Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07106 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы саласында жоғары білікті келесідей қабілеттіліктері бар мамандарды дайындау: - органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы өнімдерін синтездеудің маңызды заманауи проблемаларының шешімін таңдауды көрсету, - органикалық шикізатты өңдеу және заманауи заттарды өндіру процестерінің ғылыми-техникалық жетістіктерін қолдана отырып, ЖОО ғылыми-технологиялық және химилық пәндері бойынша оқытуды қамтамасыз ету, - өзіндік ғылыми зерттеулер жүрізу мен ең жоғары дүниежүзілік нәтижелермен салыстыра отырып, өз нәтижелеріне баға беру, ғылыми талдау негіздерін игеру мен органикалық заттар, дәрілік заттар және материалдарды өңдеу мен өндіру химилық процестерді болжау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M097 Химиялық инженерия және процесстер
  • Өндірістік органикалық химияның заманауи технологиялары
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты химиялық өнімдерді өндіру технологияларын ажырату, қондырғыларды таңдау, химия-технологиялық процестердің инженерлік есептеулерін жүргізу қабілеттіліктерін қалыптастыру. Оқу курсы өндірістік органикалық химияның заманауи мәселелерін түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: кең қолданыстағы органикалық өнімдер, жартылай өнімдердің көптонналы өндірісінің қазіргі жағдайы, технологиялық сызбаларын жасау, эффективтілікті көрсету, технологиялық процестер параметрлерін жетілдіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 3

    Курс ғылым философиясы туралы түсініктерді, олардың рационалды-теориялық түсінудегі мәселелерін қамтитын ерекше типтегі білімдер жүйесі ретінде қалыптастыруға бағытталған. Ғылымның идеялық негізі, пайда болуы, қалыптасуы мәселелері қарастырылады. Ежелгі дүниедегі, Орта ғасырлардағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Мақсаты - жоғары оқу орындарының дидактикасы, тәрбие мен білім беруді басқару теориялары, педагогикалық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау білімдері негізінде университетте педагогикалық іс-әрекеттің қабілетін қалыптастыру. Болашақ оқытушының білім беру қызметін ОКТ қолдана отырып жобалауды, Болон процесін жүзеге асыруды,дәріскерлік,кураторлық шеберлікті оқыту/тәрбиелеу және бағалау стратегиялары мен әдістерін қолдана отырып (TLA-стратегиялар) игеруді қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Табиғи шикізатты өңдеудің заманауи технологиялары
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты өсімдік шикізатты өңдеудің заманауи жағдайлары мен мәселелерін бағалау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы өсімдік нысандарды өңдеу, экстракциялау, GMP бойынша қосылыстарды талдау теория-әдістемелік негіздерін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: өсімдік шикізатының түрлері, GMP бойынша сапасын бақылау, өсімдік шикізатынан қосылыстарды бөліп алынуға технологиялық параметрлер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
    Несиелер: 6

    Пән ғылыми зерттеулердің іргелі принциптерін, әдістерін, стратегиялары мен нысандарын оқып-меңгеруге, дереккөздермен және мәліметтермен жұмыс істеуді үйренуге бағытталған және белгілі бір саласында зерттеу жүргізу қабілетін қалыптастыруды мақсат етеді. Курс магистранттарға жаңа білімді өз бетімен алудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, басты ғылыми категориялармен жұмыс істеуді және зерттеуді практикалық тұрғыдан жүзеге асыруды үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Нәзік органикалық синтездің заманауи технологиялары
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты арнайы қолданысты химиялық өнімдерді өндіру жаңа технологияларын жасау үшін заманауи ғылыми концепциялар мен органикалық заттарды синтездеу теорияларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы нәзік органикалық синтез технологиясының заманауи мәселелерін шешудің теория-әдістемелік негізін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: материалдарды (бояулар, пигменттер, БАЗ, ДЗ, ББЗ) өндірудің заманауи аспектілері, бөліп алу, тазалау

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Полимерлік материалдардың химиясы мен технологиясының заманауи проблемалары
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты полимерлер химиясы мен технологиясының ең өзекті мәселелері аймағындағы ғылыми танымның даму жағдайы мен тенденцияларын талдау және бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы полимерлік материалдарды алудың жаңа әдістерінің ғылыми-зерттеу қызметі аймағындағы түсіну негізін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: болашағы зор интеллектуалды полимерлерді синтездеудегі жаңа көзқарастар, макромолекулалық дизайн

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты – дамыту менеджмент психологиясының іргелі концепцияларын жүйелі түрде білу, кәсіби даму процесінде менеджмент саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау.Басқару психологиясының негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, құндылықтар бойынша басқару туралы заманауи идеялар, топтық құбылыстарды басқару психологиясы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 6

    Пән шетел тілінде білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес өзінің кәсіби қызметінде шетел тілінде қарым-қатынас жасау үшін тілдік, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға, мәдениетаралық, ғылыми коммуникация контексінде кәсіби қарым-қатынас орнатуға, жаңа ақпараттық ресурстарды, технологияларды игеру негізінде ғылыми байланыстарды кеңейтуге және зерттеу қызметін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Биологиялық белсенді заттардың заманауи талдау әдістері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты өсімдік шикізатын өңдеу заманауи мәселелерімен байланысты процестерді түсіндіру және талдау қабілеттіліктерін қалыптастыру. Оқу курсы өсімдік нысандарды өңдеу теория-әдістемелік негіздерін, жаңа теорияларды білу, оларды интерпретациялауды қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: қосылыстардың негізгі кластары, классификациясы, идентификациясы, талдау, GMP бойынша сапасын бақылау, қосылыстарды бөліп алынуына технологиялық параметрлердің әсері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Полимерлік дәрілік формаларды жасау химиясы мен технологиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты дәрілік заттардың туындылары мен полимерлік тасымалдағыштарды жасау және талдау қабілеттіліктерін қалыптастыру. Оқу курсы полимерлік дәрілік формалардың технологиясы саласындағы заманауи тенденцияларды түсінуде теория-әдістемелік негізін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: әртүрлі модельдер, бақылау әдістері, әсер ету механизмдері, иммобилизациялау әдістері, компоненттерге қойылатын талаптары негізінде полимерлік дәрілік формаларды жасау заманауи технологиялары

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Өсімдік дәрілік формаларды жасау технологиясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты субстанцияларды бөлу, дәрілік формаларды, УАНҚ, АНҚ құру технологияларының қазіргі тенденцияларын бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы дәрілік түрлерді алу үшін зерттелетін нысандардан экстрактілерді бөліп алуды талдаудың теориялық әдіснамасын қалыптастырады. Пән дәрілік түрлердің кейбір түрлерін, субстанцияларды бөлу әдістерін, өсімдік түрлерін алудың негізгі технологиялық кезеңдерін, химиялық, технологиялық талдау әдістерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Синтетикалық жуғыш заттар технологиясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты синтетикалық жуу құралдарын өндірудің заманауи технологияларын ажырату қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әртүрлі салаларда синтетикалық жуғыш заттар технологиясын қолдануды түсіну негізін қалыптастырады. Пән жуғыш заттар мен белсенді қоспалардың физика-химиялық қасиеттерін, шикізатты қабылдау мен сақтаудан бастап дайын өнімді техникалық және аналитикалық бақылауға дейінгі технологиялық процестерді зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Гибридті композициялардың технологиясы мен олардың негізінде препараттар
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты гелдік, үлдірлік, жақпа май түрлері үшін гибридті медициналық композицияларды алу заманауи технологияларын бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы гибридті композициялар негізінде әсер ету мерзімі ұзартылған дәрілік формаларды алуда көзқарастардың теориялық және әдістемелік негізін қалыптастыру. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: дәрілік заттарды иммобилизациялау үшін гибридті материалдарды жасау технологиялары, классификациясы, қасиеттері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Алкалоидтар өндірісінің химиялық технологиясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты әлемдік индустрияда алкалоидтарды өндіру, өңдеу, қолдану технологияларын салыстыру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы шикізаттың, сығындылардың құрамындағы алкалоидтарды химиялық-технологиялық талдауының, бөлінуінің, өндірістің жаңа технологияларының теориялық негізін қалыптастырады. Пән алкалоидтардың биосинтезінің технологиялық аспектілерінің қазіргі жағдайын, алкалоидтардың кластарын, негізгі зертханалық, тәжірибелік-өнеркәсіптік, өнеркәсіптік регламенттерді бөлу технологиясының тиімділігін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Табиғи полимерлерді өңдеудің заманауи технологиялары
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты табиғи биологиялық активті полимерлік заттардың технологиясын сыни бағалау қабілетн қалыптастыру. Оқу курсы табиғи көздерден өндірістік маңызы бар табиғи полимерлердің әр түрлерін таңдамалы алу әдістемелігін түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: табиғи полимерлі молекулалардың кластарының құрылысы (ақуыздар, полисахаридтер, гидролизденетін, конденсирленген илегіш заттар), өндірістік алу жолдары, бағытталған модификация әдістемелігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Полимерлік материалдарды алудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсыты полимерлік материалдарды алудың негізгі технологиялық әдістерін талдау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы полимерлі материалдарды өндіру өндірістердің қазіргі жағдайы мен арықарай даму болашағын түсінудің теория-әдістемелік негізін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: синтездің негізгі заңдылықтары, олигомерлер мен полимерлерді алу технологиялары, технологиялық процестерді бағалау әдітері мен жүйелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Синтетикалық дәрілік формаларды талдаудың қазіргі әдістері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты синтетикалық дәрілік формаларды талдау және заманауи физика-химиялық, хроматографиялық, микроскопиялық әдістерді қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру. Оқу курсы органикалық синтез өнімдерін талдаудың заманауи бағыттарын түсінуді қалыптатстырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: GMP бойынша физика-химиялық және аспаптық әдістерді қолдана отырып фармакологиялық әсері бар синтезделген органикалық заттардың құрылысын анықтаудың және талдаудың заманауи әдістемелегі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Полимерлерді синтездеудің жаңа әдістері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты полимерлерді синтездеудің жаңа әдістерін сыни бағалау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу қызметі аясында полимерлерді синтездеудің жаңа әдістерін түсіну негіздерін қалыптастыру. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: радикалды инициирлеу жағдайында макромолекулаларды бақылаулы синтездеудің негізгі заңдылықтары, «тірі» тізбектерді сополимерлеу ерекшеліктері, винилді мономерлердің радикал-координациялық полимерленуі, бақылаулы радикалды полимерленудің әдістерін қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Өсімідіктерді қорғау өнімдерінің химиялық технологиясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты гербицидтер, пестицидтер, өсімдіктерді қорғау құралдары өндірісінің қазіргі заманғы технологияларын түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы өсімдіктерді қорғау құралдарын құрудың қазіргі заманғы аспектілерін түсінуді, химиялық технология негіздерін күрделі ғылыми-кәсіби мәселелерді шешуде интеграциялауды қалыптастырады. Пән өсімдіктерді қорғау құралдарының қазіргі заманғы жіктелуін, жаңа құралдарды синтездеудің тиімді технологияларын, препараттарды алу жолдарын зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мономерлерді алу мен өңдеудің химиялық технологиясы
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты мономерлердің негізгі кластарын өңдеу, өндірістің химиялық технологиясының ерекшеліктерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мономерлерді синтездеу, тазалау және қайта өңдеу әдіснамасын талдаумен байланысты фактілерді түсіну, бағалау негізін қалыптастырады. Пән жалпы химиялық технологияның өзара байланысын, мономерлерді, полимерлерді ұтымды органикалық синтездеу, өндіру технологиясын зерттеуге және инновациялық мономерлерді өндіру технологиясын енгізуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Полимерлік материалтанудың заманауи мәселелері
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты ғылыми зерттеу аясында әртүрлі қолдану салалары үшін берілген қасиеттері бар полимерлік материалдарды өңдеу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы полимерлік материалтану саласындағы ғылымның қазіргі мәселелерін шешу қабілетін қалыптастырады. Пән полимерлердің молекулалық үстіндегі құрылымының ерекшеліктерін, физика-механикалық қасиеттер кешенімен байланысын, полимерлік материалтану, полимерлік сұйық кристалдардың заманауи жетістіктерін зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеуді қажет ететін технологиялардағы полимерлі материалдар
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты полимерлі композиттердің химиялық технологиясындағы ғылымды қажет ететін басым технологияларды талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы бірегей полимерлік материалдарды жасау үшін құрылым құру процестерін түсінудің негізін қалыптастырады. Пән полимерлерді композициялық материалдарды, альтернативті технологияларды алу, өңдеу технологиясындағы заманауи бағыттарды зерттеуге, ғылымды қажетсінетін технологияларда қолдану үшін интеллектуалды полимерлерді құруға бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Фармацевтикалық химияның таңдаулы тараулары
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты қолданбалы ғылым ретінде фармацевтикалық химияның жалпы, жеке заңдылықтарының негізінде дәрілердің сапасын сын бағалау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы дәрілерді тқтыну, талдау, өндіру, жасау сатыларында процестердің байланыстарын анықтауды түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: органикалық дәрілі препараттардың жеке топтары, өсімдік және синтетикалық препараттарды өндірудің химиялық технологиясы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Синтетикалық биологиялық белсенді заттарды алудың заманауи технологиялары
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты биологиялық белсенді заттарды бөліп алу заманауи технологияларын интерпретациялау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ББЗ зерттеу, идентификациялау және қолдану аймағындағы заманауи тенденцияларды т.сіну негіздерін қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: ББЗ алудың заманауи технологиялары, арнайы қасиеттері, заманауи әдістерді қолдана отырып, әртүрлі кластағы ББЗ идентификациялаудың заманауи әдістері

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Эмульсиялар мен аэрозольдардың технологиялары
    Несиелер: 9

    Пәннің мақсаты эмульсияларды, аэрозольдерді алу, қолдану технологиясындағы заманауи тәсілдерді сыни тұрғысынан бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы эмульсияларды, аэрозольдерді алу технологияларын түсінудің теориялық негізін қалыптастырады. Пән ультрадисперсті жүйелердің қасиеттерін, дисперсияны, меншікті бетін, орнықтылығын, эмульсиялар мен аэрозольдерді бұзуды, жаңа тиімді тұрақтандырғыштарды іріктеуді, оларды қолдануды зерттеуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON12

    Микросүзу, ультрасүзу, наносүзу, диализ және электродиализ әдістерін қолдана отырып, өндірістік үрдістер мен суды тазалау үшін мембраналық пен ионалмастырғыш, органикалық синтез өнімдерін, биодисперсиялар мен мономерлерді өндіру және өңдеу тиімді және инновациялық технологияларын жасау және ұсыну

  • Код ON10

    Ауыл шаруашылығында, металлургияда, химиялық өндірісінде органикалық заттар, арнайы қолданыстағы өнімдер мен материалдарды (көбіктүзгіштер, бояулар, өсімдіктерді қорғайтын заттар, флотореагенттер) синтездеудің, ферменттік катализдің заманауи ғылыми концепцияларын қолданып, органикалық заттар мен материалдар химиясы мен технологиясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары және қолданбалы зерттеулер нәтижесінде химиялық өндірістердің лабораториялық регламенттерін, әдістері мен технологияларын жасау

  • Код ON1

    Ғылыми-зерттеу, өндірістік және педагогикалық қызметінде міндеттерді қою және оларды шешу үшін басқару психологиясы, ғылымның тарихы мен философиясы аспектілерін, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру әдістерін, тұлғааралық қарым-қатынас пен халықаралық ынтымақтастық технологияларын біріктіру арқылы ғылымның жаңа жетістіктерін қолдануды, оқу процесін әдістемелік қамтуды іске асыру

  • Код ON11

    Шикізатты қабылдау мен сақтаудан бастап мұнайды өңдеу, полимерлеу, ферменттік катализ бен синтездің дайын өнімдерін (органикалық заттар, СЖЗ, полимерлер, эмульсиялар, аэрозольдер, көбіктүзгіштер) техникалық және аналитикалық бақылау сатысына дейін технологиялық процестерінің параметрлерін жетілдіріп, сонымен қатар, шығарылатын өнімнің сапасын бағалау лабораториялық әдістерін еңгізу

  • Код ON2

    Оқытушының кәсіби педагогикалық мәдениетін қалыптастыру үшін іскерлік байланыс, резюме жазу, ғылыми мақалаларды құрастыру, сабақтарды жүргізу, оқуды ұйымдастыру, ғылыми ақпаратты іздеу барысында шет тілін қолдану

  • Код ON7

    GMP бойынша физика-химиялық, инструменталдық талдау және сапаны бақылау әдістерін қолданып, ББЗ алу, экстракциялау қондырғылардың технологиялық регламенттеріне, фармацевтикалық химия заңдалақтарына сәйкес технологиялық режимді жүргізу ерекшеліктері мен заманауи технологияларды ескеріп, өсімдік шикізатын өңдеу өндірісінің өнімі мен шикізатына бақылау жасау

  • Код ON9

    Лабораториялық, өндірістік-зерттеу және өндірістік регламенттерге сәйкес өнімдердің химия-технологиялық талдауын ескере отырып, химиялық құрылымы, қасиеттері ерекшеліктері мен заманауи өндіру технологияларына сәйкес табиғи гетероциклды қосылыстар мен алкалоидтарды бөліп алу технологиялық режимдерінде қажетті түзетулерді жасау

  • Код ON6

    Компоненттер мен биологиялық белсенді заттарды идентификациялау, талдау, бақылау әдістері мен механизмдерді, соңғы ғылыми жетістіктерді қолдана отырып, биологиялық белсенді заттарды синтездеу және иммобилизациялау озық әдістері мен технологиялары көмегімен полимерлер мен гибридті тасымалдағыштар негізінде әсері ұзартылған формаларды жасау

  • Код ON8

    Уақытша аналитикалық нормативтік құжатқа (УАНҚ) және аналитикалық нормативтік құжатқа (АНҚ) сәйкес, субстанцияларды бөліп алу және әсер ету мерзімі ұзартылған фитопрепараттарды химиялық талдауының технологиялық сатыларында ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын қолдана отырып, өсімдік субстанциялар мен гибридті тасымалдағыш негізінде дәрілік формаларды жасаудың заманауи әдістерін іске асыру жоспарын ұсыну

  • Код ON3

    Органикалық заттарды, полимерлерді, полимерлік материалдарды синтездеу, алу және өңдеу әдістерін, жаңа концепцияларды, ғылыми теорияларды қолдана отырып, макромолекулалық дизайн және арнайы қолданыстағы химиялық өнімдерді өндірудің жаңа технологияларын жасау

  • Код ON5

    Заманауи инструменталды әдістер мен технологияларға, нормативті-техникалық пен өндірістік құжаттамаларға сәйкес талдаулар мен сынақтар негізінде органикалық синтез өнімдері мен биологиялық белсенді заттарды идентификациялау арқылы синтетикалық, табиғи және полимерлік дәрілік формалардың сапасын қадағалау және жетілдіру

  • Код ON4

    Көмірсутек және табиғи шикізат көздерінің негізінде өндірістік органикалық химия мен нәзік синтез өнімдерін аз және көп тонналы өндіру химия-технологиялық үрдістері мен белгілі озық технологиялық қондырғыларының және сызбаларының инженерлік есептеулерін қолдана отырып, органикалық синтез өнімдерін, полимерлік материалдарды өндіруді және өңдеуді ұйымдастыру шараларын қабылдау және жетілдіру

Top