация коммуникативистикадағы жаңа бағыт ретінде. Кәсіби қарым-қатынас теориялары мен модельдері. Жазбаша іскери қарым-қатынас. Іскерлік ауызша жанрлар. Бейвербалды іскерлік қарым-қатынас. Мәдениаралық коммуникация. Мәдениетаралық коммуникацияның қалыптасуы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны. Мәдениаралық қарым-қатынас түрлері. Лингвистикалық зерттеулер мен сараптамалар кәсіби қызмет нысаны ретінде. Редакторлық қызметті филологиялық қамтамасыз ету.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Риторика негіздері
    Несиелер: 4

    Риторика негіздері аясында риториканың ғылым ретіндегі сипаты, мазмұны және құрылысы, риторика ұғымы және оның тіл жүйесіндегі орны, риторика тарихы, риториканың негізгі заңдары мен ережелері, шешендік өнер және риторика, шешендік өнер мен риториканың ұғымдық айырмасы, сөз мәдениеті және көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігі тәрізді мәселелер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетіндегі текстология
    Несиелер: 4

    «Қазақ әдебиетіндегі текстология» пәні қазақ әдебиеті тарихындағы текстологиялық жұмыстар Абай шығармаларын жарыққа шығарып, халыққа тарату кезеңінен басталғанын және ғылыми айналымы туралы. Сонымен қатар текстологиялық жұмыстарды көне дәуір текстологиясы, ортағасырлық текстология, халық ауыз әдебиеті текстологиясы, шығыс әдебиеті текстологиясы және жаңа заман әдебиеті текстологиясы деп қарастырып, ғылыми негіздемесін пайымдайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сөйлеу мәдениетінің ғылыми негіздері
    Несиелер: 5

    Курста сөйлеу мәдениеті түсінігі, нормативі, этикалық және коммуникативті аспектісі, сөйлеу мәдениетінің талаптарын ұстану арқылы ақпаратты ауызша және жазбаша жеткізе білу жолдары қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистрант: сөйлеу мәдениетінің нормасын меңгереді; сөз этикетінің табиғатын түсінеді; қатысым процесі кезінде этикеттік мәнге ие тілдік бірліктерді орынды қолдануға дағдыланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби коммуникацияның филологиялық негіздері
    Несиелер: 4

    Кәсіби коммуникацияны филологиялық қамтамасыз етудің теориялық негіздері: филологиялық қамтамасыз ету адами қарым-қатынастың негізі ретінде. Кәсіби қарым-қатынастың түрлері мен деңгейлері, әртүрлі коммуникациялардың заманауи тұжырымдамалары, кәсіби дайындық жүйесіндегі коммуникативті құзыреттілік. Іскерлік қарым-қатынасты филологиялық қамтамасыз ету: жазбаша және ауызша коммуникация: түрлері мен функциялары. Мәдениаралық коммуникация.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Коммуникативтік сөйлеу мәдениетінің ұлттық сипаты
    Несиелер: 5

    Курста коммуникативтік сөйлеу мәдениетінің негізгі мәселесі, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымы, тілдік құралды мәдениетті сөйлеуде дұрыс қолдану білу заңдылығы қарастырылады. Бұл курс магистранттардың коммуникацияда сөйлеу мәдениетінің ұлттық сипатын қалыптастыруға көмектеседі. Сөйлеу мәдениетінің ғылыми-теориялық негізін меңгертуге, болашақ мамандарды әдеби тілдің нормасын сақтап, сөзді орынды қолданып, айтар ойын көркем, айқын әрі әсерлі етіп жеткізе білуге баулиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Іскерлік риторика
    Несиелер: 4

    Риториканың қалыптасу және даму тарихы. Магистранттардың болашақ маман ретіндегі іскерлік риторикасы және сөйлеу тәртібі. Қазіргі жалпы риторика заңдары. Коммуникативтік ынтымақтастықтың принциптері. Жария сөз сөйлеудің құрылымы. Дәлелді сөйлеу: жалпы сипаттамасы, түрлері, тактикасы. Риторикалық идеал, іскерлік сөйлеу мәдениеті. Маманның кәсіби қызметіндегі риторикалық мәдениет. Сөйлеу мәдениеті және оның іскерлік қарым-қатынастағы рөлі. Сөйлеу этикеті. Іскерлік қарым-қатынастың психологиялық аспектілері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Мәтін және дискурс теориясы
    Несиелер: 5

    «Мәтін және дискурс теориясы» пәнінде мәтіннің құрылымы, семантикасы, дускурс түрлері, мәтін және дискурс айырмашығы, т.т. мәселелер сөз етіледі. Мәтін және дискурс теориясына қатысты ғалымдардың пікірлері сараланады. Мәтін ғылымдағы интеграциялық үдерістер тұрғысынан сипатталады. Жаңа парадигмаға сәйкес мәтін автор-мәтін-оқырман үштағаны негізінде талданады. Тілдік бірліктердің (сөз, сөз тіркесі, т.б.) мәтінде трансформациялануы, үйлесуі, тіркесу қабілеті, т.б. қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақ әдебиетіндегі көркем ойлау формалары
    Несиелер: 4

    «Қазақ әдебиетіндегі көркем ойлау формалары» пәні қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау, ұлттық сөз өнеріне қосылған көркем шығармаларды талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу, білім алушылардың рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыруға әсерін пайымдауға үйретеді. Әдеби процесс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіну және оның көркемдік-эстетикалық даму жолдарын пайымдау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дискурс теориясы
    Несиелер: 5

    «Дискурс теориясы» пәнінде дискурс терминнің дефинициясы,түрлері, т.б. секілді қазіргі кездегі өзекті мәселелер айтылады. Дискурс теориясыпәнінде қарастырылатын мәселелелер: мәтін мен дискурстың арақатынасы; дискурс түрлерін ажырату мен тіл мәдениеті проблемасымен сабақтастығы; прагмастилистика мен мәтіннің прагматикасы мәселелерін анықтаудағы дискурс мәселелері; кинодискурс мәселелері; дискурстың просодикасы; тілдік тұлға мен дискурс арақатысы проблемалары және дискурстық талдау мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Код ON4

    Жаңа білім алу мақсатында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асырады және осы білімді нақты басқарушылық жағдайларды сараптамалық бағалау үшін қолданады.

  • Код ON8

    Филология және пәнаралық гуманитарлық зерттеулер саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады.

  • Код ON3

    Педагогикалық басқару технологияларын меңгерген. Педагогикалық нысандардың қызметін жоспарлайды, ұйымдардың қызметін болжайды, әртүрлі деңгейлерде кәсіби коммуникацияны жүзеге асырады, педагогикалық ұжымның күшті және әлсіз жақтарын анықтайды.

  • Код ON2

    Жоғары мектеп педагогикасы саласындағы өзекті мәселелерді анықтайды және шешімін ұсынады. Кәсіби коммуникацияны жүзеге асырады. Ғылыми сөйлеу мәдениетін меңгерген.

  • Код ON1

    Қазіргі өмірдің өзекті мәселелерін шешуде философиялық көзқарас дағдыларын қолданады, кәсіби қызмет аясында қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-мәдени үрдістерді болжау және жобалау әдістерін қолданады. Кәсіби бағытталған шет тілін меңгерген.

  • Код ON10

    Жазу шеберлігі психологиясына қатысты білімді меңгерген, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әр түрлі эстетикалық құбылыстар туралы қоғамдық пікір қалыптастырады.

  • Код ON7

    Әлеуметтік, этикалық және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, лингвистикалық ақпаратты талдайды және жүйелейді.

  • Код ON5

    Педагогикалық процесті ұйымдастыруда іскерлік қарым-қатынас дағдыларын қолданады.

  • Код ON6

    Тілдің даму заңдылықтарын, оның тарихи ерекшеліктері мен қазіргі жағдайын біледі.

  • Код ON9

    Қазіргі заманғы әдеби үрдістердің жай-күйін талдайды, әдеби мәтіндерге сараптама жасайды, жариялауға ұсынылған мәтіндерге пікір жазады және түсініктеме береді.

7M02302 Филология
Магистратура

Орталық- Қазақстан Академиясы

БББТ: M060 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
7M02302 Орыс филологиясы
Магистратура

Торайгыров университеті

БББТ: M060 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский
7M02302 Филология: қазақ филологиясы
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M060 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02302 Филология: қазақ филологиясы
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M060 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02302 Филология (орыс)
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M060 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M02302 Филология (проф.)
Магистратура

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

БББТ: M060 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M02302 Лингвистика
Магистратура

Инновациялық Еуразия университеті

БББТ: M060 Филология

Жаңа білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top