Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01501 Физика в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Білім беру жүйесіндегі өзекті міндеттеріне сәйкес заманауи оқыту технологияларын пайдалана отырып, тәжірибелік сабақтарды жоспарлау және жүргізуге қабілетті болады.
  • Тьютор-эдвайзер ретінде әртүрлі оқу іс-шараларының жоспарын әзірлеу, корпоративтік этика және педагогикалық такт қағидаттары негізінде студенттер мен ұжым арасындағы достық қарым-қатынасты бастауға қабілетті болады.
  • Студенттік бизнес жобаларын әзірлеу және әртүрлі ғылыми қауымдастықтарда зерттеу нәтижелерін ұсынуға қабілетті болады.
  • Оқытудың психологиялық аспектілеріне ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу және оларды оқу-тәрбие процесіне енгізудің тиімділігін анықтауға қабілетті болады.
  • Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің заманауи құралдарын пайдаланып физикалық процестерді модельдеу және талдау, сонымен қатар ғылыми, педагогикалық және оқу жұмыстарында сипаттауға қабілетті болады.
  • Физиканы оқыту әдістемесінің соңғы жетістіктерін оқу үдерісіне кіріктіру негізінде физикалық есептерді шешу алгоритмін құру әдістемесін әзірлеуге қабілетті болады.
  • Физиканы оқыту саласындағы замануи ғылыми-педагогикалық мәселелермен байланысты тапсырмаларды тұжырымдауға қабілетті болады.
  • Оқу жоспарын құрастырушы ретінде оқу нәтижелерін жақсарта отырып, тиімді педагогикалық әдістермен тәжірибе жасауға қабілетті болады.
  • Жұмыс берушілерді, кәсіптік бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың өкілдерін, шетелдік серіктестерді оқу үдерісіне тарту әдістемесін әзірлеу және студенттердің шетелдік серіктестермен байланыс орнатуға қатысу дағдыларын дамытуға қабілетті болады.
  • Әр түрлі оқу сабақтарды бақылау және бағалауға арналған оқу-әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу; сондай-ақ физиканы оқыту саласындағы бизнес-жобаларға қатысуға қабілетті болады.
  • Қолданбалы және жағдаяттық мәселелерді шешу үшін физикалық заңдылықтарды қолдану және оларды оқу процесінде пайдалану тиімділігін бағалауға қабілетті болады
  • Оқытудың дәстүрлі әдістерін физиканы инновациялық оқытудың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану тәжірибесіне бейімдеуге қабілетті болады.
Top